Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок на тему "Қазақстан Республикасы" 5-сынып

Урок на тему "Қазақстан Республикасы" 5-класс

Скачать материал



Сабақтың лексикалық тақырыбы: «Қазақстан Республикасы»
Сабақтың грамматикалық тақырыбы: Тәуелдік жалғауды қайталау
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың Отан, Қазақстан, туған жерінің табиғаты мен байлығы туралы түсініктерін кеңейту. Тәуелдік жалғауларын дұрыс жалғай білуге, дұрыс қолдана білуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Туған ел, Отан туралы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, сөздік қорын молайту, есте сақтау қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Оқушының еліне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімі арқылы патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды намысты, ұлтжанды болуға тәрбиелеу. Оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, табиғатты сүюге және қамқор болуға тәрбиелеу.

Түрі: Дамытушылық сабақ.

Әдісі: сұрақ - жауап, сөйлесу, түсіндіру, аударма, баяндау, ізденіс, ойқозғау

Пәнаралық байланыс: география.
Сабақтың барысы:

- амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

Сабақтың барысы:

- амандасу;

- оқушыларды түгендеу;

Үй жұмысын тексеру: Біздің Отанымыз. Тәуелдік жалғау. Ойқозғау:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Бұл өлең не туралы?

- Отан туралы..

- Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер?

- Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.

бірінші оқушы: Отан – сенің ата - анаң,
Отан – досың, бауырың.
Отан – өлкең, астанаң,
Отан – аудан, ауылың.

екінші оқушы: Отан – тарих, Отан – тіл,

Жасаған елің, ер халқың.

Отан – өлең, Отан – жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

үшінші оқушы: Отан осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл.

«Отан» деп өс, жас қауым,

Оны ардақтай сүйе біл!




- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
- Біздің Отанымыз – Қазақстан.
- Қазақстан біздің Отанымыз. Ол – біздің үлкен Отанымыз. Біздің туған жеріміз Ақтау қаласы, ол біздің кіші Отанымыз. Отан деген сөзді басқа қандай сөздермен алмастыруға болады екен?

- Туған жер, туған өлке, атамекен, туған ауыл, туған қала.
- Дұрыс, бұл сөздер бір-бірінен бөлінбейтін ұғымдар.

- Отанымыз Қазақстан туралы кім не біледі?«Біздің Отанымыз» мәтін мазмұнын, Отан туралы әңгімелеу.

- иа, Отан, туған жер ұғымы, – кең ұғым. Бұл ұғымға туған үйің, туған ауылың, туған қалаң жатады. Енді осы Отан, туған ел туралы білімімізді кеңейту мақсатында мына сөзжұмбақты шешіп көрейік.


6-тапсырма 75-бет

1. Ұлт – қазақ

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі – Елтаңба

3. Көктем мерекесі – Наурыз

4. Қазақтың ұлы ақыны – Абай

5. Космодром – Байқоңыр

6. Қазақстанның астанасы – Астана

7. Қазақстан Республикасының рәмізі – Ту

8. Қазақстандағы теңіз – Каспий

9. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәмізі – Әнұран

- Балалар, қандай тірек сөз шықты? ( «Қазақстан» деген тірек сөз шығады) Бүгінгі өтетін жаңа тақырыбымыз «Қазақстан Республикасы». Енді бүгінгі тақырыбымызға байланысты жаңа сөздермен танысайық.

Жаңа сөздер:

Сөздікпен жұмыс (Мәтін мазмұнына сәйкес сөйлем немесе сөз тіркесін құрастыру)

көмір – уголь ерекше – особенный

мұнай – нефть мақта – хлопок

темір – железо мақтан етемін – горжусь

мыс – медь биіктеген сайын – чем выше

кендері – ископаемые мөлдір – прозрачный

Мысалы: Ақ мақта, мөлдір су, ерекше оқушы,

Еліміздің табиғаты ерекше.

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. 1 - тапсырма. «Жері байдың – елі бай»

1. Мәтінді түсініп оқу.
2. Мәтінді орысшаға аудару.
3. Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қою.





Мысалы:

Біздің Отанымыз қалай аталады?

Қазақстан қандай респбулика?
4. Тәуелдік жалғауы бар сөздерді теріп жазу.

Мысалы: Отанымыз – І жақ, көпше, табиғаты – ІІІ жақ, жекеше, қалаларында – ІІІ жақ, көпше
5. Мәтіннің мазмұнын баяндау.

6. “Отан” тақырыбына мақалдар айту “Сен мақал - мәтелдер білесің бе?” Мысалы:
Отанды сүю отбасынан басталады.

Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Әркімнің өз жері – жұмақ.

Туған жердің ауасы да шипа.
Туған жерге туың тік.

7. Мәтінді пайдалана отырып, сөйлемдердің дұрыс, бұрыстығын анықтандар.

Дұрыс Бұрыс
1. Біздің Отанымыз – Қазақстан. +
2. Жері байдың – елі бай. +
3. Алматыда ақ мақта өседі. -
4. Қызылордада күріш өседі. +
5. Республикамыз үлкен емес. -
6. Оңтүстікте алма өсіріледі. –

- Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Дұрыс айтасыңдар, бабалар, әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Кәнекей, әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік.


Сергіту сәті:


Кәне, кәне тұрайық,

Дөңгеленіп алайық,

Киіз үй біз құрайық.

Сол қолымды көтердім,

Оң қолымды көтердім,

Уықты мен тіредім.

Шаңырақты көтердім,

Киіз үйді тұрғыздық,

Жұмысты біз тындырдық.







Сөйлесу: «Қазақстанның таулары» диалогін оқып шығып, жалғастыру

- Сен тұратын жерде тау, өзен, көл, теңіз бар ма? Қалай аталады?

- Ал, туған жеріміздің табиғаты қандай?

«Кубик лақтыру» ойынын ойнау.
Бір оқушы есімдіктер жазылған кубикті келесі оқушыға лақтырады. Кубикті қағып алған оқушы сол есімдікті берілген сөзбен тәуелдік жалғауын жалғап айтады. Мысалы: Менің жерім, сенің Отаның, сіздің досыңыз, оның ауылы.

Сабақты бекіту

- Балалар, бүгін қандай тақырып өттік?

- Қазақстан жері қандай екен? (Қазақстан жері – бай)

- Қазақстан жерінде тағы қандай байлықтар бар? Білесіңдер ме?

- иа, Қазақстан жерінің байлығы тек мұнымен ғана шектеліп қана қоймайды. Қазақстан жерінде кен байлықтары көп. (Слайд Қазақстан Республикасының картасы, оқушылар шығып қалаларды, ондағы байлықтарды атап көрсетеді.)

- Балалар, біздің туған жерімізде қандай кен байлықтары бар? Кім көрсетіп, айтып береді?

- Біздің туған жеріміз Маңғыстауда мұнай, газ шығады.

- Ал, туған жеріміздің табиғаты қандай?

- Туған өлкеміздің табиғаты әр алуан, ерекше
Қорытынды: Балаларды мадақтау.

- Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз. «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп оқып беріп, «Қазақстан» сөзіне ассоциация жазады.
Бағалау: Оқушы білімін бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және жаңа сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма: «Жері байдың – елі бай» мазмұнын әңгімелеу. 4-тапсырма. Қазақстанның табиғаты туралы шағын әңгіме жазу. Сөздік жаттау.





















Сабақтың тақырыбы:

«Қазақстан Республикасы»

Тәуелдік жалғау

(5-сынып)








Мұғалімі: Узбекова Ж. С

4гимназиясы




















Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Қазақстан Республикасы" 5-сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор по маркетингу (тур. агенства)

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.02.2016 667
    • DOCX 26.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Узбекова Жанар Сисенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Узбекова Жанар Сисенбаевна
    Узбекова Жанар Сисенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14115
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов

Мини-курс

Музыкальная культура: от истории до современности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методы решения нестандартных математических задач

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек