Инфоурок Классному руководителю Презентации«Өзін-өзі тану» құндылықтар практикасы

«Өзін-өзі тану» құндылықтар практикасы

Скачать материал
Скачать материал "«Өзін-өзі тану» құндылықтар практикасы"

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “Өзін-өзі тану”  рухани- адамгершілік 
 білім беру Бағдарламасы...

    1 слайд







    “Өзін-өзі тану” рухани- адамгершілік
    білім беру Бағдарламасы












    Жапарова Маржан
    турсумбайқызы
    Павлодар облысы,
    Екібастұз қаласы,

  • Сынып:  5 «в»     Оқушылар саны: 21  
Тақырып: №3      Менің талпыныстарым...

    2 слайд



    Сынып: 5 «в» Оқушылар саны: 21
    Тақырып: №3 Менің талпыныстарым
    Құндылық: Ақиқат
    Қасиеттер: адалдық, ізденімпаздық, жігерлік.

    Сабақтың мақсаты:
    Оқушыларға адамның мақсатына талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу.
    Міндеттері:
    Оқушыларға “талпыныс”,”ұмтылыс" ұғымдарының мағынасын түсіндіру
    Оқушыларды алға қойған мақсатына жетуге талпынуға үйрету арқылы жігерлілік қасиетіне баулу.
    Оқушыларды адалдыққа,ізденімпаздыққа тәрбиелеу.


    «Өзін-өзі тану» сабағын өткізу тәжірибесі

  • Өзін-өзі тану сабағына  рефлексивті есеп №1 
«Құндылықтар практикасы» бастапқ...

    3 слайд

    Өзін-өзі тану сабағына рефлексивті есеп №1
    «Құндылықтар практикасы» бастапқы кезеңінде өзім жұмыс істейтін
    5«В» сынып оқушыларымен жүргіздім.
    5 «В» сыныбында өткен алғашқы сабағымның тақырыбы «Менің талпыныстарым». Сабақтың мақсаты – оқушыларға адамның мақсатына талпынысының маңыздылығын ұғындыру арқылы ақиқат құндылығының мәнін ашу болды. Оқушылар сабаққа белсенді қатысты. Мәтінге байланысты сұрақтарды жалпыадамзаттық құндылықтармен байланыстырып қоюдың маңызы ерекше болды. Өз өмірінен мысал келтіру балаларға қызықты болып, жақсы әсер етті . Сабақтың барлық кезеңдері толық сақталды.
    Сабағымызда жағымды көңіл-күй орнату мақсатында Тыныштық сәтінен бастадым. Оқушыларды сабырлыққа, тыныштыққа баяу музыканың сүйемелдеуімен «Нұрға бөлену» әдісі арқылы баулыдым.
    Оқушылардың рухани-адамгершілік көзқарастағы жауаптары:
    Нұртаева Хадиша: - Мен алдыма қойған мақсатқа жету үшін көп ізденіп, еңбектенуім керек, жан-жақты болуға талпынамын. Алдына мақсат қоя білген адамның ғана болашағынан зор үміт күтуге болады деп ойлаймын.
    «Ізденген жетер мұратқа» халық нақылы сабақтың дәйексөзінің мағынасын балалар былай түсіндірді: Адам алдына нақты мақсат қоя білу керек. Мақсаты айқын адам оған қол жеткізуге талпынады. Мақсатқа жетуге талпыныс, адамды сенімді, жігерлі, күшті етеді. Сондықтан жан-жақты ізденген адам өз мақсат-мұратына қол жеткізеді.
    Үй тапсырмасын тексеру барысында «Ағаштағы ұлу» аңызы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мақсатшыл адамның бойында табандылық, жауапкершілік, еңбекқорлық сияқты қасиеттер болу керек деп өз ойларын түйіндеді.
    Оқушылардың сабақ мазмұнына деген қызығушылығы, шабыттануы сабақтың шығармашылық бөлімінде жақсы, айқын көрініс берді. Балалар топта ынтымақтаса отырып жұмыс жасады. Барлық топтар да берілген тапсырманы бар ынта-жігерімен, қызығушылықпен, шын ниетпен орындады.
    Сабақта қол жеткен және қол жетпеген нәтижелерге тоқталатын болсам, тыныштық сәті, шығармашылық жұмыс, әңгімені талдау сәттері нәтижелі, сапалы болды. Оқушыларға сабақ қызықты болды, оларды шабыттандыра алдым деп есептеймін. Өйткені, шығармашылық, топтық жұмыста бірінші топтағы оқушы Амангелді Нәрім «Не үшін талпыныс жасау, неге ұмтылу керек», деген тақырыпта постерді өте жақсы қорғады. Адамның барлық кезеңіндегі талпыныстарын сипаттады, мысалы, сәби бала

  • Жүруге, тамақ ішуге, сөйлеуге, оқушы бала сабақ оқуға, ізденуге, ересек адам...

    4 слайд

    Жүруге, тамақ ішуге, сөйлеуге, оқушы бала сабақ оқуға, ізденуге, ересек адам еңбек етуге, қарым-қатынас жасауға, отбасын асырауға талпынады деп өз ойларын ашық жеткізе білді.
    Екінші топта оқушылар «менің арманым» тақырыбында сахналық көрініс көрсетті. Көріністе мен оқушыларға өз армандарына қалай қол жеткізесіздер соны сахналық қойылым көрсетіңіздер деп сұрадым. көріністері өте әсерлі болды.
    Қалдыбек Аяжан: «қай арманыма қолым жетіп, қай арман мені өмір бойы жетелейтінін білмеймін, бірақ бір білетінім – армандарымның орындалуы өз қолымда. Ол үшін жақсы тәрбие алу керек және жақсы оқып, алға ұмтылу керек. Бір орында отыра берген адамның арманы түгіл, ісі де алға баспайды. Сондықтан менің өмірдегі ұстанымым – «тек алға!!!», - Деп өз ойын қорытындылады.
    Үшінші топтағы оқушылар «Өмірдегі басты нәрсе не?» тақырыбында өз ойларын жүйелі әрі тартымды жеткізді. Бірі өмірдегі басты нәрсе - денсаулық десе, енді бірі өмірдегі басты нәрсе - білім, талпыныс деп пікірлерін ашық жеткізе алды.
    Сабақты жақсарту және оқушыларды шабыттандыру үшін әңгімелеу бөлімінде мәтінді өмірдегі жағдайлармен байланысты алу қажет деп ойлаймын. Дәйексөзді таңдағанда сол автордың оқушылар білетін шығармаларынан мысалдар келтіруге болады. Сондықтан да өзін-өзі тану мұғалімі үнемі шығармашылық ізденісте болуы керек.
    Ол үшін оқушылардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығаруды жүйелі түрде жалғастырып, әңгімелеу әдісіне қазіргі өмірде болып жатқан оқиғаларға байланысты өсиет әңгімелерді таңдап алу, шығармашылық, топтық тапсырмаларды мазмұнды, қызықты етіп, мысалы: жоба жасау, не өлең құрастыру, ойын ұйымдастыру секілді түрде алуды ескеруім қажет.
    Топпен ән айту балаларға ұнайды. Сабақ соңында Б.Байқадамовтың «Айгөлек» әнін барлығы бірге орындады. Балалар ән айтқан кезде көңіл-күйлері көтеріліп, мәз-мейрам болады. Ойымды қорытындылай келгенде, әрбір сабақты шынайы көңілмен, шығармашылық ізденіспен, шабытпен өткізу, балалардың қызығушылықтарының жоғары болуына әсер етеді.
    Менің түсінгенім сабақта оқушылар өздерінің ақылдылығымен, тапқырлығымен сабақ мақсатына жете алады. Мұғалім оларға тек қана бағыт-бағдар беріп отыру керек. Әр түрлі сұрақтар беріп, ситуациялық жағдайлар айтып, олардың ой-өрістерін аша білу керек. Осы «Құндылықтар практикасы» кезеңінде соны түсініп, олардың қызығушылықтарын оята білгеніме риза болдым. Себебі сынып жетекшінің айтуы бойынша, бұрын сөйлемейтін балалар өз ойларын ашық айта бастағандары, қойылған сұраққа жүйелі жауап беруі , әр оқушының бойынан рухани құндылықтарды байқай алуым - ізгілікті мұғалімге айналуыма және жеке тұлға қалыптастыруда ізгілікті жолмен жұмыс атқаруымда деп ойлаймын..
     






  • МЕНІҢ   ТАЛПЫНЫСТАРЫМ

    5 слайд

    МЕНІҢ ТАЛПЫНЫСТАРЫМ

  • ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАУ  СӘТІ

    6 слайд

    ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР ОРЫНДАУ СӘТІ

  • «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған   жаратылыстану сабағының  жоспары....

    7 слайд

    «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағының жоспары.
    Мерзім:12.10.2019 ж.
    Мұғалім Сапабеков А.Т, Жапарова М.Т. Сынып: 5 “В” Оқушылар саны:21
    Тақырып 5.1В Ғалам.Жер. Адам 4 сабақ Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы.
    Құндылық: ақиқат.
    Қасиеттер: шыншылдық, адалдық, қамқорлық, бауырмалдық.



  • Өзін-өзі тану пәнін жаратылыстану  пәндеріне интеграциялаудың есебі
Тақырып:...

    8 слайд

    Өзін-өзі тану пәнін жаратылыстану пәндеріне интеграциялаудың есебі
    Тақырып: 1 бөлім 5.1В Ғалам.Жер. Адам.
    Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы.
    Құндылық: ақиқат
    Қасиеттер: шыншылдық, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу.
    Сабақтың мақсаты :
    Білімділік: Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамын, негізгі нәсілдер мен нәсіл аралық топтардың
    таралу аймақтарын анықтау.
    Тәрбиелік: қиянат жасамау құндылығы негізінде оқушыларды қамқорлық, жанашырлық,
    жауапкершілік қасиеттеріне тәрбиелеу.
    Тәрбиелік : қиянат жасамау құндылығы негізінде оқушыларды нәсілдерге қамқорлық жасауға, жанашырлық танытуға, жауапкершілікке тәрбиелеу .
    «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған жаратылыстану сабағын пән мұғалімі Сапабеков Асқарбек Талғатұлы жүргізді. Пән мұғалімі екеуміз бір апта бойы бірлесіп жұмыс жасадық. Бұл пән өте қызықты және өмірмен байланысы көп. Сабақтың мазмұнын түсіну үшін мұғалімнің алдыңғы сабағына қатыстым. Сабақта өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерінен, яғни сыртқы интеграцияға 5т ережесі қолданылды.
    Мектептегі тәжірибе кезінде «Өзін өзі тану» пәні мен жаратылыстану пәнін интеграциялау арқылы сабақ өткізу үшін «Ақиқат» құндылығын таңдадық. Сабақ басталар алдында «Орманға саяхат»деген Нұрға бөлену сәті өткізілді.Бұл сәтте оқушылар серігіп,сабаққа деген уәждері көтерілді. Жаңа сабақ тақырыбымен таныстырылды. Дүние жүзі халқының нәсілдік құрамы.
    Сабақ барысында оқушылар әрбір нәсілдің және нәсіларалық топтың басты белгілерін айқындайды. Климатты жағдайларды талдау негізінде нәсілдік белгілердің қалыптасуын климатпен және аумақтың өзге жағдайларымен байланыстырады.Талдау нәтижелері"климат ерекшеліктері-нәсілдік белгілер-ағза қауіпсіздігін қамтамасыз етуде нәсілдік белгінің рөлі"санаттары бойынша кестеде көрсетілді. Әртүрлі нәсіл өкілдерінің фотобейнелерібойынша материалды бекіту үшін олардың басты белгілері,нәсілдік белгілердің ағза қауіпсіздігіндегі рөлі,нәсілдің шыққан және таралған өңірі анықталады.Оқушылар қалауы бойынша өзінің нәсілін белгілеп,өзінің нәсілдік белгілеріне түсініктеме бере алды. Пішінді картаға әрбір нәсілдің шыққан және көбіне таралған өңірінің шекарасы көрсетілді.

  • Оқушылар әртүрлі  көздерден  әрбір нәсілдің саясат, мәдениет, ғылым және спор...

    9 слайд

    Оқушылар әртүрлі көздерден әрбір нәсілдің саясат, мәдениет, ғылым және спорт саласындағы әйгілі өкілдерінің есімдерін табады. Оқушылар адамдардың тамақтану, ұйықтау,қауіпсіздік,оқу,құрметтеу,қарым- қатынас жасау,өзін-өзі дамытудағы негізгі қажеттіліктерді анықтайды және төмендегі сұрақтарға жауап береді:"Осы қажеттіліктер әр бір нәсіл және нәсіл аралық топ өкілдеріне тән бе?"дей отырып балалар бірнеше сұрақтарға жауап беруге тырысты.








    Сұрақтар:
    1.Қандай нәсілдер бар жер бетінде?
    2.Спортта жетістікке жеткен кімдерді білесің өзге нәсілдерден?
    3.Нәсілдер тең құқықты ма?
    4. Нәсілдердің барлығы бір материкте өмір сүре ма?
    Осы сұрақтарға оқушылар өз ойларын толық жеткізе алды. Олардың жауаптарына қанағаттана алдық.
    Қорыта алғанда жалпыадамзаттылық құндылықтар сақталады. Нәсілдер әр түрлі болғанымен олар адамдар екені ақиқат.
    Пән мұғалімі мен оқушылар арасында құндылық мәнін, маңызын ашуда өзара тығыз байланыс, жақындық, жақсы түсіністік орнады. Сабақ мазмұнын өзін-өзі тану пәнімен интеграциялау пән мұғаліміне ұнады. Ол өзінің сабақ мазмұнын бұлайша түсіндіруге, рухани тұрғыда балаға жеткізуге болатындығын жақсы қабылдады.
    Ішкі интеграция жалпыадамзаттық Құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау барысында оқушылар өз ойларын емін еркін жеткізіп қандай көңіл күйде болғанын баяндап берді. Оқушыларға итеграциялау ұнады, әсері мол екені көздерінен көрініп тұрды.
    Ақиқат, Дұрыс әрекет, Тыныштық, Сүйіспеншілік, және Қиянат жасамау адамның ұлтына нәсіліне, тұратын ортасына және конфессионалдық тиістілігіне байланыссыз және уақытпен өзгермейтін жасаушы мән.Олар бөлінбейді, өзара байланысты, өзара тәуелді, бір-біріне етене сіңіп, адам руханияты мен мәдениетінің біріңғай негізін құрайды. Осыны жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша қарасақ ақиқатты тануға сүйіспеншілікпен ұмтылсақ, онда әрекетіміз дұрыс болады, әрекетіміз дұрыс болса, ішкі тыныштығымыз тыныш болады, ішкі тыныштығымыз болса ешкімге қиянат жасамаймыз.


  • Қорыта келгенде балалар  дүние жүзі халқының жалпыадамзаттылық құндылықтар с...

    10 слайд


    Қорыта келгенде балалар дүние жүзі халқының жалпыадамзаттылық құндылықтар сақталады. Нәсілдер әр түрлі болғанымен олар адамдар екені ақиқат. Сабаққа дайындалу барысында пән мұғаліміне әдістемелік көмек беріп, сабақ жоспарын бірге жасадық. Сабақ мазмұнын ашуды жақсарту бойынша ұсынысқа әңгімелеу әдісін қолдануға кеңес бердім.
    Оқушылардың бойында өзгерістер байқала бастады. Олар құндылықтарды біршама ажырата алады. Адам бойындағы жақсы қасиеттерді олардың әрекетінен тани алады.
    Қорытындылай келгенде, жаратылыстану сабағын интеграциялау арқылы оқушыларға жанды білім беріп қана қоймай, өмірде сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасаудың маңызы зор екенін түсіндім.
    Сабақта қол жеткен нәтижелер: Сабақ жақсы өтті. Интеграция толық жүзеге асырылды. 5 Т ережесін сақтады.Сабақтың мазмұны оқушыларды қызықтырды.Оқушылар Ақиқат құндылығының мәнін ашты ой өріс кеңдігі-ақыл парасаттың мағынасын ажыратып түсініктерін кеңейтіп,шынайылық, ар-ұждан қасиеттері туралы түсініктерін тереңдетті.

  • Өзін-өзі тану пәнін жаратылыстану  пәндеріне  интеграциялауды кезі

    11 слайд

    Өзін-өзі тану пәнін жаратылыстану пәндеріне интеграциялауды кезі

  • Оқудан тыс іс-әрекеттерді  ұйымдастыру  тәжірибесі

    12 слайд

    Оқудан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыру тәжірибесі

  • Оқудан  тыс іс-әрекеттерді  ұйымдастыру тәжірибесі
07. 10-12.10.19 ж. уақыты...

    13 слайд

    Оқудан тыс іс-әрекеттерді ұйымдастыру тәжірибесі
    07. 10-12.10.19 ж. уақыты аралығында мектепішілік "Жүрегім толы мейірім" атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
    Акцияның мақсатында оқушылармен қалалық "Үміт" балалар үйінің тәрбиеленушілеріне қайырымдылық көрсету арқылы, жалпыадамзаттық құндылықтардың жарыққа шығару, оларға жақсылық жасауға үйрете отырып және оқушылардың бойында достық, сыйластық, мейірімділік қасиеттерін дамыту, оларды бауырмалдылыққа, қайырымды болуға, кішіпейіл болуға тәрбиелеу көзделген болатын. Осы мақсатта жоспарда " Үміт" балалар үйіне қайырымдылық жасау үшін балаларға акция хабарланды. Іс-шараны өткізу үшін алдымен оқушыларға хабарландыру айтылып, мектепке үлкен жарнама тақтайшасы орнатылды. "Үміт" балалар үйімен байланыс орнатылыды. Мектеп әлеуметтік педагогі және психолгін және ата-ана комитеті мүшесін комиссия мүшесі ретінде бекітілді. Оқушылармен балаларға арналған қойылымға дайындық басталды. Акцияға қатысушы оқушылармен дөңгелек үстел өткізіліп, акцияның мақсатын хабарланып, олардың пікірлерін тыңдалды. «Жақсылық жаса ол саған оралады» видио роликті көрсету арқылы ой бөлісу арқылы, оқушылар қайрымдылық жасау дұрыс әрекет негізі екендігін ұғынғандарын көрсете білді. Олар іс-шараны қолдайтындықтарын айтып, өздерінің достық көмектерін, қайырымдылықтарын көрсетуге асық екендіктерін жеткізді. Осылайша, белгіленген күні балалар үйіне келдік.
    Жобаға қатысушылардың әсерлері, пікірлері: Жоба барысында мектеп оқушылары мен ата-аналары, мектеп әкімшілігі үлкен белсенділікпен және жауапкершілікпен қатысты. Олар өздерінің әкелген сыйлықтарын балалар үйіне жеткізгенше асық болды. Тіпті, жақсылық жасауға жаны құмар екендіктерін істерімен көрсете білді десем де болады. Олардың өздерінің жасап жатқан игі істеріне соншалықты сүйіспеншілікпен қарап, бір-бірімен тату, ұйымшылдықта атқарып жатқан жұмыстары менің көңілімде қуаныш ұялатты. Әр затты көтеріп, шара өтетін кабинетті дайындауда өздері атсалысып, балалар үйіне барғанда өте мәдениеттілікпен, жанашырлықпен, бауырмалдылықпен атақарған істері сәл болса да менің атқарған жұмысымның текке кетпегендігінің көрінісі екенін түсіндім. Олардың осы шараға ата-аналарын бірге әкелеуі де жақсылық жасаудың қаншалықты маңыздылығын түсінгендіктері деп ойладым. Оқушылармен бірге олардың ата-аналары үнемі осындай іс-шараларға қатысқысы келетіндіктерін айтып жеткізді.


  • Жетістігім: Мені қуантқан нәрсе  – жақсы, игілікті  іс-шараға деген әрбір оқу...

    14 слайд

    Жетістігім: Мені қуантқан нәрсе – жақсы, игілікті іс-шараға деген әрбір оқушы мен ата-ана, ұстаздарымның оң көзқарастары мен ықыласты ниеттері. Демек, жалпыадамзаттық құндылықтардың олардың бойында байқалуы, олардың жанының жақсылыққа құмарлығынан деп түсіндім.
    Акция өткеннен кейін мойнымнан үлкен жүк түскендей әсерде болдым. Айналамдағы адамдардың бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтары жарыққа шықты, ізгі іс жасау қасиеттері дамыды. Мүмкіндігі шектеулі оқушыларымның ата-аналары мен өздеріне қуаныш сыйлау, өзімнің бойымда да рухани ашылу үдерісінің болып жатқаны маған қанат бітірді. Осы іс-шара адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілік, қайырымдылық, жақсылыққа құмарлық сезімдерінің жаңғыруына себеп болды. Бұл барлық жақсы, игілікті істердің бастамасы екеніне сенімім мол.
    Апиев Амир:
    Барлық адамдарға жақсылық ойлау керек, жақсылық жасау керек. Біреуге жақсылық жасасаң, ол сенің алдыңнан шығады. Және де жақсылық етсең, оны міндет етпеу керек. Мен балалар үйіндегі өзіміз сияқты балаларға көмек көрсетіп, олармен дос болғым келеді. Оларға жақсы көңіл-күй сыйласақ, қуанып қалады деп ойлаймын. Оған біздің ұстаздарымыз да, ата-аналарымыз да қуанады.
    5 "В" класс ата-анасы Салыкова Гульжан апай:
    Біздің балаларымыздың осындай жақсылық жасаймын, көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беремін деген ұмтылыстары бізді қуантып жатыр. Біз олардың осы ойын қолдаймыз және өзіміз де мүмкіндігімізше айналамызға пайдамызды тигізуге тырысамыз. Осы шараны ұйымдастырып, біздің балаларымыздың балалар үйіндегі балалардың тұрмысымен танысуына мүмкіндік жасап жатқан ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Осы шарадан соң өмірдегі қуанышпен қиын сәттерде шыдамды, төзімді және одан қай уақытта да шығуға болатындығын, ата-анасы болмаса да алдағы өмірден тек жақсылық күтіп, үміттерін үзбейтін балаларды көріп, біздің баламыз да солардан үлгі алады деп ойлаймын. Іс-шараның тәрбиелік мәні зор болды. Өзім де көп нәрсеге қанағат етіп, балаларымызды тек жақсылық жасап, жақсылық ойлауға, қиянат жасамай, ешкімнің ала жібін аттамауға, қайырымды болуға өз ісімізбен көрсетуіміз керек деп ойлап келдім.
    Жоба жүзеге асырылғаннан кейінгі жобаға қатысушылардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер:
    Қайриден Жансая:
    Мен балалар үйіне барғанда, кішкентай балалардың ата-анасыз өсіп жатқанын біліп, қатты уайымдадым. Мұнда бірінші рет келуім. Олардың да біз сияқты ата-аналары қасында болса қандай бақытты болар еді. Тезірек осы балаларға оларды асырап алатын мейірімді жандар жолықса екен. Сондықтан ата-анамызды сыйлап, айтқанын тыңдап, оларды құрметтеу керекпіз. Ата-анамды жақсы көрем ,оларды түсінуге тырысам.
    Көмекке мұқтаж болған адамдардың көмек көрсетілу іс-шарасы туралы әсерлері, пікірлері, сөздері:
    "Үміт" балалар үйінің басшысы:
    "Үміт" балалар үйінің басшысы: Құрметті балалар, ата-аналар, ұстаздар! Сіздердің бүгін ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға демеу көрсетіп келіп жатқандарыңыз қандай қауныш. Сіздер сияқты жандар көбейе берсін. Қамқорлық ол тек сыйлық немесе көмек емес, ол сіздердің достық сезімдеріңіз, адал ниеттерің, шын тілектеріңіз. Осындай балалардың барына қуаныштымыз. Ата-аналарың үнемі жандарыңызда болсын, осы жобаны ұйымдастырушыларға тек жақсылық тілейміз.Осындай тамаша мерекелік іс-шара үшін алғысымыз шексіз. Өте өнерлі балаларсыз, өнерлеін өрге өрлейберсін.
    Тәрбиеші:
    Бұл жерде қай бір-бір жағдайда ата-анасыз қалған балалар тәрбиеленеді. Балаларға мемлекетіміз барлық жағдайды жасады. Киім де, тамақ та, ойыншық та жеткілікті. Тек балалар бір нәрсеге ғана зәру. Ол ата-ана мейірімі мен ыстық құшағы. Ананың жылы сөзі. Сіздер осылай көңілдеріңізді бөліп келіп, олармен ойнап,ән айтып әңгіме ертегі айтып тұрсаңыздар, олар қуанып қалады. Сондықтан алдағы уақытта да сіздерді күтеміз. Бүгінгі күнге сіздерге, көп-көп рахмет,өнерлі бала сүйкімді дегендей, қашанда осындай сүйкімді болындар.

  • «Мейірімділік жүректен» 
"Сүйіспеншілік үйінің тұрғындары“
сахналық қойылым

    15 слайд

    «Мейірімділік жүректен»
    "Сүйіспеншілік үйінің тұрғындары“
    сахналық қойылым

  • Концерттік бағдарлама барысында
балалар тақпақтар,әндер айтып, би биледі

    16 слайд

    Концерттік бағдарлама барысында
    балалар тақпақтар,әндер айтып, би биледі

  • 17 слайд

  • Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
 Мектеп: Павлодар облысы...

    18 слайд

    Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың жоспары
     Мектеп: Павлодар облысы , Екібастұз қ.
    Семинарды тыңдаушылардың саны:12 Мерзімі: 03.10.2019ж.
    Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинардың тақырыбы: «Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі»

    Мақсаты:
    Жалпыадамзаттық құндылықтар - мектептің тұтас педагогикалық үдерісінің негізі екенін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ұғындыру.
    Міндеттері:
    1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып, олардың өзара байланысын ұғындыру.
    2. Мұғалімдерді интеграциялаудың тәсілдеріне үйрете отырып, жауапкершілік, мейірімділік қасиеттерін дамыту.
    3. Мұғалімдерді өмірдің барлық жағдайларына төзімді болуға, сабырлылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
    Тыныштық сәті. "Нұрға бөлену"
    Жоспар:
    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық - педагогикалық негіздері.
    Қазіргі замандағы жаһандық мәселелер. Әлемде рухани-адамгершілік білім беру қажеттілігі. (Дағдарыс түрлері, себептері, шығу жолдары туралы слайдтар арқылы көрсету)
    Сана.Сананың құрылымы.Сананы тазарту жолдары туралы сызба арқылы түсіндіру
    Рухани-адамгершілік білім берудегі мұғалімнің рөлі.Мұғалімге арналған ереже.
    "Өзін-өзі тану" рухани-адамгершілік бағдарламасы. (Бағдарламаның мақсаттарымен таныстыру)
    Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар.
    Құндылық ұғымына түсінік.
    Т.И.Петракова ұсынған құндылықтар жіктемесі.
    Абсолюттік жалпыадамзаттық құндылықтар.(Құндылық ағашы арқылы түсіндіру)
    Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам тұлғасының даму деңгейіне сәйкестігі. (Сызба арқылы түсіндіремін)
    Жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялау.
    Білім берудің екі аспектісі.
    Жанды және жансыз білім.
    Интеграция ұғымы. Интеграциялау жолдары.
    Бейнефильм көрсету.
    Үй тапсырмасы. Өз пәндері бойынша интеграция мысалдарын жазып келу.
    Жиналыстың қорытынды сәті. (Топпен ән айту. )
    Жандосым
    Әні: С. Байероков
    Сөзі: Т. Молдағалиев

  • 2.4 Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарларды өткізу  тәжірибесі
   
Сын...

    19 слайд

    2.4 Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарларды өткізу тәжірибесі

    Сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіндегі жалпыадамзаттық құндылықтар тақырыбында өткен семинарда жоспардың мазмұны бойынша мұғалімдерге «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасының психологиялық-педагогикалық негіздері, Бағдарламаның аксиологиялық негіздері және жалпыадамзаттық құндылықтарды пәндердің мазмұнына интеграциялаудың жолдары жайлы түсінік берілді. Мұғалімдер пәннің ерекшелігін, жалпыадамзаттық құндылықтарды жаратылыстану бағытындағы пәндердің мазминұнына теграциялауды жақсы түсініп қабылдады.
    Семинарда қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдерін жүргізуде мұғалімдердің қызығушылығы байқалды. Олар 5Т ережесін барлық пәнде қолданудың баланы жауапкершілікке, ұқыптылыққа, сыныптағы тәртіп пен өзара түсіністікке баулитынын айтты.Мұғалімдер тыныштық сәті кезінде де белсенділік танытып, алған әсерлерін де жақсы жеткізе алды. Шығармашылық тапсырма мұғалімдерге жақсы серпіліс берді, өз ойлары мен пікірлерін жақсы жеткізіп, тапсырмалар орындалды. Семинар соңында топпен ән айту әсерлі өтіп, жақсы көңіл-күймен аяқталды.
    Мұғалімдер рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлер айтты.
    Қ.Акошкин: Бүгін топпен ән айта отырып, қызықты өткен семинардан жақсы әсер алдым. Шындығында күнделікті өмірде көп нәрсеге көңіл бөле бермейді екенбіз. Әр әрекетіміз біздің өз болмысымыз екен. Өзін өзі тану пәнінің мақсатын тереңірек түсінгендеймін. Әсіресе интеграцияға арналған мысалдар ұнады. Шынымен әр мұғалім өз сабағында рухани құндылықтарды басшылыққа алып, әр сабағына жүйелі енгізіп, үнемі қолданып отырса, оқушылар қажет ететін жанды білім деген сол ғой деп ойлаймын.
    Д.Тойласынова: Мен өзін-өзі тану пәнінен сабақты екінші жыл жүргізіп келемін. Жетпіс екі сағаттық курстан өткенде мен пәннің әдістемесіне енген жаңалықтарды оқып білген болатынмын. Енді оның ішкі мазмұнының күрделілігін түсініп, оған шығармашылықпен, үлкен дайындықпен келу қажеттігін сезіндім. Бүгінгі семинар қатысып отырған мұғалімдерге де үлкен ой салды деп ойлаймын. Шын мәнінде балаға бір жақты білім беріліп келеді. Менің ойымша алдымен мұғалім өзгеру керек. Баланың деңгейіне көтерілу деген сөз керемет айтылған. Біз үнемі баланы талап қою арқылы тәрбиелейміз. Оның жан дүниесіне үңіле бермейміз. Сондықтан әр мұғалім баланы жақсы көру керек. Сонда ғана жұмысымыз алға басады деп ойлаймын.

  • Семинарға мұғалімдер қызығушылықпен келді. Пәннің берілу барысы, әдістері мен...

    20 слайд

    Семинарға мұғалімдер қызығушылықпен келді. Пәннің берілу барысы, әдістері мен ерекшелігі олардың бұрынғы уақытта да назарларында, сондықтан да өздерінің қызығушылықпен келуінің өзі қол жеткен бірінші нәтиже. Сонымен бірге, семинар маңызын түсініп, жаңалыққа ұмтылуы, баланы қалайша оқытсам болады деген талаптарының өзі ең маңызды нәтиже деп ойлаймын. Мұғалімдердің жақсы әсер алуы мен үшін жетістік болды. Әрине, барлық мұғалім бір семинарда айтылған, берілген ұғымдарды толық түсініп, біліп кетуі мүмкін емес, бірақ алғашқы қадам жасалды.
    Шығармашылық тапсырмалар орындау кезеңінде мұғалімдер шабыттанып, өздерінің пікірлерін жақсы жеткізді.
    Семинар барысында мұғалімдердің әрекетінде орын алған өзгерістер байқалды. Мұғалімдердің слайд арқылы беріліп отырған материалдарға қызыға қарап, жаңалыққа ұмтылуы, қазіргі таңдағы білім саласындағы оң өзгерістерге белсенділік танытуы жақсы әсер қалдырды. Мән бермей отырған мұғалімдер болған жоқ. Жанды білім мен жансыз білімнің маңызын түсініп, өздерінің тәжірибесіне қолданатындарын айтты.
    Жаратылыстану бағытындағы пән мұғалімдері интеграция сабақ өтуге ұсыныс білдірді. Олар мұғалімнің өзі ізденіп, рухани-адамгершілік тұрғысынан дамудың, өзін-өзі жетілдіріп, әлемнің көпалуандылығынан бір тұтастықты көре білуі сабақты интеграциялаудағы ең маңызды шарт екендігін айтты. Бұл пікір семинарға қатысушылардың санасында орын алған өзгеріс деп ойлаймын. Қатысқан мұғалімдер саны -12.
    Семинардан түйгенім: Мен қызмет етіп келе жатқан білім ордасының ұстаздар қауымының жаңалыққа жаны құмарлығы сонша, менің семинар сабағымды жоғары ықыласпен тыңдап , ерекше қызығушылық танытып отырды. Әсіресе тыныштық сәті туралы айтқан пікірлері мені шабыттандырды. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтқанда жүздерінен таңдану байқадым. Сананың құрылымы, сана арқылы оқыту туралы түсіндіргенде көздерінде жақсылыққа, руханилыққа деген ұмтылысты сездім.
    Ұсыныс: Бір семинарда ұстаздарыма қажетті барлық мағлұматты беріп үлгере алмағаныма іштей қынжылу болды, бірақ оқуды бітіріп келгеннен кейін мұғалімдерді бірлестік бойынша жиі бастарын қосып, рухани-адагершілік білім беруді қолға алатыныма сөз бердім. Сол арқылы әріптестерімнің бойындағы жалпыадамзаттық құндылықтардың жарыққа шығуына септігімді тигізіп, өзін-өзі тану пәнін барлық пәндерге интеграциялауды жүзеге асыра алатыныма сенімім мол. Қалалық семинарда беруге де болады деп ойланып қойдым.

  • Семинарда қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері тиімді болды. Мұ...

    21 слайд

    Семинарда қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері тиімді болды. Мұғалімдер тыныштық сәті кезінде алған әсерлерімен бөлісіп, шынында, күнделікті тіршіліктің қарбаласымен жүріп, ойымыздың бір сәтке тынышталғанын, рахат сезімге бөленгендерін айтып жеткізді. Семнар барысында мұғалімдерге ізгі ой ойлауға, дұрыс әрекет етуге, жақсы сөз сөйлеуге, жақсылықты көре білуге шақыру мақсатында, өмірдің құндылығы туралы бейнефильм көрсетілді. Семинар соңында топпен ән айтып, бірауыздан ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл күймен тарасты.
    Имангалиева Анара Жакияновна :
    - Жалпыадамзаттық құндылықтарды басқа сабақтарда интеграциялаудың тиімді екеніне көзіміз жетіп отыр. Осы тұста сабақ жоспарын құруға бізге сіз әдістемелік көмек көрсете аласыз ба?
    Міндетті түрде. Менің жұмысымның жемісті болуы сіздермен де үйлесімді жұмыс жүргізуіме байланысты. Сабақ жоспарын құрған кезде бірлесе отырып, жалпыадамзаттық құндылықтарды, өзін-өзі тану пәнінің әдістемелік тәсілдерін интеграциялауды үйретуге әрқашан дайынмын. Бірлесе отырып жұмыс жасауға қуана келісемін.
    Семинар тыңдаушыларының шабыттануы : Мұғалімдер семинар аяқталған соң мұндай семинардың отбасында да, жеке өмірде де, жұмыста да, барлық адамдар үшін қажеттілігін айтты. Өздерінің рухани азық алып, әрі қарай бала бойындағы құндылықтарды жарыққа шығару мақсатында сапалы жұмыстар жүргізетіндіктерін жеткізді.
    Семинар барысында мұғалімдердің мінез-қылығындағы орын алған өзгерістер байқалды. Семинар болатыны хабарланған кезде мұғалімдер уақыттарының аздығын, жұмыстары бар екенін айтып, қанша уақытқа созылатынын сұрап ынтамен қабылдамаған болатын. Ал, семинар барысында барлығы слайдтарды суретке түсіріп, дәптерлеріне белгілеп алып, зейін қойып тыңдап отырды.
    Семинардан кейін мұғалімдердің пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер. Мұғалімдер семинардан кейін, сабақта оқушылармен қарым-қатынастарын өзгерте бастағандықтарын айтты. Балаларды мектепке әкелген ата-аналармен сәлемдесу кезінде өздерін нұр иесі сезініп, жылы жүзбен қарсы алатындықтарын және оның нәтижесі де жоқ еместігін жеткізді.
    Мұғалімдер тағы осындай семинар үлкен коллективте өткенін қалады. Және мектептің әдістемелік кеңесінде өткізілді.

  • 2.4   Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарларды өткізу  тәжірибесі

    22 слайд

    2.4 Мұғалімдерге арналған әдістемелік семинарларды өткізу тәжірибесі

  • 23 слайд

  • Ата-аналарға арналған жиналысты өткізу  тәжірибесіАта- аналаржиналысының жо...

    24 слайд

    Ата-аналарға арналған жиналысты өткізу тәжірибесі
    Ата- аналаржиналысының жоспары
    Мектеп: ОККЛИ Павлодар облысы, Екібастұз қаласы.
    Сынып: 5 «В»
    Мерзімі:22.09.2019 ж.
    Ата-аналар саны:
    Мұғалім: Жапарова М.Т.
    Ата-аналар жиналысының тақырыбы:
    Жалпыадамзаттық құндылықтар –отбасы тәрбиесінің негізі

  • Ата-аналарға арналған жиналысты өткізу  тәжірибесі
Ата-аналарға арналған жин...

    25 слайд

    Ата-аналарға арналған жиналысты өткізу тәжірибесі
    Ата-аналарға арналған жиналыстың өткізілуі туралы рефлексивті есебі
    ОККТЛ 2019 жылдың 22-шы қыркүйегінде 5 «В» сынып оқушыларының ата-аналарымен аталмыш тақырыбында әдістемелік жиналысыты өткіздім. Жиналыс ата-аналарға жалпыадамзаттық құндылықтардың отбасы тәрбиесіндегі рөлін түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу мақсатын көздеді.
    Жиналыстың тақырыбы мен мақсатын таныстырудан кейін жағымды көңіл-күй орнату мақсатында тыныштық сәті орындалды. Ата-аналар тыныштық сәтінен алынған әсерлерімен бөлісті. Ата-аналарға арнайы даярланған презентацияны таныстырудан кейін, пікір алмасу болды. «Отбасы тәрбиесіндегі әке мен ананың рөлі» тақырыбында өздерінің бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және тәрбиеде қолданылатын тәсілдерімен, ойларымен, пікірлерімен бөлісіп талдаулар жүргізді.
    Канашева Сабинаның анасы: «Бүгінгі семинар тақырыбы ұнады. Ең негізгі ұнағаны - отбасының балаға ықпалы, тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең керек, ең дұрыс нәрсе. Үйінен дұрыс тәрбие алған бала еш уақытта жаман болмайды. Қиын да, қызықты заманда баланың жан-жағына, қоршаған ортаға сүйіспеншілігі, әр кезде дұрыс әрекет жасауы керек деп ойлаймын» деп өз пікірімен бөлісті.
    Кейін, ата-аналарға топтық-шығармашылық жұмыс ұсынылды. Бірінші топ «Ата-аналардың рөлі» тақырыбында жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын сурет салды. Екінші топ «Қызметкер ата-ананың бір күні» тақырыбында көрініс қояды. Мұнда ата-аналар бір күннің ішінде баласына қаншалықты уақыт бөледі, қаншалықты баласымен жұмыс жасап үлгіреді, нені үйретеді сол жөнінде тақырыпты ашты. Үшінші топ «Жалпыадамзаттық құндылықтар» тақырыбында рухани-адамгершілік қасиеттерді қатыстыра отырып, шағын көрініс әзірледі.



  • Ата-аналар жиналысында қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері: Ат...

    26 слайд

    Ата-аналар жиналысында қолданылған өзін-өзі танудың әдістемелік тәсілдері: Ата-аналар жиналысы тыныштық сәтімен басталды. Ата-аналар осы сәтті қатты қызығушылықпен қабылдады. Жұмыстан шаршап, шыққан ата-аналар бір сәтке тыныштық тапқандығын айтып жеткізді. Ата-аналарға қазіргі сәт - сый екенін, оны жақсы істер жасап, балаларына дұрыс тәрбие беруге жұмсау керектігінің дәлелі ретінде бейнефильм көрсетілді, пікірлерімен бөлісті. Жиналыс соңында топпен ән айтып, жақсы пікірде, қол соғып аяқтады.
    Ата-аналардың қойған сұрақтары және мұғалімнің жауаптары:
    Ата-аналар жиналыста өздері үшін де, отбасы үшін де көп мәлімет алғандарын айтып жеткізді.
    Семинар тыңдаушыларының шабыттануы : Ата-аналар бүгінгі тақырыпты өте тамаша деп қолдау көрсетті. "Барлық ата-анаға ұнады. Осылай жұмысыңыздың жемісін көріңіз!"- деп пікір қалдырды Хадишаның анасы.
    Ата-аналар жиналысы барысында ата-аналардың әрекетінде орын алған өзгерістер байқалды. Тыныштық сәті басталғанда кей ата-аналар түсінбей, күлкілі нәрсе деп қабылдады.
    Ал, тыныштық сәті аяқталған кезде сондай керемет күй кешкендерін айтып, қуанды. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты түсіндірілген кезде, пәннің қаншалықты маңызды екенін ұғынғандарын айтып, риза болды. Семинар барысында, ата-аналар балалардың өзін-өзі тану пәнінен үйренгендерін отбасында айтып отыратындығын, ненің дұрыс ненің бұрыс екенін ажырата білетіндігін айтып қуанышын білдірді.
    Жиналыстан кейін ата-аналардың пікірінше олардың санасында орын алған өзгерістер. Ата-аналар жиналыстан соң балаларға дұрыс әрекетке бағыттайтын ертегі, аңыздарды көбірек оқуға кеңес беретіндіктерін айтты. Өздері де тәрбиеде мән берілмей қалып жатқан мәселерді шешуде әрекет жасайтындықтары туралы ой қорытты. Сонымен қатар, алғашқы кезеңдегң ата-аналарға берілген сауалнамада "ақиқат" сөзі туралы ештеңе жаза алмай, кітаптан қарап жазғанын айтып, осы жиналыста бұл құндылық екенін түсініп, енді толық жауап бере алатынын айтты.

  • Такабева Аяжаның анасы :  Бүгінгі семинар тақырыбы ұнады. Ең негізгі ұнағаны...

    27 слайд

    Такабева Аяжаның анасы : Бүгінгі семинар тақырыбы ұнады. Ең негізгі ұнағаны - отбасының балаға ықпалы, тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең керек, ең дұрыс нәрсе. Үйінен дұрыс тәрбие алған бала еш уақытта жаман болмайды. Қиын да, қызықты заманда баланың жан-жағына, қоршаған ортаға сүйіспеншілігі, әр кезде дұырсы әрекет жасауы керек деп ойлаймын.
    Кәрімқызы Перизаттың анасы:Балаларымның тәрбиесі үшін өте маңызды мәліметтер алдым. Көп нәрселерге басқаша қарау үшін, әуелі өзімді дұрыстап қолға алу керек деп түйдім.
    Әбдікаппардың анасы:
    Жақсы, сыйлы ана болу үшін - дұрыс әркет жасауым керек екенін, қиянат жасамау керектігін ұғындым. Сонда ішкі тыныштығым орнап сүйіспеншілігім артады. Сол кезде үздік ана, жақсы әйел атанамын.

    Ата-аналардың рухани-адамгершілік көзқарастағы өте маңызды пікірлері:

  • Ата-аналарға топтық-шығармашылық жұмыс ұсынылды

    28 слайд

    Ата-аналарға топтық-шығармашылық жұмыс ұсынылды

  • Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
«Бөбек» Ұлттық ғылыми...

    29 слайд

    Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
    «Бөбек» Ұлттық ғылыми –практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы

    Курстық жұмыс
    Тақырыбы: «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасын сыныптың тұтас педагогикалық үдерісіне интеграциалау
    Мақсаты: жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде оқушыларға рухани-адамгершілік білім беру және ойы, сөзі, ісі бірлікте болатын ізгі адамды тәрбиелеу.
    Міндеттері:
    «Өзін-өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру Бағдарламасын жүзеге асыру жолдарын негізге алу;
    Өзін-өзі танумен басқа пәндерді интеграциялау негізінде жалпыадамзаттық құндылықтарды жарыққа шығару;
    Мектептің тұтас білім беру үдерісіне интеграциялау ұстанымдарын ендіру;

     

  • «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.Н.Назарбаева ос...

    30 слайд


    «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасының авторы С.Н.Назарбаева осындай мәселелерді пайымдау барысында былай деп жазады: «Ғасырлар тоғысында біз ойда жоқта тәрбиенің ең басты мақсаты-компьютер тетіктерін басып, ағылшынша былдырлап сөйлей білсе жеткілікті деп шештік. Міне дап-дайын –жаңа формация адамы! Ал сол баланың мейірімділік пен зұлымдықтың айырмашылығын ажырата алмайтыны, жақынының ауыртпалығын бөліспейтіні ойландырмайды да. Мен балалардың жастайынан салауатты және бақытты болу өнерін меңгергенін, өмір даналығын бойына сіңіріп, адамзатқа риясыз қызмет ету арқылы бақытқа бөленуді үйреніп өскенін қалаймын. Өздерінің кім екенін, не үшін өмір сүретінін, неге ұмтылатынын терең түсінуі керек. Әр адамның өзін-өзі тануы қажет»
    «Өзін-өзі тану» рухани - адамгершілік білімнің басқа пәнмен интеграциясы- ол ең алдымен мектептегі білімді жандандыру, оның рухани-адамгершілік болмысын жарыққа шығару, ол-тұтас білім, барлық пәндерді жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде жинақтау және әр алуандылықтың бір тұтастығын көре білу. Мәнгі адамзаттық құндылықтар білім берудің ошағына айналуы керек, басқаша айтқанда, біз оқытатын пәндеріміздің біртұтас екендігін көрсетуіміз керек.


    Қорытынды бөлім.
    Оқыту үрдісіне  жалпыадамзаттық құндылықтарды енгізу арқылы адамның рухани өсуіне жағдай жасаймыз.Мәңгілік құндылықтар білімнің негізгі өзегі болып табылады. Жалпы адамзаттық құндылықтарды адамның бойынан жарыққа шығару  ізгілікке апарады, яғни, мінезін өзгертуге болады.

  • Практикалық жұмыс барысында орын алған өзгерістер Мұғалімдердегі өзгерістер:...

    31 слайд

    Практикалық жұмыс барысында орын алған өзгерістер
    Мұғалімдердегі өзгерістер:
    5 “В” сыныбына сабақ беретін мұғалімдердің бойында өзгерістер болды. Біреуге қиянат жасамауды, біреудің сыртынан ғайбаттамау керктігін айтты.. Ұжымда ұжымдық бірлікті сақтап, аталған бес құндылықты жарыққа шығаруды күнделікті әдетке айналдыруға ұмтылады. Рухани-білімгершілік білім беру Бағдарламасының қажеттілігін мойындап, сабақ мазмұнына интеграциялауға қызығушылық танытты. Жалпыадамзаттық Құндылықтарды бала бойынан жарыққа шығару біздің міндетіміз екенін білді.Мұғалімдер өз сабақтарында өзін –өзі тану пәнін интеграциялап өтудің тиімді екенің түсініп, сабақта қолданатынын айтып өтті
    Оқушылардағы өзгерістер:
    Әр сабақта шығармашылық тапсырмада бір-біріне деген құрметтері, жанашырлықтары байқалды. Дұрыс әрекеттері мінез-құлықтарынан көрінді. Тек жақсы ой, жақсылық жасау жөнінде маңызды пікірлер айтты. Мұғалімдерге қарым-қатынасы жақсарды.



    Ата-аналарда болған өзгерістер: Мектеп пен отбасы ынтымақтастығын жақсартуға ұмтылуда. Мектептің ұстаздарымен тығыз байланыста. Жалпыадамзаттық құндылықтар барлық адами қасиеттердің өзегі болып табылатынын түсінді.


    Өзімдегі өзгерістер: «Құндылықтар практикасы » кезеңінде әр сабағымды жоспарлауда шығармашылық ізденісте болдым. Болашақта шығармашылықпен батыл қадам жасаймын. Өз бойымда көптеген өзгерістер болды: әркез сабырлылық сақтап, барлығына бірдей жанашырлықпен, қамқорлықпен, түсіністікпен қарайтын болдым. Жүрегім мейірімге толды. Сөзім, ісім бірлікте болуын әрқашан қадағалаймын. Дұрыс ой ойлап, дұрыс сөз сөйлеп, дұрыс ірекет жасауға тырысамын.Әрқашанда шешімді ақылға жүгініп, жүрекпен шешемін. Бұл курста жүрегім ашылды деп айта аламын. Жүректері кең адамдардан дәріс алып, тәжірибе жинадық, бұлда бір ғанибет. Үлкен сабақ. Мен сол үшін қуаныштымын және бақыттымын.

  • Жалпы қорытынды
        Алдағы уақытта Бағдарламаны жүзеге асыруда осымен тоқ...

    32 слайд

    Жалпы қорытынды
      Алдағы уақытта Бағдарламаны жүзеге асыруда осымен тоқтап қалмай, өз бойымда, өзім жұмыс жасайтын ортада, отбасымда ақиқатпен жүріп, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет жасап, өзгенің риза болғаны үшін өзім де бақытты күйде ішкі тыныштығым орнаса, менің шағын қоғамымда қиянат жасау болмайтындығына көзім жетті.

  • Ата-аналар, ұстаздар,оқушылардың сауалнамасы

    33 слайд

    Ата-аналар, ұстаздар,оқушылардың сауалнамасы

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 430 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.03.2020 3513
    • PPTX 7.2 мбайт
    • 26 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жапарова Маржан Турсумбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жапарова Маржан Турсумбаевна
    Жапарова Маржан Турсумбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41689
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Уверенность, уверенное поведение, воспитание волевых привычек, развитие учебной мотивации у детей и подростков

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 249 человек

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 557 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 97 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 123 человека

Мини-курс

Психологические исследования и поддержка психического здоровья

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов

Мини-курс

Развитие коммуникации и речи у детей раннего возраста

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек