Инфоурок Иностранные языки Конспекты«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».

«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».

Скачать материал

«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».

 

                                                                                            Карабалина Л.Б. – Ақтөбе қаласы  

                                                                                            №56 орта мектебінің ағылшын тілі

                                                                                            пәнінің мұғалімі

                                                                                     

Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Тіл білу – байлық. Ел халқы сауатты  болса, бұл әлемдік  деңгейде   бізге  жоғары  дәреже,  үлкен  абырой  алып  келері  сөзсіз.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білім ордасының  алатын орны айрықша.

Білім беру ордасы — қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Бұл балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Білім ордасын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы. Оларды парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу, сондай – ақ шәкірттеріне  тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың түрлі қайнарымен сусындатып, әрбір шәкірт бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыратын және де баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытатын ол – педагог.

Педагог  — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс!

Шәкіртінің дарындылығының даму қабілетінің ашылуы көбінесе педагогтың кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық қасиетіне байланысты. 

Мұндағы негізгі мақсат – білім алушы тұлғаның  шығармашылық, дарындылық қабілетін дамыту, жеке тұлғаны жетілдіру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және білім алушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Шәкірт болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана жақсы педагогке  байланысты.                 

Оқыту білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – болашақ маманға білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру. Ондай мүмкіндік тек сабақ арқылы беріледі.

Сабақ – оқу үрдісінің ең негізгі формасы. Сабақтың мұндай міндеттен шығуы үшін оны психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыра білу қажет. Сабақты психологиялық тұрғыдан дұрыс ұйымдастыру дегеніміз – шәкірттің ішкі жан дүниесіне терең үңілу, ойына ой қосу, қиялына қанат бітіру, білім алуға деген құлшынысын, қызығушылығын ояту. Ол үшін педагог барлық мүмкіншілігін пайдаланады. Өйткені жай сабақ құнарсыз тамақ секілді, адам бойына жұқпайды. Қызықты сабақтар педагогтың ашқан жаңалығы, өзіндік қолтаңбасы, әдістемелік ізденісі, қолданған әдіс-тәсілдері арқылы ерекшеленіп шәкірт жүрегінен орын алады.

Ал шәкіртке білім беру барысында педагог өз еңбегінің жемісті болуы үшін  мына іс- әрекеттерді  орындағаны жөн:

педагог қызметіндегі мақсат қоя білу ісі;

білімнің мазмұнын игеру ісі;

Шәкірттердің білім алуға деген мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау (диагностикалау) ісі;

сабақ өткізудің әдістемелік жағын ұйымдастыра білу ісі;

шәкірттермен жақсы қарым-катынас жасай білу ісі (коммуникативтік әрекет);

шәкірттерін білімге ынталандыру, қызықтыру іс-әрекеті;

шәкірттердің білім дағдыларын бақылау және бағалау іс -әрекеті;  

Яғни, қазіргі таңда ағылшын тілін саналы меңгерту, оны өз деңгейінде қажеттілікке айналдыру, бір жылғы мәселе емес, сондықтан ағылшын тілін оқыту ісімен шұғылданатын мамандар арасында туындайтын бір сұрақ:

Ағылшын тілінде өз ойын ауызша және жазбаша еркін жеткізе алуға қалай үйрету керек?

Оқушыны ынталандыру үшін қандай әдіс-тәсілдерді, технологияларды қолданған жөн?

Ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды, техникалық құралдарды сабақта жан-жақты қолдану, педагогтың көптеген қиындаған қызметтерін жеңілдетіп, осы іскерліктің ұстанымды жаңа тәсілдерінің пайда болуына мүмкіндік туғызады.

Осындай жаңа жолдардың біріне ақпараттық оқыту жүйесіндегі компьютерлік бағдарламалардың түрлері арқылы тіл үйретуді жатқызуға болады.

Қазіргі таңда білім беруде әлемнің бірнеше елінен сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды. Олар мыналар:

Модульдік технологиясы

Рейтингтік жүйе

Дамыта оқыту технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау

Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс тәсілдермен ерекшеленеді. Әдіс-тәсілдерді педагогтың  ізденісі арқылы шәкірт қабілетіне қабылдау деңгейіне қарай іріктеліп қолданады.

Сондай – ақ қазіргі ақпараттық қоғамда білім  дамуының негізгі құралы ретінде  жаңа технологиялар маңызды роль атқарады.

Жаңа технологиялардың  білім беру құралы ретінде кең таралуының негізгі алғы шарттарын ғалымдар төмендегідей саралайды:

1. Өзге құралдардан компьютердің ерекшелігі – оның қатысымдық құрал бола білуі. Яғни, білімгер, ол арқылы қатысымның барлық түрлерін жүзеге асыра алады. Бұл – мәтіндерді оқу, сұхбат жасау, жазу, тыңдау әрекеттері. Тіл меңгеруде  бұл мүмкіншіліктер ең маңызды болмақ.                                 

2. Компьютер шексіз ақпарат әлемінде енуге және ақпаратты жүйелі түрде талдап, сараптауға мүмкіндік береді. Ақпаратты алудағы жоғары жылдамдық адамның ақпараттық мәдениетінің үнемі өсуіне жағдай жасайды.     

3. Компьютер адамның зерттеу-танымдық әрекетінің әмбебап құралы ретінде ерекшелінеді.

4. Құрал білімгерлерге өз әрекеттерінің нәтижесін айқын көрсете алады. Білім алуда дұрыс шешім жасай білуге деген оқушылардың өзіндік тәсілін, стратегиясын қалыптастырады.

5. Компьютердің көмегімен жаттығулардың кешенді түрлерін аз уақытта орындау мүмкіншілігі туындайды.                   

Тілді меңгеруде компьютерді қолдану мәтіндер мен ақпаратты білуге жол ашады. Тіпті нашар оқитын оқушылардың өзі компьютермен жұмыс істеуге қызығады, өйткені кейбір жағдайларда компьютер білмеген жерін көрсетіп, көмекке келеді.

Тілді ақпараттық-коммуникативтік технология арқылы оқыту – тіл үйренушінің өз бетімен тіл үйрену қабілеттерін жетілдіруіне игі ықпал ететін тиімді жүйе болып табылады.           

Барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Нәтижесі:

-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы білімнің сапасын көтеру;

-          жаңа ақпараттық технологияны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру;

-          мультимедиялық электрондық оқулықтарды, виртуальдық  лабораторияларды және бақылау программаларын жасақтап, қамтамасыз ету.

Ақпараттық технология – ақпараттарды жинау, сақтау және өңдеу үшін бір технологиялық тізбекте біріктірілген әдістер мен өндірістік және бағдарламалық-технологиялық құралдардың жиынтығы. Қазіргі кезде сабақта ақпараттық технологияларды бәріміз кеңінен қолданамыз.

Қорыта айтқанда, жаңа технологиялардың көмегімен  тілді меңгертуге, сондай-ақ білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға болады

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Ағылшын тілін оқытуда жаңашыл технологияларды қолдану».Тіл – халықтың ең басты қазынасы. Тіл білу – байлық. Ел халқы сауатты болса, бұл әлемдік деңгейде бізге жоғары дәреже, үлкен абырой алып келері сөзсіз.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде білім ордасының алатын орны айрықша.

Білім беру ордасы — қазіргі қоғамның дамуымен тығыз байланысты. Бұл балаға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.

Білім ордасын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы. Оларды парасатты да саналы азамат етіп тәрбиелеу, сондай – ақ шәкірттеріне тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың түрлі қайнарымен сусындатып, әрбір шәкірт бойына ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін калыптастыратын және де баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытатын ол – педагог.

Педагог — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп есептеледі. Және солай болуға тиіс!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 334 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.05.2015 2003
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Карабалина Лаура Бактияровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Карабалина Лаура Бактияровна
    Карабалина Лаура Бактияровна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2104
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика обучения испанскому языку

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 16 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Преподавание русского языка как неродного в образовательном учреждении

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 76 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 230 человек

Курс профессиональной переподготовки

Итальянский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель итальянского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Социальные и правовые аспекты эпохи Просвещения: влияние на образование сегодня

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе