Инфоурок Другое Другие методич. материалыАғайын - ер ырысы сабақ жоспраы

Ағайын - ер ырысы сабақ жоспраы

Скачать материал

Мектеп

Күні: ж . № 21 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ағайын – ер ырысы».

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік,қайырымдылық

Педагог: Баильдинова Д.С.

Сынып: 11 к

Оқушылар саны: 24

Сабақтың мақсаты: Отбасы әдебі,ағайын – туыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік мақсаты: Отбасының,ағайын – туғанның қадір – қасиетін ұғындыру.Туыстық атаулардың мәнін ашу;

Дамытушылық мақсат: Ағайын,туыс арасындағы сыйлаымды қарым – қатынасымның мәнін ұғындыру;

Тәрбиелік мақсаты: Ағайынды сыйлауға , құрметтеуге,салт – дәстүрді дәріптеуге,қадірін білуге тәрбиелеу;

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тыныштық сәті               Нұрға бөлену

     Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

Оқушылардың сабаққа дайындығын

тексеру. 

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Менің   атым-Қожа

  1. Әкенің адам өмірінде алатын орны қандай?
  2. Адам қай уақытта ата-ананың үмітін ақтай алады?
  3. «Атадан бала тусайшы,ата жолын қусайшы  деген мақалдың мағынысын қалай түсінесің  ?

 

4.      Дәйексөз.

«Әке-асқар тау 
Ана-ағып жатқан бұлақ 
Бала-жағадағы құрақ 

Хақыл нақылы

Дәйек сөздіңмағынасын қалай түсінесіңдер?

Адам қай уақытта ата – ананың үмітін ақтай алады?

 

Ұл балалар қайталайды,  қыздар қайталайды.

5.      Сыйлық.

Оқиғаларды  әңгімелеу  (сұхбат)

Қазақтар шаңырақты бұрыннан сыйлап келген. "Ұл—орнықты алтын ту, қыз—айдыннан ұшатын аққу". Ұл баласы ер жетсе, бір шаңырақ иесі деп санаған. Ол үйленіп, үйлі жайлы болып, ата анадан бөлініп шығып, өз шаңырағын көтереді. Көп балалы отбасыларының әр баласы, ұядан ұшқан құстай, осылайша шаңырақ көтереді. Ата-анасының шаңырағында ең кіші ұлы немесе әке-шешелері қай ұлы қалады деп шешсе, сол қалады. Қартайған шақтарында өзіне жанашырлықпен қарайтын, қамқоршы болатын ұлын алып қалады. Ал, негізінде, қазақ халқында ең кенже ұлдары сол шаңырақтың иесі деп есептелген.

Әрбір шаңырақтың ең құрметті, сыйлы иесі — атасы мен әжесі. Шаңырақтың басқа мүшелері мен туған-туыстары оларды қадірлеп, ерекше сыйлайды. Қартайған шақатарында, қара шаңырақта қалған ұлының қолында қалған қарттарға, баласы мен келіні өз қамқорлықтарын көрсетеді. Басқа ұл мен қыздары қара шаңыраққа жиі келіп, араласып тұрады. Немерелері мен шөберелері қартайған қарттарға өте ыстық. "Ата — бәйтерек, бала — жапырақ" деген ғой. Ауылды жерлерде тұрған атасы мен әжесіне демалысқа шыққан немере шөберелері барып тұрады. Үлкен қарттар тұратын отауға алыстан әдейілеп келіп аман саулықтарын біліп кетіп отыру, ауырған кездерінде жандарында болу—әрбір перзенттің міндеті.

Шаңырақта қалған ұлдың міндетіне әке-шешесі қайтқанша қасында болып, қамқорлығын көрсету жатады. Оған басқа ұл-қыздары көмектерін көрсетеді. Сол үйдің шаңырағын мықтап ұстау, тоздырмау, қонақжайлылық көрсету деген сияқты міндеттері бар. Ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдырған бұл үйді киелі тұтып, оған құрметпен қарайды. "Ағайын — ағайынның айнасы". Ағайын арасындағы татулық қара шаңыраққа деген құрметтерінен білінеді. Әке-шешелері қайтқаннан кейін де, ұлдары мен қыздары қара шаңыраққа деген қамқорлықтарын үзбейді. Бас қосып, жиналып тұрады.

Алайда осының барлығын ұйымдастыру үлкен ұлға жүктеледі. Ағайынның басын қосып, ұйытқы болып отыратын ұл балалары. Ұлдары үйленіп жатса, келінді қара шаңыраққа түсіріп, сол үйдің табалдырығын аттатады. Кейіннен олар сол шаңырақтан бөлініп жеке шаңырақ көтереді. Туған туыс жиналса да, қара шаңыраққа жиналады. "Ағайынның үйі — ақ жайлау" дегендей, алыстан келген туыстары мен сол шаңырақтан шыққан балалары үлкен үйге соғып, шыққандарын айтып, жиі жиналып отырады. "Тату үйдің тамағы тәтті" дгендей, жиналған балалары бас қосып, дастарқан басынан дәм татып, әңгіме-думан құрады. Бұндай бас қосу бауырлардың арасындағы ынтымақты күшейте түседі.сәлем бере кетеді. Қара шаңырақтан түлеп ұшқан ұл-қыздар бас қосып, балалық шақтарын еске алады. Сол шаңырақта қалай ер жеткендерін, қызықты шақтарын естеріне алып, қалай бөлін

  • Қара шаңырақ деген сөзді қалай түсінесін?
  • Қара шаңыраққа кімдер ие болып қалады?
  • Бұл әңгімеден қандай қорытынды жасайсыңдар?

 

6.      Шығармашылық бағыт.

«Менің алтын тұғырым » атты өзіңе қатысты туыстық қарым-қатынастар шежіресіне шағын әңгіме жазу

 

7.      Топпен ән айту.

Біз жүрміз бұл күндері күліпте ойнап

Кей кездерде кетеміз хабарсыз айлап

Жүрегіңнен айналдым жүргендерін ай

Тамағыңнан ас өтпей ініңді ойлап

Жүрегіңнен айналдым жүргендерін ай

Тамағыңнан ас өтпей ініңді ойлап

Қайырмасы:

Қалай ғана ақтар екем сенімдеріңді

Жүрсем екен нұрға бөлеп өмірлеріңді

Байлығым ағаларым

Айбыным ағаларым

Өздерің көрсеттіңдер бакыттың жағалауын

Аман бол ағаларым

Сауыттай ағаларым

Бақ мекен араларың

Сендерді баға жетпес асылға бағаладым

Аман бол ағаларым аман бол ағаларым

Қанаттыға қақтырмай қорған болдың сен

Кұлынтайдай жарыссақ қалған болдын сен

Қайда жүрсем уайымдап іздеп келесің

Ағасы жоқ жандарға арман болдың сен

Қайда жүрсем уайымдап іздеп келесің

Ағасы жоқ жандарға арман болдын сен

Топпен ән айту.

 

8.      Үй тапсырмасы.

«Бауырластарыма» Ф.Оңғарсынова  өлеңін оқып келу97бет оқып келу, мазмұндау

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

     Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп № 

Күні:                         № 22 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Ағайын – ер ырысы».

Құндылық: қиянат жасамау

Қасиеттер: мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік,қайырымдылық

Педагог: Баильдинова Д.С.

Сынып: 11 к

Оқушылар саны: 24

Сабақтың мақсаты: Отбасы әдебі,ағайын – туыс туралы түсініктерін қалыптастыру.

Білімділік мақсаты: Отбасының,ағайын – туғанның қадір – қасиетін ұғындыру.Туыстық атаулардың мәнін ашу;

Дамытушылық мақсат: Ағайын,туыс арасындағы сыйлаымды қарым – қатынасымның мәнін ұғындыру;

Тәрбиелік мақсаты: Ағайынды сыйлауға , құрметтеуге,салт – дәстүрді дәріптеуге,қадірін білуге тәрбиелеу;

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Тыныштық сәті           

   І. Ұйымдастыру кезеңі.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

Рахмет. 

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. 

3. Үй тапсырмасын тексеру.

«Бауырластарыма» Ф.Оңғарсынова  өлеңін оқып келу 97бет оқып келу, мазмұндау.

Бауыр, туыс-туған, ағайына кандай тілек айтар едің?

 

4.      Дәйексөз.

«Бала болсаң, болғандай бол,

Ағайынға қорғандай бол».

                                                                        Н.Наушабекұлы

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

 

Бәріміз қосылып айту. Дәптерімізге жазып аламыз 

5.      Сыйлық.

 Әңгiмелеу

Төртеу түгел болса,төбедегі келер.

Төрт саны әлемдік жұп, Құран бойынша ол Алладан келетін мезгіл белгісі. Барлық айқын болуға тиісті нәрсе болсын немесе сөз болсын 4 белгісі  шарт. Біздің өмір сүрген әлем қабығының тербеліс саны айына 4 рет ауысады. Дүниенің төрт бұрышы бар деген. Ол ақиқат. Жоғарғыда ескерткендей жер әлемі қиямет мезгілінде экватордан бүктеледі, сонда екі төменгі – жоғарғы нүктелер түйістіргенде әлем төрт бұрышқа айналады. Жерді де теңіздер түйіскен жерден жазып көрсе төрт бұрышқа айналады. Жалпы адам өмірі Аймен есептеледі. Іште  жатқанда да  қырынан қарағанда жарты ай болып өседі солай туылады. Адам баласында алдыңғы жағында, әйелдерде тобық пен мойын, еркектер тізе мен мойын арасын жалғап тұратын ай тәрізді көркем сөзбен толтыра алсаң «нұр» деп аталатын қуат көзі өріс орны бар. Жер анаға ол белгілі жерлерде бекітілген. Адам жасының  ұзақтығы немесе кенеттен қайтыс болуы осы жарты айға байланысты. Бұл жаратушымыздың бізге берген «мүмкіндік» сыйы, оны да өз еңбегіңмен табасың, қорғайсың, толықтырып отыру міндеттелген. Алда толық талқылаймыз. Жердегі бүкіл өсімдік жаратылыс ай нұрымен ғана қозғалысқа түседі. Адамзат үшін нұр- несібе. Нұрдың да төрт белгісі болар жер бетінде. Діннің бар негізгі мақсаты осы нұрды толықтыру, өсіру, жоғалтпау. Сондықтан бабаларымыз «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген. Үш саны теңдік, өсу, өну болса, төрт саны толу, бірігу, толысу болып табылады. Төрт құбыла тең болса бақыт, ғылым тегі. (Тәурар, Забур, Інжіл, Құран)

«Бірінші бала – үй баласы,

Екінші бала – ауыл баласы,

Үшінші бала – аймақ баласы,

Төртінші бала – ел баласы».

Төртеуді түгелдеуді үйренейік, ағайын!

 

6.      Шығармашылық бағыт.

Оқушылар 3 топка  бөлініп отырады. Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

Тапсырманы постер ретінде жасап қорғайды.

1 топ Ағайын тату болу үшін не істеу керек?

2 топ Ағайын кадірін қалай кашан байқадыңыз?

3 топ Отбасының берекелі болуы кімге байланысты?

 

Постерді қорғауға 3 минут беріледі.

7.      Топпен өлең оқу.

«Ағаларым»

Сөзі: Б. Тайлакбаев
Ағаларым!
Құшағы оттай ыстық Сахарадай
Көңілі алып ұшқан шағаладай 
Алдымнан көкем ай деп шығатұғын
Сендерді сағындым ғой
Сенде
рді сағындым ғой Ағаларым!

қайырмасы
Қажымас қара нарым
Кең байтақ даналарым
Күнім деп еркелетер
Аман бол Ағаларым 2 р

2 Аңқылдақ айналайын ағаларым
Сағынсам іздеп барар паналарым
Ініңе ізіңдегі қарап жур деп 
Қалдырған өздеріңді
Қалдырған өздеріңді бабаларым
қайырмасы

3 Өзіңе сыйынамын қандай жақсы
Сөзіңе суйсінемін балдай тәтті
Ерлердің ағасы бар-жағасы бар!
Алдыңда ағаң болған
Алдыңда ағаң болған қандай жақсы!
қайырмасы!

 

Топпен өлең оқу.

 

8.      Үй тапсырмасы.

«Жақсы сөз – жарым ырыс» эссе жазу.

 

  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қойылады.  Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

     Мұғалім жәй дауыспен:

   - Әрқайсымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік.  Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді    жүректеріңізге түйіп алыңыздар.  Рахмет! Көздеріңді ашуға болады.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ағайын - ер ырысы сабақ жоспраы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по благоустройству

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.03.2017 3386
    • DOCX 34.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баильдинова Динара Сарсенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 114982
    • Всего материалов: 34

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек