Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / «Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі»

«Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі»



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Музыка

Поделитесь материалом с коллегами:

«Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі»

 

Ортаңғы топқа ұйымдастырылған ашық оқу іс - әрекеті
Тақырыбы: 
“Түймедаққыз бен эльф достарының сиқырлы әлемі ” 

Білім беру салалары: «Таным», «Шығармашылық»

Бөлімдері: “Қоршаған ортамен таныстыру”, “Музыка”

Мақсаты: Балаларға ертегі арқылы музыкалық композициямен байланыстырып эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, музыкалық ырғақты қиялын дамыту, елестету арқылы артикуляциялық гимнастиканы және қол маторикасының қимыл әрекеттерін дамыту.

В. Шаинскийдің “Улыбка” әніне балалар залға кіреді, шеңбер бойымен кішкене жүріп тұрады. Шаттық шеңбері: Арайлап атқан таңымыз, Қайырлы болсын күніміз. Шуақты күннің сәулесі Жайнасын бүгін жарқырап! Музыка жетекшісі:- Балалар, біз қос тілде амандаса білеміз бе? - Иә, сәлеметсіз бе! здравствуйте! «Здравствуйте» муз Картушиндікі. (Балалар әндетіп амандасып шығады.) 
Музыка жетекшісі:-- Балалар, сендер ғажайып сәттерге сенесіңдер ме? (балалардың жауабы) - Бүгін мен сендерді таңғажайып гүлдер әлеміне шақырғым келіп отыр, мына сиқырлы гулдер бізді тез - ақ жеткізеді. ( Балалар гүлдерге отырады.) - Гүлдер, гүлдер Әдемі гүлдер Сендер бізді Таңғажайып гүлдер әлеміне жеткізіңдер! (балалар көздерін жұмады, музыка ойналады, көздерін ашады алақандарын созып керіледі. )
І Музыкалық - ырғақты қимылдар қиялын дамыту, елестету. (Г. Гладковтың «Добрая фея» музыка әуеніне балалар музыкалық ырғақты қимылдар жасайды.) 1 - қимыл – гүл ұйықтап жатыр. 2 - қимыл – гүл оянады. 3 - қимыл – гүл ашылады. 4 - қимыл – гүл өседі. 5 - қимыл – жайқалып билейді.

Музыка тоқтағанда, балалар шарфтың ішіндегі жылтырларды жеңіл нәзік қимылдармен жан - жағына шашады. - Міне балалар бәріміз ғажайыптар әлеміне келдік, ал мынау ең әдемі гүл. (залдың ортасында үлкен гүл орналасқан, жапырақтары лентамен байланған.) 
- Балалар, гүл ішінде біреу бар сияқты, кім екен? Лентаны шешкен кезде ішінен көңілсіз түймедаққыз шығады.
ІІ Балалардың қиялын дамыту. 
- Балалар түймедаққыздың көңілін музыка арқылы ажыратып көрейік. (көңілсіз әуен естіледі) Балалардың жауабы: - Көңілсіз, мұңлы. (бет әлпетінен байқайды) 
- Түймедаққыз достарының үйін бүйе ұрлап кеткендігін айтып, көмек сұрайды. 
- Бірақ қайдан іздейміз, қайда барамыз? Шыршада қонып отырған көкектен көмек сұрайды. (Көкек шыршаның төменгі жағында қонып отыр) 
ІІІ Дауыстарын келтіру - Томаршақтың артында іздеген гүлдеріңді тапсырма арқылы табасыңдар. (тақтада үш түрлі биіктіктегі томаршақтың суреті орналасқан) - Мына тапсырманы орындау үшін есімізге түсірейікші, балалар неше регистр бар? 
- Үш регистр бар: төмен, орташа, жоғары. - Дұрыс балалар, ендеше регистрді музыка арқылы ажыратайық. «Көкек» дауыс жаттығуы көкекті әндетіп жоғарыға шығуға көмектеседі Үнтаспадан шыққан музыка дыбысын ажыратып томаршақ биіктігімен салыстырады. Томаршықтардың астарын, ашып қарайды 
ІV Музыканың дыбыс жоғарылығын ажырата білу қабілетін дамыту. Томаршақ артындағы гүл үстінде бүйе отырады. 
- Міне балалар біздің Түймедаққызды ренжіткен кейіпкерді таптық. (бүйе гүлдің үстінде ренжулі, ашулы отыр) - Бәріміз ашулы бүйені бет қимылымен салып, ал қол маторикасы арқылы өрнегін көрсетеміз. 
V Бет қимылымен және қол маторикасының қимыл әрекеттердің қабілетін дамыту. - Мынау не балалар? - Тіл - Тілімізді бүйе деп елестетейікші. Артикуляциялық гимнастика жасау «Тіліміз – бүйеміз» - Балалар бүйе маған келесі гүлдеріңді тапқыларың келсе, гүлбақтан іздеңдер дейді, жолымыз көңілді болу үшін достар туралы ән орындайық, достарымыз көп болса, қиындықтарды, дұшпандарды жеңіп шығамыз. Ән: «Достарым» 
VІ Ритмикалық ырғақты карточкалар арқылы баланың деңгейін дамыту. (мольбертте аттың, кірпінің, тиіннің, аюдың, жолбарыстың карточка суреттері бір - бірден ашылады.) - Өте жақсы, ендеше сендер мұқият тыңдаңдар, мен бір аңның музыкасын үнтаспаға қосамын, ал сендер қай аңның әуені екенін айырып беріңдер, сол аңдар гүлдерімізді тығып отыр. ( Балалар аңдардың атын атап және буынға бөліп шапалақтайды. 
Балалар малдасын құрып, қолдарын тізелеріне қойып, саусақтарын бір - біріне қосып, көздерін жұмып музыка тыңдайды. - Балалар қалған гүлдеріміз өзеннің ар жағында екен, өзеніміз жай өзен емес сиқырлы, өзін мақтағанды, музыкасын тыңдап елестеткенді жақсы көреді. 

VІІ Тыңдау – музыкалық шығарманың мінезін анықтау. Музыка: К. Сен - Санса «Аквариум» - Міне балалар музыканы тыңдау арқылы қалған гүлімізді таптық, Түймедаққызға және оның достарына көмектестік. (Сиқырлы әуен естіледі, сол кезде кішкене Эльф – көбелектер келеді ) - міне оларда келіп қалды, қане балалар эльфтерді гүлдеріне орналастырайық. Музыка жетекшісі кішкене көбелектерді балаларға үлестіреді. Балалар алаңдағы гүлдерге көбелектерін орналастырып қояды. Түймедаққыз алғысын білдіріп, музыка аспаптарының карточкаларын балаларға сыйға тартады.
Музыка жетекшісі: Ертегі әлеміне кеш батты Қараңғы түн жерімді жапты Ертегі тынысы маужыратып Көбелектер кетті ұйқыға батып Оларға да ғажайып түс енсін - Балалар сендерге оқу іс - әрекетіміз ұнады ма? Немен ұнады? (Балалар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.) - Балалар маған да сендермен өте қызықты болды. Келесі жолы сендерді жаңа ертегі әлемі күтеді. Сау болыңдар! Балалар көңілді музыка мен залдан шығып кетеді

















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров6
Номер материала ДБ-362014
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх