Инфоурок Окружающий мир Конспекты"Жаратылыстану" пәнінен ҚБ жинағы

"Жаратылыстану" пәнінен ҚБ жинағы

Скачать материал

«НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ

Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы

Жаратылыстану

1-сынып

Астана, 2016


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қалыптастырушы бағалауға арналған  тапсырмалар жинағы

 

Жаратылыстану

 

1-сынып

             

Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. 

Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады. 

Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.   

Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.  

Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.   

  

   

Қолданылған шартты белгілер:

* әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.  

 

** бағдарламадағы оқу мақсаттарының бір бөлігі қолданылады.

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             

2

Мазмұны

1-тоқсан Ортақ тақырып  «Өзім туралы»,  «Менің мектебім»...................................... 5

Бөлім «Мен – зерттеушімін»..................................................................................................... 6

Бөлім «Тірі табиғат».................................................................................................................. 11

Бөлім «Мен – зерттеушімін»................................................................................................... 26

2-тоқсан Ортақ тақырып «Мен және менің отбасым», «Бізді қоршаған әлем".... 29

Бөлім «Тірі табиғат».................................................................................................................. 30

Бөлім «Табиғат физикасы»..................................................................................................... 36

Бөлім «Мен – зерттеушімін»................................................................................................... 41

3-тоқсан Ортақ тақырып «Саяхат»,  «Салт -дәстүр және ауыз әдебиеті»............. 45

Бөлім «Жер және ғарыш»....................................................................................................... 46

Бөлім «Табиғат физикасы»..................................................................................................... 53

4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау»... 63

Бөлім «Табиғат физикасы»..................................................................................................... 64

Бөлім «Мен – зерттеушімін»................................................................................................... 72

 


 

4

1-тоқсан Ортақ тақырып  «Өзім туралы»,  «Менің мектебім»


Бөлім «Мен – зерттеушімін»

Бөлімше 1.1 «Ғылым мен зерттеушілердің рөлі»

Оқу мақсаты:                                   1.1.1.1. Қоршаған әлем құбылыстары, үдерістері мен

нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсіндіру.

Ойлау дағдыларының               Білу және түсіну

деңгейі:

Бағалау критерийі:                      Білім алушы

      Қоршаған           ортаны танып-білу            үшін

орындалатын әрекеттерді атайды.

      Қоршаған ортаны зерттеудің           қажеттілігін

түсіндіреді.

1-тапсырма

Адамдар қоршаған ортадағы құбылыстарды, өзгерістерді қалай таниды? Суреттерді пайдалана отырып түсіндіріңіз. 

      Зерттеу не үшін қажет?

Дескриптор:             Білім алушы

-           қоршаған ортаны тану тәсілдерін  (бақылау, зеттеу, тәжірибе жасау) атайды;

-           қоршаған ортаны тану үшін бақылаудың,зерттеудің,тәжірибе жасаудың қажеттілігін түсіндіреді.

2-тапсырма

  Суреттерге мұқият қараңыз. Бала қолын суға неліктен салды деп ойлайсыз?

      Әр суреттегі  судың температурасын сипаттаңыз.

      Температураны білу не үшін қажет?

Дескриптор:             Білім алушы

-  суреттерге қатысты ойын айтады; - әр суреттегі судың температурасын атайды; - сұрақ бойынша ой қорытып,  жауап береді. 

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу. 

Ойлау дағдыларының деңгейі :

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған әлем  құбылыстарына бақылау жасайды.

      Қоршаған әлем құбылыстарын сипаттайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Не көріп тұрсыз? Суреттерді сөздермен сәйкестендіріңіз.

      Бұл табиғи құбылыстарды жылдың қай мезгілінде көруге болады? Әңгімелеңіз.

Дескриптор:             Білім алушы

-  табиғи құбылыстарды  ажыратады және сәйкес сөздермен байланыстырып сызады; 

-  табиғи құбылыстардың бір-екеуін  сипаттайды.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз.  Күз мезгіліне тән белгілерді сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:             Білім алушы

-  күз мезгіліне тән белгілерді атайды; 

-  күз мезгіліне тән белгілерді сипаттайды.

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.2.  Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Эксперимент  жүргізудің мақсатын анықтайды.

      Эксперимент  жүргізу үшін  құралдарды қолданады.

      Жүргізілген  эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

1-тапсырма Жұптық жұмыс. 

Сыныптасыңыздың  бойын әр түрлі заттармен өлшеңіз және нәтижесін түсіндіріңіз.

Ол үшін:

1.    Бойды өлшейтін екі зат (мысалы: таяқша, қарындаш, дәптер т.б.) таңдап алыңыз.

2.    Таңдап алған заттың біреуімен жұптағы оқушының бойын өлшеңіз.

3.    Нәтижесін кестеге жазыңыз.

4.    Жұптасыңыздың бойын екінші затпен тағы өлшеп көріңіз және нәтижесін кестеге жазыңыз.

5.    Өлшеулердің нәтижесін салыстырыңыз. Не байқадыңыз?

Өлшеу құралы

Нәтижесі

 

 

 

 

Сыныптағы басқа оқушымен жұптасыңыз. Оған тәжірибені қалай жасағаныңыз туралы айтып беріңіз. Тәжірибе нәтижесінің әр түрлі болуы неге байланысты екенін түсіндіріңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-  нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды;  

-  тәжірибенің  нәтижелерін кестеге түсіреді;

-  нәтижелерін салыстыра отырып, қорытынды жасайды;  - тәжірибе  нәтижесінің әр түрлі болу себебін түсіндіреді.


Ұзақ мерзімді тапсырма. 

Топыраққа салынған тас пен бұршақ тұқымында болатын өзгерістерді бақылаңыз.

Бақылау  үшін қарапайым тәжірибе жасаңыз. 

1.    Топырағы бар ыдысқа ұсақ тас және бұршақтың тұқымын салыңыз (1-сурет).

2.    Ыдысты жарық жерге қойып, суарып жүріңіз (2-сурет).

3.    10 күн бойы бақылаңыз.

4.    Бақылау нәтижесін сурет түрінде салып көрсетіңіз және сипаттаңыз (3-сурет).

Дескриптор:             Білім алушы

-  қарапайым тәжірибе жасайды;

-тәжірибенің нәтижесін сурет түрінде бейнелеп көрсетеді;

-  тәжіибенің негізінде топыраққа салынған тас пен бұршақ тұқымында болған өзгерістерді сипаттайды.

Бөлім «Тірі табиғат»

Бөлімше 2.1 «Өсімдіктер»

Оқу мақсаты: 1.2.1.1.Өсімдіктердің негізгі сипаттамаларын және олардың өмірлік формаларын анықтау. Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі:

Бағалау критерийі:                     Білім алушы

      Өсімдіктердің өмірлік  формаларын (ағаш, бұта, шөп) анықтайды.

      Ағаш, бұта және шөптердің негізгі белгілерін сипаттайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Ағаштарды жасыл, бұталарды қызыл, шөптекті өсімдіктерді  көк түсті қарындашпен қоршап сызыңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-   өсімдіктердің түрлерін таниды;

-   өсімдіктердің түрлерін сәйкес түспен белгілейді.

Суреттерге мұқият қараңыз. Әр топтағы артық өсімдікті анықтап, (P) белгісімен белгілеңіз. Басқаларының ортақ атауын жазыңыз. 

Дескриптор:          Білім алушы

-   қатардағы артық өсімдікті анықтайды; - өсімдіктердің ортақ атауын жазады.

Бөлімше 2.1 «Өсімдіктер»

Оқу мақсаты:

1.2.1.2.Өсімдіктердің негізгі бөліктерін ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:  Білім алушы

      Өсімдіктердің негізгі мүшелерін ажыратады.

      Өсімдіктердің негізгі мүшелерін (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс) атайды.

1-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Өсімдіктің негізгі мүшелерін атаңыз.  Өсімдіктің негізгі мүшелерінің  атауын  сөздің бастапқы әріптерімен жазып көрсетіңіз: тамыр – Т, сабақ –С, жапырақ –Ж, гүл –г, Жеміс –Ж.

Дескриптор:          Білім алушы

-   өсімдіктің негізгі  мүшелерін атайды; 

-   өсімдіктің тамырын «Т» әрпімен белгілейді; 

-   өсімдіктің сабағын «С» әрпімен белгілейді; 

-   өсімдіктің жапырағын «Ж» әрпімен белгілейді; - өсімдіктің гүлін «Г» әрпімен белгілейді; 

-   өсімдіктің  жемісін «Ж» әрпімен белгілейді. 

Суреттегі өсімдіктерге мұқият қараңыз. Өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атаңыз. Бос орынға тамыры, сабағы, жапырағы және гүлі, жемісі бар өсімдіктің суретін салыңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-   өсімдіктердің ұқсас мүшелерін атайды;

-   өсімдіктің негізгі бөліктерін көрсетіп, сурет салады.

Бөлімше 2.1 «Өсімдіктер»

Оқу мақсаты:

1.2.1.3. Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі

1-тапсырма

Білім алушы

      Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің айырмашылығын анықтайды.

      Жабайы  өсімдіктер мен мәдени өсімдіктерді ажыратады.

Суреттерге мұқият қараңыз. Мәдени өсімдіктерді тауып, бояңыз.

Тағы қандай мәдени өсімдіктерді білесіз?  Бос орынға  суретін салыңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

-   мәдени өсімдіктерді анықтайды және  бояйды; - өзі білетін мәдени өсімдіктің суретін салады. 

2-тапсырма

Суреттерді өсімдік түрлерінің атауларымен сәйкестендіріп  сызыңыз.

Дескриптор:         Білім алушы

-   жабайы өсімдіктерді анықтайды және  байланыстырып сызады; - мәдени  өсімдіктерді анықтайды және байланыстырып сызады.


Бөлімше 2.1 «Өсімдіктер»

:

1.2.1.4. Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Анализ

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды (ауа, су, жарық, жылу, қорек) анықтайды.

      Өсімдіктердің  тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғат құбылыстарымен сәйкестендіреді.

1-тапсырма

Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз. 

СУ   ЖАПЫРАҚ    АУА     ҚОРЕК    ЖЫЛУ    КӨЛЕҢКЕ     ЖАРЫҚ    ТОПЫРАҚ

Дескриптор:          Білім алушы 

- өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды; - тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз.

       ЖАРЫҚ  ЖЕРДЕ                      СУСЫЗ  ЖЕРДЕ                          ҚАРАҢҒЫ ЖЕРДЕ

Ұзақ мерзімді жұмыс. 

Өсімдіктерге қажетті  жағдайларды анықтау үшін қарапайым  тәжірибе жасап көріңіз. 

Ол үшін:

1.    Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап  алыңыз.

2.    Олардың  екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қойыңыз.

3.    Жарық жердегі өсімдіктердің біреуін мүлдем суармаңыз.

4.    Қараңғы жердегі өсімдікке күтім жасап жүріңіз.

5.    Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көріңіз.

6.    Нәтижесін сипаттаңыз.

Дескриптор:          Білім алушы 

-  суреттегі өсімдіктердің қандай жағдайларда өскенін анықтайды және тиісті сөздермен байланыстырады;  

-  бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды;

-  тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.

 2.1 «Өсімдіктер»

:

1.2.1.5. Мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Мәдени өсімдіктерге күтім жасауға қажетті құралдарды анықтайды.

      Мәдени өсімдіктерге күтім жасау тәсілдері туралы әңгімелейді.

Бөлме өсімдіктерін қалай күту керек?  Қандай құралдарды қолдануға болады? Суреттерге сүйеніп, өсімдіктерді күту туралы  әңгімелеңіз. 

Сурет бойынша әңгімелеңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          бөлме өсімдіктеріне күтім жасауға қажетті құралдарды атайды;  

-          бөлме өсімдіктеріне күтім жасаудың  тәсілдерін сипаттайды.

2-тапсырма

Суреттерді төменде берілген  сөздермен сәйкестендіріп  сызыңыз.  Өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелеңіз. 

Дескриптор:          Білім алушы

-сөздерді суреттермен  дұрыс сәйкестендіреді; - өсімдіктерге күтім жасау туралы әңгімелейді. 

 2.2 «Жануарлар»

1.2.2.1. Жануарлар мен өсімдіктерді салыстыру, олардың ұқсастықтары мен айырмашылығын анықтау.

Ойлау дағдыларының

деңгейі 

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Білім алушы

      Жануарлар мен өсімдіктердің ұқсастығын анықтайды.

      Жануарлар мен өсімдіктердің айырмашылығын анықтайды.

1-тапсырма

Кесте бойынша      өсімдіктер мен жануарлардың көбею жолын салыстыра әңгімелеңіз. 

Ұқсастығы

Айырмашылығы

өсімдік

жануар

өсімдік

жануар

Көбейеді

Қоректенеді

?

?

Өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуін салыстырып айтыңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          өсімдіктер мен жануарлардың көбеюіндегі айырмашылықты сипаттайды; 

-          өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі ұқсастықты айтады;   

-          өсімдіктер мен жануарлардың қоректенуіндегі  айырмашылықты айтады.

2-тапсырма

Жануарлар мен өсімдіктердің тіршілігінде қандай ұқсастық бар? Төменде берілген сөздердің арасынан олардың ұқсастығын білдіретін сөздерді тауып, ортадағы шеңберге сызықпен қосып жинақтаңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі ұқсастықтарды анықтайды;

-          өсімдіктер мен жануарлардың тіршілігіндегі айырмашылықтарды анықтайды.

 2.2 «Жануарлар»

:

1.2.2.2. Жабайы және үй жануарларын ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Жабайы жануарларды және үй жануарларын атайды. Жануарларды  жабайы және үй жануарларына топтайды.

1-тапсырма Суреттерге мұқият қараңыз. Олардың қайсысы өз бетінше тіршілік етеді?

Қайсысына адамдар қамқорлық жасайды?  

Сөйлемдерді толықтырып айтыңыз / жазыңыз.

Бұлар – _________________ жануарлар.                         Бұлар – ______ жануарлары.

Дескриптор:          Білім алушы 

-          өз бетінше тіршілік ететін жануарларды атайды;

-          адамдардың қамқорлығындағы жануарларды атайды;

-          жануарларды жабайы және үй жануарларына топтай отырып, сөйлемдерді толықтырып айтады / жазады. 2-тапсырма

Жануарлардың  суреттерін қиып алып, тиісті бағанға желімдеңіз.

Жабайы жануарлар

Үй жануарлары

 

 

Дескриптор:        Білім алушы 

-          жабайы жануарларды анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады; 

-          үй жануарларын анықтайды және сәйкес бағанға орналастырады.

3-тапсырма

Суреттерге  мұқият қараңыз.  Әр қатардағы жануарлар тобын атаңыз.  Бос орынға  сол топқа жататын жануардың суретін салыңыз.  

Дескриптор:           Білім алушы 

-          суреттегі жануарлар тобын атайды; 

-          бірінші қатарға жабайы жануардың суретін салады; - екінші қатарға үй жануарының суретін салады.

 2.2 «Жануарлар»

:

1.2.2.3.          Жыл мезгілдерінің ауысуына жануарлардың бейімделуін, дайындығын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі :

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделетін жануарларды анықтайды.

      Жануарлардың жыл мезгілдерінің ауысуына бейімделу жағдайларын сипаттайды.

Жыл мезгілінің ауысуына  байланысты суреттегі жануарлардың тіршілігінде қандай өзгерістер болады? Суреттерді сөздермен сәйкестендіріңіз және әңгімелеңіз.  

Дескриптор:          Білім алушы

-          сөздерді суреттермен дұрыс сәйкестендіреді; 

-          жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты тиіннің тіршілігін әңгімелейді;

-          жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты  жыл құстарының тіршілігін сипаттайды;

-          жыл мезгілдерінің ауысуына қатысты  аюдың тіршілігін сипаттайды.

2-тапсырма

Дұрыс жауаптың астындағы торкөзге  (P) белгіcін қойыңыз.

1.    Қыста ұйқыға кететін жануар:

2.    Күзде терісінің түсін өзгертеді:

3.    Ол қысқа қорек жинайды:

Дескриптор:           Білім алушы 

-  қысқы ұйқыға кететін  жануарды анықтайды;

-  қыста терісінің түсін өзгертетін жануарды анықтайды; - қысқа қорек жинайтын жануарды анықтайды.


Бөлім «Мен – зерттеушімін»

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1. Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі :

Білім алушы

      Қоршаған әлем  құбылыстарына бақылау жасайды.

      Қоршаған әлем  құбылыстарын сипаттайды.

1-тапсырма

Суретке мұқият  қараңыз.

      Суретте қандай табиғат құбылыстары  бейнеленген?

      Балалар не істеп жүр? Неліктен?

      Жазғы жаңбырды, кемпірқосақты  бақылап көргеніңіз бар ма? Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:           Білім алушы 

-  суреттегі көріністі сипаттайды; 

-  табиғат құбылыстарына жасаған бақылауы туралы әңгімелейді.

2-тапсырма Ұзақ мерзімді жұмыс. Асбұршақтың өсіп-өнуін бақылаңыз.

Ол үшін: 

      Асбұршақты екі күн суға салып қойыңыз.

      Екі күннен кейін топырағы бар ыдысқа отырғызыңыз. Күнара суарып жүріңіз.

      Нәтижесін бақылау күнделігіне жазып (сөзбен, суретпен) жүріңіз.

Мерзімі

Байқалған  өзгерістер

 

 

 

 

      Бақылау нәтижесін  сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:           Білім алушы

-  нұсқаулық бойынша  ұсынылған  әрекеттерді орындайды;  - бақылаудың  нәтижесін бақылау күнделігіне жазып жүреді; - кестеге сүйеніп, бақылау нәтижесін сипаттайды. 

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.2. Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Эксперимент  жүргізу үшін  құралдарды қолданады.

      Жүргізілген  эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

1-тапсырма

Өсімдік өсуіне қажетті суды қалай алады? Қарапайым тәжірибе жасау арқылы бақылаңыз және әңгімелеңіз.  Ол үшін:

1.    Керекті құралдарды (пластикалық  стакан, қайшы, түрлі-түсті фломастер, майлық қағаз) дайындап алыңыз.

2.    Майлық қағазды ортасынан бірнеше рет бүктеңіз.

3.    Оның шетінен жуандығы  2-3 см жолақша қиып  алыңыз.

4.    Жолақшаның төменгі жағына әр түрлі фломастермен қою нүктелер белгілеңіз.

5.    Стаканға жартысынан төмен деңгейде су құйыңыз.

6.    Қағаз жолақшаны  белгіленген нүктелері суға тимейтіндей етіп стаканның ішіне салыңыз.

7.    Нәтижесін бақылаңыз және әңгімелеңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          нұсқаулыққа сүйене отырып, тәжірибе жасайды;

-          қағаздың бойында жүріп жатқан  әрекетті бақылайды және сипаттайды;

-          тәжірибенің нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.

2-тоқсан Ортақ тақырып  «Мен және менің отбасым», «Бізді қоршаған әлем»

Бөлім «Тірі табиғат»

Бөлімше 2.3 «Адам»

Оқу мақсаты:

1.2.3.1 Адам денесінің негізгі бөліктерін және олардың қызметтерін атау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу  және түсіну

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Адам денесінің негізгі мүшелерін  атайды.

      Адам денесінің негізгі мүшелерінің   қызметін сипаттайды.

Адам денесінің негізгі  мүшелерін  атауларымен сәйкестендіріп сызыңыз.

      Өз денеңіздің негізгі бөліктерін  көрсетіңіз және атаңыз. Олардың атқаратын қызметін түсіндіріңіз.

Дескриптор:           Білім алушы

-          суреттегі дене мүшелерін атауларымен сәйкестендіріп сызады;

-          өз денесінің негізгі бөліктерін көрсетеді және атайды; - дене мүшелерінің  қызметін  сипаттайды. 2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз.  Сурет бойынша қолмен орындалып тұрған әрекеттерді айтып беріңіз.

Аяқтың атқаратын қызметі қандай? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор:            Білім алушы

-          суретке сүйеніп,  қолмен орындалған әрекеттерді әңгімелейді; - аяқтың атқаратын қызметіне мысалдар келтіреді. 

Бөлімше 2.3 «Адам»

Оқу мақсаты:

1.2.3.2 Адам өмірінің кезеңдерін сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Адам өмірінің жас кезеңдерін атайды және сипаттайды.

      Адам өмірінің жас кезеңдерінің ретін анықтайды.

Берілген суреттерді адам өмірінің жас кезеңдерімен  сәйкестендіріп сызыңыз. Адам өмірінің жас кезеңдерінің ерекшелігін әңгімелеңіз.

 сәби 

 

 азамат 

 

  қарт

Дескриптор:           Білім алушы

-          адам өмірінің жас кезеңдерін (сәби, азамат, қарт) атайды;

-          суреттерді сәйкес  сөздермен сәйкестендіреді;

-          адам өмірінің негізгі  кезеңдерінің  ерекшелігін әңгімелейді.

2-тапсырма

Адам өмірінің  кезеңдерін  өсу ретімен  белгілеп (цифрмен) көрсетіңіз.

Жұптық жұмыс.  

Кішкентай кезіңізден есіңізде қалған оқиғаны  баяндап беріңіз.

-          Мен кішкентай кезімде .....

Дескриптор:          Білім алушы

-          адам өмірі кезеңдерінің ретін белгілейді;

-          өзінің сәбилік кезіндегі әрекеттері туралы  әңгімелейді.

Бөлімше 2.3 «Адам»

Оқу мақсаты:

1.2.3.3           Адамның      өсуі     мен     дамуы            үшін            керек қажеттіліктерді анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Адамның өсіп-дамуына  қажетті жағдайларды атайды.

      Адамның өсіп-дамуы үшін орындалатын әрекеттерді анықтайды.

Адамға пайдалы тағамдардың тұсына « белгісін, ал зиянды тағамдардың тұсына «-» белгісін қойыңыз. 

      Адамның өсуі үшін тамақтанудың  пайдасы туралы әңгімелеңіз.

Дескриптор:           Білім алушы

-          адам ағзасына пайдалы тағамдарды белгілейді; - адам ағзасына зиянды тағамдарды анықтайды; - адам үшін тамақтанудың пайдасын түсіндіреді.

2-тапсырма Суреттерге сүйеніп, адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді атаңыз.

Өз ойыңызды түсіндіріңіз.

Дескриптор:           Білім алушы

-          адамның өсуі мен дамуы үшін керек қажеттіліктерді  атайды;

-          адамның өсуі мен дамуына қажетті жағдайлар             туралы әңгімелейді.

Бөлім «Табиғат физикасы»

Бөлімше 5.1 «Күштер және қозғалыс»

Оқу мақсаты:

1.5.1.1 Түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Денелердің  қозғалысын сипаттап айтады.

      Қозғалысқа түсетін денелерге мысалдар келтіреді.

1-тапсырма Суреттегі денелер қалай қозғалады? Тағы қандай денелер қозғалысқа түседі? Екі-үш мысал келтіріңіз.

Дескриптор:           Білім алушы 

-       суреттегі денелердің қозғалысын сипаттайды; - қозғалысқа түсетін денелерге мысал келтіреді. 

2-тапсырма

Берілген суреттерді қиып алыңыз. Оларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа желімдеңіз.   

ӨРМЕЛЕЙДІ

СЕКІРЕДІ

ҰШАДЫ

ЖҮГІРЕДІ

ШАБАДЫ

ЖҮЗЕДІ

Дескриптор:           Білім алушы

-       суреттегі жануарларды атайды;

-       суреттегі жануарларды қозғалысына қарай сәйкес ұяшыққа орналастырады.

Бөлімше 5.1 «Күштер және қозғалыс»

Оқу мақсаты:

1.5.1.2 Қозғалыстың адам өміріндегі табиғаттағы маңыздылығын анықтау.

және

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Анализ 

 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қозғалыстың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіреді.

      Қозғалыстың тірі табиғат үшін маңыздылығын түсіндіреді.

 

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Жануарлар не үшін қозғалады?

1.    Аю қозғалу арқылы   __________________________

2.    Жолбарыс  қозғалу арқылы  ___________________________

3.    Құстар қозғалу арқылы _______________________________

      Жануарлар үшін қозғалыс жасаудың  қандай маңызы бар? Сөйлемді толықтырып айтыңыз.

Жануарлар  қозғалу арқылы ________________________________

Дескриптор:           Білім алушы 

-     жануарлардың қозғалыс жасау себептерін нақтылайды; - жануарлардың  тіршілігі үшін  қозғалыстың  маңыздылығына мысал келтіреді. 

2-тапсырма

Суреттерге сүйеніп, қозғалыстың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеңіз.

      Адамдар не үшін жаттығу жасайды?

      Таза ауада серуендеудің қандай пайдасы бар?

      Еңбек етудің ше?

      Адамдар не үшін қозғалады?

Дескриптор:           Білім алушы 

-     түрлі дене жаттығуларының пайдасын айтады; 

-     таза ауада серуендеудің пайдасын айтады;

-     еңбек етудің пайдасын айтады;

-     адамдардың  қозғалысына мысал келтіре отырып, сұраққа жауап береді.

Бөлімше 5.1 «Күштер және қозғалыс»

Оқу мақсаты:

1.5.1.3 Қозғалыстың түрлі траекториясын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қозғалыстағы денелердің траекториясын бақылайды.

      Қозғалыстағы денелердің траекториясын сипаттайды.

      Денелердің қозғалыс траекториясын бейнелеп көрсетеді.

1-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Күркетауықтың жемге жетуге дейінгі қозғалысының траекториясын  сипаттаңыз.  

      Үлгіге сүйене отырып, төмендегі  денелердің  қозғалысының  траекториясын сызық арқылы бейнелеп көрсетіңіз.

 

 

 

Дескриптор:         Білім алушы

-     суреттегі дененің қозғалыс  траекториясын сипаттайды;  - берілген денелердің қозғалысының траекториясын сызықпен бейнелеп көрсетеді.

2-тапсырма

Текшені үстелдің шеткі жағына қойыңыз да, жерге қарай түрлі тәсілмен (ақырын, қатты)             итеріп            құлатыңыз. Текшенің      қозғалысын бақылаңыз. Текшенің қозғалысының траекторияларын  сызып көрсетіңіз. Траекторияның әр түрлі болу себебін түсіндіріңіз. 

Дескриптор:            Білім алушы

-     жасалған тәжірибе негізінде текшенің қозғалысын анықтайды;

-     текшенің қозғалысының әр түрлі траекториясын сызып көрсетеді;

-     траекторияның  әр түрлі болу себебін түсіндіреді.

Бөлім «Мен – зерттеушімін»

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.

      Қоршаған әлем  құбылыстарын сипаттайды.

1-тапсырма

Ұзақ мерзімді жұптық жұмыс. Ағаштардың тіршілігіне бақылау жасаңыздар. 1. Мектеп ауласында өсіп тұрған бір ағашты таңдап алыңыздар.

2.     Нақты бір күнді белгілеп алып, ағашты ай сайын (4-5 ай көлемінде) суретке түсіріп алыңыздар немесе суретін салып  отырыңыздар.

3.     Суреттерді кестеге желімдеп жүріңіздер.

4.     Ағаштағы болған  өзгерістерді әңгімелеңіз.

 

 

Ағаштың тіршілігін бақылау

Ай атауы

Күні

Нәтижесі   (ағаштың суреттері)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:           Білім алушы

-    бақылау жүргізу үдерісін бейнелеп көрсетеді;

-    бақылау нәтижесін кестеге түсіреді;

-    бақылау нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды.

2-тапсырма

Мектеп маңайына шығып, айналадағы қозғалысқа түскен денелерді бақылаңыз. Олар қалай қозғалады?  Кестеге қозғалысқа түскен денелердің атауын жазыңыз немесе суретін салыңыз. 

Итеру арқылы қозғалады

Тарту арқылы қозғалады

 

 

Дескриптор:           Білім алушы

-    анықталған денелерді қозғалысына қарай  жіктейді; 

-    кестеге  қозғалысқа түскен денелердің атауын жазады/суретін салады. 

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Эксперимент  жүргізу үшін құралдарды қолданады.

      Жүргізілген  эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

Суреттерге мұқият қараңыз. Қозғалыстың қалай жасалғандығын анықтаңыз. Тиісті сөздермен сәйкестендіріп сызыңыз.  

«Итеру» және «тарту» арқылы  айналаңыздағы денелерді қозғалтып көріңіз. Қозғалту үшін қандай күш жұмсағаныңызды, қай дене мүшесіне күш түскені туралы әңгімелеңіз. 

Дескриптор:           Білім алушы

-  тарту арқылы қозғалатын денелерді анықтайды;

-  итеру арқылы қозғалатын денелерді анықтайды; 

-  айналасындағы денелерді қозғалысқа түсіреді;

-  денені қозғалту барысындағы  әсерді сипаттайды.

2-тапсырма

Жұптық жұмыс.

Қозғалыстағы  дене бағытын өзгерте ала ма? Оған тәжірибе жасау арқылы көз жеткізіңіз. 

Ол үшін:

1.  Қолыңызға теннис добын алыңыз.

2.  Оны үстелдің бетіне ақырын ғана домалатып жіберіңіз.

3.  Доптың қозғалысына қарсы жақтан (оң жағынан, сол жағынан) үрлеңіз.

Доптың қозғалысының бағыты қалай өзгерді? Оған не әсер етті деп ойлайсыз?

Дескриптор:           Білім алушы 

-  ұсынылған тәжірибені орындайды; 

-  доптың қозғалысындағы өзгерісті сипаттайды;

-  қозғалысқа әсер ететін күшті анықтап, атайды.

3-тоқсан Ортақ тақырып  «Саяхат»,  «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»


Бөлім «Жер және ғарыш»

Бөлімше 4.2 «Ғарыш»

Оқу мақсаты:

1.4.2.1             Астрономияны       ғарыш   туралы          ғылым ретінде сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі :

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Астрономия ғылымының ерекшеліктерін анықтайды.

      Астрономия ғылымы туралы әңгімелейді.

Астрономия туралы не білесіз? Берілген тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып, әңгімелеңіз. 

Тірек сөздер: ғарыш,  аспан денелері, жұлдыздар, ғаламшарлар, Күн, Жер, Ай, телескоп, ғарышкер, ғылым.  

Дескриптор:             Білім алушы 

-тірек сөздерді қолданып, суреттерді сипаттайды;  -астрономияның ғарыш туралы ғылым екенін түсіндіреді.

2-тапсырма Жұптық жұмыс.

Түрлі дереккөздерден (кітаптар, мультфильмдер, үлкендерден сұрау арқылы) астрономия  туралы ақпарат  жинақтаңыз.  

Берілген суреттер мен жинақтаған ақпараттарыңызды пайдалана отырып, астрономия туралы әңгімелеңіз.

Білім алушы

- дереккөздерге сүйеніп, астрономия туралы  әңгімелейді.

Бөлімше 4.2 «Ғарыш»

Оқу мақсаты:

1.4.2.2 Ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Ғарышты зерттеуге арналған құралдар мен ұшу аппараттарын анықтайды.

      Құралдарды сипаттау үшін қарапайым терминдерді қолданады.

1-тапсырма

Ғарышты зерттеуге арналған  құралды анықтаңыз және сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:             Білім алушы 

- ғарышты зерттеуге арналған құралды анықтайды; - суреті бойынша сипаттап айтады.

2-тапсырма

 Мәтінді мұқият тыңдаңыз.

Жердің алуан түрлі жасанды серіктері бар. Олар Күн жүйесін, басқа ғаламшарларды, ғарышты зерттеуге арналған. Метеорологиялық серіктер ауа райын болжауға көмектеседі. Байланыс серігі радио және теледидар хабарларын таратуға арналған.  

Суреттерге мұқият қараңыз. Мәтіндегі ақпараттарды және басқа да дереккөздерді пайдаланып, жердің жасанды серіктерін сипаттап айтыңыз.

Білім алушы 

- мәтіннің мазмұнына және басқа деректерге сүйеніп, ұшу аппараттарын сипаттайды.

Бөлімше 4.2 «Ғарыш»

:

1.4.2.3 Жекелеген ғарыштық денелерді атау және сипаттау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Ғарыштық денелерді атайды.

      Ғарыштық денелерді сипаттайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Қандай аспан денелерін танисыз?  Аспан денелерінің атауларын суреттерімен сәйкестендіріңіз.

      Олар  туралы не білесіз?  Жұпта әңгімелеңіз.

Дескриптор:         Білім алушы

-   суреттерді атауымен сәйкестендіреді; - өзі білетін ғарыштық дене туралы әңгімелейді.

2-тапсырма

Суреттегі ғарыштық денелердің  атауын  жазыңыз.

      Олар туралы не білесіз? Топта ой бөлісіңіз.

 Білім алушы

-   ғарыштық денелердің  атауын  жазады;

-   ғарыштық денелерді сипаттап айтады


Бөлімше 4.1 «Жер»

Оқу мақсаты:

1.4.1.1 Жердің пішінін оның жасанды моделі негізінде анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Жердің  пішінін анықтайды.

      Жердің жасанды моделін анықтайды.

      Жерді жасанды моделінің негізінде сипаттайды.

1-тапсырма

Глобус пен Жердің ұқсастығы неде? Глобус деген не? Глобустың көмегімен Жер туралы айтып беріңіз. 

Дескриптор:          Білім алушы

-  глобус пен Жердің ұқсастығын айтады; 

-  глобусқа анықтама береді;

-  глобусқа сүйеніп,  Жер туралы әңгімелейді.

2-тапсырма Топтық жұмыс. 

Мектеп глобусын алып, мұқият қарастырыңыздар. Берілген сұрақтарға сүйеніп, «Глобусқа қарап Жерді қалай елестетемін» деген тақырыпқа ауызша шағын әңгіме құрастырыңыздар.   Сұрақтар:

1.    Глобустың  пішіні қандай?

2.    Глобуста қандай түс көбірек? Ол нені білдіреді?

3.    Құрлық жерлер қандай түспен бейнеленген?

Дескриптор:           Білім алушы

-  глобус бойынша  Жердің пішінін айтады; 

-  глобустың негізінде Жердің бедерін сипаттайды.

Бөлімше 4.3 «Кеңістік және уақыт»

1.4.3.1 Уақыттың маңыздылығын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Уақыттың маңыздылығының себептерін атайды.

      Уақытты тиімді пайдалану туралы әңгімелейді.

 Суретке мұқият қараңыз. Оқушы күн тәртібінің кестесін не үшін  жасады  деп ойлайсыз?  Күн тәртібін сақтау не үшін қажет?  Сіз бос уақытыңызды қалай пайдаланасыз? 

Жұпта ой бөлісіңіз. 

Дескриптор:     Білім алушы

-  күн тәртібінің кестесін жасау себебін түсіндіреді; 

-  күн тәртібін сақтаудың маңыздылығы туралы ойын айтады; - өз уақыттын тиімді пайдалану туралы әңгімелейді. 

2-тапсырма Суреттерге мұқият қараңыз. Бұл оқиғалар аптаның қай күндерінде болуы мүмкін?

Демалу мен еңбек ету уақытын жоспарлау не үшін қажет? Түсіндіріңіз.

Дескриптор:     Білім алушы

-  суреттегі оқиғаларды  апта күндерімен сәйкестендіреді;

-  демалу мен еңбек ету уақытын жоспарлаудың маңыздылығын түсіндіреді;

-  уақытты дұрыс бөлудің  маңыздылығын түсіндіреді.

Бөлімше 4.3 «Кеңістік және уақыт»

1.4.3.2 Уақытты өлшеу құралдарын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Уақытты өлшеу құралдарын көрсетеді.

      Уақытты өлшеу құралдарына қатысты  өлшем бірліктерін ажыратады.

1-тапсырма

 Суреттен  уақытты өлшеу құралдарын тауып, белгілеңіз. Оларды атаңыз.

Дескриптор:     Білім алушы

-       уақытты өлшеу құралдарын (құмсағат, секундомер, қол сағат, күнтізбе)  белгілейді.

2-тапсырма

 Уақыттың өлшем  бірліктерін ең кішісінен бастап  өсу ретімен нөмірлеңіз. Олардың қайсысы сағаттың көмегімен анықталады? Қайсысы күнтізбенің көмегімен анықталады? Сызық арқылы қосыңыз. 

Дескриптор:      Білім алушы

-       уақыт өлшем бірліктерін өсу ретімен нөмірлейді;

-       сағаттың көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды;

-       күнтізбенің көмегімен анықталатын уақыт өлшем бірліктерін анықтайды.

Бөлім «Табиғат физикасы»

Бөлімше 5.4 «Жылу»

Оқу мақсаты:

1.5.4.1 Жылыту жабдықтары мен құрылғыларын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Жылыту құрал-жабдықтарын  көрсетеді.

      Жылыту құрал-жабдықтарын  сипаттайды.

Суреттерге мұқият қараңыз. Жылыту құралдарын  белгілеп көрсетіңіз. Олардың атауын білесіз бе? 

Дескриптор:          Білім алушы

 -жылыту құралдарын   белгілейді;  -жылыту құралдарын  атайды.

2-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Жылыту үшін қолданылатын заттарды белгілеңіз және атаңыз. Күнделікті тұрмыста олардың қайсысын  және не үшін қолданасыздар?  Жұпта әңгімелеңіз. 

Дескриптор:           Білім алушы

- жылыту үшін қолданылатын заттарды анықтайды; - өзіне таныс құрылғыны сипаттайды. 

Бөлімше 5.5 «Электр»

1.5.5.1 Адамдардың күнделікті өміріндегі электр энергиясының маңызын түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

Адамдардың күнделікті өміріндегі  электр қуатының  қолданысын сипаттайды. Электр қуатының маңызы туралы әңгімелейді.

Суреттерге мұқият қараңыз. Электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін құралдарды белгілеңіз. 

Төмендегі берілген сөйлемдерді толықтыра отырып, электр қуатының көмегімен жұмыс істейтін құралдың атынан сөйлеңіз.

Мен - _________. Мен адамға ________ көмектесемін. Бірақ мен ________ жұмыс істей алмаймын. 

Дескриптор:          Білім алушы

-  электр қуатымен жұмыс істейтін заттарды анықтайды; - электр қуатымен  жұмыс істейтін құралдың қызметін сипаттайды.

2-тапсырма

 Адамдар электр қуатын  не үшін пайдаланады? Сурет бойынша әңгімелеңіз. Тағы қандай  мысал келтіре аласыз?  

Дескриптор:           Білім алушы 

-  күнделікті тұрмыстағы электр қуатының қолданысы туралы әңгімелейді; 

-  электр қуатының қолданысына өздігінен мысалдар келтіреді;

-  күнделікті өмірдегі  электр қуатының маңыздылығы туралы әңгімелейді.

Бөлімше 5.6 «Магниттілік»

1.5.6.1 Магниттілік қасиеті бар жекелеген денелерді анықтау.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі:            Қолдану 

Бағалау критерийі:                     Білім алушы

      Магниттік қасиеті бар денелерді таңдайды.

      Дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді.

1-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Магнитке тартылатын заттардың суреттерінің  тұсына  (P) белгісін қойыңыз. Олар  магнитке неліктен тартылады деп ойлайсыз? 

Дескриптор:          Білім алушы

-  магниттік қасиеті бар заттарды  белгілейді; - дененің магнитке тартылу себебін түсіндіреді.

2-тапсырма

Сынып ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтаңыз. Ол үшін қолыңызға магнит алып, айналаңыздағы заттарға жақындатып көріңіз. Төмендегі кестеге магниттік қасиеті бар екі заттың және магниттік қасиеті жоқ екі заттың атауын жазыңыз немесе суретін салыңыз. 

Магниттік қасиеті бар заттар

Магниттік қасиеті жоқ заттар

 

 

 

 

Дескриптор:          Білім алушы 

-  магнитпен тәжірибе жасайды; 

-  сынып  ішіндегі магниттік қасиеті бар заттарды анықтайды; - нәтижесін кестеге жазады немесе суретін салады. 

Бөлімше 5.6 «Магниттілік»

Оқу мақсаты:                                1.5.6.2.  Магниттің қасиетін зерттеу.

Ойлау дағдыларының Қолдану деңгейі: Анализ

Бағалау критерийі:                     Білім алушы

        Тәжірибенің  негізінде  магниттің  қасиетін анықтайды.

        Магниттің қасиеті туралы қорытынды жасайды.

        Магниттің қасиетін  күнделікті өмірде қолдануға мысал келтіреді.

1-тапсырма

Магниттің қасиетін зерттеу үшін төмендегідей тәжірибе жасаңыз.

1.    Әр түрлі материалдан жасалған заттарды жинақтаңыз.

Мысалы: 

2.    Қолыңызға магнитті алыңыз.

3.    Магнитті әрқайсысына кезекпен жақындатыңыз.

4.    Не байқадыңыз?  Магнит тартылатын  заттарды  атаңыз.

5.    Олардың магнитке тартылу себебін түсіндіріңіз.

Дескриптор:        Білім алушы

-  нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды; 

-  магнитке тартылатын заттарды анықтайды;  - заттардың магнитке тартылу себебін түсіндіреді;  

-  тәжірибеге сүйеніп, магниттің қасиетін анықтайды.


2-тапсырма

Магниттің күші басқа заттардан өте ала ма? Тәжірибе жасап көріңіз.   

Қажетті заттар: ыдыстар, магнит, металл қағаз қыстырғыштар, су немесе күріш.

Ол үшін:

1.    Екі ыдыс алып, ішіне металдан жасалған  қағаз қыстырғыштарды  (скрепка) салыңыз.

2.    Бір ыдыстың түбіне су құйыңыз, екіншісінің ішіне күріш салыңыз.

3.    Магнитті ыдыстың түбіне жақындатыңыз.

4.    Не байқадыңыз? Тәжірибе бойынша  қорытынды жасаңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

-  нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды; 

-  тәжірибе барысын сипаттайды; 

-  магниттің күшінің  басқа денелерден өте алатындығы туралы ой қорытады.

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған әлем  құбылыстарына бақылау жасайды.

      Қоршаған әлем  құбылыстарын сипаттайды.

1-тапсырма

 Кешкі уақытта сыртқа шығып, көзіңізбен немесе дүрбі арқылы бұлттарды, түнгі аспанды, Айды бақылаңыз.  

      Не көрдіңіз? Оларды неге ұқсатасыз?

      Өз бақылауыңыздың нәтижесін  суретпен/түрлі белгілермен бейнелеп көрсетіңіз және  сыныпта әңгімелеп беріңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          түнгі аспанға бақылау жасайды; - бақылау нәтижесін бейнелеп көрсетеді; - жасаған бақылауы туралы әңгімелейді.

2-тапсырма Ұзақ мерзімді бақылау.

Қардың еруі мен алғашқы өсімдіктердің өсуін бақылаңыз. Суреттегі бос орындарға табиғаттағы өзгерістердің ретін санмен белгілеп жүріңіз. Бақылау нәтижесін әңгімелеңіз. 

Дескриптор:              Білім алушы

-          көктемгі табиғаттағы  өзгерістерге  бақылау жасайды; - бақылау нәтижесін  әңгімелейді.

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

 Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Эксперимент  жүргізудің мақсатын анықтайды.

      Эксперимент  жүргізу үшін  құралдарды қолданады.

      Жүргізілген  эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

1-тапсырма

Өз қолыңызбен магнит жасап көріңіз.

Қажетті заттар: темір біз немесе ұзын шеге, мыс  сым, электр батареясы, темірден жасалған ұсақ заттар.  Ол үшін:

1.    Мыс сымды темірден жасалған бізге немесе шегеге айналдыра ораңыз.

2.    Сымның ұштарын электр батареясына қосып, бекітіңіз. Магнит дайын болды.

3.    Оның магниттік қасиетін тексеру үшін  темірден жасалған ұсақ заттарға жақындатып көріңіз.

4.    Не байқадыңыз?  Түсіндіріңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

- берілген нұсқаулық бойынша тәжірибе жасайды; - тәжірибенің нәтижесін сипаттайды.

2-тапсырма

Табиғи электр қуаты  сіздің айналаңызда, денеңізде де бар. Оны тәжірибе жасау арқылы байқап көріңіз.  

Тәжірибе: Шарды үрлеп, сыртын  түкті матамен қаттырақ ысқылаңыз да, жібере салыңыз.  Не байқадыңыз? 

Жасалған тәжірибе бойынша қорытынды жасаңыз. Электр қуаты қалай пайда болды?

Дескриптор:           Білім алушы

-тәжірибе жасайды және нәтижесін сипаттайды; -тәжірибенің негізінде қорытынды шығарады.


62

4-тоқсан Ортақ тақырып «Тағам және сусындар», «Дені саудың жаны сау»

Бөлім «Табиғат физикасы»

Бөлімше 5.2 «Жарық»

Оқу мақсаты:

1.5.2.1 Жарық пен қараңғылықты салыстыру.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі:

Білім алушы

        Жарықтың  ерекшеліктерін сипаттайды.

        Қараңғылықтың  ерекшеліктерін сипаттайды.

1-тапсырма

Суреттерге мұқият қараңыз. Тәуліктің қай мезгілі екенін анықтаңыз.  Суреттерді салыстыра отырып, сипаттаңыз. 

      Тәуліктің қай мезгілінде жарық, қай кезінде қараңғы болады?

      Жарық пен қараңғылықтың қандай ерекшеліктері  бар?

Дескриптор:          Білім алушы

-          сурет бойынша тәуліктің  мезгілдерін анықтайды;   

-          суретке сүйеніп,  жарықтың ерекшеліктерін сипаттайды;

-          суретке сүйеніп,  қараңғылықтың ерекшеліктерін сипаттайды.

2-тапсырма

Суретке мұқият қараңыз. Жарық және қараңғы жерде өскен өсімдіктерді салыстырып,  сипаттаңыз.  

      Жарық не үшін қажет?

Дескриптор:          Білім алушы

-          жарық пен қараңғылықтың өсімдіктің өсуіне тигізетін әсерін сипаттайды. 

-          жарықтың қажеттілігін түсіндіреді.


Бөлімше 5.2 «Жарық»

Оқу мақсаты:

1.5.2.2 Жарықтың табиғи және жасанды көздерін ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі

1-тапсырма

Білім алушы

      Табиғи  жарық көздерін таниды және атайды.

      Жасанды  жарық көздерін таниды және атайды.

Суреттегі жарық көздерін атаңыз. Табиғи жарық көздерін білдіретін суреттердің астындағы санды жасыл қарындашпен, жасанды жарық көздерін білдіретін санды көк түсті қарындашпен қоршаңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-     суретте берілген  жарық көздерін атайды; - табиғи жарық  көздерін анықтайды; - жасанды жарық көздерін анықтайды.

2-тапсырма

 Табиғи және жасанды жарық көздеріне мысал келтіріңіз. Суретін салыңыз.

ТАБИҒИ ЖАРЫҚ КӨЗІ

 

ЖАСАНДЫ ЖАРЫҚ КӨЗІ

Дескриптор:          Білім алушы 

-     табиғи жарық көзінің суретін салады.

-     жасанды жарық көзінің суретін салады.

Бөлімше 5.2 «Жарық»

Оқу мақсаты

1.5.2.3 Жасанды жарықтың қажеттілігін және оның көздерін анықтау.

Ойлау дағдыларының

деңгейі 

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі

1-тапсырма

Білім алушы

      Жасанды жарық көздерін атайды.

      Жасанды жарық көздерінің қажеттілігін түсіндіреді.

 Суреттерге мұқият қараңыз. Жасанды жарық көздерін атаңыз.  Жасанды жарық көздері қандай мақсаттарда қолданылып тұр? Сурет бойынша әңгімелеңіз. 

      Жасанды жарықты тағы не үшін қолдануға болады? Мысал келтіріңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          жасанды жарық көздерін атайды;

-          жасанды жарық көздерінің қолданылу мақсатын сипаттайды;

-          жасанды жарықтың қолданылуына мысал келтіреді.

2-тапсырма

Жасанды  жарық  не үшін қажет? Айналаңыздағы жасанды жарық көздеріне бақылау жасаңыз. Бақылау нәтижесін кестеге түсіріңіз.

Жасанды жарық көзінің атауы

Не үшін қажет?

 

 

      Жасанды жарықтың қандай пайдасы бар?  Жұпта ой бөлісіңіз.

Дескриптор:          Білім алушы 

- қоршаған ортадағы жасанды жарық көздерін анықтайды; - олардың не үшін қолданылып тұрғандығын сипаттайды; - жасанды жарықтың қажеттілігі туралы ой қорытады.

Бөлімше 5.3 «Дыбыс»

Оқу мақсаты:                                1.5.3.1    Дыбыстың     таралуының     ерекшеліктерін

түсіндіру.

Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі:

Бағалау критерий:і                     Білім алушы

Дыбыстың таралу ерекшеліктерін сипаттайды.

1-тапсырма

Дыбыс қалай таралады? Сұраққа қарапайым тәжірибе жасау арқылы жауап беріңіз. 

Топтық жұмыс.

1.    Су құйылған ыдыс және тас дайындап алыңыз.

2.    Тасты судың ішіне тастаңыз.

3.    Судың бетінде пайда болған толқындарға мұқият қараңыз. Толқындар дыбыстардың таралу  жолын көрсетеді.

      Сұрақтарға жауап беріңіз:

-          Суға түскен тастан пайда болған  толқындар  қалай таралды?

-          Су толқындарының орталығы қай жерде?

      Тәжірибеге  сүйеніп, дыбыстың қалай таралатынын түсіндіріңіз.

Дескриптор:          Білім алушы

-          суға түскен тастан пайда болған су толқындарының таралуын сипаттайды;

-          тәжірибенің негізінде дыбыстардың таралу ерекшелігін түсіндіреді.

2-тапсырма

Дыбыс қалай таралады? Берілген тұжырымдарды мұқият оқыңыз. Дұрыс тұжырымдардың тұсына «таңбасын қойыңыз.  

Дыбыс бір бағытта ғана таралады.

 

Дыбыс барлық бағытта таралады.

 

Жақын жерден шыққан дыбыс қатты естіледі.

 

Дыбыс тек адам сөйлегенде ғана таралады.

 

Алыстан шыққан дыбыс ақырын естіледі.

 

Дескриптор:           Білім алушы

-          дыбыстың таралуына қатысты дұрыс тұжырымдарды анықтайды.

Бөлімше 5.3 «Дыбыс»

Оқу мақсаты:

1.5.3.2 Дыбыстың табиғи және жасанды көздерін ажырату.

Ойлау дағдыларының деңгейі: 

Білу және түсіну Қолдану

Бағалау критерийі:

Білім алушы

Табиғи дыбыс көздерін таниды және атайды. Жасанды дыбыс көздерін таниды және атайды.

1-тапсырма  Алдымен жасанды дыбыс көздерін, содан соң табиғи дыбыс көздерін атаңыз. Әр топқа өзіңіз бір мысал  келтіріңіз.

-   табиғи дыбыс көздерін атайды;

-   жасанды дыбыс көздерін атайды; - табиғи дыбыс көздеріне мысал келтіреді;

-   жасанды дыбыс көздеріне мысал келтіреді.

2-тапсырма

Тәжірибе жүргізіңіз. 1. Далаға шығып, айналаңызға құлақ түріңіз.

2.     Естілген барлық дыбыстарды жазып алыңыз.

3.     Оларды кестеге жіктеп жазыңыз.

Табиғи дыбыстар

Жасанды дыбыстар

 

 

 

 

 

 

Дескриптор:           Білім алушы

-          тәжірибе жүргізеді; 

-          айналадағы естілген дыбыстарды түртіп алады; 

-          кестеге табиғи және жасанды дыбыстарды ажыратып жазады.


Бөлім «Мен – зерттеушімін»

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.1 Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жүргізу.

Ойлау дағдыларының деңгейі:

Білу және түсіну Қолдану 

Бағалау критерийі:

Білім алушы

      Қоршаған әлем құбылыстарына бақылау жасайды.

      Қоршаған әлем  құбылыстарын сипаттайды.

      Бақылау нәтижесі бойынша қорытынды жасайды.

1-тапсырма

Мектеп ауласына немесе саябаққа серуенге шығыңыз. Табиғаттағы көктемгі өзгерістерді бақылаңыз. Бақылау нәтижесін берілген суретке сүйене отырып, сипаттап айтыңыз.    

Дескриптор:          Білім алушы

-  табиғаттағы көктемгі өзгерістерді бақылайды;

-  табиғаттағы көктемгі өзгерістерді сипаттайды.

2-тапсырма

Бес күн бойы күнделікті ауа райын бақылап жүріңіз. Ауа райын берілген шартты белгілер арқылы кестеге түсіріп отырыңыз. 

 

Мерзімі

Ауа райы

Жауын- шашын

1-күн

 

 

2-күн

 

 

3-күн

 

 

4-күн

 

 

5-күн

 

 

Бақылау нәтижесін кестеге жазып, қорытындылаңыз.

1.

Ашық күндер

 

2.

Бұлтты күндер

 

3.

Ала бұлтты күндер

 

4.

Жауын-шашынды күндер:

 

жаңбыр

 

қар

 

бұршақ

 

5.

Желді күндер

 

6.

Ең жылы күн

 

7.

Ең салқын күн

 

Дескриптор:          Білім алушы

-   ауа райына бақылау жасайды; 

-   ауа райын шартты белгілермен белгілейді;

-   бақылау нәтижесі бойынша  қорытынды жасайды.

Бөлімше 1.2 «Табиғатты тану әдістері»

Оқу мақсаты:

1.1.2.2 Көрсетілген экспериментті түсіндіру.

Ойлау дағдыларының деңгейі :

Қолдану Анализ

Бағалау критерийі:

1-тапсырма

Білім алушы

      Эксперимент жүргізудің мақсатын анықтайды.

      Эксперимент  жүргізу үшін  құралдарды қолданады.

      Жүргізілген  эксперименттің нәтижесін қорытындылайды.

Дыбыс қалай естіледі?  Қарапайым тәжірибе жасай отырып, кестені толтырыңыз.

Топтық жұмыс.

1.    Мектеп ауласына шығып, шеңбер құрып тұрыңыздар.

2.    Шеңбердің ортасында тұрған мұғалімнің  соққан қоңырауының дыбысын мұқият тыңдаңыздар.

3.    Дыбыстың қалай естілгенін кестеге жазып алыңыздар.

4.    Енді барлығыңыз  бір қатарға тұрыңыздар.

5.    Оқушылардың алдында тұрған  мұғалімнің соққан қоңырауының дыбысын мұқият тыңдаңыздар.

6.    Дыбыстың қалай естілгенін кестеге жазыңыздар.

Мұғалімнің орны

Қоңыраудың дыбысы қалай естілді?

Шеңбердің ортасында тұрғанда

 

Саптың алдында тұрғанда

 

Тәжірибенің нәтижесіне сүйеніп, дыбыс толқындарының қалай таралатыны туралы қорытынды жасаңыз.

Дескриптор:        Білім алушы

-          шеңбердің ортасында тұрғанда соғылған қоңыраудың дыбысын сипаттайды;

-          саптың алдында тұрғанда соғылған қоңыраудың дыбысын сипаттайды;

-          дыбыс толқындарының қалай таралатыны туралы қорытынды жасайды.

2-тапсырма

Дыбыс  жіптің бойымен де таралады. Оған тәжірибе жасау арқылы көз жеткізіңіз.

Жұптық жұмыс. 

Жұбыңызбен бірлесіп «телефон» жасап көріңіз.

Ол үшін:

1.    Қажетті заттарды (түбі бізбен тесілген екі пластик стакан, ұзын жіп) дайындаңыз.

2.    Мұғалімнің көмегімен стакандардың түбін тесіңіз.

3.    Жіптің екі жақ шетін стакандардың тесігінен өткізіп, ішкі жағынан түйіп байлаңыз.

4.    Жіп тартылып тұратындай етіп, бір-біріңізден алысырақ  тұрыңыздар. Жіптің басқа денелерге тимей тұруы керектігін ескеріңіз.

5.    Біреуіңіз стаканды құлағыңызға тосыңыз, екіншіңіз стаканды аузыңызға жақындатып,  сөйлеңіз. Не байқадыңыздар?

6.    Енді бір-біріңізбен телефонсыз ақырын дауыспен сөйлесіп көріңіздер. Не байқадыңыз?

7.    Екі түрлі сөйлесудің нәтижесін салыстырыңыз.  Не байқадыңыз? Сипаттап айтыңыз.

Дескриптор:          Білім алушы

-  жұптаса отырып «телефон» жасайды; 

-  ойыншық телефон арқылы сөйлесудің нәтижесін сипаттайды; - сөйлесу түрлерін салыстырып, нәтижесін әңгімелейді.

3-тапсырма

Дыбыс қатты денелер арқылы тарала ала ма? Қарапайым тәжірибе жасап байқаңыз.   1. Ұзын үстелдің бір жақ шетіне қалта сағатын қойыңыз.

2.    Үстелдің екінші жағына құлағыңызды тосыңыз.

3.    Не байқадыңыз? Сағаттың тықылын естідіңіз бе?

Дескриптор:          Білім алушы

-тәжірибе жасайды; 

-тәжірибенің негізінде қорытынды жасайды.

«Педагогикалық шеберлік орталығы» ЖМ типографиясында басылды. 010000, Астана қ., №31 көше, 37а үй.

e-mail: info@cpm.kz.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жаратылыстану" пәнінен ҚБ жинағы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 645 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.11.2018 18162
    • DOCX 10.9 мбайт
    • 854 скачивания
    • Рейтинг: 3 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдишева Гульжаз Сериккалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 178537
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Мини-курс

Привязанность и воспитание

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе