Инфоурок Другое Научные работыЖаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану

Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану

Скачать материал

Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану.

     Ахметалы Ділдә Жұмашқызы.

«Бестөбе орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Мақсаты:

         Қазақ тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру, сауатты жазуға дағдыландыру, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген өз көз қарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашу.

         Бүгінде білім беру саласында жаңа ақпараттық техналогияларды қолдану басты мақсат болып тұыр. Тек қана техникалық құрал емес , сонымен бірге жаңа ақпараттық, коммуникациялық технология және білім беру  жүйесіндегі сабақ беруді жаңаша әдісі болып отыр.

         Қазіргі заман талабын сай әрбір маман өз пәнінің терең білгірі болу емес,тарихи-танымдылық, педагогикалық-психологиялық сауатты, саяси-экономикалық білімді және ақпараттық –коммуникациялық технологияны жан-жақты меңгерген ақпараттық құзырлы маман болу керек.

         Біздің мемлекетімізде жаңа телекоммуникациялық құралдың дамып келе жатқаны сөзсіз. Қазіргі заман педагогтарына компьютер және мультимедиялық құралдарды қолданудың сабақ өту барысында өте тиімді тәсіл екені белгілі. Бұл құралдың қуаттылығы соншалықты онымен бірге білім жүйесіне жаңа әдістермен бірге әлемдік ойлаудың жаңа идеологиясы (шығармашылығы) енгізілді.Компьютерлік және ақпараттық технологиялар заман талабы.

         Бұл жұмыстың басты мақсаты компьютер желісін  және мультимедиялық-электрондық құралдарды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану,нақтылап айтқанда қазақ тілі сабағында презентацияларды және мультимедиялық-электрондық құралдарды мектеп қабырғасында және білім беру процесінде терең қолдану.

         Интерактивті тақтамен презентацияны бірге қолдану оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ерекше арттырады.Қазақ тілі сабағында  компьютерлерді , мультимедиялық және электрондық оқулықтарды және интерактивті тақтаны пайдаланғанда:

*лексиканы оқып үйренеді;

*сөздік қорын;

*диалог, манолог және рөлдік ойындарды;

*сауатты  жазуға үйренеді

*грамматикалық құрылымдарды түсіндіріп,оқушылардың есіне сақтауға көмектеседі.

         Қазіргі кезде қазақ тілімен комьютер,телекоммуникацилық құралдарды меңгеруді уақыттың өзі талап етеді, тіпті кейінгі жылдары олардың рөлі зорая түсуде.

         Оқушылардың қазақ тілі пәніне деген қызығушылығын арттыруда көп ізденіп, жаңа ақпараттық технологияларды меңгеруді, әр-түрлі   әдіс-тәсілдерді  білуді қажет деп санаймын және өз сабақтарымда қолданамын.

         Жаңа ақпараттық құралдардың қазақ тілі сабағында қолданылғанда күтілетін нәтижелер.

-үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі;

-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырады;

-сабақта пайдаланатын көрнекіліктердің санын арттырады;

-оқушылардың шығармашылығын арттырады,

-оқушыларды жеке жұмыс істеуге үйретеді;

-грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

-оқушылардың есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытаы;

-пікірталас, талдау жасау мүмкіндіктерін арттырады;

         Көбіне мен қазақ тілі пәнінде компьютерді жаңа сабақ түсіндіргенде, грамматикалық құрылымдарды өткенде және қорытынды сабақта қолданамын. Осыған сәйкес оқыту мазмұнына қарапайым коммуникативтік біліктілікті, қажетті жағдайда ауызша жіне жазбаша өзара мәдени қарым-қатынас процессінде қолдана алу қабілеттілігі мен дайындығын  қалыптастыруды қамтамасыз ететін тілдік,сөздік,әлуметтік-мәдени білім, білік дағдылар енеді.

         Қорыта келгенде, қазақ тілі сабағында компьютер және т.б жаңа ақпараттық құралдарды пайдалану заман талабы. Жаңа замандағы- Жаңа Қазақстанымыздың  дамып келе жатқан қадамында  оқу процессіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізілуі де, келешекте компьютер заманы болатынына көз жеткізеді.

         Менің айтарым, бүгінгі таңда мектеп қабарғасынан шығатын қазіргі заманғы буын бұрынғыдай  бүкіл еңбек іс-әрекетінің ағымында өзіне бар болғаны бір кәсіпті иелік етуге мүмкіндік бермейді. Болашақ әркімнен жан-жақты болу дайындығын және ғұмыр бойы оқуды жалғастыруды талап етеді. Болашақ маманның тұлғалығын қалыптастыру үздіксіз білім беруді, кәсіптік әс-әрекетінің білімдерін, мазмұны мен құрылымын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін процесс болуы тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ахметалы Ділдә,

«Бестөбе орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі.

Қазақ тілі 7-сынып.

Сабақтың тақырыбы

Сөйлем мүшелерін қайталау

Сілтеме

Қазақ тілі пәнінің бағдарламасы, қазақ тілі 7-сынып.

Сабақтың мақсаты

Сөйлем мүшелерін қайталай отырып,оқушының өз бетімен тақырыпты меңгеруіне мүмкіндік туғызу.

Оқыту нәтижесі

*Тақырыпты қайталай отырып, сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметін меңгеру.

Негізгі мақсаттар

*Топпен жұмыстарды ұйымдастыру;

*Өзара әрекет арқылы бір-бірімен кеңесу, оқушылардың жұмыс құжаттары туралы түсініктерін дамыту;

*Оқушылардың кеңейтілген тапсырмаларды тиімді орындалуын жүзеге асыру.

Болжамданған нәтиже

Сөйлем мүшелерін қайталай отырып, жаттығу жұмыстарын дұрыс орындауға,талдауға үйренеді.

 

Сабақтың кезеңдері

Ресурстар /керекті жабдықтар/

Оқыту моделі

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2-3 мин

 

Топқа бөлу

Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару, стикер жинау арқылы топқа бөлу.

Оқу құралдарын дайындап, стикер жинау арқылы бөлінеді.

Үй тапсырмасын сұрау

 

 

1.Өткен тақырыптан өтілген ережені сұрау;

2.Жаттығу жұмысының орындалу барысын тексеру;

3.Сөйлем мүшелеріне талдау жасау.

1.Ережелерді жатққа айту;

2.Берілген жаттығулар бойынша сөйлем мүшелеріне талдау.

 

Кіріспе

ой қозғау әрі сергіту сәті Білу 7-8 мин

Электрондық оқулық, слайд

АКТ Топтық жұмыс

Сабақтың мақсатын айқындау үшін «Талдау табыс клті» топтамаларға жауап беру:

Топтамаларды топ блып шешеді.

Түсіну

7-8 мин

кітап

СТО топтық жұмыс

Оқушыларға берілген тапсырмаларды пайдалана отырып, өткен сабақтың  мазмұнын меңгертуге бағыттау. Топтарға тапсырма:

«Білім мен дәстүр» сайысы.

Оқушылар мақал-мәтел айта отырып, тусытық атаулар мағынасын ашу және талдау.

Қолдану

15 мин

Постэр

 

Әр топтың тапсырмаларды орындау үшін осы тапсырмалар арқылы не біліп шығамыз? Деген сұрақ қою.

Оқушылар Постэрда сызбасын салу, түсіндіру, талдау.

Талдау

8 мин

Оқулық оқушы дәптер

Топтық жұмыс, диолог

Әр тапсырманы талдауды ұсыну,оқушылардың жауабын тыңдау, толықтыру.

Оқушылар дәптермен және кітаппен жұмыс жасайды.

Бағалау

8 мин

Бағалау парақтары

 

 

Критерилер бойынша оқушы өз-өзін бағалау

Үйге тапсырма

 Оқулықтан өткен тақырыпты қайталай отырып, жаттығу жұмыстарына синтаксистік талдау жасау.

Рефлексия

2 мин

Не үйрендім? Не білгім келеді? Келесі сабаққа ұсыныс пікірлер, талап тілектер.

Аламаты облысы,

Райымбек ауданы,

Шыбышы ауылы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа ақпараттық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді пайдалану"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Нутрициолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 581 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 610
    • DOCX 23.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахметалы Ділдә Жұмашқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахметалы Ділдә Жұмашқызы
    Ахметалы Ділдә Жұмашқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2172
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой