Инфоурок Технология Другие методич. материалыЖаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларға ұлттық педагогиканы насихаттап, қолөнерге үйрету

Жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларға ұлттық педагогиканы насихаттап, қолөнерге үйрету

Скачать материал

     Бүгінгі күнгі білім беру бағдарламасының басты бағыты - әрбір оқушыға нәтижеге бағытталған білім беру, дәстүрлі мәдениеттің негіздерін үйрету, оқушығы қолайлы жағдай жасау. Мектепте жүргізілетін технология сабағының басты міндеті - жас ұрпақты келешекте кеңінен тараған кәсіптерді меңгеруіне көмектесу. Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сай мектептегі оқытудың негізгі міндеттері – білім беріп қана қою емес, білім мазмұны арқылы зерделі, білімді, ұлтымыздың болашағы үшін өз бетімен

іс-әрекет ете алатан шәкірттерді дайындау.
   Оқыту мен тәрбие бір-бірімен байланысты үрдіс болғандықтан, технология пәнінің тәрбиелік мазмұнын анықтай отырып, сабақ барысында оқу мен тәрбие міндеттерін қатар ұштастыру қажет. Қазіргі кезде мектепте оқушыларды еңбекке баулу технология пәні бойынша жүргізіледі. Ұлдар ұсталық, ағаш өнерімен мектеп қабырғасында танысса, қыз балалар тоқыма, кесте тігу, тамақ пісіру, киім тігу сияқты жұмыстарды үйрене отырып, олардың тарихымен танысады және өңдеу, жасалу технологиясын оқып-біліп, әр түрлі бұйымдарды жасауды, түрлі ас даярлауды үйреніп, жұмыс түрін дер кезінде аяқтауды толық меңгереді. Тігін өнерімен қатар бисер тоқу, су моншақпен жұмыс жасау, қағазбен жұмыс істеу, жіппен өрнектеу, мата қалдықтарымен ойыншық жасау, өмірге қажетті бұйымдар тігу, табиғи заттармен жұмыс жасау оқушылар қиялын кеңейтіп, жұмыс істеуге деген қабілеттерін арттырады. Сабақ барысында бұл өнерлерді үйрену сызу, бейнелеу өнері, математика, геометрия, биология пәндерімен тығыз байланыста жүргізіледі. Оқушы өзінің қабілетіне қарай өнердің белгілі бір түрін меңгеруге табандылығы, таланты, қиялымен алдына мақсат қоя білуі арқылы жетеді.
   Заман талабына сай оқушыларды оның ішінде қыз балаларды тігін өнеріне баулу арқылы сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, үнемді білуге, іскерлікке тәрбиелеу болса, тамақ дайындау бөлімінде аспаздық өнердің қыр-сырын уйрету басты мақсат. Оқушылардың компьютер, интернет арқылы өзіне қажет ақпараттарды алуына және сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды пайдаланып қабілеттерін өз беттерінше дамытуға, шығармашылықтарын көрсете білуге бағыттау міндетіміз.
    Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етедіХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы  «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек.
Ақпараттық технологияларды сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты:

  Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану Қазақстан Республикасындағы ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыру болып табылады.

   Мен 10 жылдан бері  технология пәнінен сабақ беріп келемін. Менің сабақ берудегі мақсатым, жаңа технологияны меңгере отырып оқушыларға ұлттық педагогиканы насихаттап қолөнерге үйрету. Өткізілетін тақырыптар бойынша  әр баланың ерекшелігін  ескеріп  тақырыпты  өмірмен  байланыстырып, әр оқушыға жеке тақырыптар бағыт-бағдар беріп отырамын. Сонда ғана оқушылардың пәнге деген қызығушылығы  артады. Қазіргі таңда жеке тұлғаны қалыптастыру технология пәні мұғалімдеріне өз қызметіне өте үлкен жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Сонымен бірге технология пәні мұғалімі әр оқушының іскерлігі мен белсенділігіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Осындай жетістіктерге қол жеткізу бағытында технология сабында оқушылардың кәсіби іскерліктерін жетілдіру кәсіпке бағдарлау үшін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын оқушыларға үйретемін.

  Атап айтқанда түсіндіру, безендіру әдістері сабаққа жалпы түсінік беру оқушылар әр түрлі бұйымдар жасауды жан-жақты зерттеп, қолөнер түрлерін үйренеді. Жұмыс барысында оқушылардың арасында жаңа идеялар туындап ойлау, салыстыру арқылы жұмыстар жүргізіледі. Жалпы технология сабақтарында әр түрлі тақырыптар кездеседі.  Салат түрлері, салқын тағамдар, қазақтың ұлттық тағамдары, киім үлгілері, тігін машиналармен жұмыс, бисермен жұмыс, құрақ құрау т.б тақырыптар өтіледі.  Үйрене білуге мұнің қай-қайсысы да қызықты жіне қастерлі өнер. Ең алдымен тақырып бойынша түсініктер беріліп   оқушыларды таныстырып, оқушыларды шеберлікпен талғампаздыққа ғана емес, үнемділікке де үйретеді.
   Тақырып жайлы толық мәлімет алған соң әр оқушы  өзіне ұнаған түрлерін таңдап алады. Технология сабақтарында кез-келген шығармашылық жобаны іске асыру барысында жұмыстың технологиялық картасын құраймыз.  Үлгілер жасаймыз. Технологиялық карта оқушыға уақытты тиімді пайдалануға, жұмыс орныны дұрыс ұйымдастыруға өз жұмыстарына дұрыс жүргізілуіне қажетті материалдарды үнемді пайдалануына көмектеседі, осындай әдістерді технология сабақтарында оқушыларды кәсіпке бағдарлау шеберліктерін шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқушыларды ептілікке іскерлікке үйретеміз. Міне іскерлік өнердің арқасында өскелең ұрпаққа  қуыршақты  дайындау технологиясын меңгерту арқылы заман талабына сай технологиялық білім беруді мақсат еттім.

    Ақпарат құралдарын пайдалана отырып, мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге, ізденуге, шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасын арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.

    Алынған өзекті тақырыпты басшылыққа ала отыра және істелінген жұмыстарды қорытындылай келе өзін-өзі бағалай білетін, шығармашылық деңгейі жоғары жан-жақты тұлға қалыптастыра отыра, оқушының білім сапасын көтеремін, алған білімдерін өмірмен ұштастыруға бағыт беріп оқушы кұзырлығын дамытамын. Осындай тәжірибем арқылы оқушылардың білімін, дағдыларын, ойлау қабілеттерін, шығармашылық ізденісін бақылау арқылы біршама нәтижеге жеттім.

   2012 жылы ауданды өткізілген  «Бабалар мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» тақырыбында өткен сәндік – қолданбалы қолөнер сайсында оқушым Назарбаева Шынар ІІ орынды, Сәрсенбаева Айман ІІІ орынды жеңіп алды.

     Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар.

Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
   Компьютер оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса сабақтарды компьютердің, ақпараттық технологиялық құралдардың көмегімен өткізе білу-кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің бірі.
  Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жаңа технологияны пайдалана отырып оқушыларға ұлттық педагогиканы насихаттап, қолөнерге үйрету"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 466 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 829
    • DOCX 20.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Назым Жанадиловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманова Назым Жанадиловна
    Аманова Назым Жанадиловна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12503
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 998 человек из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 590 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 239 человек из 60 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 079 человек

Мини-курс

Психология сиблингов в семейной структуре

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 17 регионов

Мини-курс

Переходные моменты в карьере

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек