Инфоурок Информатика КонспектыУрок на тему: Программирование на языке Паскаль

Урок на тему: Программирование на языке Паскаль

Скачать материал

Пән Информатика   сынып    9___ Күні   _._ .2010 ж.

                                     сынып    9____ Күні   _._ .2010 ж.

сабақ №: 6    сағ.саны.: 1

Тақырып:  Программалау тiлi. Тiлдiң алфавитi. Программалау тiлiнде алгоритм жазу ережесi.

Мақсат: Оқушылардың программалау тілі  және Паскаль тілінің алфавиті  туралы білімдерін қалыптастыру. Программалау тілінің алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

Міндеттер:    

Білімділік – Оқушыларды программалау тілі, Паскаль тілінің алфавиті және алгоритм жазу ережелерімен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың алгоритм жазу ережелерін қолдануды қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап

Құрал-жабдықтар компьютер - 7, жұмыс дәптері, ActiveStudio бағдарламасы, ActivBoard, ActivPen, бейнепроектор-1.

Пәнаралық байланыс математика, физика

Пайдаланылған әдебиеттер: 1) Б.Бурибаев. Информатика және ЕТ негіздері, оқулық 9 сынып;

                                                        2) Основы информатики и ВТ, базовый курс 10-11 класс;

                                                  3) С.Т.Мухамеджанова, «Методика обучения информатике»

                                                  4)Динисламов, «Паскаль программалау негіздері»

 

Сабақ барысы

 

1) Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

            ә) кабинет жағдайы;

      б) сабақ барысымен таныстыру.

2) Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

1) Есептің шешу кезеңдерін атап шық?

2) Әр кезеңді түсіндір?

3) Мысал негізінде есептің шешу кезеңдерін түсіндіріп шық?

3) Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

4) Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Программалар белгілі бір мәселені, есепті шешуге арналған. Есепті шығару барысында компьютерге бастапқы мәліметтер енгізіледі, оларды қалай өңделетіндігі көрсетіледі және нәтиже қандай түрде, қандай құрылғыға шығарылатыны айтылады.

Паскаль тіліндегі программа жеке-жеке жолдардан тұрады. Оларды теру, түзету арнайы мәтіндік редакторлар арқылы атқарылады.

Паскаль тіліндегі программа 3 бөліктен тұрады: тақырып, сипаттау бөлімі және операторлар бөлімі.  Кез келген программаның алғашқы жолы PROGRAM сөзінен басталатын оның тақырыбынан тұрады. Одан кейін программаның ішкі объектілерінің сипатталу бөлімі жазылады. Бұл бөлім программадағы  айнымалылар, тұрақтылар тәрізді объектілердің жалпы қасиеттерін алдын ала анықтап көмектеседі. Сипаттау бөлімі бірнеше бөліктерден тұрады, бірақ программаның күрделілігіне байланысты көбінесе ол бір немесе екі ғана бөліктен тұруы мүмкін. Программаның соңғы және негізгі бөлімі операторлар бөлімі болып табылады. Орындалатын іс-әрекеттер, командалар осы бөлімде орналасады.  Ол begin түйінді сөзінен басталып, барлық атқарылатын операторлар (командалар) тізбегі жеке-жеке жолдарға жазылып біткен соң end түйінді сөзімен аяқталады.

PROGRAM BASTAU;

СИПАТТАУ БӨЛІМІ

BEGIN

ОПЕРАТОРЛАР БӨЛІМІ

END.

Операторлар бөлімінде командалар ретімен орналасады.

Программалау тілінің алфавиті программаның элементтерін құруда қолданылуға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер жатады. Тіл ерекшеліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеге болады:

-          атаулар (идентификаторлар)

-          цифрлар

-          айыру белгілері

-          арнайы символдар.

Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.    

Мысал: радиусы r=5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.

Program bastau;                 {Программаның тақырыбы}

Const pi = 3.14159;            {π тұрақтысының мәнін беру}

Var r, l : real;           {r және l мәндерін нақты сан ретінде анықтау}

Begin                                   {операторлар басы}

r:=5.5;                                  {r мәнін беру}

l:= 2*pi*r;                            {шеңбер ұзындығын есептеу}

write (‘Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);

                                            {нәтижесін экранға шығару}

end.                                     {программа соңы}

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5)  Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?
  2. Тілдің алфавитіне не жатады?
  3. Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?
  4. Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер олардың біреуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, «бәрі тең» деген ақпаратты экранға шығаратын алгоритм (шартты) құрыңдар. Блок-схема және жазбаша түрде.

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натурал сан берілген. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және арифметикалық ортасын табу алгоритмін құрыңдар (сызықты алгоритм). Блок-схема және жазбаша түрде.    

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға программалау тілі, тілдің алфавиті және алгоритмді жазу ережелері туралы нақты мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма § 2.1, 2.2, бет. 34-40  

Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті. 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок на тему: Программирование на языке Паскаль"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по безопасности

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 709 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.01.2016 492
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Каймуллина Зауреш Жумажановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Каймуллина Зауреш Жумажановна
    Каймуллина Зауреш Жумажановна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4282
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 683 человека из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 818 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе