Инфоурок Биология Другие методич. материалы«Жас биолог» интеллектуалды сабақ

«Жас биолог» интеллектуалды сабақ

Скачать материал

Тақырыбы: «Жас биолог»

Мақсаты: Оқушылардың биология пәніне деген қызығушылығын арттыру, биология пәні бойынша алған білімдерін жүйелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын сабағы.

Типі: қайталау

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, опликациялар.

Сабқтың барысы:

Мұғалім:Құрметті ұстаздар және оқушылар! Сайыс десе белсене қатысатын көрермен қауым! «Жас биолог» атты 8-9 сыныптар арасында өтетін танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!

Ақыл –тон, аңдығанға тозбайтұғын,

Білім-кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шатцып бара жатса,

Арқаңның ауруы не қозбайтұғын, -деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін:

8 сынып оқушысы – Жуматова Толқын

9 сынып оқушысы –Таңат Данияр

8 сынып оқушысы – Қасымбекова Оразгүл

9 сынып оқушысы –Беисова Альфия

8 сынып оқушысы- Каримова Асия

9 сынып оқушысы- Мұханбет Қуаныш.

Сайыскрлеріміздің біліміне,шеберлігіне әділ баға беретін әділ-қазыларға алқасымен таныстырып өтетін болсам:

Жаратылыстану пән бірлестігінің жетекшісі – Жақсымбетова Алия Асқарқызы.

Мектеп психологы –Омарова Алмагүл Қайыпқызы.

Физика пәнінің мұғалімі- Калиева Балаш Калимхановна.

Енді саиысымызды негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:

1.     Таныстыру

2.     «Кім білгір?»

3.     «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?»

4.     «Ол кім, бұл не?»

5.     Терминдер аукционы.

6.     Суретпен жұмыс.

Тапқыр, білгір, дарынды

Жарыс бар бүгін арыңды

Басқа пәнді сүйсең де

Ортаға сал барыңды, -деп, сайысұа қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастаймыз.

1. Таңыстыру кезеңі: Әр оқушы өзін таныстырып өту керек.

Рахмет, келесі кезең 2 «Кім білгір?»  Әр қатысушы биология пәнінің әр салалары бойынша әртүрлі сұрақтарға жауап беруге тиісті.Дұрыс жауаптарға 10 ұпай алады. Ең аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан шығады.

1-оқушы:

1.Сүйекті балықтарда ең алғаш пайда болған мүше (қуық)

2.Бактерия жасушасына енген вирус қалай аталады? (бактериофаг)

3.Сабақтың жапырақ өсетін жуандау жерін қалай атайды? (буын)

4.Адам денесіндегі сүйектер саны (200 ден аса)

5.Топырақта мекендейтін ағзалар қалай аталады? (эдафобустар)

2-оқушы:

1.Денесінің түсін тез өзгерте алатын қабыршақтылар отрядының өкілі: (құбылғы)

2.Жасушасы жоқ ағзалар (вирустар)

3.Жұмыртқаның ақуызына ұқсас мөлдір, желім тәрізді созылмалы қоймалжың тірі зат (цитоплазма)

4. Адам денесіндегі буындар саны (230-дан аса)

5. Сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы жауап беру қалай аталады? (рефлекс)

3-оқушы:

1.Жүрегі 4 қуысты жорғалаушы? (крокодил)

2.Біржасушалы талшықты балдыр

3.Жасушаның көбеюіне қатысады (ядро)

4.Инсулин жетіспегенде болатын ауру (қант диабеті)

5.Тірі азғалардың негізгі қанша мекен ортасы бар? (4)

4-оқушы:

1.150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен құстардың арғы тегі: (көнеқұс археоптерикс)

2.Тамыр шығу тегіне байланысты неше топқа бөлінеді? (3)

3.Жасушадағы органикалық қосылыстар (майлар, көмірсулар, ақуыздар)

4.Бактериялар қоректенуіне байланысты қандай топтарға бөлінеді? (паразиттер, сапрофиттер)

5.Қан айналудың бір айналымы қанша уақыт алады (23-27 секунд)

5-оқушы:

1.Фотосинтездегі хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым (К.А.Тимирязев)

2.Балдыр жасушасындағы хлоропласт (хромотофор)

3.Қосмекенділердің дернәсілі (итшабақ немесе шөмішбалық)

4.Адам ағзасында витаминдердің жетіспеуінен болатын ауру (авитоаминоз)

5.1 гр май ыдырағанда бөлінетін жылу мөлшері (38,9 кДж)

6-оқушы:

1.Сүтқоректілерде кеуде мен құрсақ қуыстарын бөліп тұратын (көкет)

2.1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым (Жұмақан Күдерин)

3.Суда тіршілік ететін ағзалар (гидробионттар)

4.Қанның құрамына жасушалар кіреді (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)

5.Саңырауқұлақтардың көбею жолдары (өсімді, жыныссыз, жынысты)

3 кезең «Сенесіз бе, сенбейсіз бе?» әр оқушыға 3 сұрақтан оқылады.Сайыскерлер оқылған сұрақтарға сенемін немесе сенбеймін деп жауап беру керек.  Дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі. Ең аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан шығады.

1-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе ұйқы безі инсулин гормонын бөледі (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе паразитті саңырауқұлақпен нан ашытуға болады (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өсімдіктерде ядро болмайды (сенбеймін)

2-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жануар жасушасында пластидтер кездеседі (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе жүрек 4 қабаттан тұрады  (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе тамыр шығу тегіне байланысты 3топқа бөлінеді (сенемін)

3-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе шырша жабық тұқымды өсімдік (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе қан эпителий ұлпасына жатады (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе құстар қосарлы тыныс алады (сенемін)

4-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе фотосинтез күн көзінің қатысуынсыз жүреді (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе «Д» дәрумені суда ериді (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе аяқсыз қосмекенділер болады (сенемін)

5-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өкпенің түсі қызғылт (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе гүлді өсімдіктердің 250 мың түрі бар (сенемін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе бунақденелілердің денесі 4 бөліктен тұрады (сенбеймін)

6-оқушы:

Сенесіз бе, сенбейсіз бе құстардың дене температурасы тұрақсыз (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе өсімдіктерде 4 ұлпа бар (сенбеймін)

Сенесіз бе, сенбейсіз бе адам бүйректің салмағы 150, жүректікі 250-300г (сенемін)

4 кезең «Ол кім, бұл не?»

Оқушылар өздері таңдап алған конвертте берілген ғалым мен ғалымдарға анықтама беру керек.Әр жауап берген сұраққа ұпай беріледі.Ең аз ұпай жинаған сйыскер ойыннан ығады.

Ч.Дарвин – эволюцияның негізін қалаушы.

Р.Гук- жасушаны ашқан ғалым

К.Линней – жүйелеудің негізін қалаған

Н.И.Лунин – витаминдерді ашты

И.И. Мечников – фагоцитоз теориясын ашты

У.Гарвей – қан айналым шеңберін ашты

 

Этология – мінез-құлық туралы ғылым

Маммология –сүтқоректілерді зерттейді

Герпетология- жорғалаушыларды зерттейді

Бриология- мүктерді зерттейді

Гистология – ұспалар туралы ғылым

Генетика – тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейді.

5 кезең «Терминдер аукционы»

Қатысушылар таңдаған саласы бойынша термин сөздерді жазып шығады. Әр жазған сөздеріне ұпай беріледі.Ең аз ұпай жинаған сайыскер ойыннан шығады.

 

Ихтиология, орнитология, урология, микробиология, физиология, микология.

6 кезең Суретпен жұмыс

Қалған сайыскерлер берілген сурет бойынша жұмыс істейді.

Қайсысы білгір, білімді,

Талабына қарайық.

Кімдер зерек, кімдер жылдам?

Таланттарын табайық.

Әділқазы алқасы сараласын бағалап

Кім жеңеді сайыста

Анықтайық даралап, -дей келе сөз кезегін әділ-қазылар алқасына берейік.

«Жас биолог» сайыс сабағымызды тамашалағандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

                           

 

 

 

Өлеңді орта мектебі

 

 

 

 

Тақырыбы:

«Жас биолог»

8-9 сыныптар

J0232988

                                   Биология пән мұғалімі: Буханова Гүлзада Бақытқанқызы

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Жас биолог» интеллектуалды сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 622 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Тест для 9 класса по теме: Организменный уровень. Способы размножения. Типы деления клеток. Гаметогенез. Онтогенез.
  • Учебник: «Биология. Введение в общую биологию и экологию», Каменский А.А., Крискунов Е.А., Пасечник В.В.
  • Тема: Организменный уровень
  • 31.01.2018
  • 2037
  • 6
«Биология. Введение в общую биологию и экологию», Каменский А.А., Крискунов Е.А., Пасечник В.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2018 773
    • DOCX 48.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Буханова Гульзада Бакыткановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19812
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 490 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 459 человек из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 179 человек

Курс повышения квалификации

Составление и использование педагогических тестов при обучении биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 95 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 15 человек