Инфоурок Другое Рабочие программыЖан сұлулығы мен тән сұлулығы

Жан сұлулығы мен тән сұлулығы

Скачать материал

Тақырыбы: Жан сұлулығы мен тән сұлулығы.

Мақсаты: Оқушыларды жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету. Жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар

 Дәйек сөздер

Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.

Ол әуелі ниет, күш, тәртіп керек.

Жоспар

1.      Кіріспе

2.      Сахналау

3.      Оқушылар пікірі

4.      Кім жылдам?

5.      Қорытынды

 

Кіріспе

Сұлулық

Жаратылыстың сұлу заттары адам жанында сұлулық сезімдерін оятады. Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ляззат іздеуіне, сұлу нәрсені сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан тыйылуына көп көмек көрсетеді. Сұлулық адам жанын марқайтатын, көзін қуантатын, тамсантып тәнті ететін, таңырқатып, сүйсіндіретін көрініс. Адамда жақсы қасиет болмаса, оған бақ та, бақытта қонбайды.

Адам бойындағының бәрі де – бет пішіні де, киім-киісі де, жан дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу болуға тиіс.

(А.П. Чехов )

Адам жаны әрқашан сұлулыққа құштар, ол әдемілікті аңсайды. Адам музыка сазына елтиді, бидің ырғағына тербеледі, қолөнер туындыларының кереметтілігіне тамсанады. Нәтижесінде айналасын, мекендейтін тұрағын әдемілеп, сәнделеді, өзінің сырт келбетіне көңіл бөледі, әрбір ісі мен әрекетін сұлуландыруға ұмтылады.

Адам сұлулықты табиғат арқылы, өнер арқылы сезіне отырып, өз өмірін сұлуландыру өз қолында екендігіне шүбә келтірмейді.

 

Кім жылдам?

1.      Сыртқы бейне сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

2.      Сымбаты мен ішкі жан дүниесі сай адамды қалай атайды?

3.      «Әр адам ісімен көрікті» дегенді қалай түсінесіңдер.

4.      Сұлулық деген сөзді басқа сөзбен қалай айтуға болады?

5.      Сыр мен сымбаттың үйлесімі дегенді қалай түсінесіңдер?

6.      Адамды тек сыртқы келбетіне байланысты сұлу деп айта аласыз ба? Неге?

7.      Жан сұлулығы дегенді қалай түсінесіңдер?

8.      Жаны сұлу адамды қалай сипаттар едіңдер?

Әсемдікке, әдемілікке, көрікті де көркем нәрсеге ұмтылған адамның ішкі әлемі де сұлу болады. Сыртқы ортаның сұлулығына табына білген адамның жан әлемінен әсем нұр тарайды. Халықта жүзіне нұр тұнған, сөзінен бал тамған деп бекер айтылмаған шығар. Адамның жан дүниесі дүние сұлулығымен, жақсылығымен үндестікте болуы керек, сонда адам рухани да, табиғи да сау болады.

 

Жан сұлулуғы

Алтынай: Мен ең әдемі қызбын, өскенде де ең сұлу қыз боламын.

Дина: Ия, достым, сен сыныптағы ең әдемі қызсың. Мен сенің әдемілігіңе қызығамын.

Алтынай: Мына қарияның көзі көрмейме, қолында таяғы бар.

Дина: Жүр, онан да көмектесіп, жолдан өткізіп жіберейік.

Алтынай: Уақыт алғанша, жүре бермейміз бе?

Дина: Сізге көмектесейін бе?

Қария: Көмектесіп жіберші, мейірімді қыз. Көзім көрмейді, қартайдым. Жолдан да өте алмай тұрғанымды қарашы.

Дина: Жүріңіз.

Қария: Рахмет, қызым. Күн көзіндей сұлу екенсің.

Алтынай: Оның әдемі екенін қайдан білдіңіз? Көзім көрмейді деген жоқсыз ба?

Қария: Бұл қыздың сұлулығы соқыр адамға да айдан анық көрінеді. Өйткені оның сұлулығы жүректен тарайды.

Қорытынды

Адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыппен реттеп отыратын адамгершілік белгісі имандылық деп танылады.

Ниет – адамды іс-әрекетке жетелейді. Оның сол әрекетке деген, пейілі, ықыласы, ынтасы. Адамды бір іске бағыттайтын да, істің мән-мәнісін белгілейтін де осы ниет. Адамдарға деген көңілі таза, пейілі ақ, ниеті түзу адал адамды ақ ниет деп атаймыз. Адал ниет адамның мінез-құлқынан, мақсат мүддесі мен іс-әрекетінен көрініп тұрады. Жақсы нәтижеге жету үшін алдымен ниетіңді, пейіліңді түзету керек. Жүрегі басқаларға деген сүйіспеншілікке толы, ниеті түзу адам олардан да дәл сондай сүйіспеншілікті, таза ниетті қабылдайды.

Ары таза адал адам мәнді өмір сүреді. Адалдық әр адамның өзін де, өзгені де сыйлауын көрсетеді. Адалдық біздің жан дүниемізден басталады. Ол адами қарым-қатынастан және іс-әрекетімізден көрінеді. Адалдығы бар адамның рақымы да мол болады.

Адамның үлкендермен, құрбылармен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстау әдебі, сондай-ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, қимыл қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін  танытады.

Тақырыбы: «Қыз қылығымен...»
Мақсаты: Қыздармен әңгімелесе отырып, ар - намысын, пәктігін, сұлулығын жоғары қоя біліп, жұрт алдында абыройлы болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

Кіріспе сөз: -Халқымызда қыздардың тәрбиесіне ерекше мән береді және оның себептері де баршылық. Ол жөнінде өзге ұлт өкілдері де, өзіміздің ғұламаларымызда, ақын-жазушыларымызда айтып та, жазып та қалдырған.

«Қыз емес қыздың аты қызыл алтын,

  Жақсы қыз ел-жұртының сақтар салтын

  Күлсе де, сөйлесе де көпке ұнап,

          Көрікті күте білер сыр-сымбатын, - деп халық өлеңінде айтқандай қыздарымыз ел-жұртының көз қуанышы, көңіл жұбанышы

Қыз деген – басына үкі тағып, үлпілдеп өсіп, ерке күн кешкен, өзге босағаны аттамаған, етегін жел ашпаған бүлдіршін.

Қазақ қауымында қыз баланың орны айырықша болған. Ата-бабаларымыз қызды қонақ деп есептеп, барған жерде бағының ашылуын үйде отырып қамдаған. Осы себепті де барынша ізетті, сыпайы, мейірімді де ісмер, қылықты да қырмызы болуын үнемі қадағалап отырған. Еркін ұстаған, бірақ тым еркінсітпеген.

Ата – ана қызынан ешнәрсені аямайды. Оның ешнәрседен мұқтажсыз, бұла өсуін қадағалайды. Өйткені қызға бергенді қызыр өтейді деп біледі. Сонымен бірге қазекең қызды бетімен де жібермейді. “Қызды қымтап ұстаған ұялмайды” дей отырып, оларды қанаттыға қақтырмай, тұмсықтығы шоқыт-тырмай өсіруді парыз санайды. Олардың ар-ұятының сақшысы бәріне жауапты екенін еш уақыт ұмытпаған.

Ал, қыздарға тән негізгі қасиет – іскерлік, шеберлік, инабаттылық, ізеттілік, т.б. Қыз аларда оның қасиеттерін былайша сынаған:

Қыздың тектілігін әртүрлі жолдармен тексеру. Мәселен, бойжеткеннің көшкен жұртына зер салып қарауы мүмкін. Сондай-ақ, қыз көруге келгенде сол шаңырақтың көсеуіне көңіл аударады, егер көсеудің екі жағымен от көселсе, онда “шешесі салақ” – деп бойжеткенді көрмей-ақ жүре беретін көрінеді.

Қалыңдықтың ақылдылығына аса назар аударған:

“Ақылды әйел ізде, - іздесең сен есті болса,

Төрт құбылаң тең келер”.            /Баласағұн/

“Жасаулы деп, малды деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарланба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар.

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма”.        /Абай/

Сыншылар әртүрлі сыйлық ұсыну арқылы бойжеткеннің дүние мүлікке көзқарасын тексерген, жұмбақ шешкізіп, зейін зердесін байқаған, аға-інілері құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасына қарай бауырмалдығы мен қайырымдылығын екшеген. Киген киімі, істеген ісі, сөйлеген сөзіне қарап, оның ұқыптылығы, іскерлігі және мінез-құлқынан мағлұмат ала білген.

Бойжеткеннің тал бойынан табылуға тиісті тағы бір қасиет – сымбаты мен көркі.

Әйел ажары хақындағы мына бір анықтамаларға назар аударған дұрыс сияқты: “бет пішіні, дене мүсіні келіскен, өзі сыпайы, өзі әдепті, сұңғақ бойлы, терең ойлы қыз – ару”.

Жүзі жылы, өзі ұяң, тәні нәзік қыз - әсем. Сөзі өткір, өзі пысық, өрескел-дікті сүймейтін, болмашыға күйіп-піспейтін келбетті қыз – сұлу. Істесе үйіріп, сөйлесе бұйырып, баурап алатын, өзі бірден көзге түсе қоймайтын қыз – көрікті. Баппен сөйлеп, биязы күліп, жақсы-жаманның жөнін біліп тұратын қыз - әдемі. Дене бітісі жинақты – тығыршық, сөзі салмақты, ісі тиянақты қыз – ажарлы. Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, тәні шымыр қыз – шырайлы.

Сұрақтар

1.     Қазақ қызы қандай болу керек?

2.     Қыз өссе, елдің көркі… деген қалай түсінесіңдер?

3.     Қазіргі тәрбиемен бұрынғы тәрбиені салыстырғанда айырмашылық бар ма?

4.     Үйде ата-аналар қыздарын қалай тәрбиелейді?

Қорытынды:

Адамзат баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның тәрбиесі арқылы өлшенеді. Ал тәрбие негізі тал бесіктен, ананың ақ сүтінен, бал жырынан, ел болашағы- қыздардан басталары да хақ. Осыны ұстанған қазақ халқы қыз баласын «бесіктен белі шықпай жатып» кішіпейілділікке, ізеттілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеуді басты міндет етіп қойған. Отбасының, қоғамның тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән берген, қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінезінің сай болуын қадағалап жүрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Жан сұлулығы мен тән сұлулығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                       2018 ж.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жан сұлулығы мен тән сұлулығы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 732 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2018 10744
    • DOCX 26.6 кбайт
    • 54 скачивания
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ергалиева Гулден Сеитмаганбетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 23075
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Методология физического воспитания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Мотивация и индивидуализация в образовательном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психологическая помощь и развитие детей: современные вызовы и решения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе