Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Жеңіс туы, желбіре!

Жеңіс туы, желбіре!


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:



Жаңақала жалпы білім беретін орта мектебі



Сыныптан тыс шараның тақырыбы:

« Жеңіс туы, желбіре! »



Сыныбы: 7 «ә»

Сынып жетекшісі: А.Б.Султангалиева.





2015 жыл













Тәрбие сағатының тақырыбы: Жеңіс туы, желбіре !

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды соғыс тарихымен таныстырып, Жеңістің мазмұнын ұғындыру,елін,жерін жаудан қорғауға тәрбиелеу,батырлардың өмірін үлгі ете отырып патриот болуға шақыру.

Көрнекілігі: Бильборд,слайд ,соғыс фильмдерінен үзінділер т.б.

Барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар! 7 «ә» сыныбында өткелі отырған Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс туы,желбіре!» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Слайд

Жүргізуші: Екінші жаһан соғысының қайғы-қасіреті,зардабы әр қазақ отбасының шаңырағын шайқалтты.Ұлдарын қан майданға аттандырып,елде солардың тілегін тілеген талай ата-аналардың қабырғасы қайысып,белдері бүгілді. /Шымылдық сыртынан оқылады/ Музыка жүреді. / Мамыражай ауыл өмірі,сценада жайлаудағы үйдің көрінісі,Сарыарқа көрінісін көрсететін әуен немесе күй ойнап тұр.Үй алдында қазан –ошақ,келіндер /Нұрзада,Аңсаған/бауырсақ пісіріп жатыр,қыз бала-лар /Райхан, Жанерке/көмектесіп,кесілген бауырсақ тасып,нан кесіп мәз.



Назерке шелекпен сүт сауып,ауыл балалары/Бекзат,Орынғали,Әділхан,Ерсінбек,Нұрлыбек/асық ойнауда/

Ауылдан көп ұзамай шөп шуып жүрген шаңырақ иесі –Ернұр.

Кенеттен радиодан «Тыңдаңыздар»деген суық хабар естілді.Барлығы үрпиісіп басын көтерді.

Радиодан: Бүгін 1941 жылдың 22 маусымы таңсәріде фашистік Германия Кеңіс Одағына опасыздықпен шабуыл жасады.Тыңдаңыздар дегенде ...бәрі таңырқаған күй көрсетеді.Барлығы: -Не болды?Апа,не болды? Осы кезде шымылдық сыртынан жүргізуші: Төнгенде қатерлі күн,қара тұман, Аяққа шырмалғанда шұбар жылан. Ту ұстап,тұлпар мініп ел қорғауға Азамат па аттанбаған.

Осы жерде шелегін тастай сала Назерке апа: - О! Сұмдық! Не дейді! Қария ана /Жарқынай/: таяққа сүйене кіреді Назерке:-Жеңеше,естідің бе бұл сұмдықты,не дейді? Жеңеше: Естідім Күлпашжан,суық хабар жатпас болар.Елдің үлкені болған соң,тым болмаса сөзім медет болсын деп басу айта келдім. «Көппен көрген ұлы той»деген.

Күлпаш: -Жеңеше-ау!Құдайдан бір,адамнан екі сұрап алған жалғызымды аттандырып,аңырап қалсам не болғаным.Өзегім өртеніп кетті-ау! /жылайды/

Жеңеше: Сабыр Күлпаш.Ел басына күн туғанда ешкімжай жатпас .

Күлпаш: Жеңеше-ау,азаматтарымыздың жеңіспен оралуынан басқа не істейін! Маңдайға біткен жалғызды құдайдан тіледім /жылайды/ Жеңеше: Сабыр.Қазақ небір зұлмат заманды басынан өткермеді дейсің.

Естеріңде болса,31-32 жыдары жазықсыз қырылғанда,37-38 жылдары халық жауы атанып тентіреген де қазақ емес пе еді!..

Біз қазақ күрескенбіз де, жеңгенбіз де, жеңеміз!

Осы кезде «Свещенная война»музыкасы ойналып,слайдтан соғыс көрсетіліп ,азаматтар соғысқа аттанғалы үй-іштерімен қоштасып жатады

Қыз бала/Аяулым/ағасына: -Аға,аман-есен оралуыңды тілеймін.Аттанар шақта туған өлкеңді еске түсірші,оны сүйетін едің ғой.Бүгін сол махаббатты іс жүзінде көрсету керек болып тұр,аға.

Ағасы: Сол Отан бүгін қауіпте тұр.Қарындасым, жасыма!

Қыз: -Аға, біз сізді сағынамыз,хат жазып тұрыңыз.

Асыл: -Әке,әкетай! Анамыз екеуміздің қолымыздан келер ештеңе жоқ,еткен еңбегіміз күш-қуат берсін!

Әкесі Ернұр: - Жаман солдат болуға қақымыз жоқ.Біз Исатай мен Махамбеттің ұрпағымыз.Біздің фашитті жеңеміз.Серт осы болсын!

Аттанып кетеді.Енді сахнада атыс,бомба даусы музыка арқылы беріледі. Ауыл адамдары май шам жарығымен майданға киім дайындайды.

Бір мезет тыныштық.Солдаттар блиндажда мылтық тазалап отыр.Барлаушы осы кезде дүрбімен жан-жақты шолып келеді.

Барлаушы: -Жолдас лейтенант әзірше тыныштық

/Алишер/ Лейтенант: -Гранаталарың бар ма?

Солдаттар: -Үлкенінен екеу бар.

Лейтенант: -Қаза тапқандардың қаруын жинап алыңдар.

Солдаттар: -Лейтенант бізге көмек келмей ме ? Қиын болып барады-ау. - Лейтенант: Жолдастар біз жақсы достарымыздан айырылдық. Достармыздың қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске ант етеміз! Мына тыныштықты пайдаланып,дайындық жүргізейік!

Солдаттар:Әншейін сұрағанымыз ғой,шыдармыз

Тыл еңбеккерлері: Назерке: -Бөпем,бөпем,бөпем-ай, оу

Көкең қашан келеді-ай,оу! /бала тербетеді/

Гүлсезім: /Жүн түтіп,жіп иіріп,тоқыма тоқыған қыздар/ Ойбай-ай, мына сұрапыл соғыс қашан тынады екен...Аспан мен жердің арасы көк түтін

Гүлдерайым Қызының сұрақтарына –Бәріде майдан үшін,бәрі де жеңіс үшін деп жауап береді.

2-3 апа,ата орақ орып жүреді Сұрапыл соғыс,атыс, мина дауыстары Лейтенант:-Тез орындарыңа!Ұрысқа дайындалыңдар . Соғысады. Б.Момышұлы ұрыс даласында фильмнен үзінді көрсетіледі

Фильм тоқтаған кезде жаралы солдаттың /Нұрлыбек/аузына су тамызып отырады .Нұрлыбек:

Жолдасым менің, Көптен көп сәлем Қимадым сені. Туған анама. Көміп кет мені Осы далаға . / Солдат сылқ құлайды / Сәлемді жеткіз Байғұс әкеме.



Жаралы солдаттар бір-бірін алып келе жатқанда «Соғыстан қайтқан солдаттар» әні орындалады.

Өтіп жатқан солдаттардың бірі қара қағаз беріп кетеді. Келіні: Қос шынармыздың бірі Әлиядан да айырылған екенбіз апа! /Жылайды/

Ән: «Әлия» орындайтын Тлекқабул Аида

Би: « Катюша»

Мәңгілік алу маңына гүл шоқтарын алып «День победы»әуені ойналып тұрады Арман,Назерке өлең оқып гүл шоқтарын қояды.

Хор«Жойылсын соғыс»

Жүргізуші: Бастан кешті жан шошырлық кесірді ел,

Уа, өлілер, кешіріңдер, кешіңдер!

Барлығы: Өшпейсіңдер,көшпейсіңдер көңілден

Құлпытасы қойылмаған есімдер...

«День победы» сазымен шығып кетеді.

Мұғалім: «Ұлттық патриотизм-қанмен ,тектілікпен бірге келетін,тәрбие барысында нығайып,бекитін,елін,Отанын,туған жеріне деген сүйіспеншілік сезім»-деп ғалымдарымыз айтқандай,сендерде елін сүйетін,Отанынның игілігіне үлес қосатын,мақтанышпен айта алатындай азамат болуларың керек.











C:\Users\User\Desktop\70жылдыққа арн.тәрбие сағ фотолары\IMG_20150217_094944.jpg

C:\Users\User\Desktop\70жылдыққа арн.тәрбие сағ фотолары\IMG_20150217_095204.jpg

C:\Users\User\Desktop\70жылдыққа арн.тәрбие сағ фотолары\IMG_20150217_095104.jpgC:\Users\User\Desktop\70жылдыққа арн.тәрбие сағ фотолары\IMG_20150217_100455.jpg












Краткое описание документа:

Тәрбие сағатының мақсаты: Оқушыларды соғыс тарихымен таныстырып, Жеңістің мазмұнын ұғындыру,елін,жерін жаудан қорғауға тәрбиелеу,батырлардың өмірін үлгі ете отырып патриот болуға шақыру.

Көрнекілігі: Бильборд,слайд ,соғыс фильмдерінен үзінділер т.б.

Барысы: Жүргізуші: Құрметті қонақтар! 7 «ә» сыныбында өткелі отырған Тарих қойнауында ерлік пен елдіктің ерен рухын паш еткен Жеңістің 70 жылдығына арналған «Жеңіс туы,желбіре!» атты сыныптан тыс шарамызға қош келдіңіздер!

Автор
Дата добавления 15.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров387
Номер материала 284137
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх