Инфоурок Другое КонспектыУрок на тему "Бауырмалдылық пен кеңпейілділік"

Урок на тему "Бауырмалдылық пен кеңпейілділік"

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары:

Мектеп: №123  мектеп-лицей        Мерзiм:     

Мұғалім:  Сабырова Аида       Сынып: 6 «А»   

Оқушылар саны -18

Тақырып: Бауырмалдық пен кең пейілділік

Құндылық:    Сүйіспеншілік     

Қасиеттер: қамқорлық, мейірімділік,жанашырлық,бауырмалдық

Сабақ мақсаты: Оқушыларға бауырмалдық пен кең пейілділік туралы түсініктерін кеңейте отырып, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу;

Міндеттері:

1.Бауырмалдық пен кең пейілділік ұғымдары туралы түсінік беру;

2.Оқушылардың қамқорлық, мейірімділік, жанашырлық, бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

 3.Оқушыларды  көпшіл, қамқор болуға тәрбиелеу.

 

Ресурстар

(материалдар, дереккөздер)

қалам,стикер

плакат,

бейнепроектор,

Сабақ  барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 5 «Т»еске түсіріп тәртіпке шақырып, сабаққа   қажетті  құрал-жабдықтарын түгендеу.

Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

 (Бірнеше оқушылардан алған  әсерлері туралы сұрау)

 

Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 44 - бетіндегі  «Бір атаның балалары»  мәтінін оқу.  Жұмыс дәптерлерін тексеру.

Мәтін бойынша сұрақтар:

 1.Әңгіменің басты мағынасы,мәні неде?

2. Сендердің ойларыңша Ахмет атаның бойындағы ең басты қасиет не?

3. Зигфридтің ендігі өмірі қандай болады деп ойлайсыңдар

4. Адам неге қамқорлық жасауы керек деп ойлайсыңдар?

 

Тапсырма:

Төмендегі сөз тіркестерінің қайсысын бауырмалдық деп айтар едіңдер? Неліктен?

-          Ата-ана қамқорындай оның сөзі Баянның жүйе-жүйесін босатып жіберді.

-          Дарханның жақсы азамат болуына бар жан-тәніммен тілектес едім.

-          Ғазиздің істеген ісі барлығын сүйіндіріп тастады?

-          Біз бар ұлттың өкілдерін бауырымызға  басып үйренген халықпыз.

-          Тағдырымыз солай болып, жан-жақтан келгендердің бәрін қабылдадық, сөйтіп, көпұлтты елге айналдық.

Ескертулер

Дәйексөз.

Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық, ақ жүректен шығады                                   

                                                            Шәкәрім

Дәйексөзді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді  әуелі ұл балалар,сосын қыз балалар қайталап айтады. Сосын барлығы хормен айтады.

Дәптерге жазып алады.

 

                                      Әңгiмелеу

Достықтың осындайы

Өте жақын екі дос болған екен. Біреуі Берік – елгезек әрі пысық.

Екіншісі  Серік  –  ұялшақ  әрі  момақан.  Берік  -  кедей,  Серік  болса  ауқатты  отбасынан шыққан. Бірақ  кедей-бай  демей,  екі  дос  туған  бауырдай  бірін-бірі жақсы  көреді. Серік барлық  нәрсесімен  Берікпен  бөлісіп  өседі.  Жетіге  келгенде  басталған  достықтары университетке  түскен жылдары  да жалғасады.  Бір  күні  Серік  бір  қызды  ұнатып  соған үйленуді  армандайды.  Ұялшақтықтан  сезімдерін  ашып  айта  алмай  жүргенде,  Берік

жаңағы қызға сөз айтып үйленіп алады. Серік мұңайып қалса да, достықты жоғары көріп, ешнәрсе білдіртпейді. Университеттің  соңғы  жылдарында  Серіктің  ата-анасы  жол  апатына  ұшырап,

қайтыс болады. Серік қайғысымен болып, біраз уақыт жұмыссыз жүріп қалады. Қаржы жағдайы күрт төмендейді. Берік болса жақсы жұмысқа орналасып, лауазымды қызметте болады. Серік досы Берікке барып көмек сұрауды қанша ойласа да, олай істеуге батылы да  намысы  да  бармайды.  Одан  әрі  ақшасыздыққа  шыдай  алмай,  ақыры  досының кеңсесіне барады. Хатшы қыз Беріктің орнында жоқ екенін, кейін хабарласуын сұрайды.

Ертеңіне барса да  тура осындай жауап  алады. Ақырында хатшы қыз оған Берік жазған хатты ұстатады. Хатында Берік досына көмектесе алмайтынын жазады. Серіктің көңіл-күйі  түсіп  кетеді. Көшеге шығып  естігендеріне  сене  алмай мұңайып жүреді.  Бір  кезде Серіктің қасына жасы үлкен кісі жақындап: "Балам, ауыр науқасым бар. Кедей болғаным үшін  дәрі  ала  алмай  жүрмін",  -  деп  Серіктен  көмек  сұрайды.  Серік  соңғы  ақшасын

шығарып жаңағы кісіге керекті дәрілер  алып береді. Жомарттығына қайран қалған кісі негізінде  кедей  емес,  бай  кісі болатын. Көп  ұзамай  ол  қайтыс  болып,  барлық мұрасын

Серікке тастап кетеді. Серік  қайтадан  бай  болса  да,  досының  көмектеспей  теріс  қарағанын  ұмыта алмайды. Досының кеңсесі қасынан үлкен үй салғызады. Бір күні үйінің алдында жасы

үлкен  қайыршы  әйелді  көреді.  Қайыршы  аш  болғанын,  ешкімі  жоқ  екенін  айтады. Серіктің  жаны  ашып,  оның  да  ешкімі  жоқ,  қаласа  үйінде  тұрып  үй  жұмыстарына қарауын сұрайды. Әйел қуанып, келіседі. Бір күні әйел "неге жақсы бір қызбен танысып, үйленбейсің?"  деп  сұрайды.  Серік  ондай  қызды  таба  алмай  жүргенін,  егер  де  сенімді біреу бар болса таныстыруын сұрап қалжыңдайды.  Бірнеше ай толмай Серік әлгі әйелдің көмегімен үйленетін болып шығады. Тойға дайындық  басталады.  Досын  әлі  де  ұмыта  алмай  жүрген  Серік  тойға шақыру  билетті Берікке  де жібереді. Той  күні Серік микрофонды  қолға  алып,  Беріктің  атын  атамастан бар  өкпесін  елге  айтады:  «Осылай  да  осылай  бір  досым  болған,  кішкентайынан  оған 

көмек  көрсетіп  жүрдім,  мен  жақсы  көрген  қыздан  да  достығымыз  үшін  бас  тарттым. Өйткені оны шын досым деп санайтынмын, ол үшін ешнәрсемді аямайтынмын. Бірақ та

менің  жағдайым  жаман  болғанда,  досым  көмектескісі  келмеді.  Алайда,  менің  досыма деген өкпем жоқ. Өйткені шынайы доспыз!» – дейді. Алдында үндемей отырған досы орнынан  тұрып микрофонды қолға  алып былай дейді:  "Менің  де  бір  кездері  жақын  досым  болды. Мен  қиналғанда  үнемі  көмектесіп тұрды.  Студенттік  жылдары  сұлулығына  ақылы  сай  келмейтін  бір  қызға  қызығып, онымен  танысып,  үйленетінін  айтқанда,  ол  ойынан  айныта  алмайтынымды  түсініп,  ол

қызға досымнан бұрын үйлендім. Досымды лайықсыз жардан құтқарудың басқа амалын  таппадым.  Жұмыссыз  жүрген  кезде  маған  келіп  жұмыс  сұрады.  Байлыққа  үйренген біреудің  біреуден  (досынан  болса  да) жұмыс  сұрауы  қаншалықты  қиын  екенін  сездім. Досымның намысына  тимеу  үшін  оған жұмыс  бермедім. Күндердің  күнінде  досымның алдынан шыққан кәрі кісі менің әкем болатын. Әкем қатты науқастанып жүрген кезі еді,

досыммен танысып барлық ақшасын оған мирас етуін қаладым. Үйіне келген қайыршы әйел – менің анам. Досымның жалғыз қалғанын біліп, оған әрі үйін тазалап әрі тамағын

дайындап,  көмек  көрсетуін  қаладым.  Қазір  үйленуге  таңдаған  жары  да  –  менің қарындасым. Досыма жақсы  қарай  алатын,  оған  адал жар  болатын  туған  қарындасым.

Қадірлі қонақтар, міне, біз осындай шынайы доспыз!"

Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Бұл әңгімеден қандай ой түйдіңдер?

2.Беріктің бойынан қандай қасиеттерді байқадыңдар?

3.Беріктің осындай кеңпейілдігінен  кейін Серік қандай жағдайда болады деп ойлайсыңдар?

4.Сендер шынайы дос дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

            Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

1 топ. Бауырмалдық пен кеңпейілділік қасиетін салыстырып, ортақ ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табу;

2  топ. Өлең шығару

3 топ «Бауырмалдық пен кеңпейілділік» тақырыбына көрініс қою

 

Топпен ән айту.

    Топпен ән айту  «Достар» әні

Әні: Айжігіт Асанова

Сөзі: Фариза Оңғарсынова

1.       Ақ, қарамыз, сарымыз,

Тату тәтті бәріміз.

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз.

Жүзімізге қараңыз,

Бұл-бұл жанған баламыз.

Бізге қымбат күн шуақ,

Бізге қымбат Анамыз.

2.      Күннің нұрын сүйеміз,

Қырдың гүлін сүйеміз.

Бізді ойнатып тәтелер,

Күлдіргенін сүйеміз.

Балдырғанбыз арай жүз,

Бал-бұл жанып қараймыз.

Ойыншықтар біздерде,

Көп болғанын қалаймыз.

3.      Таласпаймыз біз бірақ,

Отырмаймыз тұнжырап.

Қуысамыз көгалда,

Жүгіреміз құлдырап

Ән саламыз күнде біз,

Шаттық толы іргеміз.

Біз мәңгіге достармыз,

Біз мәңгіге біргеміз.

 

Үй тапсырмасы.

1.Оқудықтың 47 - бетіндегі   «Алма ағашы» мәтінін оқу.

2.Жұмыс дәптеріндегі 1-2 - тапсырма

 

Соңғы тыныштық сәтi. 

Баяу әуен («Красивая музыка» композициясы) қосылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап отырады.

     Мұғалім жәй дауыспен:

-Балалар, ыңғайланып отырып алыңдар да, терең тыныс алыңдар. Енді көз алдарыңа елестетіңдер, сендердің қолдарыңда өте әдемі айна бар. Абайсыз қимыл, асығыстық бұл әсемдікті бүлдіруі мүмкін. Адамдар арасындағы бауырмалдық, сыйластық, яғни қарым-қатынас осындай жұқа әрі нәзік. Олар қамқорлықты, сүйіспеншілік пен түсіністікті, мейірімділікті, бауырмалдықты талап етеді. Сынған айнаны қайта қалпына келтіру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Сондықтан айналаңдағы адамдарға мейірімділікпен, байыппен, сабырмен қарап, көңілін қалдырмауға тырысу қажет.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Бауырмалдылық пен кеңпейілділік""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 465 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2017 631
    • DOCX 28.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сабырова Аида Сабыровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сабырова Аида Сабыровна
    Сабырова Аида Сабыровна
    • На сайте: 7 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15725
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 287 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Самосовершенствование: шаги к личному росту и эмоциональному благополучию

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 258 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 79 человек

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление фобий: шаг за шагом к свободе от социальных источников страха

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек