Ембі қалалық №7 орта мектебі
Тақырыбы
Дайындаған: Мұхиева Н.С.
28.04.2014 оқу жылы
Тақырыбы: 1 – Мамыр – бірлік күні.
Мақсаты:
Мамыр Қазақстан халқының ынтымақ күні туралы түсінік беру, өлеңдер
арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту, елімізде тұратын ұлттарды
сыйлауға, олармен достық қарым-қатынаста болуға тәрби- елеу.
Балалар «Армысың майым» әніне қолдарына жалау, гулдер
ұстап, залға кіреді, шеңберде тұрып жаттығулар жасайды. Залдың
екі шетіне сап түзеп қарама-қарсы тұру, қарама-қарсы жүріп орындарымен ауысу,
екі шеңбер жасау, шайқалу, айналу, екі сапқа тұру. Тәрбиеші:
Біз бүгін Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтуге жина-лып отырмыз,
мерекеміз құтты болсын! Мерекемізді «Әнұраннан» бастайық «Әнұран»
орындалады. Тақпақтар:
1-бала: Ақ, қара деп бөлмейміз,
Бір жыл туған төлдейміз.
Туысқанбыз, татумыз
Биіктерге өрлейміз.
2-бала: Сары, ақпыз, қарамыз,
Бәрімізде баламыз,
Бір қалада тұрамыз,
Бір мектепке барамыз.
3-бала: Сусынымыз қанады,
Өнер білім нәрінен.
Әлемдегі баланың,
Дос болайық бәрімен.
4-бала: Жақсылыққа, бақытқа,
Талпынған әр уақытта.
Бала біткен дос бауыр,
Болмасын еш тосқауыл. Тәрбиеші:
1 – Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мен достығын паш ететін айтулы мереке.
Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігі, татулығы мен ынтымағы
өзге елдерге өнеге боларлықтай. Заманында қазақ-тың дарқан даласы көптеген
ұлттарға пана, қамқор болды. Соның нәтиже-сінде қазақ жері бауырластар мекені,
достықтың құтты ұясы атанды. «Бірлік бар жерде – тірлік бар», «Ырыс алды –
ынтымақ» , дейді халық даналығы.
Частушки:
1 –бала: Ты
играй, повеселей.
Балалайка - три струны!
Подпевайте, кто умеет,
Выходите плясуны! 2
– бала: Подарю вам три цветочка:
Белый, синий, аленький,
Я парнишка удалой,
Хоть и ростом маленький!
3 – бала: Я люблю повеселиться -
Хорошо живется мне:
Берегут меня детишки,
Словно розу на окне!
Өзбек биі: Андижан полькасы.
Орыс биі: Кадриль.
5-бала: Біз – балдырған теңбасқан,
Дос құмағын елге ашқан.
Тілейміз – бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан! С.Оспанов.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.