Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Жұман Айдарханның сақтар атты рефераты үшін марапатталды
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 15 ДЕКАБРЯ!

Конкурс "Я люблю природу"

Жұман Айдарханның сақтар атты рефераты үшін марапатталды




Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов



«Ш.Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебі»











Реферат «Сақтар туралы дерктемелер»









Орындаған Жұман Айдархан

Тексерген: Успанова Г.А













Сақтар

Сақтар – б. з. б. 1-мыңжылдықта Орта Азия мен Қазақстан, Шығыс Түркістан жерін мекен еткен ежелгі тайпалар. Бұларды грек тарихшысы Страбон «азиялық скифтер» деп жазды. Рим жазушысы үлкен Плиний де осылай деген. Оның жазуынша скифтерді парсылар «саға» («сақа», «сақ» аты осыдан шыққан) дейді.
Мазмұны
1 Қоныстанған жерлері
2 Соғыстары
3 Сілтемелер
4 Пайдаланылған әдебиеттер

Қоныстанған жерлері
Ахемендік Иранның сына жазу ескерткіштерінде Сақтар үш топқа бөлінеді. Олар: хаумаварға Сақтар (хаому шарабын ішетіндер немесе амюрийліктер); тиграхауда Сақтар (шошақ бөріктілер); тьяй-парадарая Сақтар (теңіздің арғы жағындағылар). Бұлар Орта Азияның оңтүстігін, Арал теңізінің төңірегін, Сырдария бойын, Жетісу алқабын мекендеген. Сақтар одақтарына яксарт, массагеттер, исседон, дайлар, астақ, қамақ, аримаспы сияқты көптеген көне тайпалар біріккен. Бұлар Кавказ тауын «Қаз» тауы деп атаған. Сақ жерінде Яксарт (Сырдария), Оксус (Өкіссу – Әмудария) үлкен өзендер болған. Сырдарияны Бақтиярлар (бактрлар) Яксарт, ал Сақтар Сілес (Сіле, Сілеті) деп атаған. Сақтардың б. з. б. мәдениетті ел болғаны туралы дерек мол. Археологтар Қазақстанның оңтүстік ауданы мен Қырғызия, Тәжікстан және Алтай жерлерінен Сақтар тайпаларының қорғандары мен обаларын тапты.
Соғыстары
Көне жазбаларға қарағанда Ахемен әулетінің патшалары Кир ІІ, Дарий І Сақтардың әр түрлі тайпаларымен жауласып, бірде жеңіп, бірде жеңіліп отырған. Сақтар парсы әскерінің құрамында грек-парсы соғыстарына қатысты, Ахемендердің әскери құрамында қызмет атқарды. Александр Македонский, кейіннен Селевкилер де Сақтарға қарсы соғысты. Б. з. б. 2 ғ-дың орта шенінде көшпелі тайпалардан ығысқан Сақтар соғыса отырып Дрангиан жеріне орын тепті де, бұл араны Сакастан атады (бүгінгі Иран, Ауғанстан жеріндегі Сейстан). Бүгінгі Орта Азияның, Пәкстанның, Ауғанстанның, Солтүстік Үндістанның жеріндегі С. б. з. б. 1 ғ-дың ортасына дейін-ақ жергілікті халықтармен сіңісіп кетті. Сақтар тілі 10 ғ-ға дейін сақталды. Бүгінгі түркі халықтарының тілінде «сақ» сөзі жиі ұшырасады. Мәселен, якуттардың өздерінше атауы сыха, қазақта: сақа адам, сақшы, сақ сөздерінің сақталуы да бұлар Сақтардың ұрпағы екенінің бір
дәлелі.





















«Ш.Уәлихан атындағы жалпы білім беру орта мектебі»









Реферат «Сақтар »









Орындаған Туканов Руслан

Тексерген: Успанова Г.А















САҚТАР — ерте темір дәуірінде Қазақстан, Таулы Алтай, Орта Азия, Солт. Үндістан, Ауғанстан өлкелерін мекендеген тайпаларға байланысты көне дәуірден жеткен жазба деректер арқылы танымал жалпылама атау. Сақ бірлестіктері туралы мәліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) антика дәуірінің авторлары (гректер) — Геродот (б.з.б. 5 ғ.), Ксенофонт (б.з.б. 6 — 5 ғ-лар), Птоломей (б.з.б. 2 ғ.), т.б. жазба деректері; 2) ахемен әулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы, т.б.). Ішінара Қытай деректерінде де “се” тайпалары аталады. Жазба деректерде кездесетін “сақтар” және олардың түрлі тайпаларының атауларына байланысты мәліметтер  қысқа, үстірт айтылғандығымен ерекшеленеді, толық, неғұрлым көлемді сипаттамалар жоқ. Парсы жазбалары тұрақты түрде “сақ” атауын қолданса, грек деректері бұл тайпаларды “Азия скифтері” деп атайды. С. Қара т. бен Днепр бойындағы “скифтердің”, Төм. Еділдегі “савроматтардың”, Кир мен Дарий І уақытындағы парсылардың, Геродот, Александар Македонский уақытындағы гректердің замандастары болған. Олар көне парсылармен тығыз байланыс жасап, б.з.б. 6 — 5 ғ-ларда парсылардың Ахемен әулеті билеген мемлекеті құрамына кірген. Ғылымда С-дың үш үлкен тобы туралы мәліметтер (көне парсы деректері бойынша) кеңінен қолданылады. Бұлар: хаумаварга сақтары (яғни, хаома қасиетті ішімдігін пайдаланатын сақтар), тиграхауда сақтары (шошақ бөрікті сақтар), тиай-парадрайа сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар). Мұның алдыңғы екеуін Геродот амюргилер және ортокарибантилер деп атаған. Көптеген ғалымдар Жетісуды, Қазақстанның оңт. өлкелерін, Солт. Қырғызстан мен Шаш (Ташкент) өңірін тиграхауда сақтары мекендеген, сондай-ақ олардың қатарына Алтай тайпалары да кірген деп есептейді. Көне грек деректеріне сүйене отырып, басқа да сақ тайпаларының мекендеген орындары жайлы болжамдар жасалуда. Мыс., аргиппей, исседон сақтары Қазақстанның солт.-батысы, солт. және орт-ндағы өлкелерді, ал аримаспы сақтары шығыстағы өлкелерді мекендеген деп пайымдалады. Бір айта кететін жайт, мәліметтердің көлемі мен сапасына байланысты, көне жазба деректерде кездесетін сол дәуірдегі түрлі тайпалық атауларды толығынан талдап, орналастыру өте күрделі мәселелерге жатады. Көбіне сақ бірлестіктері сияқты шартты атаулар кеңінен қолданылады да, екінші сатыдағы нақты өлкелік атауларды пайдалануда неғұрлым байсалды тәсілдер пайдаланылады. Ғылымда Бехистун сына жазуында бейнеленген С-дың тиграхауда бірлестігіне жататыны, парсылардың ең алдымен осы тайпалармен қарым-қатынас жасағаны жайлы пікір кеңінен орныққан. Жартастағы бейнелер парсыларға тәуелді С-дың сыйлықтар әкеліп тұрғанын көрсетеді, ал олардың басшысы осы “шошақ бөрікті сақтардың” патшасы Скунханың өзі болуы мүмкін. Қазіргі тарих ғылымында парсы патшалары Кир мен Дарийдің Қазақстан жеріне келген бағыттары әлі толық анықталмаған, бірақ олардың сақтар мен массагеттерге қарсы жорық жасағаны, жалпы алғанда, бұл жорықтардың сәтсіз аяқталғаны тарихи шындық деп есептеледі. Тарихи зерттеулерге қарағанда, Кир әуелі сақтармен әскери одақта болып, Лидия патшасы Крезбен соғысқан. Одақты өзі бұзған Кир бұдан соң, б.з.б. 6 ғ-дың басында сақ-массагеттер еліне шабуыл жасаған және “шошақ бөріктілердің” табан тірескен қарсылығына тап болған. Дала жағдайында жауды әлсіретіп барып, өршелене тап берген сақтармен болған қиян-кескі шайқаста Кир әскері түгелдей талқандалады, оның өзі де қаза табады. Осы оқиға туралы баяндаған Геродот Ұлы Далада кеңінен тараған әңгіме ретінде сақ патшайымы Томирис жайлы атақты аңызды келтірген. Көнеден жеткен әфсана бойынша, қан майданда ержүрек ұлынан айырылып, жаны күйзелген Томирис шайқастан соң қан толтырылған торсыққа Кирдің басын салып, “сен осы қанды аңсап келіп едің, іш енді” деген екен. Бұдан кейін Дарий І-нің де б.з.б. 518 ж. сақтарға жорық жасағаны, бірақ оларды бағындыра алмағаны белгілі. Осы жорық кезінде әдейі парсылар жағына өтіп, оларды алдап, сусыз шөл далаға ертіп апарған сақ патриоты Ширақ жайлы аңызды грек тарихшысы Полиен жазып қалдырған. Орта Азия мен Қазақстан жерін жаулап алуға келген А.Македонский әскерімен аяусыз күрес жүргізген сақ қаһарманы Спитамен туралы деректер белгілі. Көне дәуірдің жазба деректерінде сақ тайпалары негізінен мал ш-н өркендеткен, жақсы қаруланған, ержүрек дала тұрғындары ретінде суреттеледі. Олардың киізбен жабылған үйлері, мыңғырған малы, соғысқа тым бейімділігі, әсіресе атты әскерлерінің теңдессіз шеберлігі айтылады. Сақтар жайлы түсініктер археол. зерттеулер деректерімен толыға түсті. Бүгінгі күнде С-дың түрлі ескерткіштері ашылып, олардың заттық мәдениетіне, жерлеу ғұрпына, өнеріне байланысты деректер ғылымға енген.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 13 декабря. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-160244
Курсы профессиональной переподготовки
133 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 13 декабря
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>