Инфоурок Информатика ПрезентацииАқпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі сабағы мен презентациясы

Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі сабағы мен презентациясы

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі..docx

Сабақтың тақырыбы: §2. Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі.  

 

Сабақтың  мақсаты:

білімділік: оқушыларды ақпарат, информатика ұғымы, түрі және қасиеттерімен таныстыру;

дамытушылық: информатика ұғымдарына, ақпаратқа, ақпарат алу көзіне, қабылдау және беру ортасына анықтама беру дағдыларын қалыптастыру;

тәрбиелік: ізденімпаздыққа, жаңашылдыққа тәрбиелеу.

 

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың түрі: түсіндірмелі – пікірталас.

Сабақтың жабдығы: оқулық, дербес компьютер, суреттер.

 

Сабақтың барысы:

 

1Ұйымдастыру кезеңі

 

Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

 

Жаңа сабақты түсіндіру

 

2.Үй тапсырмасын тексеру

 

Сұрақтар:

1. Информатика дегеніміз не?

2. Компьютердің информатикаға қандай қатысы бар?

3. Ақпарат дегеніміз не, оны қалай түсінесіңдер?

4. Ақпаратты қандай ақпарат көздерінен аласың?

5. Ақпараттың қандай қасиеттерін білесің?

 

3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген тамақты пісіру үшін оған қажетті заттар мен дайындау жолын білу қажет. Автомобильді басқару үшін немесе үй тұрғызу үшін қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Сендер қалай түсінесіңдер, ақпарат деген не?

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Сендер күнде қандай да бір ақпарат аласыңдар. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдайсыңдар, игересіңдер, қайта өңдейсіңдер.Ақпаратты ата – аталарыңа, достарыңа жеткізулерің мүмкін. Яғни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы,10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке – дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музыканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Сендердің кейбіреулерің жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінсеңдер, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріңе түсіну үшін практикалық тапсырманы өздерің орындап шыққандарың ыңғайлы.
Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі – құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы – адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақытын келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Ақпараттың басқа түрлерін атаңдар!

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлдінеді.

Бір ақпараттың өзі әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақты машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзімен жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да түрге бөлуге болады.
Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

 

Ақпараттың қасиеттері

Оқушыларға көз жанарын алдауға бірнеше суреттер ұсынады. Оқушылар осыдан кейін әр ақпарат шынайы (объективті) болмайтындығы туралы қорытынды жасайды. Шынайылық – ақпараттың негізгі қасиеттерінің бірі.

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «Біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар, онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады. Себебі – ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтылық деп аталады.

Ақпараттың қасиеттері:

* өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);

* толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);

* объективтілігі (адам факторына байланысты);

* жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);

* адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);

* қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).

 

4.Қорытындылау Өзіңді тексер!

Тест жұмысы арқылы оқушылар білімі бағаланады.

 

5.Үй тапсырмасы

Оқулықтан § 2 мазмұнын қайталау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі сабағы мен презентациясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Выбранный для просмотра документ Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі..pptx

Скачать материал "Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі сабағы мен презентациясы"

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Информатика 5 - сыныпАқпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері. 
Ақпараттар са...

    1 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Ақпараттар түрі және оны өңдеу тәсілдері.
    Ақпараттар саны, ақпараттың өлшем бірлігі.

  • Информатика 5 - сыныпІ.Қызығушылықты ояту. Ақпараттың қанша пайызын біз көру...

    2 слайд

    Информатика 5 - сынып
    І.Қызығушылықты ояту.
    Ақпараттың қанша пайызын біз көру арқылы қабылдаймыз? 81%
    2. Информатика қандай ғылым? Ақпаратты алу, жинақтау, сақтау, түрлендіру,жөнелту және пайдалану тәсілдері туралы ғылым.
    3. Ақпаратты қалай қабылдаймыз? көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу, иіскеу және сезу
    4. Ақпарат қандай түрде бейнелеуі мүмкін? сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видео

    5. Ақпараттың қасиеттерін ата: объективтілігі, толықтығы, жеткіліктігі, қолжетімділігі, өзектілігі.

  • Информатика 5 - сынып6.  Ақпаратты өндеу деген сөзді қалай түсіндіреміз? Сақт...

    3 слайд

    Информатика 5 - сынып
    6. Ақпаратты өндеу деген сөзді қалай түсіндіреміз? Сақтау, өндеу, жөнелту

    Бұлар өлшеу құралдары:
    Таразы –масса грамм, кг, т сызғыш – арақашықтық мм, см, м, км
     

  • Информатика 5 - сыныпІІ.Мағынаны таңуАқпаратты қалай өлшейміз?
Компьютер-элек...

    4 слайд

    Информатика 5 - сынып
    ІІ.Мағынаны таңу
    Ақпаратты қалай өлшейміз?
    Компьютер-электрондық машина. Ол тек электр сигналдарын «қабылдайды». Сондықтан компьютердегі ақпаратты электр сигналдары түрінде ғана елестетуге болады. Ақпаратты компьютерге жазу үшін, компьютердегі әрбір белгі (әріп немесе цифр, дыбыс немесе видео) сигналдар тіліне аударылуы керек.
    Сигналдың жоқ болуын 0 арқылы, ал бар болуын 1-дің көмегімен белгілеу қабылданған

    Мұнда «нөл» мен «бір» бит деп аталады.
    Бит 0 немесе 1 сияқты екі мәннің бірін ғана қабылдай алады.
    Бит ақпаратты өлщеудің ең кішкене бірлігі болып табылады.
    Ақпаратты өлшеудің келесі бірлігі байт деп аталады.
     

  • Информатика 5 - сыныпМағынаны таңуПАРТАсөзінің 1 әрпі – 1 байт, барлығы 
5*8=...

    5 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Мағынаны таңу
    ПАРТА
    сөзінің 1 әрпі – 1 байт, барлығы
    5*8=40 бит

  • Информатика 5 - сыныпМағынаны таңу     Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ...

    6 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Мағынаны таңу
    Әдетте 1 байттың көмегімен бір символ кодталады. Символ-ол кез келген белгі: әріп, цифр, тыныс белгісі немесе бос
    орын.
    Сонымен біз ақпараттың өлшем бірлігі байт екенін білдік. Өмірде үлкен көлемді ақпаратпен жұмыс істеуге тура келеді.
    Сондықтан ақпаратты өлшеудің ірі бірліктері де кездеседі:
    1 Килобайт (Кб) = 1024 байт
    1 Мегабайт (Мб) = 1024 Кб
    1 Гегабайт (Гб) = 1024 Мб
    1 Терабайт (Тб) = 1024 Гб
    Хабарламаның ақпараттық көлемі-хабарламадағы битпен, байтпен, Кбайтпен, Мбайтпен және т.с.с өлшенген ақпараттың көлемі. Ақпаратты жеткізу жылдамдығы дегеніміз-бір уақыт бірлігінде жөнелтілетін ақпарат саны. Мұндай жылдамдық бит/с, байт/с т.с.с. өлшенеді.

  • Информатика 5 - сыныпШ.Ой толғанысы .Ақпараттың өлшем бірлігібитБайтКбМбГб...

    7 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Ш.Ой толғанысы .
    Ақпараттың өлшем бірлігі
    бит
    Байт
    Кб
    Мб
    Гб
    Жаңа өтілген тақырыпты оқушылардың қаншалықты меңгергенін білу мақсатында оқушылардың көмегімен мәліметтерді топтастырамыз






  • Информатика 5 - сыныпОй толғаныс Тапсырмалар:
Мәтіндегі ақпарат көлемін санау...

    8 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Ой толғаныс
    Тапсырмалар:
    Мәтіндегі ақпарат көлемін санау:
     
    Информатика Ақпарат Диск Машина Хабарлама Дыбыс Видео Сан Цифр
     
    Калькулятор арқылы есепте: Жылдамдық ескеріледі.
     
    21 Кб = б 50 Мб = б 310 байт = бит
    300МБ = Кб 2 Кб = Мб 4 Гб = Кб
    10 Гб = Мб 1000 Кб = бит 50 Мб = бит

  • Информатика 5 - сыныпОй толғаныс Қорытындылау. Бағалау.Үйге тапсырма: Тақыры...

    9 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Ой толғаныс
    Қорытындылау. Бағалау.
    Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Ақпарат тасымалдуыштардың өлшемдерін жазып келу.

  • Информатика 5 - сыныпОй толғаныс Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Ерте зам...

    10 слайд

    Информатика 5 - сынып
    Ой толғаныс

    Үйге тапсырма: Тақырыпты қайталау. Ерте заманда ақпарат жөнелту жолдарын қарап келу.

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 343 материала в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.04.2018 342
    • RAR 654.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Баймуратова Мухаббат Жумабаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2564
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 67 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 680 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 816 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Понимание психологических феноменов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интерактивные материалы на печатной основе

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек