Инфоурок Литература Презентации"Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" Абайтану 11 сынып

"Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" Абайтану 11 сынып

Скачать материал
Скачать материал ""Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы" Абайтану 11 сынып"

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлыОрындаған Г.С.Тажиева

    1 слайд

    Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы
    Орындаған Г.С.Тажиева

  • Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы Абайдың 1884 ж. жазған өлеңі. Көлемі 20 жол...

    2 слайд

    Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы Абайдың 1884 ж. жазған өлеңі. Көлемі 20 жол. Жанры жағынан - лирикалық өлең-портрет. Ақын сұлулыққа, жарасымдылыққа, мәдениеттілікке, ізеттілікке деген өз талғамын алға тарта отырып, ауыл жастары арасынан сұлулық үлгісін іздейді. Сондықтан «Аласы аз қара көзі нұр жайнап», жанарынан жалын ұшқындаған, шат көңілді, көлденең көк аттыға есесін жібере қоймайтын ерікті, әдемі ару бейнесін жырға қосады. Ол әлсін-әлсін күліп қояды, жұртпен ашық сөйлеседі, томсырайып, жабырқап тұрмайды. «Жіңішке қара қасы сызып қойған»туған ай секілді, «Ақша жүз ал қызыл бет тіл байлады». Сөйлесе не болмаса күлсе көрінетін маржандай кіршіксіз аппақ тісі іш қайнатады. Құлаққа естілген риясыз сыңғыр қаққан жарқын күлкісі «бұлбұл құс» сайрағандай естіліп, адам жанын баурайды, жүректі лүпілдетеді. Сыртқы сұлулығы ішкі сезім дүниесімен астасқан. «Сөйлесе сөзі әдепті, Һәм мағыналы», аузынан шығатын сөзін бағып, ибалық танытады. «Ажымсыз ақ саусағы іске ыңғайлы», «Нәзік бел тал шыбықтай», «Қолаңқара шашы», «Торғындай толқын ұрып, көз таңдайды». «Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын» Венера Милосскаяның келбетін, эллинизм идеясын еске түсіреді. Бұрын қазақ қауымында ою өнерінен басқа кескін өнері болмағанын ескерсек, соның қызметін поэзияға жүктегісі келген Абай талабын түсінуге болады. Поэзия мен кескін өнері белгілі бір.мөлшерде тоғыса алады.

  • Бірақ поэзия пластиканы алмастыратындай дәрежеге жеткізілмеуі тиіс. М. О. Әуе...

    3 слайд

    Бірақ поэзия пластиканы алмастыратындай дәрежеге жеткізілмеуі тиіс. М. О. Әуезовтың бұл өлеңі «жанды, тірі адамды бейнелеудің орнына жансыз сурет беріп отырған сияқты. Суретшінің қағазға түсіріп отырған портреті айқынырақ сезіледі. Әсем сұлудың сырт көркімен қатар сезімін, ақыл-мінезін, адамдық ішкі дүниесін беруді ескере бермейді. Паспорттық сипаттау жасайды» (Шығармалар жинағы, 20-т.,-А., 1985, 108-6. ) деп сынауы осы себептен болу керек. Жалпы туындыда ақын мұндай ару жар кездескен жігітте арман болар ма деген ой тастап, оқырманды қиял құшағына бөлейді. Өлеңінен Абай поэзиясының шоқтығы саналатын «Айттым сәлем, калам қас» шығармасына апаратын алғашқы сорапты аңғаруға болады. Өлең 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған. Алғаш рет 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрген «Қазақ ақыны Ибраһим Құнанбайұғылының өлеңі» атты жинақта жарияланды. Шығарманың кейбір басылымдарында аздаған текстологиялық өзгерістер кездеседі. 1909,1939, 1954 жылғы жинақтарда 2-жол «Аласыз қара көз жайнайды» болып басылып келсе, 1945, 1957,1977 жылғы жинақтарға «Аласы аз қара көзі нұр жайнайды» делініп, мағынасына қарай түзетілген. Мүрсейіт қолжазбаларында, 1909, 1939, 1945, 1954 жылғы басылымдарда соңғы жол «Торғындай толқындырып көз таңдайды» ретінде берілсе, 1957, 1977 жылғы басылымдарда бұл жол 1933 жылғы жинақ бойынша «Торғындай толқын ұрып көзтаңдайды» түрінде алынған.  Ақын шығармаларының негізгі басылымдары саналатын 1933, 1939, 1945,1957,1961 жылғы жинақтарда бұл туынды «Қандай кызда ләззат бар жан татпаған» өлеңімен бірге тұтас шығарма ретінде берілген. Ал 1977 жылғы басылымда жеке ұсынылған. Өлең ағылшын, араб, башқұрт, қарақалпақ, қырғыз, орыс, өзбек, татар, тәжік, түрікмен, ұйғыр тілдеріне аударылған. Туындыға композитор С. Мұхамеджанов романс жазған

  • Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. Жіңішке...

    4 слайд

    Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,
    Аласы аз қара көзі нұр жайнайды. 
    Жіңішке қара қасы сызып қойған,
    Бір жаңа ұқсатамын туған айды.
     
    Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
    Ақша жүз, алқызыл бет тіл байлайды. 
    Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
    Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. 

    Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы, 
    Күлкісі бейне бұлбұл кұс сайрайды. 
    Жұп-жұмыр, ақ торғындай мойыны бар, 
    Үлбіреген тамағын күн шалмайды. 

    Тақтайдай жауырыны бар, иығы тік,
    Екі алма кеудесінде қисаймайды.
    Сорақы ұзын да емес, қысқа да емес, 
    Нәзік бел тал шыбықтай бұраңдайды. 
    Етіндей жас баланың білегі бар,
    Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы.
    Қолаң кара шашы бар жібек талды 
    Торғындай толқын ұрып көз таңдайды.

    Қандай қызда ләззат бар жан татпаған? 
    Сұлуы бұл заманның тек жатпаған.
    Он сегіз, он тоғызға келгеннен соң, 
    Алмасы өкпе болар қол батпаған. 

    Бұлардың кей бірінің мінездері —
    Еш нәрсе көрмегенсіп бұртақтаған. 
    Кейбірі жайдары, ашық боламын деп, 
    Орынсыз адамдармен жыртақтаған. 

    Әуелде сұлу жайы бізге мәлім,
    Жігітті жұрт мақтаған қыз жақтаған.
    ҚАҚТАҒАН АҚ КҮМІСТЕЙ КЕҢ МАҢДАЙЛЫ

  • Сұрақтарға жауап берңіздер
Өлең қайжылы жазылған?
Өлеңнің жанрын анықтаңыз?
А...

    5 слайд

    Сұрақтарға жауап берңіздер
    Өлең қайжылы жазылған?
    Өлеңнің жанрын анықтаңыз?
    Алғаш рет қай баспадан ,қай жылы жарық көрді?
    Өлең қай тілдерге аударылған?
    Өлеңнің негізгі идеясын анықтаңдар?

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 674 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2021 2340
    • PPTX 585.7 кбайт
    • 47 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тажиева Гульнара Сыдыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тажиева Гульнара Сыдыковна
    Тажиева Гульнара Сыдыковна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49294
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Технологические процессы, требования и правила гомогенизации

72 ч.

1750 руб. 1050 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки персонала дежурно-диспетчерских экстренных служб при вызове по единому номеру "112"

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ISO 9001-2015 система менеджмента качества: разработка и применение

144 ч.

2160 руб. 1290 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Основы управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Технологии в онлайн-обучении

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов