Инфоурок Другое Другие методич. материалы"Қанатты достарға қамқорлық" тәрбие сағаты

"Қанатты достарға қамқорлық" тәрбие сағаты

Скачать материал

7 арнайы түзету мектеп интернаты

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ:

ТАҚЫРЫБЫ: «Қанатты достарға қамқорлық»

 

 

 

 

 

ДАЙЫНДАҒАН: ҚАЛИЕВА Г.К

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Сабақтың тақырыбы: «Қанатты достарға қамқорлық»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға құстар және олардың көктемгі тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Түзете – дамытушылық: құстар туралы ой – өрістерін, есте сақтау қабілетін, тілдерін дамытып, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік мақсаты: Отанға, елімізге, оның табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, құстарды қорғап, сақтауға, қамқорлық жасауға, оларды азықтандырып, қоректендіруге баптап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері, мақал – мәтелдер, бейне материал.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Ой – шақыру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІV. Слайд. /Үй және дала құстары/.

V. «Құстар» туралы тақпақтар оқу.

V І. Халық болжамдары.

V ІІ. Жұмбақ жасыру.

V ІІІ. Сөзжұмбақ «Құстар» шешу.

ІХ. Қорытынды.

-         Балалармен амандасып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілеу.

-         Ой шақыру:

1.     Қары кетіп даламның,

Ауылдарда су ақты.

Ақ жүзіндей анамның,

Күндер келді шуақты.

Бұл қай кезде болады? /көктем/

 

·        Қай мезгіл туралы айтылады?

·        Қазір жылдың қай мезгілі?

·        Көктем мезгілінде неше ай бар?

·        Көктем мезгілінде табиғатта болатын өзгерістерді білесіңдер ме?

·        Көктемде – күн жылиды, қар ериді, су ағады, құстар келеді, бәйшешек шығады, жер жыртады, егін егеді, ағаш отырғызады, ағаштар көктейді, наурыз, сәуір, мамыр. Схема жасау

·        Ендеше, мына, бір үнге құлақ түрейікші. (Үнтаспадан құстардың дыбысы естіледі)

·        Бұл ненің дауысы деп ойлайсыңдар?

·        - Көк құрақ – көлдің сәулеті, құс пен аң – елдің дәулеті, - дегендей, хайуанаттың ішіндегі ең сұлуы, ең сымбаттысы – құстар. Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар әуезді әуен дауысымен сымбатты да сұлу, сондай-ақ алуан түрлі сыртқы көрінісімен табиғаттың сәнін келтіреді. Құстарды әркез қорғай білуіміз керек. Олар табиғат байлығын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден тазартады. Сонда ағаштар жайқалып өседі. Жер бетінде 8600 – ге жуық құстардың түрі бар. Біздің Республикамызда 474 құстың түрі бар.

·        Құстарға тән ортақ қасиет қандай бар?

·        Ұшады, қанаттары, мамықтары, тұмсықтары бар. Жұмыртқалайды, балапан басады.

·        Айырмашылығы.

·        Құстардың дене көлемі, пішіні, тұмсығы, тістері, дыбыстары әр түрлі болады.

·        Құстар неше топқа бөлінеді?

·        Үй құстары, дала құстары.

·        Суретін көрсету слайдтан. /Үй және дала құстары/

·        Дала құстары далада өмір сүреді. Тамақтарын даладан тауып жейді. Олар адам қолына бейімделмеген. Құстардың екі қанаты, екі аяғы бар. Құстардың қанаты қауырсындардан тұрады. Мамығы құстарды суықтан, ыстықтан, зақымданудан қорғайды.

·        Үй құстарына қандай құстар жатады? /тауық, үйрек, күркетауық, қаз/

·        Үй құстарының қандай пайдасы бар?

·        Құстардың жұмыртқасы, еті, мамығы пайдалы екен. Еті мен жұмыртқасы ас болса, мамығынан тұрмысқа қажетті заттар жасайды.

·        Құстар – адамға дос, пайдалы, зиянды құрттарды жояды, ән салады, бау – бақша ағашты қорғайды, сән береді, егінге пайдалы.

·        Қыстап қалатын қандай құстарды білеміз? / қарға, суықторғай, сауысқан/

·        Жыл құстарына қандай құстар жатады?

·        Жыл құстары дегеніміз – салқын түссе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде ұшып келетін құстар. Оларға: ұзақ, қараторғай, қарлығаш, тырна, көкек, аққу, шағала, қаз, үйрек жатады.

·        Құстар табиғатты қорғаушы. Олар табиғаттың байлығы саналатын ағаштарды, өсімдіктерді зиянды жәндіктерден қорғайды.

·        Қазақ халқы ежелден-ақ табиғатпен, аң-құстармен байланысып өмір сүріп келеді. Жақсы көретін адамды құстарға теңеу арқылы ықыласын білдірген. Мысалы: халық ішінен шыққан батыр ұлдарын – сұңқарға, әдемі ән айтқан әншілерді – бұлбұлға, сұлу қыздарын – аққуға теңеген.

·        Құстарға байланысты қандай тақпақтар білеміз?

1.     Құстар, құстар келеді,

Жерді шуға бөледі.

Көктем келді деп бізге,

Жақсы хабар береді.

2.     Жыл құстары келді деп,

Балдырғандар мәз болды.

Қос қанаты желпілдеп,

Көлге үйрек, қаз қонды.

3.     Құс ұясын бұзбайық,

Жұмыртқасын алмайық.

Обалына қалмайық,

Әдейі көздеп атпайық.

4.     Біз қамқоршы баламыз,

Құстарға үя саламыз.

Жем-су беріп үнемі,

Балапанын бағамыз.

5.     Ұшып келген ең алғаш,

Қара торғай қырағы.

Ұяларға қонақтап,

Дейді менің тұрағым.

6.     Ауламызға бау бүрлеп,

Шешек атып жайнайды.

Ақ тамағы бүлкілдеп,

Қарлығаштар сайрайды.

 

 

 

·        Артық болмас білгенің.

·        Халық болжамдары. Халқымыз ежелден құстардың ұшуы, қонуы, кетуіне  қарап ауа-райын болжаған.

·         Жаңбыр жауар кезде, қарғалар у-шу болып топталып ұшады.

·        Жыл құстары қаптап келсе, күн жылы болады.

·        Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.

·        Көкек қатты әрі жиі шақырса күн жылиды.

·        Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.

·        Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.

 

·        Жұмбақ жасыру:

1.     Түгі қара мақпалдай,

Төсі ақ сыр жаққандай.

Ұшса оқтай зулайды,

Көктен жұлдыз аққандай. /қарлығаш/

2.     Күндіз тіпті ұшпайды,

Түнде тышқан ұстайды,

Көзі шамға ұқсайды. /жапалақ/

3.     Қайталап атымды,

Көктемде ән салам.

Кез – келген ұяға,

Жұмыртқа апарам./көкек/

4.     Ұшқаны қызық жалпылдап,

Өзі сондай қарқылдақ. /қарға/

5.     Балалармен достасып, жазда бақты қорғайды.

Күзде кетер қоштасып, кім біледі .../торғайды/

Құстар туралы мақал-мәтелдер:

1.     Ерді талап ұшырар,

Құсты қанат ұшырар.

2.     Қыста құсқа жақсылық жасасаң,

Жазда жақсылығыңды өтейді.

3.     Қыста құсқа аяз қатер емес,

Аштық қатер.

·        Сөзжұмбақ: «Құстар»

·        Суреттерге қарап құстардың атын ата?

1.     Қаз

2.     СҰңқар

3.     Сауысқан

4.     Тауық

5.     ТорғАй

6.     ҮйРек.

 

 

Қ

А

З

 

 

С

Ұ

Ң

Қ

А

Р

 

 

С

А

У

Ы

С

Қ

А

Н

 

Т

А

У

Ы

Қ

 

Т

О

Р

Ғ

А

Й

 

 

Ү

Й

Р

Е

К

 

 

Сұрақтар:

1.     Құстардың түрлерін ата?

2.     Құстың негізгі мекені?

3.     Қай құста мүлде ұя болмайды?

4.     Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады?

Қорытынды.

Оқушыларды бағалау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

                               №7 арнайы түзету мектеп интернаты

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ:

ТАҚЫРЫБЫ: «КӨКТЕМ КЕЛБЕТІ»

 

 

 

 

 

ДАЙЫНДАҒАН: ҚАЛИЕВА Г.К

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫ

Сабақтың тақырыбы: «Көктем келбеті»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: оқушыларға көктемг мезгілінің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.

Түзете – дамытушылық: ой – өрістерін, есте сақтау, ойлауқ қабілетін, тілдерін дамытып, сөздік қорын молайту;

Тәрбиелік мақсаты: Отанға, елімізге, оның табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, ұстарды қорғап, сақтауға, қамқорлық жасауға, оларды азықтандырып, қоректендіруге баптап күтуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құстардың суреттері, мақал – мәтелдер, бейне материал.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

ІІ. Ой – шақыру.

ІІІ. Слайд: «Көктем өзгерістері»

ІV. Жаңа сабақ.

V. Слайд: табиғатқа байл.ты

VІ. Тақпақтар оқу

VІІ. Д/о: «Сөйлемді аяқта»

VІІІ. Халық болжамдары

ІХ. Тыйым сөздер

Х. Мақал – мәтел

ХІ. Д/О: «Құстың атын ата»

Жұмбақ шешу:

1.     Ақ қар еріп, су көбейіп,

Сай салаға толады.

Ағаш басы бүршік ашып,

Гүл бәйшешекке толады. /көктем/

·        Бейне материал: «Көктем өзгерістері»

·        Қазір жылдың қай мезгілі?

·        Көктем мезгілінде неше ай бар?

·        Көктемде қандай құбылыстар болады?

 

·        Көктемдегі өсімдіктер әлеміндегі өзгерістер:

·        Жер көктейді.

·        Бәйшешек, қызғалдақ шығады, ағаш бүр жарады.

·        «Көктем мезгілі» құстар келеді, күн ұзарады, бәйшешек гүлдейді, малдар төлдейді, түн қысқарады, табиғат ұйқыдан оянады.

·        Схема: Көктемде – күн жылиды, қар ериді, су ағады, құстар келеді, бәйшешек шығады, жер жыртады, егін егеді, ағаш отырғызады, ағаштар көктейді, наурыз, сәуір, мамыр.

·        Күн жылынады, жер көгеріп, алғашқы гүлдер шығады, ағаштар гүлдейді, құстар ұшып келеді, қыстық киімдерімізді шешіп, көктемдік жеңіл киім кие бастаймыз.

·        Көктем мезгілінде алғашқы гүлдейтін гүлдер: бәйшешек пен қызғалдақ. Бәйшешек гүлінің түсі ақ, ал қызғалдақ гүлінің түсі қызыл болады.

·        Жан – жануарлардың тіршілігіндегі өзгерістер:

·        Барлық жан-жануарлар түлейді.

·        Ұйқыдан оянады.

·        Төлдейді.

·        Көктемде қандай мерекелер болады?/8 наурыз, 22 наурыз, ғарышкерлер күні, 1 мамыр, 7 мамыр, 9 мамыр/

·        Қазір қандай ай?

·        Қараңдаршы, терезеде сурет бар ма?

·        Күннің жылынған әсерінен табиғатта қандай өзгерістер болып жатыр?

·        Қар ериді.

·        Мұздар су болады, жер балшық болады.

·        Бұл табиғатта болып жатқан өзгерістерден біз көктем болғанын білеміз. Су буланып, бұлтқа барып жаңбырға айналады.

·        Қыс кетіп, көктем келіп, айналамыздағылардың бәріне жан ене бастайды. Гүлдер шығады, жәндіктер оянады, құстар ұяларын салады, балық уылдырық шашады, бәрі де оянады. Біздің жеріміз көктеммен бірге оянып, жақсы күйге енуі үшін не керек?

·        Ауа, су, құстар, жәндіктер т.б керек.

·        Табиғатқа байланысты мультфильм көрсету. /жапырақты сөйлету/ бетпақдала

·        «Көктем» туралы тақпақтар білесіңдер ме?

1.     Күліп көктен,

Қарайды күн.

Шуақ төккен,

Келді көктем.

2.     Жылу өткен,

Қырға гүлдер,

Қаптап кеткен,

Келді көктем,

Келді көктем!

3.     Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тоңын жер шешті.

Жан – жақтан күн күркіреп,

Жаңбыр жауды сіркіреп.

 

4.     Көктем қандай көңілді!

Күміс жаңбыр төгілді.

Мөлдір аспан ашылып,

Күн пердесі сөгілді.

5.     Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Бау – бақшада, орманда,

Құстар әні төгілді.

 

·        Д/о: «Сөйлемді аяқта»

·        Құстар ұша алады, өйткені – олардың қанаттары бар.

·        Құстар қоректенеді – құрт, құмырсқа, жәндіктермен, дәндермен.

·        Көктемде қайтатын құстар – аққу, қарлығаш, қарға, торғай, сауысқан.

·        Құстар бір – біріне – жүнімен, қанатымен, құйрығымен, тұмсығымен, жұмыртқасымен, аяғымен ұқсайды.

·        Халық болжамдары:

·        Бозторғай ән салса, күн ашық болады.

·        Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.

·        Қарлығаш өрлеп ұшса, күн жылы, құрғақ болады.

·        Үйрек бір аяғымен тұрып, басын қанатының астына тықса, аяз болады.

·        Тыйым сөздер:

·        Құстың ұясын бұзба.

·        Құсқа тас лақтырма.

·        Құстың жұмыртқасын жарма.

·        Мақал – мәтелдер

·        Бұлбұл үнді, жылан тілді.

·        Құсқа аяз қатер емес, аштық қатер.

·        Қыста құсқа жақсылық жасасаң,

Жазда жақсылығыңды өтеп береді.

Құстың атын тап ойыны:

ЩЛРҚАРАТОРҒАЙДҰ

БЛДБҰЛБҰЛНРТАМКЭ

ОҚУҚАРЛЫҒАШҰОТП

КЦИТОҚЫЛДАҚМОЖ

ЖДАТЫРНАҚЛЬТРН

Қорытынды.

Бағалау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Қанатты достарға қамқорлық" тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 143 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2016 2146
    • DOCX 27.5 кбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кали Анаркул Нурлыбеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кали Анаркул Нурлыбеккызы
    Кали Анаркул Нурлыбеккызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 30087
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой