Инфоурок Другое ПрезентацииЖасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

Скачать материал
Скачать материал "Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

    1 слайд

    Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық

  • Жалпы, жасөспірімдер арасындағы адам айтқысыз ауыр қылмыстар толастамай...

    2 слайд

    Жалпы, жасөспірімдер арасындағы адам айтқысыз ауыр қылмыстар толастамай тұр. Бұл мәселені тек шырқы бұзылған отбасылардың көбеюімен ғана емес, балалардың соңғы кездері шекара дегенді білмейтін, бала жүрегіне қатыгездікті дарытуға себеп болатын адамды қинау мен азаптап өлтірудің эпизодтарын қамтитын сорақы компьютерлік ойындарға деген ықыласымен байланыстыруға болады. «Атып кетті, шауып кетіпті, өртке оранды, басын жарып, көзін шығарды» тақырыптас анимациялық фильдер мен кинолар да қылмыстың «жасаруына» өз үлестерін қосуда. Онымен қоса санай беріңіз: арақ-шарап, есірткі, темекі, түнгі клубтар, ойын автоматтары, маскүнемділікке салынған ата-ана...
          Бүгін жастарға толығымен ерік берілген. Не істеймін, қайда барамын демейді. Қалтасында ақшасы, астында темір тұлпары бар. Өмірлерін біршама белсенді өткізуге де «жағдайлар» жасалынған, яғни «әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ» – түнгі клубтар, ойын-сауық, би кештері. Осыдан кейін баласының бұзақылық жасағандығын көрген ата-ана «қай жерде қате жібердік» деп қынжылады. Бірақ кеш.
    Отбасы мүшелері баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін адамдарды қадағалап, тексеруді міндетіне алғандары жөн. Мамандардың айтуына қарағанда, кей уақыттарда балаға біраз қатал қараудың маңызы зор. Ал көбіне түсіністік танытып, жастардың бойына сыйластық, сенімділік сезімдерін дарыту да артық болмас. Себебі ата-ана қамқорын, достық ниетін көріп өскен ұрпақ ер жеткенде өзгеге де осы көзқараспен қарайтындығы белгілі.

  • Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің тағы бірі – тұрақсыз отбасылық жағдай...

    3 слайд

    Қылмыс жасауға итермелейтін себептердің тағы бірі – тұрақсыз отбасылық жағдай. Яғни, түтіні түзу шықпаған жанұяда өскен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтар. Отбасындағы толассыз ұрыс-керістен көз ашпайтын балалар бұзақылыққа жақын болып келеді.  Жасөспірімдер ата-анасының қамқорлығы мен қадағалауынан тыс қалады.
    Жас өспірімдерді заң бұзушылыққа, қылмыс жолына итермелейтін фактордың бірі – зиянды заттарды қолдану. Қылмысты ішімдік және есірткі заттарының әсерінен жасайтындар көптеп кездеседі. Яғни, есірткі мен ішімдікке әуестік және қылмыс бір-бірінен ажырағысыз ұғымдар десе де болады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, ағымдағы жылдың бірінші жартысында жасөспірімдер қолымен өзге адам меншігін ұрлау фактісі бойынша – 56, тонау – 31, бұзақылық – 4, қарақшылық 4 жағдай және заңсыз автокөлікті айдап кету әрекеті бойынша 9 заңбұзушылық тіркелген екен. Оның ішінде 16 фактісінде күдіктілер қылмысты «тентек суға» тойып алу салдарынан жасаған.

  • Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлық, ме...

    4 слайд

    Зерттеу нәтижесіндегі себептердің бірі – балалық шағынан бастап қамқорлық, мейірімділіктің жетіспеушілігі. Кей жағдайларда заң бұзушылық іс-әрекетке эмоционалды жағынан сау балалар; тек кері, қате тәрбиеленгендер баратыны да кездеседі.
    Алдын алу үшін жасалатын шаралар:
    - Жасөспірімді қоғам жағынан қадағалау қажет. Отбасы жасөспірімдік қылмыстың алдын алуға мүмкіндік беретінін естен шығармау қажет. Себебі, көбінде жанұя қоғамдық қадағалауды жүзеге асырады. Қадағалаудың екі түрі бар. Біріншісі, тікелей қадағалау – бұл сыртқы болып табылады, оған шектеулер және жазалаулар жатады. Ата - аналары баланың уақытында сабақтан келуін, жолдастарымен қарым-қатынасқа түсетін кіші топтарды қадағалап, тексеруі жатады. Сонымен қоса уақытында баланы жазалап, көмектеседі. Екінші түрі, көмекші қадағалау – бұл сыйластық және махаббат. Жасөспірім ата- анасына және басқа да адамдарға осы сезімдерді сезінеді. Олардың тәрбиесі мен іс-әрекетін махаббат басқарады. Ата-анасына және басқа адамдарға махаббат, сыйластықпен қараған бала көп жағдайда қылмысқа бармайды. Себебі, жасөспірімдерге үміт артып,сенетін адамдарды ренжітіп, көңілін қалдырғысы келмейді.
    - Жасөспірімдер сабақтан тыс өте көп уақыттары бар. Сондықтан қазіргі кездегі “дворлық клубтарды” әрі қарай дамыту керек. Бос уақытын босқа жібермей спортпен шұғылданып, пайдалы іс- әрекеттермен айналысу керек.

  • Мектепті көрмеген ата-ана бар
     Алдымен тәрбиенің отбасынан басталатындығы...

    5 слайд

    Мектепті көрмеген ата-ана бар
    Алдымен тәрбиенің отбасынан басталатындығын естен шығарып алғандаймыз. Тәрбие жөніндегі жіберіліп жатқан қиғаштықтарды бір-бірімізге асыра салуға әуестік бар. Баласы бұзақылық жасаған ата-ананың жұмыс орнында жалақысы қиылады немесе сыйақысы берілмейді. Мекеме басшыларымен келісіп, осыны қолға аламыз деп басқосуларда жиі даурыққанымызбен, бұл талап та орындала бермейді. Әкелері 15 күндік немесе бір айлық вахталық жұмысқа кетіп, шешелері ұсақ-түйек саудамен айналысып базарда жүргенде балаларға тәрбие беру мәселесінің сырт қалуы да жиі. Балалардың көзінше арақ ішетіндер көп. Немесе бос уақытын дырду-думанмен өткізетіндер жиі кездеседі.
    Кәмелетке толмағандар құқығын қорғау жөніндегі комиссияның мәліметі бойынша, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырған 8 ата-анаға қатысты жадығат жолданып, тиісті шаралардың алынуы осының дәлелі. Бұлар құқық қорғау органдарының есебіне алынғандары ғана. Ал бұлардың есебіне кірмей, азып-тозып жүрген отбасылардың бар екендігін кімнен жасырамыз?
    «Атаға қарап ұл, анаға қарап қыз өседі». Мұндайлар көбейіп барады. Тіпті бесіктен белі шықпай жатып, «мама», «папа» атанушылардың жиілей бастауы тәрбиеге салғырт қарауымыздың салдары емес пе екен?
    Ата-ана мен мектеп арасындағы байланыстың босаңсып кетуі қауіптендіреді.

  • Валентин күні қандай күн?!. немесе Ислам дінінде махаббат бар ма?

    6 слайд

    Валентин күні қандай күн?!. немесе
    Ислам дінінде махаббат бар ма?

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 015 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2017 4139
    • PPTX 54 кбайт
    • 32 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Боранбаева Гульжан Усенбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12249
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой