Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Другие методич. материалы / Өзгеріс не үшін керек?
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Өзгеріс не үшін керек?

библиотека
материалов

Жакишева Светлана Викторовна Мұғалім портфолиосы А есебі

1 топ 1 деңгей

Көкшетау қаласы 19.05.2014


Өзгеріс не үшін керек?

«Дүниені өзгертудің ең күшті қаруы – ол білім»

Нельсон Мандела

Адам өмірінің барлық саласында әртүрлі өзгерістерге толы қоғамның даму кезеңінде өмір сүру кезеңіндеміз. Еліміздің интеллектуальдық күш–қуатын көрсететін әлеуметтік институттың жетекші рөлін білім атқарады. Қоғам дамуынан қалмай білім де параллель түрде дамып отыруға тиіс. XX ғасырдың соңындағы әлемдік дағдарыс қоғамның барлық саласын – соның ішінде білім беру саласында қамтыды. АҚШ техникалық жағынан дайындығы нашар оқушыларды дайындауды “ақылға сиымсыз білімнен айырылу” – деп атады [https://www.google.kz/search].

Қазір өмірдің барлық саласын қамтыған әлемдік дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруде Қазақстан да әлемдік маңызды мәселелерден шет қала алмайтындығын түсінемін. Сондықтан да әрбір мұғалімге өз орнында білім беру жүйесін жақсарту қажет деп ойлаймын.

Соңғы онжылдықта әрбір дамыған елдер білім беру жүйесінде әртүрлі реформаларды іске асыру жолында орасан зор қаржы жұмсап қоғам мен мемлекеттің назарын аударып келеді.Мемлекет ел болашағы білім беруге байланысты болғандықтан білім беру реформаларының маңыздылығын жоғарғы орынға қояды [http://adilet.zan.kz/rus/docs] .

Ғылым мен өндіріс технологиясының дамуы білім беру ісін реформалауды қажет ететіні сөзсіз де түсінікті. Қазіргі қоғам қолжетімді жоғары сапалы жаңа деңгейге сай білім беруді талап етеді. Сол себепті дәстүрлі оқу үрдісіне жаңа ақпараттық технологияларды, оқушы мен мұғалім арасындағы сандық және сапалық қарым–қатынасты, білім беруді қамтамасыз етуді шешу қажет.

Мен әлем елдерінің білім беру жүйесін талдай отырып, өз елімнің соның ішінде өз мектебімнің білім беру ортасын жаңа деңгейге көтеруге үлес қосқым келді.

1961 жылдан бастап ЭЫДҰ әлемде Халықаралық экономикалық ұйымының шеңберінде дамушы елдерге көмек ретінде АҚШ бастамасымен бағдарлама жұмыс істейді. Оған 1996 жылы 28 мемлекет мүшелікке енсе, ал қазір оның шеңбері 39 мемлекетке кеңіді. ЭЫДҰ-на енетін мемлекеттердің санының артуы әлемдік қоғамдастықтан тек экономикалық саясатты жақсартуды ғана емес білім беру жүйесін өзгертуді де талап етеді.

Мектеп пен мұғалімдер үшін білім беру саласында “XXI ғасырда нені оқыту керек?”, “Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындайды?” – деген сауалдар өзекті сұраққа айналды [Мұғалімге арналған нұсқаулық]. ЭЫДҰ жыл сайын дамушы елдер арасында үнемі білім саласында PISA және TIMSS нәтижелері бойынша мониторинг өткізеді.Азия елдері алғашқы ондықтың қатарында: Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг, Жапония, Сингапур, Ұлыбритания... АҚШ 17 орынға ие. Финляндия мен ОңтүстікКорея оқытудың “LearningCurve”рейтинг жүйесі бойынша талассыз көшбасшылары болып табылады. Ал, Оңтүстік Корея мен Ұлыбритания білім беру деңгейі бойынша алғашқы орында.

[https://www.google.kz/search?es_sm=93&sclient=psy-ab&q]

Қазақстан өткен Халықаралық бағдарламаға қатысып, 200 оқу орнындағы 15 жастағы оқушылардыңбілім мен біліктілік дағдыларын бағалауға мүмкіндік алды [http://www.edu.gov.kz/]. 2010 жылдың аяғында ЭЫДҰ сарапшылары зерттеу қорытындыларын жариялады. Қазақстандық жасөспірімдер рейтингке қатысқан елдер арасында оқу сауаттылығынан 59-орын, математикалық сауатттылығынан 53-орын, ғылыми-жаратылыстану сауаттылығынан 58-орын алды. Бірақ бұл жетістік біздің еліміздің білім беру дәрежесі ЭЫДҰ көрсеткіші бойынша ортадан төмен елдер тобында тұрғандығын көрсетеді. Осы өзекті мәселені шешудің жолдарын табу қажет. Дамуы мен өмір сүру дағдылары ұқсас Жапония мен Оңтүстік Кореяның білім беру жүйесі мені өте қызықтырады. Жапон елінің білім жүйесінің ерекшелігіне көңіл аударғым келеді.

Жапонияның білім беру жүйесі болашаққа бағдарланған.Бұл елдің білім беру реформасының бір тармағында “білім беру – жүзжылдық өсімдік”деп анықтама берілген [http://www.inliberty.ru]. Онда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі мемлекеттік және жекеменшіктік түрде дамыған. Қазір бізде де осындай жағдай. Мектепте оқыту 12 жылға созылады, бастауыш сынып міндетті және ақысыз білім беру – 6 жыл, орта мектептің бірінші деңгейі – 3жыл, екінші деңгейі – 3 жыл, әрі қарай қабілеттілер үшін университетте оқу – 4 жыл. Қазақстан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге дайындық үстінде. Жапонияның білім беру жүйесінің басты ерекшелігі адамның тұлғалық белсенді қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қазақстан мектептерінің оқу бағдарламасына оқушының рухани-адамгершілік тұлғасын дамытуға бағытталған “Өзін–өзі тану” пәні енгізілгеніне бірнеше жыл болды. Жапонияның жалпы білім беру жүйесінің басты артықшылығы бастауыш мектепте қоршаған ортаға сүйіспеншілікті қалыптастыра отырып, білім мен білік дағдыларын меңгерту. Ал орта буында оқушылардың білім алу дағдыларын дамытуда қосымша курстар, “шеберлік мектебінде” ақылы өзбетінше білім алу арқылы жетілдіру үлкен рөл атқарады. Өмір бойы білім алуға бала жастан тәрбиеленеді. Ал біздің оқушылардың көбінде өздігінен білім алуға деген ұмтылыс қалыптаспаған, ауылдық жерлерде отбасының материалдық деңгейініің төмендігі өздігінен білім алуға мүмкіндік бермейді. Жапония мемлекетінде мұғалім еңбегі әскерилер, шенеуніктер еңбегінен жоғары бағаланады. Үнемі жалақылары өсіп, сый-сияпаттар көрсетіледі. Қалада, ауылдық жерлерде тұрғын үй төлемдеріне, мұғалімдердің балаларына жеңілдіктер жасалады. Қазақстанда сөз жүзінде мұғалім еңбегі құрметке ие. Ал іс жүзінде жалақының аз мөлшерде өсуі, кәсіби біліктілік көтеру курстарының көбіне ақылы өтуі, іс-сапарда жол қаражатының төленбеуі, мұғалімнің өздігінен білімін көтеруіне кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта мұғалімдер Кембридж университетінің бағдарламасына сай білім беру қызметін жақсарту үшін өмір бойы оқуға дайын, бірақ нақты мемлекет тарапынан қолдау жоқ.

Жапондық білім беру жүйесінде оқушылардың оқу жүктемесінің көптігіне, бағдарламаның күрделігіне қарамастан мектепте 7–9 сағатын, ал үйде 2–3 сағатын өткізеді.Жапон мектептеріндегі үнемі өткізілетін емтихандар – оқушылардың жоғары білім сапасы мен дағдыларының нәтижесі. Жапон елінде балалар қиындықтарды өздері шешеді. Олардың бар қиындықтары оқуда ғана, сондықтан олар емтихан тапсыру арқылы өзінің орнын анықтайды. Егер жақсы білім алса, мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқуын жалғастырып, мемлекеттік қызметке орналаса алады. Оқу деңгейі төмендеу болса, жеке меншік қымбат оқуға түсуге мүмкіндігі ғана болады және оны тамамдаған мамандарды жұмысқа алмайды. Сонымен олардың қоғамда бөлінуі бала кезінде емтихандардан өтуіне байланысты, бәсекелестік ерте жастан басталады. Білім берудегі тәрбие мен оқудың негізгі саясаты – ерекше ойлайтын, шығармашыл, жан дүниесі бай тұлға тәрбиелеу. Барлық білім бөлімдерінің мақсаты – өскелең ұрпағына дәстүрлері мен мәдени құндылықтарын үйрету. Ол елде мектепке дейінгі білімге көп көңіл бөлінеді, кіші жастағы балаларда қарым-қатынас дағдысы қалыптасады, ұжымдыққа баулитын құндылықтар өте маңызды. Балаларға отбасының тәрбиесі өте маңызды, өмірінің мәні балалардың тәрбиелі болуына байланысты екенін айтады. Кіші және орта буындарда топтық  тәртіппен оқытылады, топ құрамы іс-әрекетінің тиімділігіне сәйкес 7-8 баладан тұрады. Әңгімелеуші құрбысына қалай қарау оның пікірін тыңдай білу, өзін көрсету дағдыларын қалыптастырады. Мұғалімдер мен балалар тапсырмаларды бағалау кезінде тәртібі мен басқа мәселелер туралы сұрақтар туындаса, жеке оқушыға емес, топқа байланысты, ол жүйе алшақтатудың, кикілжіңді болдырмай, балалардың денсаулығын сақтауға ықпал етеді. Соробон құралы пайдаланылады, ол шығармашылық қабілетін арттырып, ойша есептеуге ықпал етеді.  Жапон мектептерінде дене тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді: кез келген оқушы үстел тенисі, әскери қимыл әрекеттерін, жеңіл атлетика негіздерін игереді.  Мектепте білім алу мерзімі 12 жыл, ана тілінің қиындығына байланысты оның жартысы бастауыш. Ағарту министрлігімен бекітілген бастауыш сыныпта минимум 1850 иероглиф меңгерілуі тиіс. Кітап оқу үшін 3 мыңнан артық білу керек. Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектептен кейін міндетті емес «шеберлік» мектебінде  дайындыққа қатыса алады. Кіші және орта буында  барлық бағдарламалар арқылы күнделікті өмірде өзін бақылай білуге, адамдарға, жануарларға, табиғатқа қамқорлықпен қарауға,  әдемілікті сезінуге, қоғамның дамуына өз үлесін қосуға бағыттайды,білім білік дағдысына аз көңіл бөлінеді. Жоғары сыныптарында жоғарғы оқуға түсуге дайындайды. Қоғамда адам еңбекпен тәрбиеленген, тек іскер қабілетімен ғана бағаланады. Жапон халқының тағы бір ерекшелігі қыз бала үшін негізгісі қызмет емес, ана болу деп қарайды да, ер балаларға ерекше қатал талаптар қойылады. Халықарлық математикалық сайыстардан жүлделі орындарды иеленеді [3].

Жапон елінде оқу-тәрбие үрдісі оқушылардың рухы мықты болуына бағытталталған және әр бала міндетті спорт түрлерін игеруі, олардың салауатты өмір салтына бейімделуі мектеп жасынан басталады екен. Білім алуында иероглифтары өте көп, сонымен қатар білімді игеруде қиын, көбінесе жаттанды білімге көп көңіл бөлінетіні байқалды. Аналары ер балаларды оқытуда  аса басымдылық, қаталдық көрсетеді екен. Ұқсастығы: Жапон елі де біздегідей қыз балаға  болашақ ана ретінде қарап, ерекше көзқараспен тәрбиесіне көңіл бөледі екен, қазақ халқы да қыз балаға қонақ деп қарап ерекше құрмет көрсетеді, дегенмен гендерлік саясат бойынша қызмет басым.

Біздің мектептерде мұғалімдер қағазбастылықпен көп уақытын кетіреді. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу оқушыларға пәндерді таңдау, қосымша білім алу құқығын береді. Сонда оқушылардың білім сапасы және оқуға деген ұмтылысыартады деп ойлаймын. Оңтүстік Кореяда (көпшілік Азия елдері сияқты) сыныпта өтілетін сабақтар “жаттап оқитындарға” арналады. Сабақтан соң оқушылардың көбісі жекеменшік мектептердегі қосымшасабақтарға қатысады немесе репетитор көмегіне жүгінеді. Сол себепті мектепті аяқтағанда оқушылар нақты және қолдана білетін қажетті жоғарғы білім дағдысына ие болады.

Алдыңғы қатарлы елдердің білім беру саласындағы озық тәжірибелерді зерттей келе мұғалім – оқушы – ата-ана ынтымақтастығын орнату, оқушылардың оқу үлгерімі жайлы жоғары әрі нақты білім стандартын белгілеу, мұғалімдік жұмысқа білікті кәсіби мамандарды тарту, жағдайын жасау – әрбір оқушының сапалы білім алуының кепілі екендігіне көзім жетті [http://lnmengazieva.wordpress.com].

Елбасы Н.Назарбаев бәсекеге қабілетті отыз елдің қатарына кіру үшін білім беру жүйесіне терең реформа жасау қажеттігіне үнемі көңіл бөледі. Сонымен қатар, мектеп пен ЖОО-ың оқытушыларының біліктілігін көтеру, педагогикалық құрамның сапасын арттыру, білім беру жүйесін жаңа деңгейге көтеруге қазіргі заманғы технологиялар мен әдістемелерді кеңінен енгізу, педагог-мамандарды дайындаудың базалық стандарттарын күшейтуді тапсырды. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік бағыт-бағдарларды дамытып қалыптастыруға тиіс. Алдыңға қатарлы елдердің білім беру жүйесінің озық бағыт-бағдарларын тұтастай қолдануға болмайды, тек қажеттісін таңдап, талғап пайдалануға болады.Қазақстан өзінің білім беру жүйесінің бастауын кеңестік дәуірден алды. Ал, біздің еліміздегі білім беру жүйесінің қазіргі дамуы оқушылардың бойында оқуға, ойлауға, ғылымды игеру қажеттіліктігін қалыптастыру, оқушылардың белсенділігі мен өзіндік танымын жетілдіру негізінде сапалы білім беруге деген ұмтылысымен сипатталады.Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: “Біздің еліміздің әрбір азаматы кәсіби білім ала отырып, әлемнің кез-келген елінде сұранысқа ие маман бола білсе, білім реформасының басты жеңісінің көрсеткіші болып табылады” – деді. Мен оқушыларды өмірде қолдана алатындай терең біліммен қамтамасыз ететіндей білім беру жүйесін дамытудың тиімді жолын іздестіру керек деп ойлаймын.Оқытудың түпкі нәтижесіне ежелгі грек философы Эсхилланың “Көп білген емес, кім білімін іске асырса сол ақылды” – деп айтқан сөзі дәлел. Оқушылардың білімін жақсарту үшін не істеу керек? М.Барбер мен М.Муршед кезкелген мектеп жүйесінің негізгі мақсаты– миллиондаған балалардың ақыл-ойларының нәтижесінде келетін өзгерістер мен жетістіктерден көрінеді деп санайды.Мектептегі озық білім беру жүйесінің тәжірибесін талдай келе, білімнің нәтижелігін арттырудың сапалы мамандарға байланысты екендігіне көзім жетті. Мектептік білім беру жүйесі дамыған елдер мұғалімдерді 5% Оңтүстік Кореяның, 10% Финляндияның, 30% Гонконг пен Сингапурдың ең үлгілі мектеп түлектерінен жалдайды (http://www.kp.md/daily/article).

Бұл мәселе Қазақстанда өзекті. Педагогикалық ЖОО-на ҰБТ-те аз балл жинаған немесе таңдаулы оқу орындарына түсе алмаған балалар қабылданады. Әлемдік білім беру жүйесі бұрыннан енгізген оқытудың жаңа белсенді әдіс-тәсілдері еліміздің мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін арттыру үшін маңызды. Бірақ мұғалімдердің арасында көбісінің еңбек өтілі 20-30 жылдан асқандар, ал жастар өз орнын таңдаулы басқа жерлерден іздейді. 2012 жылы 4-5 желтоқсан күндері Астанада “Мұғалімнің кәсіби дамуындағы: дәстүрлер мен өзгерістер” тақырыбында II халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Бұл біздің білім беру жүйесінің әлемдік кеңістіктегі дамуының көрсеткіші. Білім беру стандартының барлық тармақтарын әрбір оқушы сапалы білім алуына жағдай жасайтындай етіп өзгерту керек. 2012 жылы білім беру саласын қаржыландыру екі жылда 1трлн. 300 млрд. тенгеге артты, бұл ІЖӨ-нің 4,2%-ын құрайды, ал Жапония 22%-ын, Оңтүстік Корея 30%-ға жуығын жұмсайды (http://articlekz.com/node).

Осы елдердің мұғалімдері лайықты жалақы алады (мысалы Сингапурда жұмысқа жаңа келген мұғалімнің жалақысы 2,5 мың доллар). ЭЫДҰ елдерінде мұғалімнің еңбегі оқытудың нәтижесіне тікелей байланысты. Мүмкін Қазақстанда мұғалімдерді оқу үрдісіне емес, оқытудың нәтижелілігіне ынталандыру қажет болар? Мектеп жүйесіндегі барлық реформаларды бірегей мақсатқа біріктіру қажет пе деп ойлаймын. ЭЫДҰ зерттеулері көрсеткендей мектеп жұмысын жандандырудың негізі сыныптағы оқушылар санын азайту мен қаржылық жағынан түбегейлі жақсартуға байланысты екендігі көрінеді. Соңғы бес жыл қатарынан ЭЫДҰ елдері осы шараларды жүзеге асырғанда білім сапасы артты. М.Барбер мен М.Муршедтің зерттеулері нәтижесі: білім беруге икемді адамдарды оқытып, тұлғалық потенциалын арттыру керек деген тоқтамға келді. Біздің елімізде де білім беру жүйесін жақсартудың мүмкіндіктері жеткілікті деп санаймын. Ол үшін біріншіден мұғалімнің өзін-өзі жетілдіру үшін мектепте қолайлы жағдай қалыптастыру, лайықты жалақымен қамтамасыз ету. Екіншіден әртүрлі халықаралық жобаларға (Кембридж бағдарламасы), жүйелі жұмыс жасайтын қоғамдастықтың өткізетін шараларына белсенді қатысу. Үшіншіден мектеп – мұғалім-оқушы-ата-ана – қоғаммен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тиісті деп ойлаймын.

12 жылдық білім беруге көшу шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, “жалпыға арналған білімнен”, “білім әркімге өмір бойы” үлгісіне көшуді мақсат етеді. Қазіргі замандағы мұғалімнің міндеті ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқан заманда өмір сүруге икемді, қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзіретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру. Бұл міндетті тек кәсіби білімі жетік, құзіретті, бәсекеге қабілетті ұстаздар ғана атқара алады. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі оның білімінің жан-жақтылығы, ұстаздық шеберлігі, оқытудың жаңа әдістерін, инновациялық технологияны меңгеруімен өлшенеді. Мұғалім қаншалықты білімді шығармашыл болса, оның құзіреттілік қабілеті де кең болмақ.

«Әлeм өзгeрeдi, бiз өзгeрeмiз» дeп oйымды қopытындылaйтын бoлсaм, eлiмдe, мeктeбімдe бoлып жaтқaн қaрқынды өзгepicтeрдi, 1-деңгeй куpcының тыңдaушыcы рeтiндe, oсы бaғдaрлaмaның мaзмұнынa сәйкaс мeктeпкe өзгeрiс енгiзу ұcтaздaр қaуымынa зop мiндeттeр жүктeйтiнiн түсiнeмiн жәнe oқып, үйрeнiп кeлгенiмдi әpiптeстeрiмнiң, oқушылaрымның жoғары дeңгейдeн көрінетiнінe зop үмiт aртaмын.

Кембридж бағдарламасы негізінде құрылған педагогикалық шеберлікті жетілдіру орталығы 1, 2, 3 деңгейлік курстарды өткізе отырып, Қазақстанның білім беру жүйесіне жаңа серпін әкеледі деп ойлаймын.

Бiлім мaзмұнынa жaңaлық eнгiзудiң тиiмдi, жaңa әдiстepiн iздeстipiaп, oлapды жүзeгe aсыруғa өз үлeсiмдi қoсқым кeледi. Мeктeптiң oқыту мeн оқу тәжipибeсiнe өзгeрic eнгiзу бaрысындa, дeңгeйлiк бoйыншa oқығaн мұғaлiмдep сын тұpғыcынaн oйлaу, дaрынды oқушылapды aнықтaу, жaс epeкшeлiктeрiне сәйкeс oқыту тәciлдерiн өздeрінiң opта мeрзiмдi жoспaрлaу үдерiстерiн бiрiктiріп, өз бiлгeндepiн iс жүзiндe бөлiсeдi жәнe дe тәжiрибeлeрімeн aлмaсaды.



Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналғаннұсқаулық

3.«Қазақстан – 2050»

4. http://www.akorda.kz/ru/page/page_poslanie-prezidenta-respubliki-kazakhstan-lidera-natsii-nursul

5. http://www.resources.scalingtheheights.com

  1. http://kapital.kz/finance,

  2. http://www.kp.md/daily/article, http://lnmengazieva.wordpress.com

  3. http://www.begin.



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Краткое описание документа:

Қазір өмірдің барлық саласын қамтыған әлемдік дағдарыстан шығудың жолдарын іздестіруде Қазақстан да әлемдік маңызды мәселелерден шет қала алмайтындығын түсінемін. Сондықтан да әрбір мұғалімге өз орнында білім беру жүйесін жақсарту қажет деп ойлаймын. Соңғы онжылдықта әрбір дамыған елдер білім беру жүйесінде әртүрлі реформаларды іске асыру жолында орасан зор қаржы жұмсап қоғам мен мемлекеттің назарын аударып келеді.Мемлекет ел болашағы білім беруге байланысты болғандықтан білім беру реформаларының маңыздылығын жоғарғы орынға қояды

Автор
Дата добавления 02.05.2015
Раздел Технология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров2001
Номер материала 261533
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх