Инфоурок Другое Другие методич. материалыӘжелер сайысы. "Ал,қанекей әжелер".

Әжелер сайысы. "Ал,қанекей әжелер".

Скачать материал

Тақырыбы: «Ал, қанекей Әжелер!» сайысы.

Мақсаты: Жас ұрпақты ата - баба дәстүрімен тәрбиелеу. Әже тәрбиесін үлгі ету. Әжелер айтқаны асыл екенін, әрі олардың өнегесін күнделікті өмірде пайдалану. Әжелер өнегесінің ерекшелігін ашу. Баланы кішіпейілділікке, қарт адамдарды құрметтеуге үйрету.

 

Сайыстың жүру тәртібі;

1. Ұйымдастыру. Тәрбиешінің кіріспе сөзі.

2. Әже мен немерені таныстыру

3. Әділ қазылар алқасын таныстыру

4. Сайыстың шарттарымен таныстыру

5. Сайысты қорытындылау.

 

Армысыздар құрметті қонақтар, Әжелер, аналар сүйкімді қыздар көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!

Бүгін наурыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның Анаға айтар лебізі - деп біздің балабақшаға қош келдіңіздер!

Балалар: Мерекелеріңізбен сүйікті аналар, ардақты әжелер, құрметті апайлар!

Ардақты да асыл әжелеріміздің өнерін үлгі етуге арналған «Ал, қанекей, Әжелер!» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әже деген көп шығар

Әжемдей менің жоқ шығар

Мейірімді ол кісі

Қандай ғажап күлкісі - дей отырып ортамызға сайысқа қатысушы әжелеріміз бен немерелерін ду - қол шапалақпен ортамызға шақырайық!

1. Бізге әркез тілекші боп жүретін, қуанышымызға ортақ бола білетін Мадияр мен Еркеназдай ботақандарымыздың асыл әжесі көп балалы ардақты ана Мария әжейді қарсы алыңыздар!

2. Өзі сондай әдемі, күндей күліп жүреді. Жаннұрдың әжесі сүйкімді, балабақша қызметкерлерінің бәрі біледі, деп Жаннұрдай немересімен Тұрсын әжейді қошеметпен қарсы алайық!

3. Әже біздің күніміз

Әжемнің біз гүліміз

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз,- дей отырып Еркеназдай ерке немересімен Алтынгүл әжейді ортаға шақырамыз.

4. Немере қамын ойлай жүретін балажан әже Гүлназдың күн әжесі, нұр әжесі, асыл әжесі Рая әжейді ортаға шақырамыз!

5. Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді

Барған сайын бір жаққа

Кәмпит алып келеді - деп Дильназдың әжесі әжейді немересі мен ортаға шақырамыз!

Кім жеңеді сайыста үміт алда,

Қобалжу бар жүректе күдік барда

Әділ - қазы алқасы атыңды ақта

Жүректерге арман мен бақыт жолда.- деп әділ - қазы алқасымен таныстырамын.

1. Біздің «балапан» тобының Әйгерімнің атасы Сансызбай ата.

2. Балалар кітапханасының директоры Жалғасова Рая апай

3. Ағылман Айсәуленің әжесі Сақып әже.

4. Біздің балабақша меңгерушісі Достанова Әсел Жангелді қызы

 

Енді сайысымыздың шартымен танысайық

1. Өзін, өз отбасын таныстыру

2. Өнер сайысы қазақша ән немесе би

3. Салт - дәстүрден көрініс. Бесікке салу немесе тұсау кесу.

4. Қолөнер сайысы. «Мен әжемнің баласымын»

5. Ою оя білесіз бе?

6. Ұлттық тағам көрмесі

7. «Сыр сандық»сұрақ - жауап сайысы.

Құрметті қонақтар келесі кезекті балаларымыздың аналарына арнаған құттықтау әндеріне берейік.

Ән: Құттықтаймын мама туған күніңмен!

1 - Кезең Әжелеріміздің алғашқы кезеңі «Таныстыру»

Әжем болса қасымда

Көтеріңкі көңілім

Алтын әжем тілекші

Немерелер өмірін.- деп әжелеріне арнап балалар тақпақтарын айтады.

 

2 - Кезең «Өнер сайысы»

Әжелеріміздің өнерін тамашалайық.

Би билегім келеді,

Бірақ қалай бастаймыз - деп «Балапан» биі орындайтын «Балапан» тобының қыздары.

 

3 - кезең Ұлттық салт - дәстүрден көрініс.

Анам мені тербетіп,

Өсіп кеттім ержетіп

Сол бесігім үйімде

Сақтаулы тұр төрімде.- деп бесікке салу немесе

Жолың болсын деселік

Жолыңа нұр төселік

Жарылқасын алдыңнан

Тұсауыңды кеселік.- деп тұсау кесу рәсімі жасалады.

 

Әлпештеген баласын,

Ана - бақыт ана жыр,

Әркім сүйіп өзінің

Мақтан етер анасын.- деп аналарға арналған өлең – тақпақтарын айтады.

4 - кезең Қолөнер сайысы «Мен әжемнің баласымын»

Би: Наздананың орындауында «Шығыс биі»

 

5 - кезең. «Ою оя білесіз бе?»

Әжелерге қағаз қайшы беріледі. Ойған оюларын айтып түсіндіреді.

Ұлдарымыз қыздарға арнап дайындаған сыйлықтарын ұсынады.

6 - кезең. «Сыр сандық» сұрақ жауап сайысы. Әр әжеге 1 - билеттен беріледі, 1 - билетте 3 сұрақтан жазылған.

Сұрақтар; 1 - билет

1. «Тілашар» қай кезде жасалады.

2. Дастархан басында қандай ескертулер жасалады.

3. Ұйқасын тап: Өзінше ноян, қорқақ кім?....

2 - Билет

1. Жеті ата қалай аталады?

2. Немерелеріңізге ертегі айтып бересіз бе?

3. Ұйқасын тап: Үні ғажап дүлдүл, бақта сайрар....

3 - билет

1. Үш арсыз қалай аталады?

2. Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелеген?

3. Ұйқасын тап: Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....

4 - Билет

1. Бес парыз қалай аталады?

2. Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?

3. Ұйқасын тап: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен,

Теріп - теріп алайық.

Қалтамызға......

5 - билет

1. Базарлық деген не?

2. Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ата

3. Ұйқасын тап: Аю отыр партада

Екі қолы қалтада

Апай сабақ сұраса

Ұйықтап қалды........

Енді ортаны ашайық

Інжу маржан шашайық

Ән мен биді шалқытып.

Айнелдің биін тамашалайық!

Жиналған халық таңғалсын

Өнерден күмбез жасайық!- деп Айнелдің орындауында қазақ биі.

7 - кезең. Ұлттық тағам көрмесі.

Әжелеріміз қандай ұлттық тағам дайындаған екен, ортаға шығарып таныстырайық.

Қорытынды бөлім.

Әділ қазылар алқасына сөз беріліп,

Әжелерімізге сыйлар, номинациялары беріледі.

1. «Білгір әже»

2. «Мейірбан әже»

3. «Алтын оймақты шебер әже»

4. «Бұлбұл әнші әже»

5. «Балқаймақ әже»

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әжелер сайысы. "Ал,қанекей әжелер"."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.11.2016 4142
    • DOCX 20.3 кбайт
    • 34 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтекова Салтанат Аскарбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 131046
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой