Инфоурок Музыка КонспектыҰйымдастырылған оқу қызметі "Музыка еліне саяхат"

Ұйымдастырылған оқу қызметі "Музыка еліне саяхат"

Скачать материал

Музыка әлеміне саяхат

 

Білім беру саласы: шығармашылық саласы;
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің түрі: музыка
Тақырыбы: Музыка әлеміне саяхат!
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге және музыкаларды тыңдау арқылы эстетикалық талғамдарын, музыканы қабылдау деңгейін дамытуға, мінезіне қарай ажырата білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Тақырып жазылған шарлар, музыкалық аспаптар, аспаптардың суреттері, ноталардың суреттері, музыка әлеміне саяхатқа баратын ноталардың суреттері салынған пойыз, ж. т. б.

Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық қозғаушы күш.
Балалар «марш» екпінімен залға кіреді, ортаны айналып шығып шеңбер жасап тұрады, музыка жетекшісі балалармен амандасады және әуенге (басқа көңілді әуен қосылады) әртүрлі қимылдар жасап билеп алады. ( балалардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру мақсатында ) «Шаттық» шеңбері:
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанекей, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
Музыка жетекшісі: - Балалар сендер қандай сабаққа келдіңдер?
Балалар: - Музыка сабағына.
Музыка жетекшісі: - Музыка сабағында біз не үйренеміз?
Балалар: - Ән айтуды, би билеуді үйренеміз.
Музыка жетекшісі: - Жарайсыңдар!

ІІ. Іздену - ұйымдастырушы кезең.
Музыка жетекшісі: Балалар, айтыңдаршы музыка шығару үшін ең алдымен бізге не керек еді сендер онымен таныссыңдар?
Балалар: Ноталар керек.
Музыка жетекшісі: Ия, дұрыс айтасыңдар! олай болса балалар ноталардың атын айтып көрейікші, қане:
бәрі бірге: Домбырада – до, мерекеде - ре, Мираста - ми, фабрикада - фа, Галяда - ля,
Балалар ноталарды жазылған нотаның үстіне апарып жабыстарды.
Музыка жетекшісі: Ендеше, балалар бәріміз бірге айтып көрейікші:
бәрі бірге: до, ре, ми, фа, соль, ля, си.
Балалар, бізде барлық нота толық болдыма?
Балалар: Жоооқ, бір нота түсіп қалған.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар! Соль және си ноталары түсіп қалыпты, қәне соль, си ноталарын апарып үстіне жабыстырайық. Қәнекей, енді өзіміз нота боламыз (балалар бастарына ноталар салынған маскалар киеді)
Музыка жетекшісі: Ендеше, ноталардың алдында не тұруы керек балалар?
Балалар: Скрипка кілті тұруы керек.
Музыка жетекшісі: Жарайсыңдар, балалар, мінекей скрипка кілті де өз орнына келді.
Музыка жетекшісі: Жақсы балалар, ендеше ноталарымызды жабыстарған пойызға мініп саяхатқа шығайық. (әуенмен жүріп, залды бір айланады) **бірінші аялдамаға**келіп тоқтайды. (Аялдамада хат жатады)

ІІІ. Негізгі бөлім. Музыка жетекшісі: Балалар қараңдаршы мына жерде хат бар екен, оқып қарайықшы (Музыка жетекшісі хатты оқиды.)
Сәлеметсіңдер ме, балалар? Мен, музыка әлемінің Ханшайымымын. Менің әлеміме жету үшін сендерге 3 аялдамада 3 түрлі тапсырмаларым бар. Бірінші тапсырмам: мына күйтабақтағы әуенді тыңдаң да оның сөзімен қосып айтып беріңіздерші;- депті. (Балабақшада әні)
Музыка жетекшісі: жарайсыңдар, балалар дұрыс, жақсы айттыңдар. Ендеше тағы да пойызға отырайық, (музыка ойнап тұрады.) **екінші аялдамаға** келеді. Бұл жерде қандай тапсырма бар екенін хаттан оқып білейік:
Музыка тыңдау: Балалар сол күйтабақтағы музыкаларды тыңдап оның мінездерін ажыратып беріңдер; - депті. Тыңдап қараймыз ба балалар? Балалар: - ия, қане онда біріншісі (көңілді әуен), екіншісі (көңілсіз әуен ) балалар әуендерді дұрыс ажыратады.
Музыка жетекшісі: Балалар, дұрыс айтасыңдар!, ендеше балалар осы көңілді бір музыкаға біздің Ақтолқын билеп бермекші, қараймыз ба? - ия, жарайсың Ақтолқын! (Көңілді әуенге билеп береді, бәрі қол соғып көңілденеді )
Музыка жетекшісі:
Балалар, осындай тамаша көңіл - күймен соңғы аялдамаға жетейік,
Ханшайымның тапсырмасын шешейік.
(музыка ойнап тұрады, үшінші аялдамаға келіп жетеді)
Үшінші аялдама: Бұл аялдамада қандай тапсырма бар екен хатты оқып көрейік: Балалар, бұл аялдамада бір қорапша бар, қорапшаның ішінде заттар бар, сол заттарға байланысты сұрақтарға жауап берсеңдер мен сендердің жаныңыздан табыламын; - деген. Балалар бәріміз қорапшаны іздеп көрейік (іздейді)
Мінекей, таптым апай;- деп, бір бала тауып алып келеді, ішін ашып сұрақтарды оқиды:
- Мынау қандай аспап? (Сазсырнай)
- Сазсырнай қалай шертіледі? (Үрлеп)
Музыка жетекшісі сазсырнайды үрлеп шертіп көрсетіп береді.
- Ол қандай топқа кіреді? (Үрмелі)
- Мынау қандай аспап? (Домбыра)
Музыка жетекшісі домбыраны шертіп көрсетіп береді
- Қай топқа жатады? (Ішекті)
- Мынау қандай аспап? (Шаңқобыз)
Музыка жетекшісі шаңқобызды шертіп көрсетіп береді. Балалар да қызығып ұстап, шертіп көреді.
Аспаптардың аттарын балалар тәрбиешімен бірге дұрыс табады. Тәрбиеші оларға аспаптарды танытырып, айтып өтеді. Балалар, тағы қарап көрейік басқа тапсырма барма екен.
(Осы уақытта залға Ханшайым кіріп келеді балаларға қарап)
Ханшайым: Сәлем, достар! Жарайсыңдар! Менің тапсырмаларымды өте жақсы орындадыңдар.
- Сол үшін мен сендерге әдейі дайындап келген сыйлығымды беремін (музыка жетекшісіне нотаның суреті бар қорапша береді)
Мына қорапшада менің балаларға арнаған сыйлықтарым бар, оны балабақшаңызға барғаннан соң беріңіз, сау болыңыздар, балалар, менің әлеміме келіп тұрыңыздар! ( шығып кетеді.)
Музыка жетекшісі: Ноталар, яғни балалар: Біздің де балабақшаға қайтатын уақытымыз болып қалды. Мінекей пойыз да келді, қанекей кеттік. (музыка ойнап тұрады, залды бір айланып шығады)

ІV. Қорытынды.
Музыка жетекшісі: Пойыздан түсіп, міне, балабақшаға келдік, балалар біз бүгін қайда бардық? (қайда барғанын, не көргендері туралы әңгімелеседі.) ендеше, музыка әлемі Ханшайымының берген қорапшасын ашып көрейік. (балаларға арналған сыйлықтарын бөлістіреді)
Балалар: Біз музыка әлемінде ән айтып, биледік және әртүрлі саз аспаптарымен таныстық. Музыка әлемі Ханшайымының сұрақтарына жауап беріп онымен жүздестік.
Музыка жетекшісі: - Дұрыс айтасыңдар, тапсырмалар орындадық. Балалар, ендеше бәріміз бірге «Кел, билейік!» әнін орындайық та тобымызға кетейік. Әнді орындап музыка жетекшісімен сау болыңыз!- деп, музыка ырғағымен сапқа тізіліп залдан шығып кетеді.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар ноталардың аттарын атай біледі;
Игереді: Музыканың мінезін ажырата біледі, аспаптармен танысты;
Меңгереді: Балалардың музыка мәдениетіне деген көз - қарастарын қалыптастырады.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ұйымдастырылған оқу қызметі "Музыка еліне саяхат""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 462 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.11.2016 3611
    • DOCX 14.6 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қаратаева Айдана Қуандыққызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Қаратаева Айдана Қуандыққызы
    Қаратаева Айдана Қуандыққызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19961
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении эстрадному вокалу

Преподаватель эстрадного вокала

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 267 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на гитаре

Преподаватель игры на гитаре

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 215 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Мини-курс

Современные медиа: экономика, системы и технологии

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Музыкальная журналистика: создание и продвижение контента

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе