Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Өзін-өзі тану пәнінен «Сіз», «біз» деген жылы сөз" ашық сабақ

Өзін-өзі тану пәнінен «Сіз», «біз» деген жылы сөз" ашық сабақ


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: «Сіз» деген - әдеп, «біз» деген – көмек

Кұндылығы: «сыйластық», «қамқорлық»

Қасиеттер: мейірімді, әдепті
Мақсаты: Балалардың «сыйластық», «қамқорлық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
Білімділігі: өзара сыйластық қарым - қатынастарының адам өміріндегі мәнін түсіндіру;
Дамытушылығы: бірлесіп еңбек етуге қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелігі: өзара сыйластыққа, өзара көмекке, бірлікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: оқулық,слайд, дәптер, түрлі - түсті қағаздан қиып жасалған үйдің макеті.

Сабақтың түрі: әңгімелесу

І. Ұйымдастыру кезеңі:

-Балалар, «Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені»дегендей бәріміз,қонақтармен,бір-бірімізбен сәлемдесіп алайық.

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен,

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «сіз»деген.

Бүгінгі сабақта біз әдептіліктің бастауы- «сіз»бен «біз»туралы әңгімелесеміз.

Әңгімелесу:

-Адамдармен сіз деп сөйлескенде қандай сезімде боласыңдар? «Сен»деген де ше?

- «Біз»деп сөйлескенде ше? «Мен»деп сөйлескенде ше?

-Өздеріңе басқа кісілер «сіз»дегенде ше?»сен»дегенде ше?

Түйіндеу (мұғалім):

-қазақ халқында өзінен үлкенмен, сондай –ақ жасы кіші болса да сыйлы адаммен «сіз»деп сөйлесу игі әдетке айналған.Бұл сыпайылықты, адамға деген сыйластықты білдіреді. «Біз»деген ұғым көпшілікті білдіреді. «Жалғыз ағаш орман болмайды »деген халық мақалы бар.Сол сияқты жалғыз адам бір өзі адами қасиеттерді көрсете алмайды, адамның адамдығы адамдармен бірге көрінеді.

II.Тыныштық сәті.

III.Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді оқу

Бірлік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Жалғыз боп істеген жұмыстан көп болып жасаған істің қандай айырмашылығы бар?

-Сендер достарыңмен бірлесіп жұмыс істеген де қандай сезімге бөлендіңдер?Жалғыз істегенде ше?

-Әңгімеден қандай ой қорытуға болады?


ІҮ. Сахналау

Балалар, А.Естеновтың «Бес нәрсеге асық бол!» өлеңін саханалап оқып көрсетеді. Қатысушылар: Мұғалім, Қанағат, рақым, Терең ой, Талап, Еңбек.


Ү. Жағдаяттарды талдау
Балалардың сабақта түйген ойларын бекіту мақсатында балаларды 3 топқа бөліп алып, жағдаяттарды талдау ұйымдастырылады.
1. Ұланға әке - шешесі жұмысқа кетерде:
- Балам, біз жұмыстан келгенше сабағыңды оқып болған соң, үйдің айналасын жинастыр, үйге су алып кел,- деп тапсырды. Ұлан сабақ оқып болған соң, үйге оның достары Айдын мен Дидар келіп, Ұланды футбол ойнауға шақырды. Ұлан әке - шешесінің тапсырмасын орындауды, әлде достарының көңілінен шығу керек екенін білмеді.
Сендер Ұланның орнында болсаңдар, не істер едіңдер?
2. Жаңыл өзінің інісі Ернармен үйдің ауласында ойнап жүр еді. Екеуінің тұсынан көрші үйдегі Гүлнардың анасы дүкеннен келе жатыр еді, Ернар:
- Гүлнар бізбен ойнасын, шақырып жіберші,- деді. Жаңыл інісінің сөзіне
ұялып қалып, Ернарға әлденені түсіндіре бастады.
Жаңыл інісіне не туралы айтты?
3. Бүгін сенбілік. Кеше мұғалім мектепке сыпыртқы, шелек алып келулерін тапсырған. Мектеп алдында барлық мектеп оқушыларына жиналыс болып, әр сыныпқа әр түрлі жұмыстар тапсырылды. 3 - сынып оқушыларына мектеп ауласын сыпыруды және гүлдерге су құю жұмыстары тапсырылды. Сенбілікке сыныптағы барлық оқушылар жиналды. Ұлдар мектеп ауласын сыпырып, ал қыздар гүлге су құйды. Сынып жетекшісі балаларға қызыға қарап тұр. Балалар өздеріне жүктелген жұмысты ұйымшылдықпен тез әрі ұқыпты аяқтады.
Бұл сыныпты қандай сынып деп ойлайсыңдар?

ҮІ.Тақтамен жұмыс:

«Көп жүрген жер –көңілді.,көп еңбегі-өнімді.»

-бір адам жалғыздан жалғыз көп жұмысты бітіре алмайды,жұмыс жасаса да әрі қызықсыз,әрі қажыр қайратын тауысып барып ұзақ уақытта аяқтауы мүмкін. Ал көп болса,жұмыс әрі қызықты,әрі тез, әрі тиянақты бітеді.Бәрі бірге жасаған жұмыстан адамның көңіл күйі көтеріледі,тіпті дем алады.Бұл адамды достыққа,қамқор болуға жетелейді.

VІ.Дәптермен жұмыс

Дәйексөзді жазу

VІІI.Жаттығу-ойлану.

-Жаңыл інісіне не туралы айтты деп ойлайсыңдар?

-Ернардың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

ІХ.Ойын. «Киіз үй»құрастыру.

Керегенің тапсырмасы:Бірлік бар жерде........бар.(тірлік)

Бірлігі........ел тозады,(жоқ)

Бірлігі ........ел озады.(күшті)

Шаңырақ тапсырмасы...:......... тілеймін!(бақыт,байлық,денсаулық)

...............тілеймін!

.............тілеймін!

Есіктің тапсырмасы: ........... келдіңіздер!(қош)


Мұғалім: Міне, балалар бәріміз бірлесіп жасаған еңбек нәтижесінде әдемі,жақсы тілекке толы үй құрдық.Бұл жай үй емес, достық, бірлік үйі.


Х.Жаңа ақпарат
Адамдар арасындағы ізгілік, сыйластық қарым - қатынасынан әдептілік туады. Әдепті адам биязы, сыпайы, инабатты, ізетті, тәртіпті болады.
Дәптермен жұмыс
Тапсырма
Өлеңді оқыңдар. Өлеңнен түйген ойларыңды жазыңдар.

«Сіз», «біз» деген жылы сөз
Ө. Тұрманжанов

«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Баршаға керек жақсылық!
Жылытады жүректі. Қызғанбай бөліп алыңыз!
Жақсылық билеп жанды тез, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Оятады игі тілекті. Жақсылықтың мейірі.
Біреуге біреу жақсылық, Бір - біріне болып көз,
Тілесе әркез жаны ашып, Кең болсын адам пейілі!
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып?!
Қорытындылау
Әрбір адам «Сіз» бен «біз» туралы ұмытпаса, оны өмірде қолданса, онда барлық адамдар бір - бірімен жарастығын, сыйластығын табады, әлемде тыныштық орнайды, бейбіт, бақытты өмір болады. А. Естеновтің «Әдеп» атты өлеңін оқиды.
Әдеп, ізет, иба да – Әдеп - алтын сабырың,
Шарайнасы жаныңның Жетелейтін мұратқа
Әдептіні сыйла да, Әдеп - талап, жалының,
Тәңіріңдей табынғын. Ақ желкенін құлатпа.

Үйге тапсырма: «Әдеп» өлеңін жаттау


Шеңбер құрып, құшаққа алып, қуанышты сезіммен : «сіз» «біз» бірге болайық!3рет


57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Краткое описание документа:

«Сіз», «біз» деген жылы сөз – Баршаға керек жақсылық!

Жылытады жүректі. Қызғанбай бөліп алыңыз!
Жақсылық билеп жанды тез, «Сіз», «біз» деген жылы сөз –
Оятады игі тілекті. Жақсылықтың мейірі.
Біреуге біреу жақсылық, Бір - біріне болып көз,
Тілесе әркез жаны ашып, Кең болсын адам пейілі!
Осы бір шырын – тәттілік,
Тұрмай ма жанға жарасып?!

Автор
Дата добавления 03.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров751
Номер материала 262839
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх