Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Жастар - жарқын болашағымыз"

"Жастар - жарқын болашағымыз"

Скачать материал

Жастар – жарқын болашағымыз

Тәуелсіздігіміздің әр жылы ғасыр­ға бергісіз тарихи ке­зеңдер. Себебі, өткен ке­зеңнің әр жылында, әр кү­нін­де еліміз үшін, оның бо­ла­шағы үшін аса маңызды қан­шама ше­шімдер қабыл­да­нып, қаншама айтулы тарихи оқиғалар жүзеге асты.

Бабалардан мұраға қалған жердің иесі, егеменді елдің ертеңі – жастар осы қол жеткізген табыстар мен жетіс­тік­те­ріміз­ді, әрине, тек мақтан тұтамыз. Біз, жастар қазақстан­дық­тардың азаттық рухында тәрбиеленген, болашағына нық сеніммен қарайтын жаңа буынын құраймыз.

Елдің жарқын болашағының тірегі – жалынды жастар
Аспанмен таласқан, аппақ қармен жамылған, таудың баурайын безендірген, сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, сыңғырлай аққан бұлақтар, көкжиекке дейін созылып жатқан ата-бабамызға ежелден бері қоныс болған кең дала – менің атамекенім. Ол – шексіз көк аспанда самғап, қанат жайған қыран сияқты жас мемлекет.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің.

Нендей күйге жүрегімді бөледің

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем.

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім, – деп Қасым Аманжолов жырлағандай тәуелсіз елдің ұланы екенімді мақтан етемін, егемен елімнің ертеңіне, жарқын болашағына деген азаматтық жауапкершілікті сезінемін. Иә, әрбір азамат өз Отаны үшін жанын қиюға, Отанды қорғауға міндетті деп ойлаймын. Тәуелсіз елім, жерім, Отаным деп атқа қонып, қолына найза ұстап өткен батыр бабаларымыздың алдында бүгінгі ұрпақ – біз қарыздармыз. Олар ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап келген кең байтақ қазақ жері – өз ұрпақтарына қалдырған мұрасы, тапсырған аманаты. Сол ата-бабаларымыздың аманатын атқарып, жері мен байлығына ие болу, тәуелсіз елдің дамуына үлес қосу біздің борышымыз. Қазақтың жарқын болашағын жасау міндеті біздің мойнымызда, ол тек білім мен қабілетті жастарды ғана емес, рухани тірегі бар, намысы тасыған, рухы өр, жігері мол жастарды қажет етеді.

Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекшелiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – оқу орны.

Атаңның баласы болма, Адамның баласы бол деп айтқан, дана халқымыз жастайынан балаларына «үлкенге – құрмет, кішіге-ізет» деп тәрбиелеген. Бүгінгі күні де бұл қағида өзінің жалғасуын табуда.

Жастарды – Тәуелсіз Қазақстанның болашағы етіп қалыптастыру мақсатында, МГЭАБ колледжінде «Жастар тәрбиесі – жастардың тағдыры, ұлт тағдыры» атты апталық өткізілді. Апталықтың алғашқы күнінде «Тізгінсіз тентек торға түседі» тақырыбындағы ата-аналарға арналған тренииг-семинарға колледж оқушыларының ата-аналары белсенділік танытты.

Елбасының халыққа биылғы Жолдауында алға қойылып отырған мақсаттардың бірі - халықтың дене шынықтырумен, спортпен жаппай айналасу керектігін ерекше назар аударып, оған жағдай жасау қажеттігін атап өтті. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың денсаулығын арттыру шараларын жүзеге асыру колледж ұжымына үлкен міндеттер жүктейді. Осы міндетті шешуде атадан-балаға мирас болып келе жатқан қазақтың ұлттық спортын дамыту жолында кешенді шаралар атқару көзделуде. Cоған орай, апталығымыздың екінші күнінде «Отан байлығы – жастар саулығы» Кіші фудболдан бөлімаралық жарыс ұйымдастырдық. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отан сүйгіштік сезімін күшейту, ұлттық рухы күшті ұрпақ тәрбиелеуде  спорттың тигізер пайдасы зор.

Ұлы ойшыл данышпанымыз Абай атамыз өскелең ұрпаққа «талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым – бес асыл іс көнсеңіз» дегенді ХХI ғасырдың балалары жүзеге асырып жүргендері бізді, ересектерді, қуантады. Апталықтың келесі күні «Қазақстанның болашағы – жастар!» тақырыбында топаралық шығарма байқауы өткізілді.

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушылары. Соған орай «Біз тәуелсіз Қазақстанның ұл-қызымыз!» тақырыбындағы жергілікті мектеп оқушыларының қатысуымен болған салтанатты жиын өткіздік.

Мектеп оқушыларының қатысуымен өткен бұл отырыс өз деңгейінде өтіп, сұрақ-жауап, пікірталасқа ұласты. Жақсы дайындықпен келген оқушылар өз пікірлерін ортаға салды. Қазақ тілінің деңгейін өзге ұлт өкілдері де асқақтатты. Ауылдардан келген оқушы жастар да шығармаларын, өлеңдерін оқып, ел болашағына бірге жол салатындықтарына сенім білдірді.

Алдымызда кездесетін талай асу белестерге қол жеткізуіміз үшін, еш қиындықтарға іркілмей, тек қана алға қарай жылжуымыз керек. Осы мақсатта, біз колледжде «Тәрбиесі келіссе қиын бала болмайды» тақырыбында Ұстаздардың және жетекші мамандардың қатысуымен семинар-тренинг өткіздік.

Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен.

Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.

Тәуелсіздік – мемлекетіміздің ең басты игілігі, бағалы құндылығы.
Ел болашағы – жастар. Тәуелсіздіктің тамырын тереңге бойлатып, Қазақстанды мықты, іргелі елге айналдыру - жастардың қолында.

Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Жастар - жарқын болашағымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Художественный руководитель

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.02.2018 2656
    • DOCX 17.3 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманбердиев Даурен Анарбекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16710
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 43 человека

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 226 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе