Инфоурок Информатика Другие методич. материалыОперациялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалау пәнінен "Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы" тақырыбына ойын сабақ

Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсідік пәнінен "Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы" тақырыбына ойын сабақ

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК

 

 

 

 

 

dc7a85aa484dec713de1caf561d0a064

 

 

 

ОЙЫН-сабақ

 

 

 

Пән: «Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалау пакеті»

Тақырыбы: «Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы.

Кесте құжатының құрылымы»

Топ: 2 негізгі ВТ-2

 

 

 

 

 

 

 

                                                                            .

                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

Ф.219

№ 26. Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)

 

Топ

Күні

2 нег. ВТ-2

04.04

 

 

 

 

 

 

Пән: Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалау пакеті

8 бөлім. Қолданбалы жүйелер

Курс тақырыбы: 8.3 тақырып. Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: Дәріс, ойын сабақ

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

Қолданбалы бағдарламалардың қызметтік ерекшелігіне білу,  компьютерлік қауіпсіздіктің қолданылуын дағдылау.

Кәсіптік  құзыреттілік

Операциялық жүйелердің машиналық-тәуелді және машиналық-тәуелсіз қасиеттерін; операциялық жүйелердің қызметік принциптерін білу.

 

Сабақ мақсаттары

 

оқытушылық

Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы және кесте құжатының құрылымымен таныстыру

тәрбиелік

Пәнге деген қызығушылығын тәрбиелеу. Адамгершілікке, ізгілікке, шыншылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

дамытушылық

Қарастырылған материалды қорыта білуді, талдай білуді дамыту, теорияны практикада қолдануды үйрету және өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 

 

Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететін

Информатика «кесте»

Қамтамасыз етілітін

Операциялық жүйелер және жүйелік қамтамасыздандыру

К/т: Кестелік процессор

С/т: Кестені форматтау. Диаграмма тұрғызу

 

Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Интербелсенді тақта, слайд

Таратпа материалдар

Карточкалар, тірек-конспект

Оқытудың техникалық құралдары

Дербес компьютер, Microsoft Excel

Әдебиет: негізгі

1.    Олифер В.Г., Олифер Н.А. Сетевые операционные системы. Питер, 2003г.,

2.    Е.Ф. Назаренко, Информационные технологии, Издательство «Фолиант» Астана-2007

Қосымша

1.    Рабочеквский А. Операционная система UNIX. СПб 2000 г.;

2.    Иртегов Д. Введение в операционные системы. Учебное пособие. СПб, БХВ, 2002 г.

 

 

 

 

 

 


 

 

Сабақ мазмұны

 

Эле-мент №

Сабақ элементі,  қарастырылатың сұрақтар,

оқытудың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру (2 мин)

1.      Кабинеттің сабаққа дайындығын тексеру

2.      Компьютердің сабаққа дайындығын тексеру

3.      Оқушылармен амандасу

4.      Оқушыларды түгендеу

5.      Сабақтың мақсатымен таныстыру

 

2.

Үй тапсырмасын сұрау (10 мин)

Үй тапсырмасын сұрау «Бинго» ойыны түрінде өткізіледі.

Ережесі: Оқушыларға «Бинго» билеті беріледі. Экранда қай сан жәшікке түссе, сол санды оқушылар билет ішінен тауып белгілейді. Санда ашылған сұраққа жауап беруі керек. Егер сұраққа жауап жоқ болса, билеттегі сан белгіленбейді.

 

3.

Жаңа сабақ (40 мин)

Курс тақырыбы: 8.3 тақырып. Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталцы. Кесте құжатының құрылымы

1.    Microsoft Excel туралы жалпы мағлұматтар.

2.    Microsoft Excel-ді іске қосу.

3.     Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы. Жолдар мен бағаналар.

4.    Ұяшықтар мен адрестері.

 

4.

Сабақты бекіту (10 мин)

Сабақты бекіту «Жалған-ақиқат» ойыны арқылы жүргізіледі.

Ережесі: Экранда берілген сөйлемдердің жалған немесе ақиқат екенін оқушылар айту керек. Егер жауап жалған болса, ақиқаты қалай болатынын, толықтырып жауап береді.

 

5

Сабақты қорытындылау, оқушыларды бағалау (6 мин)

 

6

Үйге тапсырма беру (2 мин)

1.      Гордеев А.В. «Операционные системы», 213-215 бет.

2.      Excel бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қарап келу.

 

 

 

Оқытушы:                 М.Е. Рахымжанова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дәріс №26

 

Пән: Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалау пакеті

8 бөлім. Қолданбалы жүйелер

Курс тақырыбы: 8.3 тақырып. Кестелік процессор

Сабақтың тақырыбы: Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгеру

Сабақтың түрі: Дәріс, ойын сабақ

 

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру бөлімі

-аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру;

-оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

-сабақтың тақырыбын, мақсаттары мен міндеттерін баяндау.

 

2.Үй тапсырмасын сұрау:

Үй тапсырмасын сұрау «Бинго» ойыны түрінде өткізіледі.

 

Ережесі: Оқушыларға «Бинго» билеті беріледі. Экранда қай сан жәшікке түссе, сол санды оқушылар билет ішінен тауып белгілейді. Санда ашылған сұраққа жауап беруі керек. Егер сұраққа жауап жоқ болса, билеттегі сан белгіленбейді.

 

1.       Компьютерде суретті салу және өңдеу үшін қолданылатын арнайы бағыттағы программалар не деп аталады? / графикалық редакторлар 

2.       Обьектдегеніміз не? /элемент кескіні: түзу, айналым, тікбұрышты үшбұрыш, қисық, тұйықталған қисық, көпбұрышты үшбұрыш және т.б.

3.       Corel Draw – жұмысының негізгі принциптері / Әрбір редакторда құрылған сурет, бір немесе бірнеше обьектіден тұрады.

·  Қарапайым геометриялық фигуралар немесе ерікті қисық құру. Мәтінді форматтау немесе кірістіру.

·  Кез – келген обьектіні редакциялау контурдың түсін, бояуын және обьектінің форматын өзгерту.

·  Дайын болған суретті және алдын – ала құрылған иллюстрацияны құжатқа кірістіру.

·  Әртүрлі көркемсурет құбылыстарын қолдану.

4.       Adobe Photoshop қандай программма? / кәсіби растрлық графикалық редакторы және ең күрделі әр – түрлі есептерді орындауға арналған программа

5.       Adove Streamline – бұл? / сканерден өткiзiлген нүктелi бейнелердi векторлық графикаға түрлендiруге негiзделген программа

6.       Adove Pagemaker – бұл? / полиграфиялық және типографиялық баспалардың құжаттарын түрлендiруге негiзделген программа және т.б.

7.       Монтаж, коллаж – бұл? / басқа бейнелердiң үзiндiлерiн бөлiп алып, бiр бейненi жинақтап, шығару. Ол үшiн слои және каналдар қызмет атқарады.

8.       Слои – бұл? / мөлдiр  фондармен қоршалған бейнелердiң көрiнбейтiн бөлiктерi. Ол бөлек элементтерден композициялар құрастыру кезiнде қолданылады.

9.       Каналы – бұл? / бейнелердiң түстерiнен бiреуiне сәйкес келетiн монохромды бейне. Мысалы, Қызыл – жасыл – көк.

10.   Маски (маскированные области) – бұл? / слойдың көрiнбейтiн аймағы. Сондықтан оны түрлендiруге болмайды. Немаскированные области – бұл бейненiң көрiнетiн аймағы Құрастырылатын бөлiктерге бейнелердi бөлу үiшн қолданылады.

11.   Растушевка   - бұл? / шекаралар аралығынан  бөлек үзiндiлердi бөлiп алу.

12.   КССҚ (CMYK) (көгiлдiр+сұрғылт+сары+қара)? / Мұнда қосымшаға негiзгi түстерден ақ түстерге дейiн енгiзiледi. Ол полиграфиялық баспалардың материалдары үшiн қолданылады. Мысалы, көгiлдiр = ақ-қызыл, сұрғылт  = ақ – жасыл, сары = ақ – көк.

 

 

-     Adobe Photoshop қандай графика?

-     Adobe Photoshop бағдарламасын қалай іске қосамыз?

-     Adobe Photoshop бағдарламасында жаңа құжатты қалай құрамыз және сақтаймыз?

-     Бейненің масштабын қалай өзгертеміз?

-     Adobe Photoshop бағдарламасында қанша құрал бар?

-     Қабат дегеніміз не?

-     Қабаттар қалай құрылады?

-     Арнайы әсерлер дегеніміз не?

 

3.Жаңа сабақ түсіндіру

 

Жоспар:

 

1.    Microsoft Excel туралы жалпы мағлұматтар.

2.    Microsoft Excel-ді іске қосу.

3.     Жұмыс кітабы. Жұмыс парағы. Жолдар мен бағаналар.

4.    Ұяшықтар мен адрестері.

 

“Электрондық кесте ” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған бағдарламаларды белгілеу үшін пайдаланылады. Кестелерді өңдеуге жататын іс -әрекеттер:

1.    Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулерн жүргізу.

2.    Түрлі – түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу.

3.    Тиімді ету мәселелерін шешу.

4.    Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу.

5.    Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу .

6.    Мәліметтерді статистикалық талдау.

 

Microsoft фирмасының  Excel бағдарламасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған кестелердің бірі. Бірақ Excel жәй бағдарлама ғана емес, оны көптеген математикалық амалдарды, күрделі есептеулерді көрнекті жеңілдету үшін пайдалануға болады. Ол кестедегі мәліметтердің негізінде, түрлі-түрлі диаграммалар тұрғызып, мәліметтер базасын даярлап, олармен жұмыс істеуді, сандық эксперимент жүргізуді және т.б. қамтамасыз ете алады.

Excel мүмкіндіктерінің көпжақтылығы оны тек экономика саласында ғана емес, сондай –ақ, оқып –үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында да кеңінен пайдалануға мұрсат береді.

Бұл бағдарламамен жұмыс істеуді үйрену алдында бірнеше жаңа ұғымдарды енгізелік.

Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан (тік және жатық жолдар) тұрады.Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағандар саны 256-ға тең.Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы ұяшықты құрайды,ол ұяшықтарға мәліметтерді (мәтін,сан,формула) енгізеді.

 

Excel бағдарламасын іске қосу

    Excel бағдарламасын Microsoft Windows-тың кез келген басқа бағдарламаларын қосу үшін қолданылатын тәсілдердің бірімен іске қосуға болады. Кеңінен тараған амалдардың бірі –

      командалар тізбегін орындау.

 

Тағы бір тәсіл Пуск мәзірінде Выполнить тармағын таңдап, ашылған терезеде Excel деп жазып, ОК батырмасын басу.

 

 

   

 

 

Excel бағдарламасын іске қосқаннан кейін компьютер экранында 1.1-суреттегідей терезе шығады (бағдарламаны баптауға байланысты өзгеруі ықтимал).

Енді осы стандартты Excel терезесінің элементерін қарастырайық. Экрандағы Excel терезесінде мындай объектілер орналасқан:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.1-сурет. Электронды кесте терезесінің алғашқы көрінісі

 

 Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Әрбір жұмыс кітабы жеке атауға ие және оның кеңейтпесі xls болады. Жұмыс кітабы жұмыс парақтарынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. Осы таңбашаның көмегімен кітапты парақтауға болады. Таңбашаны тышқанның батырмасымен екі рет шерту арқылы атын өзгертуге болады. Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А -дан  Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1 – ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.

Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D21, F5, G7, L16.

Салыстырмалы адрес (сілтеме).  Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды  бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында  одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы, A9, D21, F5  салыстырмалы сілтеме болып табылады.

Абсолют адрес (сілтеме). Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редакциялау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып  F4 пернесін басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің  алдында $ белгісін қояды. Мысалы:  $A$16, $S9, A$7.  Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бір компоненті абсолют, екіншісі салыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.

Әрқашан ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен экранда жылжыта аламыз.  Мәліметтерді енгізу, пішімдеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7:E25.  Мұндағы A7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы,  ал E25 – оң жақ төменгі бұрыштары.

 

4.Жаңа сабақты бекіту

 

Сабақты бекіту «Жалған-ақиқат» ойыны арқылы жүргізіледі.

 
Ережесі: Экранда берілген сөйлемдердің жалған немесе ақиқат екенін оқушылар айту керек. Егер жауап жалған болса, ақиқаты қалай болатынын, толықтырып жауап береді.
 

1.    “Электрондық кесте ” термині мәтін түрінде берілген мәліметтерді компьютерде өңдеуге арналған бағдарламаларды белгілеу үшін пайдаланылады. / ақиқат

2.    Кестелерді өңдеуге жататын іс – әрекеттерге мәтін енгізу, графикалық сурет салу, мәліметтер қорын құру жатады. / жалған. (Дұрыс жауабы: Функциялар мен формулаларды пайдалана отырып әр түрлі есептеулерн жүргізу; Түрлі – түрлі факторлардың құжаттарға тигізетін әсерін зерттеу; Тиімді ету мәселелерін шешу; Белгілі бір критерийлерді қанағаттандыратын мәліметтер жиынын таңдап алу; Графиктер мен диаграммаларды тұрғызу; Мәліметтерді статистикалық талдау)

3.    Microsoft фирмасының  Excel бағдарламасы – кестелік процессорлар немесе электрондық кестелер тобына жататын ең кең тараған кестелердің бірі. / ақиқат

4.    Excel бағдарламасын оқып – үйренуде, ғылыми зерттеу істерінде, әкімшілік және жай шаруашылық жұмыстарында кеңінен пайдалануға болады. / ақиқат

5.    Электрондық кестенің жұмыс аймағы жолдар мен бағандардан (тік және жатық жолдар) тұрады. / ақиқат

6.    Жолдардың максималдық саны 256-ке, ал бағандар саны 12384-ға тең. / жалған. (Дұрыс жауабы: Жолдардың максималдық саны 16384-ке, ал бағандар саны 256-ға тең.)

7.    Әрбір бағана мен жолдың қиылысуы аймақты құрайды, ол ұяшықтарға тек формула енгізеді. / жалған. (Дұрыс жауабы: ұяшықты құрайды, ол ұяшықтарға мәліметтерді (мәтін,сан,формула) енгізеді) 

8.    Excel даярлайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. / ақиқат

9.         Әрбір жұмыс кітабы жеке атауға ие және оның кеңейтпесі xls болады. / ақиқат

10.     Жұмыс кітабы жұмыс парақтарынан тұрады. / ақиқат

11.     Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды.

12.     Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан таңбашада көрініп тұрады. / ақиқат

13.     Әрбір жұмыс парағы жолдар мен бағандардан тұрады. / ақиқат

14.     Бағандардың аты латын алфавитінің кіші әріптерімен жазылады. / жалған. (Дұрыс жауабы: Бас әріптерімен жазылады.)

15.     Бағандар А -дан  Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1 – ден бастап 256-ға дейін нөмірленеді. / жалған. (Дұрыс жауабы: Бағандар А -дан  Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал жолдар 1 – ден бастап 65536-ға дейін нөмірленеді.)

16.     Бағандар мен жолдардың қиылысуы ұяшықтарды береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. / ақиқат

17.     Әрбір ұяшықтың жол мен бағандардың белгіленуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D21, F5, G7, L16. / ақиқат

18.     Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды  бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшіргенде сілтеменің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. / ақиқат

19.     Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің  алдында $ белгісін қояды. / ақиқат

20.     Әрқашан ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. / ақиқат

21.     Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар әулеті деп атайды. Әулет үшбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A:25.  Мұндағы A – үшбұрыштың сол жақ жоғарғы,  ал 25 – оң жақ төменгі бұрыштары. / жалған. (Дұрыс жауабы: Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: A7:E25.  Мұндағы A7 – тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы,  ал E25 – оң жақ төменгі бұрыштары.)

 

5.Сабақты қорытындылау және бағалау

 

Оқушылар,  бүгінгі сабағымызды қорытындылай келсек, біз «Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы» туралы түсінік алдық. Сабақтын алдында қойылған мақсатқа жеттік. Сабақты қорытындылай келе жалпы топ оқушыларының бүгінгі сабаққа дайындығы және сабаққа қатысқанын айта кетем.

    Сабаққа қатысулары бойынша бағалаймын.
 

6.Үйге тапсырма беру:

 

1. Гордеев А.В. «Операционные системы», 213-215 бет

2. Excel бағдарламасының қосымша мүмкіндіктерін қарап келу.

 

 

29

 

23

11

 

 

27

20

 

21

10

 

24

1

12

 

19

26

 

22

25

 

5

28

15

 

30

 

 

21

26

 

12

 

1

11

20

24

 

22

30

 

24

5

28

 

10

25

 

27

23

29

 

 

19

 

30

 

1

15

 

 

27

 

5

 

22

 

24

19

26

20

28

 

21

10

23

 

25

12

 

29

11

 

 

Оқытушы:                 М.Е. Рахымжанова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Операциялық жүйелер және қолданбалы бағдарламалау пәнінен "Электронды кестелердің негізгі түсінігі мен олардың сипатталуы. Кесте құжатының құрылымы" тақырыбына ойын сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по работе с молодежью

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2017 1292
    • DOCX 401.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы
    Рахымжанова Мөлдір Ержанқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 52573
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 807 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Поиск работы: карьерные ориентиры и мотивы выбора профессии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе