Инфоурок Другое СтатьиЖүрегімнің түбінде мұң бар...(очерк)

Жүрегімнің түбінде мұң бар...(очерк)

Скачать материал

Жүрегімнің түбінде мұң бар...

(очерк)

 

         Жарық дүниенің есігін шыр етіп ашқаныма, қыз бала болып туғаныма  қандай қуанышты екенімді білсендер ғой. Мен дүние есігін ашқалы мына әлемде жиырма бес көктем гүл жарып, жиырма бес қыс қаһарлы аязын төкті. Мына әлемді қайдам, жеке өмірімде талай бағым жанып, жұлдызды сәттерім мен сағым сынып тізе бүккен кездерімді айтайын. Өмір, өмір - заңы қатал, бағым жаңып, басым қалар. Қатал тағдыр балалықтың бал дәмін сездірмеді десем қате айтпаспын. Есімде жоқ баламын ғой, еміс-есім қана есімде қалыпты төрт немесе бес жасым болар, кешкұрым сәт, ойын баласы есік алдында жүгіріп жүрміз. Бір кезде көрші әйел анама сенің күйеуіңді қаладан көрдім дейді. Содан соң не болғаны есімде жоқ біз бір жиын тойда жүр екенбіз. Жо-жоқ ол той емес екен, әкем қайтыс болыпты, менің үстімде көйлек болған соң мен той екен деп мәз болып жүр екенмін ғой. Оны есейе келе бірақ түсіндім. Біз анамызбен нағашы ата-апамыздың үйінде тұратынбыз. Иә, мен қашан есейдім өзі, 1-сыныпты бітірерде, мамыр айының басында нағашы атам дүниеден өтті. Әлі күнге дейін көз алдымда қолып қойыпты сол кездегі біздің үйдің әуре-сарсаңы. Бір бұрышта жылап отырғанымды да білемін. Жұт жеті ағайынды дей ме, қазақ халқы, атамның өмірден өткеніне шыдамаған әжем де сол жылы қазан айында өмірден өтті. Мен ойын баласынан бірден есейіп, анамның қолғанатына айналып шыға келдім. Үй тірлігіне болысып, кеш батса ойынға жүгіретін кішкентай қыздан, қозы-лағын қораға қайыратын қызға айналдым. Бір күні анам екеуміз кешке қарай бөтен іздеп (ауыл тірлігі сол ғой кеш батса мал қайырып, жоғын іздейді), көше жаққа шықтық. Алдымыздан көршіміз де мал қайырып келе қалмасы бар ма. Анам екеуі алдыңғы жақта, бір сөзге келісіп жатты. «Қашанғы жалғыз жүресің, қыс болса міне, мына малды қалай қарайсың»...  Содан соң көп ұзамай үйге бір бөтен аға келе бастады. Біраз уақыттан соң бізбен бірге тұратын болды. Үй тірлігіне ер адамның қолы әрқашан керек қой, анама да оңай болғанын сездім. Қарапайым отбасы болып күн кеше бастадық. Мектепте оқып жүргенде әке деген тақырып мен үшін ауыр болатын. Мен үйімізде тұрып жатқан ағайды, әке деп атаған емеспін. Ал өз туған әкемді сағынып көрмеппін. Бірақ көрген жұрт әкесінен аумай қалған қыз дейтін,анама. Мен ол кісінің, әкемнің, бір ғана суретін көргенмін. Анам екеуінің тойдағы тілек бұрышында түскен суреттері.

Мен жазғы демалыстарымды анамның сіңілінің үйінде өткізетінмін. Жаз бойғы тірлікке болысып, күзде қолыма бір әдемі көйлек алып үйіме қайтатынмын. Жоғары сыныптарға көшкенде алдыма үлкен мақсат қойдым, қалай да болсын, ЖОО түсемін деп. Күн демей, түн демей ҰБТ-ға дайындалатынмын. Анам да көп үміт артты, себебі қаржылық жағдайымыз сондай мәз емес еді. Ана үміті ақталды, сыныптағы ең жоғары баллды жинап, бір марқайған көңілмен өзім қалаған қазақ тілі мен әдебиет пәні бойынша мамандыққа түстім. Оқуымды ел қатарлы оқып, алда мамандық бойынша жұмысқа тұру деген маңызды мәселе тұрды. Сол кезде мені тағдыр деген таусоғар Кереку өңіріне айдап соқты. Айтпақшы мен ұлылардың ұрпағы аяқ басқан Абай, Шәкәрім, Мұхтардай даналардың елінде дүниеге келгенмін. Шәкәрім университетін бітірдім. Туған жерім Толағай тауының бөктеріндегі Көкпекті деген аудан. Прииртышск ауылында қазақ тілі мұғалімі болып жұмыс жасаудамын. Менің мына ешбір танысы жоқ ауданда қалай қиналғанымды, өзімнен басқа бірде-бір жан білмес. Туғаның жоқ, туыс жоқ бөтен аудан, жат ел. Жай ғана, анаңның аялы алақаны, достарыңның қолдауы, жақындарыңның жылы сөздері, туған үйдің түтіні...  Бір сөзбен айтқанда, рухани қолдауға зәру болдым. Күнделікті тірлігім жұмысқа барумен, жұмыстан қайтумен аяқталады. Көп уақытымды жұмысқа бөлгеннен болар, жұмысымды жақсы көремін. Қағазбастылық кейде шаршатады, бірақ жұмысқа деген енжарлық болған емес. Тәуба, шүкір осы күніме, жақындарым аман, аяқ-қолым сау, қалғаны тағдыр деген төренің маңдайға жазғаны бойынша болар...

P/S:Пенде деген, пендешіліктен қала ма? Жиырма бес жасар бойжеткенге не керек?  Отбасы, туған-туысы аман, ел қатарлы күн кешуде. Бірақ жүректің түбінде бір батпан қайық батып қалғандай, сол мұң мен қайғы дауыл тұрса толқып, іштей өзін-өзі жеп қоймайды. Жалғыз қалған сәттерде, ішін тырнап, өзегін өртейдіндей. Әрбір адамның өзіндік мұңы, ешбір адам баласы түсінбес, бас қайғысы, жас қайғысы болады.  Бұл менің мұңым, менің тағдырым. Тәңірдің маған тартқан сыйы.  Біз өмірді өзгерте алмаймыз, бірақ бақытты өмір сүруге әбден құқылымыз. Менің жүрегімнің түбінен де қайғы кетіп, бақыттың бағы орнайды.  Оны келесі жиырма бес жылдықта кітап етіп жазармын.

 

Айгерім Қалиқанқызы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жүрегімнің түбінде мұң бар...(очерк)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 015 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.09.2016 584
    • DOCX 16.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алипаева Айгерим Каликановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алипаева Айгерим Каликановна
    Алипаева Айгерим Каликановна
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13827
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой