Инфоурок Химия Другие методич. материалыУрок на тему "Күкір оксидтері"

Урок на тему "Күкір оксидтері"

Скачать материал

 

3-апта

3-сабақ

Сыныбы:

9

Пәні:

Химия

Сабақтың аты:

Күкірт (ІҮ,ҮІ) оксидтері

Жалпы мақсаты

АКТ-ны қолданып видеороликтер арқылы топтық жұмыс көмегімен күкірт (ІҮ,ҮІ) оксидтерінің алынуын,қасиеттерін өз бетімен оқып үйрену; құзіреттілікті дамыту, «Метатану» үдерісін қолдана отырып оқушыларға өз бетінше әрекет етудің әдістері мен дағдыларын меңгерту,ақыл-ой қабілеттерін жетілдіру және өз бетімен білім алу  арқылы Заттарды танып-білу және «қышқыл жаңбырдың» зияны туралы экологиялық тәрбие беру;

Тақырыпты бекіту деңгейін формативті бағалау арқылы анықтау

Сілтеме

И.Нұғыманов «Химия»оқулығы,Химия мектепте журналы,электронды видеоматериалдар,есептер жинағы,бағалау бетшелері, слайд, тапсырма жазылған кеспе қағаздар

Оқыту нәтижелері

Пікірлерді салыстыра біледі және кері байланысқа түседі. Қосымша деректермен (күкірт өндірісінің фотосуреті)жұмысқа үйренеді.

Сыни тұрғыдан ойлана эссе жазуға үйренеді,дарындылығы анықталады

Күкірт оксидтерін бір-бірінен ажырата және химиялық қасиеттерін сипаттай біледі.

Ойларын еркін, шынайы жеткізе алады

Тапсырманы орындай отырып түсінеді, көшбасшылықты анықтайды.

Негізгі идеялар

Күкірттің (ІҮ,ҮІ) оксидтерін тану

 «Қышқыл жаңбыр» пайда болуы

Тапсырма көздері

І тапсырма: Үйге берілген тапсырманы тест арқылы тексеру

ІІ тапсырма: А,В,С әдісі бойынша сұхбат алу

І топ:Күкірт (ІҮ) оксидіне сипаттама. Видеороликті қарап, тәжірибені түсіндіру, реакция теңдеуін жазу

ІІ топ: Күкірт (ҮІ) оксидіне  сипаттама

 

ІІІ топ:  Күкірт (ІҮ,ҮІ) оксидтерінің алыну  жолдарын қолданылуын постермен  қорғау

Топтарға:ІҮ тапсырма: Күкірттің (ІҮ,ҮІ) оксидтері тақырыбына «әңгіме кестесін» толтыру

Ү тапсырма:    Ойтолғаныс:  Венн диаграммасы

ҮІ тапсырма: Сурет бойынша «5 минуттық эссе» жазу

Кейінгі тапсырмалар

Интернеттен күкірт оксидтерінің табиғатта зияны туралы материалдар іздеп келу

Кері байланыс

Диалогтік әдіс

Бағалау

Оқыту үшін  бағалау және оқуды бағалау


 

   Мұғалімнің жазбалары

 

1-тапсырма. Оқушылар үй тапсырмасын тексеруге арналған  12 сұрақтан тұратын тест тапсырмасын орындады. Оны бағалауды оқушылармен келісіп алдым. Әрбір дұрыс жауап  «бір» ұпайдан есептеледі. Жеке тапсырма орындады, қасындағы жұбы тестіні тексеріп, дайын критерий бойынша жиынтық баға қойылды. (7мин) 2-тапсырма. «Метатану» үдерісін қолдана отырып, оқушылар А,В,С болып рольге енді. Біреуі «А» сұрақ қоюшы немесе сұхбат алушы, екінші «В» жауап беруші  немесе сұхбат  беруші, үшінші  «С» сараптаушы болып бөлініп алды.  Интерактивті тақтада «күкірт өндірісі» суреті көрсетіліп тұрды.Сұраққа жауап, сурет бойынша  берілді.

    «А» сұрақ қоюшы Жансая, «В» жауап беруші Әділет, «С» сараптаушы Жанат болды. «Сен қоғам мүшесі ретінде не істер едің?» деген сұраққа «күкірт өндірісінің табиғатқа зиян келтірмейтін әдісін ойлап табар едім» деп жауап берді Әділет.

     «С» сараптаушы Жанат сұхбат берушінің сөзін қалай жөндеу керектігін толық айта алмады.

 Бұл  жерде байқағаным оқушылар оқушы жауабына («В»-ға «С»-ның) сараптама жасауда көбірек қиналды.

 Мен (мұғалім): «В» сұхбат беруші Әділеттің жауабын сараптауға Жанатқа көмектесе аласыңдар ма? - деп қайта бағыттау сұрағын қойдым. Басқа топтағы оқушылардан сұрағанымда «А» сұрақ қоюшы роліндегі Ақмаржан «Әділет суреттен күкірт оксидінің өндірісін көріп тұрмын деп қателесті,жауап күкірт өндірісі болатын» деп жауап берді.  Сараптама жасаған Ақмаржанды мадақтадым.Топтар бір-бірін ым-ишара арқылы бағалап, бағалау бетшесіне жазып отырды.Ол бағаны топ басшысы өз бағалау бетшесіне түсірді.

3-тапсырма.І топқа күкірт (ІҮ) оксидіне сипаттама беріп,постермен қорғау тапсырылды.Постерді Бөлекбай шығып қорғады және видеороликтен күкірт (ІҮ) оксидінің сумен әрекеттесуін, индикатордың түсін қызыл түске бояйтынын айтып өтті. Бөлекбай алдыңғы екі сабаққа дәлелді себептермен қатыса алмаған,соған қарамастан бүгінгі сабақта ол өз тобының атынан шығып постерді қорғап және видеороликтен тәжірибені жақсы түсіндірді.Мен Бөлекбайдың жүйелі ой жүйесі,сөз саптауы қалыптасқан оқушы ретінде бағаладым.Постер қорғаушы топты тыңдаушы топ «Теориялық білім деңгейі», «постер қорғау шеберлігі», «Тақырыпты меңгеруі», «Жауаптың дұрыстығы» критерийлері бойынша бағалады.Формативті бағалау жүрді.Топ басшысы басқа топтың өзіне қойған бағасын бағалау бетшесіне жазып алды.

4-тапсырма. Оқушылар әңгіме кестесін толтырды.

Заттың аты

Күкірт (ІҮ)оксиді

Күкірт (ҮІ)оксиді

Формуласы қандай

Түсі  бар ма?

Иісі  бар ма?

Суда ерігіштігі қандай?

Улы  ма?

Қандай оксид: негіздік пе  қышқылдық па?

Агрегаттық күйі

Ауаны  ластай ма?

Қышқыл түзе ме?

Күкіртті  газ деп атала ма?

Қышқыл жаңбыр түзе ме?

Тоқыма өнеркәсібінде қолданыла ма?

Мұнай өнімдерін тазартуда ше?

 

 

  

Сабыржан мен Айнұр жазған жауаптарын оқыды, тыңдап отырған оқушыларға «кім толықтырғысы келеді?» деп қайта бағыттау сұрағын қойдым, Жанболат  «күкірт оксидтерінің агрегаттық күйі қандай дегенде екеуі де газ деді, мұндағы күкірт (ІҮ) оксидінің агрегаттық күйі газ» деп жауап берді.Жанболаттың басқа оқушыларға қарағанда жақсы тыңдаушы екенін байқадым. «Теориялық білім деңгейі», «Ой жүйелілігі», «Тақырыпты меңгеруі», «Жауаптың дұрыстығы» критерийлері бойынша бағалады. Бағалау бағдаршам арқылы жүрді.Кімге қандай түс көтерілгені арқылы қандай баға қойылғанын бағалау бетшесіне жазып алды. Формативті бағалау жүрді.

5-тапсырма. «Метатану»үдерсін қолданып, күкірт оксидтерін салыстыра , венн диаграммасын толтыру тапсырмасына Мадина мен Айнұр шықты.

 

Мадина мен Айнұр жауаптарын оқыды,екі заттың ортақ қасиеттерін «мен жазайын» деп Бөлекбай шықты. Қалған оқушылар дәптерлеріне жазып, жауаптарын тақтаға қарап салыстырды. «Заттардың қасиеттерін анықтай білу», «Жауапты салыстыру дәлдігі», «тақырыпты меңгеруі» критерийлерімен өзін-өзі бағалау жүрді.Топ басшысы топ мүшелерін бағалап,бағалау бетшесіне жазды.

6-тапсырма.Оқушылар төмендегі сурет бойынша «5 минуттық эссе» жазды.Сурет интерактивті тақтадан көрсетіліп тұрды.

Әр топтың қасына барып,оқушылардың жазған жауаптарын бақыладым.Қай оқушының жауабы,ойға орамды,жүйелі жазылғанын, оның қаламсабының қандай екенін іштей белгіледім.Уақыт болды,ортаға қаламсаптарыныңды  қойыңдар деп, ішінен біреуін алып  «мына қаламсаптың иесі кім?сол оқушы жазған жауабын оқысын»,-дедім.Осы тапсырма барысында Бөлекбай мен Жанболаттың жылдам ой қорыта білетінін байқадым.

  

Дарындылықты танудың бір қыры тез ойлап, ой қорыту болса, ендеше Бөлекбай мен Жанболатта дарындылық қабілет бар. «Ойын бейнелеу шеберлігі», «ойын жүйелі жеткізуі» критерийлерімен бағалау жүрді.

Сабақтың қай кезеңі сен үшін есте қалды?Бүгінгі сабақ ұнады ма? деген сұрақтармен кері байланыс жүрді.

Оқушы пікірі: Сабыржан: «Маған әңгіме кестесін толтыру ұнады.Бұл кезде қойылған сұрақтар сабақта алған біліміңді қорытуға арналған.Өз жауабыңды өзгелермен салыстырасың»

Мейіржан: «Маған бүгінгі сабақтың бар кезеңі ұнады.Топта аз адам болғасын сенде жауап беруге ұмтыласың.Мен А,В,С тапсырмасында В ролінде сұрақтарға жауап бердім, сен нашар оқисың не жауабың дұрыс болмай қалса,ұтылып қаламыз деп сені ешкім бөлмейді»

Үйге тапсырма:1.Күкірт оксидтері

                            2. 1-7 сұрақтарға жауап беру

                            3.Интернеттен күкірт оксидтерінің табиғатта зияны туралы материалдар іздеу,жинақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему "Күкір оксидтері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 355 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2017 1207
    • DOCX 3.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошимова Курбангул Умиршиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кошимова Курбангул Умиршиевна
    Кошимова Курбангул Умиршиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 34021
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель химии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 474 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 356 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс профессиональной переподготовки

Химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель химии

600 ч.

9500 руб. 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Программы лояльности и организационные аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе