Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Внеклассное мероприятие "Жер шарын жылатпандар, Адамдар"

Внеклассное мероприятие "Жер шарын жылатпандар, Адамдар"

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырыбы: Жер ананы жылатпаңдар, Адамдар...

Мақсаты: Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу.
Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.

Көрнекіліктер: Мультимедиялық тақта, мақал - мәтелдер;

Сабақ барысы:Кіріспе
Қазіргі кезде экологиялық білім мен тәрбие беру ең негізгі мақсаттардың бірі. Біз балаларға экологиялық білім бере отырып экологиялық сананы, тәрбиені қалыптастыруымыз керек. Жалпы айтқанда экологиялық мәдениетті жасаймыз. Экологиялық мәдениет – қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік пен экологиялық білімнің қалыптасуына, дамуына, үздіксіз жетіле беруіне ықпал ететін, сана мен тәрбиенің рухани құндылық жиынтығы. Экологиялық білімі мен тәрбиесі аз адамда экологиялық сана болмайды, экологиялық сана төмен адамда қоршаған ортаға деген жанашырлық болмайды. Сондықтан экологиялық тәрбиені бесіктен белі шыққаннан бастап, есі кіргенде санасына қалыптастыру, яғни төменнен жоғары қарай сатылай дамыту керек. Осы мақсатта біздің мектебімізде «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы РҚБ «ӨРКЕН» республикалық экологиялық жобасы бойынша ұландар арасынан экотоп құрылғандығы баршаңызға мәлім.
Бүгін біз экотоп мүшелерінің және ұландардың қатысуымен осындай шаралардың бірін өткізгелі отырмыз.
«Экология» гректің үй, ғылым деген екі сөзінен тұрады, яғни өзің тұратын үйдің жай – күйін бақылап, біліп, ахуалын жақсартуға бағытталған ілім деген сөз.
Табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс, мекені, алтын ұя, бесігі, құт берекесі. Адам үшін табиғат ең қастерлі ұғым. Өйткені, халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлігі деп біледі.
Табиғатты қорғау – бәріміздің борышымыз. Табиғат дегеніміз ол- жер, су, ауа, күн. Күн- барлық тіршіліктің құдіретті тірегі. Ауа- өмір тынысы. Су –тіршілік көзі. Жер- бізге нәр беретін анамыз.Осы біздің жерімізге кәзіргі кезде адамдар тарапынан көптеген қауіптер төніп тұр.

Сонымен бірге, қазір теңізіміз тартылып, орманымыз кесіліп, құнарлы жерлеріміз сортаңданып қалды. Осының бәріне кім кінәлі? Әрине, адамдар. Бәрі адамдардың рақымсыз істерінен, кешегі табиғаттың уылжыған тамаша кездерінде өмір сүрген ата – бабаларымыздың ескертпелерін орындамағанның кесірінен десек те болады.
Балалар, бүгінгі «дөңгелек үстелімізде » экология мәселесі негізгі мақсат болғандықтан, табиғат, адам, қоршаған орта туралы білімімізді ортаға салып, өзіміздің біліктілігімізді көрсетейік..

Слайд 2. Елбасы сөзі.
«Дөңгелек үстел «шарттары мынандай айналымдардан тұрады:
І – айналым: «Ғажайып Қазақстан» (Сергіту сұрақтар ) 3 топ та қол көтеріп жауап береді.
ІІ – айналым: « Суреттер сөйлейді-ой толғау» (экраннан көрсктілген суреттер бойынша сөйлейді) ІІI – айналым: «Сұрақ бізден-жауап сізден» (ситуациялық тапсырма )

ІV – айналым: «Кім көп біледі?» сөзжұмбақ құрастыру.
V – айналым: Шешуші сәт « Біз табиғатты қорғаймыз»Видеоролик-Қоршаған ортаның ластануы.

Құрметті оқушылар , бүгінгі экологиялық дөңгелек үстеліміз Қазақстанның басты проблемаларының бірі-экологиялық зиянды аймақтар жайында болмақ.Өздерің естіп біліп жүргендей біздің Қазақстанның экологиялық зиянды аймақтары баршылық . Олардың ең негізгісін кім біледі?

Кәзір жалпы 10 сұрақ қойылады, сұрақтарға қай топ көп және дұрыс жауап қайтарады, сол топ жеңімпаз болып саналады.
«А» тобына қойылатын сұрақтар:
1. Қазақстан жері қандай жер? (Қазақстан жері – кең - байтақ)
2. Батыстан шығысқа қарай неше километр жер алып жатыр? (3000 км)
3. Қазақстанда неше мемлекеттік қорық бар? (9 мемлекеттік қорық бар)
4. Қазақстан тауларын атаңыздар? (Алтай, Тарбағатай, Сауыр, Жоңғар, Іле Алатауы)
5. Қазақстанның оңтүстік батысында қандай теңіз бар? (Арал теңізі бар)
6. Бүгінде жер бетінде қандай мәселе өзекті болып тұр? (Экология мәселесі өзекті болып тұр)

7.Қазақстанның қандай елді мекендері қауіпті экологиялық аймақтар бар? ( Каспии, Байқоңыр, Арал,Балқаш, Семей)
8. Қазақстанның жалпы жер көлемі қандай? (2700 мың шаршы км)
9. Адамның дені сау болу үшін не керек? (Қоршаған орта, табиғат таза болу керек)
10. Бүгінгі күні дүниежүзілік проблема қандай? (Арал экологиясы)
11. Қоршаған ортаны қорғаудың дүниежүзілік күні қай күн? (5 – маусым)
2 – айналым: «Суреттер сөйлейді-ой толғау»

Балалар сөзі:Арал-Балқаш-Семей



3 – айналым: «Сұрақ бізден, жауап сізден»( ситуациялық тапсырма-қала атын табу)
Сонымен рұқсат болса, 3 айналымды бастайық.
Қазақстан менің елім, сенің елің. Ол асқар тау болсын, шалқар көл болсын, мейлі тіпті шағыл - шағыл құм болсын көңілді сергітер әдемі табиғаты бар менің Отаным. Әр адамға өзінің туып - өскен жері мен суы, аспаны мен тауы ыстық.
Ал Табиғаттан бабамыз ала берген секілді
Дархандықты қазаққа дала берген секілді
Еркелікті, ерікті желден алған секілді
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
Сонымен қояр сұрағымыз.
Слайд-

1. Экологтердің пайымдауынша, бұл қала еліміздегі ауа кеңістігі ең көп ластанған қала болып саналады. Ауа кеңістігінің адам ағзасына аса зиянды ауыр түсті металлдармен ластануына қаладағы қорғасын - мырыш, полиметалл комбинаттары тікелей қатысты деп есептеледі. Қала орналасқан тұстағы түсті металл қорлары мен су энергиясы өнеркәсіптің бұл түрін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл қай қала? (Өскемен)

2. Ертіс маңы ауданында бірқатар химия және мұнай - химия кәсіпорындары орналасқан. Бұған осы ауданда көптеген маңызды факторлардың тоғысуы себеп болды. Бұл жерде әр алуан минералды шикізат бар, аудан сумен жақсы қамтамасыз етілген, көмір мен электр энергиясының қоры мол, ауданның экономикалық - географиялық орны аса ыңғайлы. Бұл қалада минерал отын, жоғарғы сатыдағы май өндіріледі. Алайда осы аталғандар табиғатқа кері әсерін тигізеді. Сұрақ бұл қай қала? (Павлодар)

3. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ушығуда. Мұнда қоршаған ортаны бүлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)
4. Бұл қалада пайдалы кен орны пайдаланады. 140 млн м³ тақырланған, ал бұндай тақырланған жерлер жылына 7 млн м³ ұлғаяды. Бұл қала Орталық Қазақстан орналасқан, ауаға зиянды заттарды шығарудан республика бойынша 5 орынды алады. Облыс бойынша 3 орындағы, жасы жарты ғасырға тең қала. (Жезқазған)

5.1928 жылы геолог-инженер Михаил Русаков басқарған ленинградтық геологиялық барлау партиясы келеді. Олар осы өңірдегі мыс кендерінінің бірінші барлауын өткізіп, үміттендіретін қорытындыға келген. Іздеу жұмыстары барысында геологтар келесі нәтижені түйіндеген: кен орны мысқа соншалықты бай, оның базасында жаңа мыс балқыту зауытын салуға болады. Бұл қай жер? (Балқаш)

4-айналым. «Кім көп біледі» Сөзжұмбақ.

V – айналым: Шешуші сәт « Біз табиғатты қорғаймыз»

Видеоролик-Қоршаған ортаның ластануы.

























Қорытынды:

Жаралған Жер – ана зыр айналып ғаламды.

Арқасына қондырып , аялаған адамды

Адам жердің етене сүйініші, тынысы

Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,

Сол секілді адамды аялайды Жер мекен. - деп осымен бүгінгі экологиялық дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз. Қатысып отырған ұстаздар мен ұландарға рахметімізді айтамыз.
Жақсы атсалысқан оқушылар анықталып, марапатталады.

Ән Заман ай



«Ұлдарыңның қайда кеткен құрығы,

  Қыздарыңның қайда кеткен бұрымы?

  Мейірімге зарықтырған заман-ай,

  Туған жердің лайланды-ау тұнығы...»






















Сыныбы: 3 сынып


Сабақтың тақырыбы: Табиғатты аяла да бағала.


Мақсаты : а) оқушыларды жердің қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық жасай білуге , жанашырлық сезімге баулу, табиғат жөніндегі ой – өрістерін кеңейту, білімге құштарлығын арттыру, тілін дамыту. Табиғат ажарын сақтап, оған қамқор болып қамқорлық жасайтын қорықтар туралы танымдарын арттыру. Табиғатты сүйе білуге оны қорғауға, ұйымшылдыққа, аялауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, мақал – мәтелдер .

Сабақтың барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі. Құрметті қонақтар, ұстаздар! Сіздерді жылдың тамаша мезгілінің келуі қарсаңындағы 3 – сыныптың оқушыларының ұйымдастыруымен болатын «Табиғатты аяла да бағала» атты тәрбие сабағымызға қош келдіңіздер.

Табиғаттың сұлулығында шек жоқ. Адам табиғатты барынша аялап, қамқорлық көрсетуі керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе – теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы он жылдықта күшейіп, енді адамзат экологиялық мәселелрді шешуді белсенді түрде қолға алды. Түрліше табиғат қорғау ұйымдары құрылып, қоғамдық акциялар ұйымдастырылуда , қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар шығарылуда. Табиғатымыз – адамға баға жетпес байлық. Бүгінгі сабағымызда табиғат анамызды қамқорлау қажеттігі туралы әңгімелейміз.


Жүргізуші: Табиғат – адам баласын дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімі мен шұғылалы шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

Оқушылар топқа бөлінеді.

1 – топ: «Отан»

Ұраны: «Отан оттан да ыстық»

2 – топ: «Сулы жер – нулы жер»

Ұраны : «Су – табиғат айнасы»

3 топ: «Ағаштарға қамқорлық»

Ұраны: «Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ»

4 – топ: «Хайуанаттар»

Ұраны: «Құлан-қырдың көркі, құндыз-судың көркі»

5 – топ: «Қазақстан – қорықтар елі»

Ұраны: «Табиғатты қорғау үшін бәріміз күресейік»


1 – топ . «Отан»

1 – оқушы:

Туған жер – алтын бесік , асыл анам,

Ауаңмен , ақ сүтіңмен асыраған.

Мендағы ұлың едім өзің тектес

Алысқа нәсібі шашыраған.

2 – оқушы :

Жаралған Жер – ана зыр айналып ғаламды.

Арқасына қондырып , аялаған адамды

Адам жердің етене сүйініші, тынысы

Әсте ана баласын жаман болсын дерме екен,

Сол секілді адамды аялайды Жер мекен.

Жүргізуші: Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп – өнер мекені.

3оқушы:

Адамдар, жер сенің аяулы бесігің,

Осы жер үстінде аштың сен тіршіліктің есігін.

Онымен кіндіктес жаның да, қаның да,

Жер жаһан аялап тұр алақанында.

Жүргізуші: Табиғат – адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміңе ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.

4 – оқушы:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.

«Отан» туралы әнді топ мүшелері айтады.


2 – топ. «Сулы жер – нулы жер»

Жүргізуші: Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі – су. Балалар, сендер су туралы қандай мақал – мәтелдер немесе тыйым сөздер білесіңдер? (Топ мүшелері су туралы өздері білетін мақал – мәтелдердің немесе тыйым сөздерін айтады). «Сулы жер – нулы жер», «Су – табиғаттың айнасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар» т.с.с.

1 – оқушы:

Су деген тіршіліктің қаны емес пе,

Су деген табиғаттың жаны емеспе?!

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол – ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе?!

Жүргізуші: Соңғы жылдары өлкеміздегі көптеген өзен, көл суларын қалай болса солай пайдаланудың салдарынан олардың қоры азайып, ластану өріс алуда. Бір кездегі үлкен әрі тұнық Сырдың қазіргі кездегі халыққа айтар өкпесі де бар.

2 – оқушы: Жайық өзені 2428 шақырымға созылады. Оның бойы табиғи байлықтың көзі болып табылады. Жайықтың қойнауы мен суларында 450 – ден астам жануарлар, 50 – ге жуық балық түрлері, 345 құс түрлері және 1200 ден астам өсімдік түрлері өседі. Өзеннің өн бойында 383 – тен астам су тартатын қондырғыштар бар. Олар Жайық суының деңгейін төмен түсіруде.

Жүргізуші: Табиғатта «қастерлі нүктелер»өте көп. Соның бірі – Каспий теңізінің экологиясы.

3 – оқушы: Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің экологиясының бұзылуына «Теңіз газ» кешені үлкен әсерін тигізіп отыр. Тасқын су кейін қайтқанда өзімен бірге мұнай қалдықтарын теңізге алыпкетеді. Ол Каспий суының экологиясына әсер етіп отыр. Каспийдің бекіре, шоқыр , қортпа, балығының денелерінен аурулар табылды. Теңіз суының құрамы бұзылды.

Жүргізуші: Табиғатқа қамқорлық жасау әрбір азаматтың абыройлы міндеті әрі парасатты парызы.

4 – оқушы: Арал теңізі өзінің үлкендігі жөнінен дүние жүзінде төртінші, ал ТМД елдерінде екінші орын алады. Оның жалпы ауданы – 64,5 мың шаршы км. Ондағы судың көлемі 1000 текше метрден асады. Арал теңізінің суының тартылуы сол аймақтың халық шаруашылығына және табиғатына үлкен зиянкелтіруде. Ертеректе Аралдан жылына 500 мың центнердей бағалы балық ауланғаны белгілі. Аралдың айдынды арнасынтолықтырып, толқынын тулатып жататын Әмудария мен Сырдария өзендерінің қазіргі күні де күйзеліске соқтырып отыр.

5 – оқушы:

О, табиғат, тіршілікке бесік болған мекенім,

Құшағынан нәр алып, мұратыма жетемін.

Алақанмен аялаймын ұл қызымдай үйдегі,

Азаматтық борышым – қорғаушың болып өсемін.

3 – топ: «Ағаштарға қамқорлық»

Жүргізуші: Табиғат байлығының бір тобыжер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдік өлкеміздә түрлендіріп тұрған түкті кілемтәрізді. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі депаялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген өрнекті сөз – соның айғағы.

1 – оқушы:

Ормандар, жап – жасыл ормандар,

Орманды отаушы болмаңдар!

Отан мен Орман жұп, бір ұғым,

Орманды, Отанды қорғаңдар!

Озбыр қол орманды отаса –

Отанға қастандық қылғаны.

2 – оқушы: Ағаштар ауаны тазартады, жазда көлеңке болады. Сонымен қатар олар үй жиһаздарын жасауға, үй салуға, қағаз жасауға пайдаланылады және айналаға әсем көрік береді.

Жүргізуші: Балалар, енді маған айтыңдаршы, ағаштарға байланысты қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

1 – оқушы: Ағаш көркі – жапырақ,

Адам көркі – шүберек.

2 – оқушы: Ағаш ексең аялап,

Басыңа болар саябақ.

3 – оқушы: Бір тал кессең,

Он тал ек.

4 – оқушы: Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

Жүргізуші: Сезеді кеудесінде көзі бар жан,

Білгенге асыл тастан сезім маржан.

Қайыспас қабырғасы өзім де орман,

Құлпырып көркейе бер, жасыл орман.

Құрманғазының «Қызыл қайың» күйі орындалады.


4– топ: «Хайуанаттар».

Табиғаттың сұлу – сымбат мүсіні, көрікті келбеті бар тамаша туындыларының бірі – хайуанаттар. Халқымыз ежелден – ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Әсіресе, қарлығаш пен аққуға деген жанашырлық жылы сезім ерекше орын алған.

1 – оқушы: Қызғылт бірқазан – Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Іле өзенінің Балқашқа құяр сағасында бұл құстың 2000-ға жуық жұбы мекендейді.

2 – оқушы: Ақбас тырна – далалық өңірлерді мекендейтін құс. Олар балапандарын көбіне көлдердің маңында басып шығарады. Қазақстанның «Қызық кітабына» енгізілген.

3 – оқушы: Үстірт арқар – Маңғыстау тқбегіндегі таулар мен ұстірттердің батыс кемерінде мекендейді.

4 –оқушы: Қарақұйрық – халықаралық табиғатты қорғау одағы мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген жануар.

Жүргізуші: Ал, балалар, табиғатты қорғауға байланысты қандай тыйым сөздерді білесіңдер?

1 – оқушы: «Құсты атпа, құмырсқаның илеуін бұзба».

2 –оқушы: «Көкті жұлмай, көктей соларсың».

Жүргізуші: «Құлан – қырдың көркі, құндыз – судың көркі» деген мақал барү

Құлансағым ен даланы шарлаған,

Түз аңында онан жүйрік болмаған.

Құланды айтса көкірегінде қазақтың,

Тек жүйріктік орнаған.

Күй: «Ақсақ құлан». Хайуанаттар туралы слайд.

5 – топ: «Қазақстан – қорықтар елі»

Жүргізуші: Табиғаттың бар ажарын сақтап, оның құлпыра түсуіне қорған болып қамқорлық жасайтын қорықтар.

1 – оқушы: Ақсу Жабағылы қорығы. Орналасқан жері – Оңтүстік Қазақстан облысы (Сайрам, Түлкібас аудандары). 1926 жылы ұйымдастырылған.

2 – оқушы: Барсакелмес қорығы. Орналасқан жері – Қызылорда облысы (Арал ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.

3 – оқушы: Қорғалжын қорығы. Орналасқан жері – Ақмола облысы (Қорғалжын ауданы). 1968 жылы ұйымдастырылған.

4 – оқушы: Марқакөл қорығы. Орналасөан жері – Алматы облысы (Алакөл ауданы). 1998 жылы ұйымдастырылды.

5- оқушы: Марқакөл сол қалпыңмен пәк боларсың,

Күлерсің, мұңаярсың, шаттанарсың.

Осынау жалт – жұлт еткен келбетіңмен,

Жанымның түкпірінде сақталарсың.

Қорықтар туралы қосымша түсінік беру. Слайд бойынша жұмыс.


Өсімдіктер әлеміне саяхат.

Міне, қызық!

Өзінің биіктігі мен мықтылығы жағынан талай ағашыңнан асып түсетін бір шөп бар. Оның сабағынан қармақтың сабын, шаңғының таяғын жасайды. Бұл өсімдіктің аты – бамбук. Дүниедегі ең биік шөп –осы. Жас бамбук күніне жарты метрдей өседі. Бірақ мұндай қарқын онша көп уаөытша созылмайды, бар –жоғы 40 күн ғана, әйтпесе ол көкпен таласып бұлтқа да жеткен болар еді. Ол ауа райы ыстық Шығыс пен Кавказдада бар.

Дүние жүзіндегі ең биік ағаш – алып Эвкалипт. Ол ағаш Австралияда өседі. Биіктігі 100-110 метрге жетеді. Баяғыда бір кедей адам осы ағаштың әбден қурап, омырылып қалған біреуінің түбірінен ойып, отбасына үй жасайды, түбірдің ішіндегі қуыстың кең болғандығы сондай, тіпті ат қорасын да соның ішіне салыпты дейді.

Үндістан мен Индонезияда тағы да басқа тропиктік елдерде нан ағаш өседі. Әрине оның бұтақтарында тоқаш та, бөлке нан да салбырап тұрмайды, алайда пішіні домалақ, әрқайсысының салмағы 30 кг-дай ап –ауыр жемістері болады. Жергілікті тұрғындар бұл ағаштың жұмсақ етін күлге көміп, күлше пісіреді, оның дәмі нағыз нанға ұқсайды.

Шұжық ағашының ұзындығы жарты метрдей, әр жемісі сыртқы түрі жағынан кәдімгі шұжыққа ұқсас, бірақ амал қанша, ол жемістер жеуге жарамайды.


«Кім шапшаң?» ойыны.

Жұмбақтар шешу.

1. Мәңгілік жасыл ағаш (шырша).

2. Көктемде ақ гүлге оранады,

Күзде қолға доп болып оралады (алма).

3. Қандай өсімдіктерді жыртқыш өсімдіктер дейді?(шыбынжұт, шыншылдық)

4. Өсімдік бір жерден екінші жерге қалай таралады (жел, су, жануарлар арқылы)

5. Майды қандай өсімдіктен алуға болады (күнбағыс, зығыр, мақта)

6. Дауылға нық күшті,

Ағаштың мықтысы (қарағай)


Ой –толғау кезеңі. Қазақтың ұлттық ойыны «Орамал тастамақ».

Мен қазір орамалды қай топқа тастасам, сол топтың оқушылары сұраққа жауап береді.

Егер сен ақын болсаң ... ... ....

Егер сен қоршаған ортаны қорғау министрі болсаң ... ... ...

Егер сен сазгер болсаң ... ... ...

Егер сен суретші болсаң ... ... ...

Егер сен әнші болсаң .... .... ....

Қорытынды:

Иә, балалар, табиғат туралы әсем сөздер айтылды. Адам да табиғат перзенті. Сондықтан да туған еліміздің, жеріміздің табиғатын, байлықтарын қорғау, баршамыздың міндетіміз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 38- бабы «Қазақстан Республикасының азаматы табиғатты қорғауға және оның байлығын сақтауға міндетті» деп жазылған. Әйгілі Қорқыт атамыз: «Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын» деген. Бұл айналаңдағы табиғат байлықтарын аялай біл дегені. Табиғат сенің саялы бесігің, аяла,қамқорлыққа ал, қорғаныш бол, тазалығын сақта!


1. «Ауған саздары»



Армысыңдар ауғандық жауынгерлер?

Жырым бар жараланған жаныңды емдер.

Өлгендердің жәннатта болсын жаны,

Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер.



Ерлік қылған аталарым аспан асты, ер үсті,

Біз сәндікке кимейміз деп,– шалбар менен бөрікті.

Отан-ана алдындағы өтеймін деп,– борышты,

Аттаныңдар, атқардыңдар соғысты.



Жастығыңмен жауға атылдың оқ болып,

Әндететін кездеріңде ауылыңда төс керіп.

Жаудың оғы сом мүшеңді төрт бөліп,

Кейбіреуің кеттің мүлде жоқ болып.



Жау дейміз-ау қолдан жасап жауыңды,

Саясаттың сайқалдығы-ай уландырған тамырды.

Бауырыңа бауыздатып балдай ішкен қаныңды,

Заманы еді кеңестің ол сұрапылды дауылды.



Құдай өзі бере жатар жауыздықтың жазасын,

Қыран ерлер, ардагерлер сендер түгел тазасың.

Қасқыр мінез, қайсар жандар жалап жазған жарасын,

Жандарыңның жараларын қай мықты бар жазатын.



Сендер бірақ Отан үшін оққа тостың кеудеңді,

Ерлігіңді, өрлігіңді ел көрді.

Бірге аттанған бауырларың жер жастанды, жерленді,

Жебейді олар аруағымен сендерді.



Еске алайық құрметтейік, құрбандардың рухын,

Қабірлері нұрға толсын суық көр де жылысын.

Есіл ерлер ескерткішке айналсаң да біз үшін,

Мәңгі – бақи тірісіңдер, тірісің.

Ән: Сарбаздар





І- жүргізуші: Кинодан үзінді





2. «Құндыз»



Қанша ұйықтасам кірмеп еді түсіме,

Кім ойлаған, бұл сұмдықты көрем, – деп.

Қауқарың жоқ, сене алмайсың күшіңе,

Отырасың енді мынау елеңдеп.



Алғашында бәрі қызық тамаша,

Айырмасы алты ғасыр, санаса.

ХХ-шы ғасырдан кеп он төртке,

Түстік келіп, айналаға қарасақ.



Бұл жер ылғи мұсылмандар тұрағы,

Күн әрқашан ыстық болып тұрады.

Сол күндері тау-таспенен жүгірген,

Алдыңда тұр жаяу әскер мұраты.



Айырмасын жақсы – жаман арасын,

Араладың Ауғанның тас даласын.

Ойландырмас қай қазақтың баласын,

Ажалға айдап өміріңді барасың.



Айлар өтер, жылдар өтер жылыстап,

Өткен күндер мүмкін ұмыт болмас та.

Ал бірақ та жер-анаға тапсырған,

Ұмытылмас қаза болған жолдастар.















Тәрбие сағаттың тақырыбы: “Жерді аялайық”

Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.
Сайыс-сабақ түрінде өткізілгендіктен, экологиялық карта, экологиялық газеттер, киіз үй, қамшы, жалбыз, түрлі тастар көрнекілікке пайдаланылды.
Жер – Ана. /домбырамен сүйемелдеп, күй тартылып тұрды/. О, менің перзенттерім!
Менің қойыным кең. Сендерді әр уақытта мейірімді құшағыма аламын. Менің саялы бағымды, мөлдіреген таза кіршіксіз өзен – көлдерімді, сиқырлы сазды үнді құстарымды, жалпы табиғат атаулыны аялап, сүйіңдер. Бұл кейінгі ұрпақ, сендерге аманат.
1 – бастаушы. 
Кең далам менің, кеңдігіммен керілген,
Тау тасымен табанды етіп өсірген.
Шөптері мен гүлдері, жұпар иісі аңқыған,
Өзендері мен көлдері анау, Сарыарқаның сазынан жаратылған.

(”Сарыарқа” әні хормен орындалды).
2 – бастаушы. Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. “Жерді аялайық” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті шешуге бағытталады. 
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа бөлдім: ұлдар және қыздар тобы. Сұрақ қатысушылардың барлығына жалпы берілді. Қойылған сұрақтарға қай топ дайын болса, сол топ жауап беруге келісілді. Бірінші сұраққа ұлдар тобы жауап берді.
1-сұрақ. Халқымыздың тұнғыш ғалымы кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
Ұлдар тобы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен: “Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.”
2-сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
Қыздар тобы.

Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.

3-сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?
Ұлдар тобы. Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.

4-сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай өсиет сөздерді білесіздер?
Қыздар тобы. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын “Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар – айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар. 
5-сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
Ұлдар тобы:
Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.
6-сұрақ. Халық табиғаттың ғажап көркі саналатын орман – тоғайды қай өлеңмен қастерлеген және орманды неге теңеген?
Қыздар тобы. “Қараорманым” деген өлең жолдарын арнап, былай жырлаған:
Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы.
7-сұрақ. Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
Қыздар тобы.
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын, 
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!

8-сұрақ. Заманымыздың мақтанышы, тау – кен зерттеуші геолог, тұнғыш ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туралы не деген?
Ұлдар тобы. “ Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”. Оның тағы да табиғатқа арнаған мынадай мақалдары бар. “Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай”.
9-сұрақ. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел туған жерінен босып, көше жөнелгенде кім үйін жықпай, жұртта отырған? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?
Қыздар тобы. Қарлығаштың ұясында балапаны болғандықтан, үйін жықпай, жұртта отырған Төле би еді. Сондықтан оны “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп атап, ерекше құрметтеген.
10-сұрақ. Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыздың бірі, асқан ақыл иесі Төле би атамыздың қандай жыр жолдарын білесіздер?
Ұлдар тобы.
Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.

11-сұрақ. Жезқазған қаласында экологиялық мәселені басты орынға қоюға мүмкіндіктер бар ма?
Қыздар тобы. Экологиялық мәселені басты орынға қоюға себептер жеткілікті десе болады. Мәселен, жаз айларында жиі болатын қапырық ыстық пен қыстың қытымыр аязы тіршілігіңізге қолайсыздық әкелетіні белгілі. Жезқазған қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі екенін мойындайтын болсақ, келешекте ұлттық өнер – нақышы бар әдемі биік тұрғын үйлер салынып, жасыл желекке оранған көшелері бой түзеу керектігі мәлім, ал қала орталығына жасыл желек қатарын көбейту орнына бұранғы егілген ағаштарды қорғаудың өзі ойдағыдай емес екенен қалай түсінуге болады? Сондықтан қала басшылары экологиялық мәселені жандандыру шараларын жасап, оны жүзеге асыруы тиіс. 
12-сұрақ. Жер – ана толғауынан қандай өлең шумақтарын білесіздер? 
Қыздар тобы. 
Қайран далам. Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсын –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсын – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?
Ұлдар тобы. Нулы жерінің нуын, сулы жерінің суын, аққулы көлімнің сәнін алатындай не жазды, қасиетті Абай жері?
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде 2000 – жылға дейін арнаулы жоспар жасалғаны белгілі. Бұрын табиғаттың мұқтажына кім назар аударып еді. Табиғат байлықтарын пайдалану мәселелеріне министрліктердің жауапсыз қарауы салдарынан еліміздің бірқатар аймақтары экологиялық дертке душар болды. Басқарудың тиімді экономикалық әдістерін енгізу арқылы, Арал мен Балқаш аралығындағы адам мен табиғаттың өзара 
Тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаға лас заттарды бөліп шығаруға жол беріліп, Балқаш көлінің суында мыс, мырыш, бор және азот қоспалары шамадан тыс артып кетті. Аралдан алынған 1000000 текше метр су текке рәсуа болып жатыр. Бұл суды ұтымды пайдаланса, Арал теңізін аман сақтап қалуға болады демекпіз.
14-сұрақ. Табиғат туралы қандай жұмбақтар білесіздер?
Қыздар тобы.
Құрғак жерде сақтайсын,
Онсыз тамақ татпайсын.
/тұз/
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
/күн/

Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/глобус/
“Айт” десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.
/шөп/
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады .
/ағаш/
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзең көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін. 
/карта/
Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/тау/
Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге.
/ай/.

15-сұрақ. Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?
Ұлдар тобы. Тұған жер - алтын бесік. Жер – ырыстың кіндігі. Жер – ана, ел – бала. Тозған жерде тоқшылық болмайды. Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. Орман көп болса, олжаң көп. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
1 – бастаушы.Жас достар, табиғатты сүйіңдер!
Табиғат – Отан байлығы.
«Заман – ай» әні хормен орындалады.

2 – бастаушы. Табиғатты тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.

Қорытынды: Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау-саламат болыңыздар!!!


Мақалаға белгі:Тәрбиесағатыжердіаялайық

Жер ана туралы мысал

Ертеде Жер кіршіксіз таза болған. Ол пәктігін өзін сеніп тапсыратын өмірлік жан жарын күтумен болған келіндей сақтаған. Ол шексіз мейірімді әрі жайдары еді. Ол жануарлар әлемінің үйірлері, табындары мен отарларына пана болды, оларға азық берді, ал олар Жердің көркемдігі мен тазалығын сақтап, оған ұқыпты қарады.http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/d/287186/d/12607205_7.jpg 

 

Күндердің бір күнінде Тәңірадам пайда болды. Ол құдіретті, зор, әрі сымбатты болды. Ол күлгенде, онымен бірге күн де күлетін, ол қамыққанда онымен бірге ай да қайғыға бататын, ол ән айтқанда оған аспан мен жел қосылып ән шырқайтын, сондықтан Жер оған ғашық болды. Ол да Жерге ғашық болды, оның ұлылығы мен кеңдігіне, мейірімділігі мен көркемдігіне, асқақтығы мен тазалығына ғашық болды.

http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/d/287186/d/12607405_7.jpg

Уақыт өте келе олар балалы болды. Сәбилер өсіп, айбаттанып, өздеріні нәресте сүйді, бірақ әрбір жаңа ұрпақ оларға өмір сыйлаған ұлы махабаттан алыстай берді.
Жер ана олар үшін өмір сүрудің, байлықтың қайнар көзіне айналды, олар оның кім екенін де ұмытты, ал Тәңірадам олар үшін бірі сеніп, бірі сенбейтін аңызға айналды.
Олар өздерінің қажеттіліктері үшін жер жыртып, тырмалап, егін егіп, оны жинап, арттарынан шіріп, Жердің бастапқы тазалығын құртатын көп мөлшердегі қалдықтар тастады. Тамақ іздеп, олар Жердің мәпелеп өсірген жануарларын аяусыз жайратты. Содан соң, алтын және басқа да қазба байлықтарды іздеп Жер ананың денесін ойып, үлкен шұңқырлар қазып, шөл мен шөлейттерді қалдырды. Бірақ бұл да аз болды, олар жарылыстар жасап, өздері сияқтылардың көздерін құрту үшін қуатты қаруларды сынақтан өткізіп, ол қаруларды бір-бірімен соғыстарда қолданды.

http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/d/287186/d/12607605_7.jpg

 

image_460.jpgАл Жер ана осының бәріне шыдады, ол адамдар бір күні естерін жияды деп, өзінің оларға өмір сыйлағанын, олар ұлы махаббаттың перзенттері екенін еске түсіреді деп, адамдар оған сүйікті, таза болуға құқық береді деп сенді, өзіне кінәсіз өлтірілгендерді жерлеуді тоқтатады деп, бір кезде өзін сеніп тапсырған Тәңірадамның лайықты ұл-қыздары болады деп үміттенді, күтті.


image_461.jpgОсыдан кейін, ол өзін адамдардың естеріне саламын деп шешіп, барлық төзімнің шегі барын ескертіп, өз күшін көрсетті. Бірақ өзара соғыстарға белшесінен батқан, алтынның зыңылынан керең болған, сараңдықтан көздерін қараңғы басқан адамдар күнәлары шамадан тыс шыққанға дейін байлық пен ойнастықтың елігіне алданып, надандықтың шырқау шыңына жетіп, адамдықтың биігінен төмендеп, әрі қарай өмір сүре берді. 


 Сонда мәнсіз өктемдіктен шаршаған Жер ана бойынан барлық қаһарын шығарып, үлкен толқынымен өзін қорлық пен зәбірден шайып, шегі жоқ азап пен ойнастықтан, адам болуды қойғандардың өшпенділіктері мен ызаларынан тазартты, ал Тәңірадам адамдардан сырт айналып, жай Тәңір болды.http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/d/287186/d/12608205_7.jpg


 



Егер адамзат Жерге қайырымды болып, нағыз сүйіспешілігін көрсете алмаса, ал Тәңірадамға адамға деген шынайы сенімін қайтара алмаса, Жер ана мен Тәңірадамның махаббат дастаны, адамзат өркениетінің пайда болуы мен қалыптасу тарихы осылайша өкінішті аяқталуы мүмкін. http://kz.tolegenmukhamejanov.kz/d/287186/d/12608605_7.jpg

 

 



Автор
Дата добавления 11.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров277
Номер материала ДВ-144641
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх