Инфоурок Другое КонспектыВоспитательный час на тему "Мен туған елімді сүйемін!"

Воспитательный час на тему "Мен туған елімді сүйемін!"

Скачать материал

Мен  туған  елімді  сүйемін!

 

        Сабақтың мақсаты: туған  жерге, қоршаған  ортаға  және  өз  Отанына  деген              

        отангерлік  көзқарас  қалыптастыру, экологиялық  ойлау  қабілетін  дамытуға  бағыттау, табиғатты  аялау   мақсатында  тәлім-тәрбие  беру.

                                                                                         

Барысы

 

Кіріспе:

        Сәлеметсіңдер  ме, балалар?!

        Бүгін «Мен туған елімді сүйемін» атты  саяхат  сабағында  сендер туған елдің  тарихы, салт-дәстүрі, табиғаты  жайлы  мағлұмат  аласыздар.

 

Туған  жердің  қандай  жақсы  күзі  де,

  Туған  жердің  қандай  жақсы  қысы  да!

Туған  жердің  қандай  жақсы  көктемі!

  Туған  жердің  қандай  жақсы  жазы  да!

                                    Жақсы  екен  туған  жердің  күні  де,

                                    Жақсы  екен  туған  жердің  түні  де!

                                    Жақсы  екен  туған  жердің  суы  да,

 Еш  жаманын  таба  алмайсың  осында!

 

          Қазақстан  біздің  сүйікті – Отанымыз. Көрсең  көз  тоймас  асқар  шыңды таулары, айдын  шалқар  көлдері, жайыла  аққан  өзендері, ормандары  бар.

      «Отан  отбасынан басталады»  - деп халқымыз айтқандай, Отан кең мағыналы, қасиетті  ұғым. Әрбір  адамның  отбасы, тұрған  мекені, өскен  ортасы, аймағы,  мемлекеті – оның  жарық  дүниедегі  жансаясы, өмір  өрісі,   Отаны.

        Отанымызды  сүйіп,  аялау   үшін   оның  өткен  тарихы  мен   бүгінгі  жағдайын   жақсы  білуіміз  қажет.

        

           І.   «Тарих» бекеті

 

1.  Қазақтың  әйгілі  үш  биі? (Төле  би, Әйтеке  би, Қазыбек  би)

2.  Қазақ халқының атақты үш батыры? (Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай.)

3.  Қазақстанның  елордасы? (Астана)

4.  Алтын адам табылған жер? (Есік  қорғаны)

5.  Қазақстанның  ең  алғашқы  астанасы ? (Орынбор)

(Көрермендер үшін бұл сұрақтар тақтайшаға жазылып қойылады )

    

Тапсырма:

      Қазақ  батырлары  туралы  көркем  әдеби  шығармаларды  атау. Шығармалардан   үзінді  келтіру. («Райымбек батыр» (Райымбек батыр туралы, «Дарабоз»  (Қабанбай  батыр туралы) т.б., (Эпикалық жырлар: «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» т. б. 

 

           

 

 

        

              ІІ.   «Тау мен дала» бекеті

 

1.     Зайсан көлі  Қазақстанның қай облысында орналасқан?

(Шығыс  Қазақстан  облысы)

2.     Қазақтар  қандай  дала  өсімдігін  отанның  символы  деп  есептейді?              

(жусан)

      3.  Қазақстан  жерінде  кездеспейтін  аңдар  мен  жануарларды   ата?               

           (Піл, арыстан, мүйізтұмсық, қолтырауын, керік т.б.)

      4.   Жетісудың  жеті  өзенін  ата?

           (Іле, Қаратал,  Биен,  Ақсу,  Лепсі,  Басқан,  Сарқант)

      5.   Қазақстанның ең биік нүктесін  ата? (Хантәңірі  шыңы)

 

 Тапсырма:

         Қазақстанның  көркем  табиғатына, әсем  жерлеріне  байланысты  өлең немесе  ән  орындап  беру.

    

ІІІ.   « Әдебиет» бекеті.

 

1.     Қазақ халқының ұлы ақындарын ата?

   (Абай Құнанбаев, Жамбыл, М.Жұмабаев, М.Мақатаев т.б.)

2.      Қазақ халқының ертегілерін ата?

   («Ер- Төстік», «Алтын сақа», «Тазша бала», «Керқұла атты Кендебай»; т.б.)

3.     Отан, туған  жерге  байланысты  мақал-мәтелдерді  жалғастыр:

            Отансыз   адам –   (ормансыз бұлбұл)

            Отан  оттан  да   (ыстық)

            Ел іші  –  (алтын бесік)

            Отан – елдің анасы,  (ел –ердің анасы)

            Туған жерге   (туың тік)

            Туған  жердей   жер  болмас, (туған  елдей  ел  болмас.)

 

4.Жұмбақтарды шешу:

Аузы төбесінде,

Тұтқасы денесінде         (құман)

 

Иінінде құлағы,

Ішінде бұлағы,

Көмейіне от салсаң,

Ызыңдап тұрады.       (самауыр)

 

Мал төлдеп,

Әр ауыл,

Пісіреді ақ  бауыр.       (уыз)

 

Басы құдық,

Сабы сырық.             (ожау)

 

Ыдыс –аяқ бөлмесі,

Тазалықтың көрмесі.   (әбдіре)

 

   

 

 

 

Тапсырма

       Берілген   зат  атаулары   қандай   ертегілерде   кездеседі?

 

-         қазы (Алдар  көсе  мен  Шығайбай)

-         домбыра (Ақсақ құлан)

-         сақа (алтын сақа)

   

ІV.  «Ән-күй» бекеті

 

1.              Қазақтың атақты композиторларын ата?

         (Н.Тілендиев,  Ш.Қалдаяқов, Ә.Бейсеуов...)

2.              Қазақ халқының атақты күйшілерін  ата?

         (Құрманғазы, Тәттімбет,  Ықылас, Дина).

3.              Қандай қазақ халық әндерін білесіңдер?

         (Елім-ай, Әй-әй, бөпем,  Бір бала, Бесік жыры....)

4.              Қазіргі  кезде  халық  әндерін  қай  әншілер  орындайды?

         (Б.Төлегенова, Тамара  Асар, Ж.Айжанова, «Қоңыр» тобы, ...)

5.      Қазақ  халқының  халық  әндеріне, күйлеріне  байланысты  қандай         

          аңыздарды  білесің?

          («Ақсақ  құлан», «Ана  жүрегі»; ...)

 

Тапсырма

   

   Берілген  сөздерден  ән шумақтарын құрау.

·             Қаратаудың басынан көш келеді,

  Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді,

  Елім-ай, Елім-ай

·        Угай-ай,

  Ән салшы-ай   ,

  бір бала-ай.

  Қос етек, бұраң бел,

  Қуалай соғар қоңыр жел.

 

V.  «Салт –дәстүр» бекеті

 

1.     Қазақ  елінде  ертеден  келе  жатқан  қандай  мейрамдар бар?

      (Ораза  айт, Рамазан айт, Наурыз )

2.     Қазақ халқының қандай ұлттық тағамдарын білесің?

    (ет, ірімшік,  жент, шұбат, құрт,қазы-қарта, жал-жая, қымыз....)

3.     Қазақ  қыздары ертеде  қандай  аяқ-киім  киген?

     (саптама, кебіс, киіз етік)

4.     Қазақ  халқының  ұлттық  киімдерін  ата?

     (Айыр қалпақ, сәукеле, шапан, тымақ, ішік, кимешек, камзол, мәсі,  т.б.)

5.       Қазақ  халқының  ұлттық  сыйкәдесі  саналатын зат?

     (түйе, қамшы, үкі, киіз үй....)

 

 

        Тапсырма:

        Әрбір  әдет-ғұрыптың   жанына  өзіне  қатысты мағыналы  сөздерді  қойыңдар.

·             Ораза тұту (Рамазан  айы)

·             Көрімдік  (жанды  нәрсеге  берілетін  сыйлық)

·             Асар (ақы алмай  бірлесе жұмылып, біреудің белгілі бір жұмысын бітіріп беру)

·             Бата беру (жақсы тілек білдіру)

·             Байғазы (жансыз затқа берілетін сыйлық)

·             Ажырасу аяқ (ауылдың бір тұрғыны алыс жаққа көшіп кетерде ағайын көршілермен  қоштасып  тамақ  беру)   

          

VІ.   «География» бекеті

        

1.    Қазақстанға  көрші  тұрған  мемлекеттерді  атаңдар?

(Ресей, Қытай, Қырғызстан...)

2.    Қазақстандағы  өзен   аттарын  атаңдар? (Ертіс, Есіл, Іле.....)

       3.  Қазақ  елінің   ең  бірінші  астанасы? (Орынбор (1920-1925)

4.   Қазақстанда  неше облыс  бар? (14)

       5.  Қазақстанда қандай теңіз, көлдер бар? (Каспий, Зайсан, Бурабай ....)

 

Тапсырма

Әріптердің  орнын  ауыстыру  арқылы  Қазақстан қалаларының атын табыңдар.

 

1.     МАТЫАЛ (Алматы)

2.    АНАТСА  (Астана)

3.    ЫДНАҒАРАҚ (Қарағанды)

4.    ЕКТНМЫШ  (Шымкент)

5.    НЕСӨМЕК  (Өскемен)

 

Қазақстанның  тауларына   қатысты  қандай  аңыздарды  білесіңдер?

  

1-оқушы:

Тілдесіп  көкпен  тауларың,

Жайқалды  жасыл  орманың.

Алатау, Қаратауларым,

Елдікті  бізге  мұра  етіп,

Ерліктің  күйін  толғадың.

 

2-оқушы:

Салтанат  пенен  сән  құрған,

Елім бар бүгін  жаңғырған.

Бақытым  –  атамекенім,

 

3-оқушы:

Тұлпарлар тұяқ шалдырып,

Сұңқарлар қанат талдырған.

Қазақты әлем таныды

Сәлемін жолдап сан қырдан.

 

 

4-оқушы:

Берекелі елмін,  құтты  елмін,

Атты азат таңым-күткен күн.

Қазақстаным мекені-

Ынтымақ пенен достықтың,

 

5-оқушы:

Кеңдік пен кемелдіктердің.

Даламды бабам мұра еткен,

Жайқалтар соны түлек мен.

Қалалар жайып қанатын,

Ауылымды арай, нұр өпкен.

Қазақстанымды қасиетті

Сүйемін алау жүрекпен!

 

Қорытынды:

         Балалар барлық бекеттерден өтіп,  Елордасы Астанаға жеттік. Ал енді,   бүгінгі  саяхат сабағында қазақ халқының  тарихы, табиғаты, салт-дәстүрі, әдебиеті  мен  өнері  туралы  білімдеріңізді  саралап,  көп мағлұмат алдыңдар. Отанымыздың  байлығын  игеру, табиғатын  қорғау, салтын дәріптеу, өнері  мен  әдебиетін  құрметтеу   әр  Қазақстан  азаматының  парызы.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Воспитательный час на тему "Мен туған елімді сүйемін!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий филиалом музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.10.2016 529
    • DOCX 68.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Спанова Дамира Нұрғалиқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Спанова Дамира Нұрғалиқызы
    Спанова Дамира Нұрғалиқызы
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 595
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой