Инфоурок Информатика Конспекты№1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері

№1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері

Скачать материал

       Сабақтың жоспары №14

 

Бөлім                                 курс                           топ                                   Уақыты                              

 

Пән                                        «Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер»                                        

 

Оқытушының аты-жөні:                         Аманбек Өнергүл                                        

                                  

1. Сабақтың тақырыбы:   №1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс   Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері                                                                                                                                                 

 

2. Сабақтың түрі және типі:                                            тәжірибелік                                                  

   

3. Сабақтың мақсаты: мәліметтер қорының негізгі нысандарымен таныстыру, бірнеше кестеден тұратын мәліметтер қорын құрып олардың арасында байланыс орнатуды үйрету                                                                                                                                                                        

        

4. Міндеттері:

4.1. мәліметтер қорының негізгі нысандары туралы білімдерін дамыту.                                           

 

4.2. Техникалық құрылғыларды пайдалану барысында ұқыптылыққа тәрбиелеу.                           

 

4.3. Microsoft Access-те жұмыс істеу принциптерін меңгерту арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.                                                                                      

 

5. Күтілетін нәтиже:

5.1. Оқушылар түсінуі тиіс: мәліметтер қорының негізгі нысандары туралы                                   

      

5.2.Оқушылардың құндылық бағдары болуы: бірнеше кестеден тұратын мәліметтер қорын құру

 

5.3.Оқушылар жасай біледі: бірнеше кестеден тұратын мәліметтер қорын құрып олардың арасында байланыс орнатуды                                                                                                           

 

Сабақтың барысы

 

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу. Дәптерге күні мен сабақ тақырыбын жазғызу. Сабақтың       

мақсатымен таныстыру.                                                                                                                           

 

2. Қайталау. Мәлімет типтерін сұрап шығу.                                                                                         

 

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

Негізгі ұғымдар:

Мәліметтер қоры – бұл ол бір-бірімен байланысқан  әртүрлі ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді бір жерге жинақтап сақтау. Әдетте МҚ қандай да бір тақырыппен, белгілі бір мәселені шешу үшін қолданылады.

Microsoft Access мәліметтер қорын басқару жүйесі МҚБЖ ішіндегі ең кең таралған түрі. Access-тің барлық нұсқаларында мәліметтерді енгізу мен өңдеу, ақпаратты кестелер, графиктер мен есептер түрінде беру жұмыстары мейлінше ықшамдалған.

Кез келген мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ)  мәліметтер қорын құру, өңдеу және жүргізуге бағытталған. MS Access мәліметтердің реляциялық моделін қолданатын дербес типті МҚБЖ. Оның негізгі атқаратын қызметтері:

-     негізгі объектілерді, яғни кестелерді жобалау;

-     кестелер арасында байланыстар орнату;

-     кестелерге мәліметтер енгізу, оларды сақтау, қарау, сұрыптау, сүзгілеу, түрлендіру;

-     туынды объектілерді – форма, сұраныс, есеп беру, макрос, модуль

-     құру, түрлендіру және қолдану.

Microsoft Access-тің әрбір нысанын құрудың кем дегенде 2 тәсілі бар: Конструктордың немесе Шебердің көмегімен. Конструктор режимінде нысан құрылады немесе оның құрылымы өзгереді, ал Шебер режимінде нысандардың дайын үлгілері ұсынылып қолданушыға таңдау мүмкіндігін береді.

Мәліметтер қорының көпшілігі кестелік құрылымға ие. Бұрыннан білетініміз бойынша, кестелік құрылымда мәліметтердің адресі бағандар мен жолдардың қиылысуымен анықталады. МҚ-да бағаналар  өрістер, ал жолдар — жазбалар деп аталады. Өрістер МҚ-ның құрылымын құрайды ал жазбалар ондағы ақпаратты құрайды.

Өрістер — бұл мәліметтер қоры құрылымының негізгі элементтері. Олар қасиеттерге ие. Өріске қандай мәліметтер типін енгізуге болатыны немесе болмайтыны және өрістегі мәліметтермен қандай амалдар жасауға болатыны оның осы қасиеттеріне байланысты. Мысалы, Баға өрісіндегі берілгендерді қосып, қорытынды нәтижені алуға болады, ал Телефон өрісіндегі берілгендерді қосудың еш мәні жоқ. Аталған өрістердің қасиеттерінің және типтерінің әр түрлілігін аңғару қиын емес.

 

4. Пысықтау.

1.  Мәліметтер қоры, мәліметтер қорын басқару жүйесі деген не?                                                     

2.  Microsoft Access МҚБЖ қандай негізгі нысандарын білесіз?                                                          

3.  Нысандарды құрудың қандай тәсілдерін білесіз?                                                                             

4.  Мәліметтердің, байланыстардың қандай типтері бар?                                                                     

5.  Кестелер арасындағы байланысты құрудың қандай шарттары бар?                                              

 

5. Үйге тапсырма. Тәжірибелік жұмыс бойынша есеп                                                                                                                                                                                                                                             

 

6. Қорытынды. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысу деңгейлері бойынша бағалау.                                                                                                                                                                                      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс          

Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері

Мәліметтер базасында қолданылатын мәндер типі. Негізгі мәндер типтерімен біз таныспыз. Мәселен, Microsoft Excel электрондық кестесін оқығанда біз мәтіндік, сандық мәндермен және формулалармен жұмыс жасадық. Мәліметтер базасының кестелері бұдан да көп мәндер типімен жұмыс жасайды. Төменде Microsoft Access МҚБЖ жұмыс жасайтын негізгі мәндер типтері келтірілген:

1.        Мәтіндік (Текстовый) – форматталмаған, мөлшері шектелген (255 символ) мәтіндік мәндер типі;

2.        Мемо өрісі  (Поле Мемо) - көлемі үлкен (65 535 символға дейін) мәтіндерді сақтауға арналған арнайы мәндер типі. Физикалық тұрғыдан алғанда мәндер өрісте емес басқа жерде сақталады, ал өрісте оның көрсеткіші сақталады;

3.        Сандық (числовой) – нақты сандарды сақтауға арналған мәндер типі;

4.        Дата/уақыт (дата/время) – календарлық мерзім мен ағымдағы уақытты сақтауға арналған мәндер типі;

5.        Ақшалық (денежный) – ақшалық соманы сақтауға арналған мәндер типі;

6.        Санауыш (счетчик) – жазбалардың реттік нөмірін жазу үшін автоматты өсіп отыратын ерекше (өрісте қайталанбайтын) натурал сандарға арналған арнайы мәндер типі;

7.        Логикалық – логикалық мәндерді сақтауға арналған. Тек Иә (Да) немесе Жоқ (Нет) мәндерін ғана қабылдайды;

8.        OLE объект өрісі – OLE объектілерін сақтауға арналған арнайы мәндер типі;

9.        Гиперсілтеме (гиперссылка) – интернеттің Web-объектілерінің URL адрестерін сақтауға арналған арнайы өріс. Сілтемеге тышқанды шерткенде браузер автоматты түрде іске қосылып, нысан терезеде бейнеленеді;

10.    Алмастыру шебері (Мастер подстоновок) – арнайы мәндер типі. Бұл объектіні баптау арқылы өріске мәндерді енгізуді автоматтандыруға болады, мәселен ашылатын тізімнен таңдау.

Байланысқан кестелері бар МҚ  реляцилық мәліметтер қоры деп те аталады.

Байланыстардың типтері:

1:1: «один-к-одному» қатынасы. Мысалы: (студент –сынақ кітапшасының№)

1:N: «один-ко-многим» қатынасы. Мысалы: Бір тауар жеткізуші...а)  ... бірнеше тауар түрлерін әкелуі мүмкін, ...б) ... бірақ әр тауарды жеткізуші бір ғана адам болуы керек. (Топ-студенттер)

N:M: «многие-ко-многим» қатынасында А кестесіндегі бір жазбаға В кестесінен бірнеше жазба сәйкес келуі сол сияқты В кестесіндегі бір жазбаға А кестесінің бірнеше жазбасы сәйкес келуі мүмкін. Мысалы: (Студенттер - олар қатысатын курстар)

My Computer1-жаттығу.

1.           Microsoft Office Access 2007 құжатын ашып, жаңадан «Деканат» мәліметтер қорын құрыңыз. Жаңа МҚ құру үшін:

·  Access қосымшасын жүктеп, пайда болған терезеде Новая база данных пунктіне шертіңіз;

·  «Файл новой базы данных» терезесінің Имя файла өрісіне МҚ-ның аты ретінде Деканат деп жазып, сіздің құрған МҚ орналасатын буманы құрыңыз немесе таңдаңыз.

·  «Создать» батырмасын басыңыз.

2.            Мәліметтер қорының кестесін құрыңыз. Ол үшін:

·       Мәліметтер қоры терезесінің жоғарғы жағындағы мәзірде Access нысандарының барлық типтерін (кестелер сұраныстар, формалар және т.б.) басқаруға арналған элементтер шоғырланған. Терезеден құрылатын құжаттың типін таңдайсыз. Сізге, ең алдымен, кесте құру керек, сондықтан Таблица қосымшасын таңдап, Создать батырмасын басыңыз. 

·       «Жаңа кесте» сұхбат терезесі ашылып, оның оң жағында ары қарай жасалатын жұмыстардың нұсқалар тізімі келтіріледі.

·       Бұл жердегі бірнеше нұсқалардың ішінен Конструктор режимін таңдап, ОК батырмасын басыңыз. Конструктор терезесі ашылады.

3.            1-ші кестеге сәйкес кестенің өрістерін анықтаңыз. Ол үшін:

·       «Имя поля» баған жолына  алғашқы өрістің атын Оқытушының коды деп енгіземіз;

·       «Тип данных» бағанының өрісінде тізім батырмасына шертіп, мәліметтердің сандық типін анықтау үшін Числовое, ал өрістің өлшемін Общие өрісінен Целое типін таңдаңыз;

·       Оқытушының коды өрісін кілттік өріс етіп алыңыз. Ол үшін саймандар тақтасындағы кілттің суретіне шертіңіз немесе контекстік мәзірді шақырыңыз.

·       «Код» өрісіндегі мәліметтерге шектеу қою керек, себебі, бұл мәліметтер қайталанбауы қажет. Оқытушылардың кодтары қайталанбауы керек, бірақ оларды өзгерту мүмкіндігі де сақталуы керек.

·       Общие қыстырмасында Индексированное поле жолына шертіңіз;

Ескерту. Индекс — бұл Access-тің кестеде мәліметтерді іздеу мен сұрыптауды жеделдететін құралы. Кестенің кілттік өрісі (алғашқы кілттің өрісі) автоматты түрде индекстеледі. MEMO және Гиперсілтеме типті өрістерге немесе OLE нысандарының өрістері үшін индекстер құруға болмайды.

·                     Тізімнен Да (совпадения не допускаются) пунктін таңдаңыз;

·       Оқытушылар кестесінің басқа өрістерін жоғарыдағыға ұқсас тәсілмен анықтаңыз.

Кесте 1.

Имя поля

Тип данных

Размер поля

Аты

Текстовый

20

Тегі

Текстовый

15

Әкесінің аты

Текстовый

25

Туған күні

Дата/время

Формат поля: Краткий

Қызметі

Текстовый

9

Пәннің коды

Числовой

Целое

Пән атауы

Текстовый

11

Телефон

Текстовый

9

Еңбекақы

Денежный

Формат поля: Основной,

Число десятичных знаков: 0

·                     Құрылған кестені Оқытушылар деген атпен сақтаңыз.  Ол үшін «Закрыть» белгісіне шертіп, пайда болған терезегге кестенің атын жазыңыз да, ОК батырмасын басыңыз.

My Computer 2-жаттығуМәліметтер қорын түзету.

1.                  Жобаланатын кесте үшін Конструктор режиміне кіріңіз. Егер сіз МҚ терезесінде болсаңыз, онда Оқытушылар кестесін таңдап,  батырмасына шертіңіз.

2.                  «Қызметі» өрісіне енгізілетін мәліметтерге шектеу қойыңыз; бұл жерге Профессор, Доцент немесе Ассистент сөздері ғана жазылуы керек.

Енгізілетін мәліметтерге шарт қою үшін:

·                     «Қызметі» өрісіне шертіп, терезенің төменгі жағындағы Общие қыстырмасында Условие на значение жолына барыңыз;

·                     Өрнектерді құрушының көмегімен, шарттарды анықтау үшін  батырмасына басыңыз;

3.                  Пайда болған терезеде Профессор сөзін жазып,  батырмасын басып (бұл батырма ИЛИ функциясын орындайды), Доцент сөзін жазып, тағы да сол батырмаға басыңыз, Ассистент сөзін жазыңыз және «ОК» батырмасын басыңыз. Осылайша сіз «Қызметі» өрісінде тек жоғарыда көрсетілген мәндер ғана енгізілу үшін шарт қойдыңыз. «Қызметі» өрісінде енгізілген қателіктер туралы хабарлама мәтінін енгізіңіз. Сообщение об ошибке деген жерге "Мұндай қызмет жоқ, мәліметті дұрыс енгізіңіз" сөйлемін енгізіңіз.

My Computer 3-жаттығу. Кесте режиміндегі жұмыс.

1.              Кесте режиміне көшіңіз:

·                                    саймандар тақтасындағы  батырмасына басып Режим таблицы бұйрығын орындау арқылы;

·                                   Кестені сақтау туралы сұраққа «Да» батырмасына шертіңіз.

2.              Кестені 2-кестедегі мәліметтермен толтырып, жүйенің «Қызметі» өрісіне дұрыс енгізілмеген мәліметтерге әрекетін бақылаңыз.

 

Кестедегі өрістердің енін жазылған мәліметтердің ұзындығына сәйкес өзгертіңіз:

3.             Кестеден оқытушы Асхатовты табыңыз:

·                Курсорды «Тегі» өрісінің бірінші жолына орнатыңыз;

·                Главная мәзірінде Найти бұйрығын орындаңыз;

·                «Образец» параметрлер жолында Асхатов деп жазыңыз;

·                «Найти» батырмасына шертіңіз. Курсор төртінші жазбаға келіп, Асхатов сөзін ерекшелейді;

·                «Найти далее» батырмасына шертіңіз. Курсор жетінші жазбаға келіп, тағы да Асхатов сөзін ерекшелейді;

·                Іздеу режимінен шығу үшін  «3акрыть» батырмасын басыңыз.

4.                  Мәліметтерді алмастырыңыз: профессор Тарасованың еңбекақысын 84300-ден 92000-ға өзгертіңіз:

·       Курсорды «Еңбекақы» өрісінің бірінші жолына ауыстырыңыз;

·                     Главная мәзірінде Заменить бұйрығын орындаңыз;

·       Ашылған терезедегі «Образец» жолына 84300 деп жазыңыз;

·       ал «Заменить на» жолына 92000 деп жазыңыз;

·       «3аменить все» батырмасына шертінің. мәліметтер ауыстырылды.

5.                  «Еңбекақы» өрісіндегі мәліметтерді өсу ретімен сұрыптау.

·       «Еңбекақы» өрісінің кез келген жолына шертіңіз;

·       саймандар тақтасындағы  батырмасына шертіңіз. Кестедегі барлық мәндер «Еңбекақы» өрісіндегі жазбалардың өсу ретіне сәйкес сұрыпталады.

6.                  Сүзгіні қолданып үйреніңіздер:

а) «Қызметі» және «Пән атауы» өрістері бойынша сұрыптауды жүргізіңіз:

·       «Қызметі» өрісіндегі Доцент жазбасына шертіңіз;

·        батырмасына шерткенде кестеде тек доцент қызметіндегі оқытушылар туралы ғана мәліметтер қалады;

·       «Пән атауы» өрісіндегі Информатика жазбасына шертіңіз;

·        батырмасына шерткенде кестеде тек информатика кафедрасының доценттері туралы мәліметтер ғана қалады;

·       Сүзгілеуді болдырмау үшін  батырмасына шертіңіз кезде пайда болған мәзірден Снять фильтр с Пән атауы бұйрығын орындаңыз. Кестеге барлық мәліметтер қайтадан шығады.

б) Есімдері «А» әрпінен басталатын оқытушылар туралы мәліметтерді шығару үшін:

·                     Курсорды Имя өрісінің алғашқы жазбасына қойып, Сортировка и фильтр бөлімінен  батырмасына шерткенде пайда болған бұйрықтар тізімінен суреттегідей қажеттісін таңдаңыз;

Кестені сақтаңыз.

 

My Computer 4-жаттығу. Үш кесте құрыңыз: «Студенттер», «Бағалар» және «Пәндер».

1.             «Студенттер» кестесін құрыңыз:

Имя поля

Тип данных

Размер поля

 

Студенттің коды

Числовой

Целое

 

Тегі

Текстовый

15

 

Аты

Текстовый

12

 

Әкесінің аты

Текстовый

15

 

Сынақ кітап №

Текстовый

10

 

Телефон

Текстовый

 

 

Шәкіртақы

Логический

Да/Нет

 

 

! Кілттік өріс ретінде «Код студента» болсын. Кестені  «Студенттер» деген атпен сақтап, жабыңыз.

2.             Келесі  «Пәндер» кестесін құрыңыз:

Имя поля

 

Тип данных

Размер поля

Пәндер коды

 

Числовой

Целое

Пән атауы

 

Текстовый

30

! Кілттік өріс «Пәндер коды» болады. Бұл кесте де форма режимінде толтырылады.

3.             «Бағалар» кестесін құрыңыз:

 

Имя поля

Тип данных

Размер поля

Код

Числовой

Целое

Студенттің коды

Числовой

Целое

Пәндер коды

Числовой

Целое

Бағалар

Числовой

Байт

! Кесте өрістеріндегі мәліметтер қайталануы мүмкін болғандықтан, мұнда кілттік өріс болмайды.  Кестені алдыңғы кестелер сияқты форма режимінде толтырыңыз.

4.             Мәліметтер сызбасын жасаңыз, яғни Оқытушылар, Студенттер, Бағалар, Пәндер кестелерінің арасында байланыс орнатыңыз:

·       Работа с базами данных мәзірінде  батырмасына шертіңіз. Экранда «Схема данных» терезесі пайда болады;

·       Связи, Добавить таблицу бұйрығын орындаңыз;

·       Ашылған терезеде төмендегі суретке сәйкес кестелерді ретімен орналастырып,  <Добавить> батырмасына басыңыз;

·       <3акрыть> батырмасына басып, терезені жабыңыз;

·       Пәндер және Бағалар кестелерінің арасына байланыс орнатыңыз. Ол үшін тышқан курсорын Пәндер кестесіндегі «Код Пәндер» өрісіне қойып, тышқанның сол жақ батырмасына шертіп тұрған бойда, курсорды Бағалар кестесіндегі «Пәндер коды» өрісіне қойыңыз да тышқан батырмасын  босатыңыз. Экранда «Связи» терезесі ашылады;

·       жалаушаны Обеспечение целостности данных қасиетіне оған шерту арқылы орнатыңыз. Алайда екі өрістің типтері бірдей болып қойылмаса, бұл амалды орындай алмайсыз.

·       жалаушаны  Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне орнатыңыз;

Ескерту. Каскадное обновление связанных полей және Каскадное удаление связанных записей қасиеттеріне жалауша орнату сізге Пәндер  кестесіндегі мәліметтерді ғана емес, сондай-ақ Бағалар кестесіндегі мәліметтерді де түзетуге мүмкіндік береді, бұл байланысқан жазбалармен орындалатын амал болғандықтан, автоматты түрде жасалады. Мысалы, егер сіз Пәндер кестесінен бір пәнді алып тастасаңыз Бағалар кестесіндегі осы пәнге байланысты барлық жазбалар алынады.

·       «Создать» батырмасына шертіңіз. Байланыс орнатылады;

·       Осыған ұқсас Пәндер кестесіндегі «Пәндер коды» өрісі мен Оқытушылар кестесіндегі «Пәндер коды» өрісінің арасына, Студенттер кестесіндегі «Студенттің коды» және Бағалар кестесіндегі «Студенттің коды» өрістерінің арасына байланыс орнатыңыз. Нәтижесі келесі суретте көрсетілген.

·       Енгізілген өзгерістерді сақтай отырып терезені жабыңыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "№1 зертхана-тәжірибелік-жұмыс Microsoft Access ДҚБЖ-ң негізгі объектілері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Кризисный психолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 704 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 3536
    • DOCX 428.3 кбайт
    • 96 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманбек Онергуль Аманбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманбек Онергуль Аманбековна
    Аманбек Онергуль Аманбековна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20289
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 47 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 181 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Математика и информатика")

Учитель математики и информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека

Мини-курс

Инвестиционная деятельность и проектный менеджмен

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Политология: теория, практика, законодательство

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов