Инфоурок Другое КонспектыҚара пима немесе Қара бала туралы өмірбаяны

Қара пима немесе Қара бала туралы өмірбаяны

Скачать материал

      «Қара пима немесе Қара бала»

(Театрланган сабак) Сабақтың мақсаты:

1.  Оқушыларға ішімдіктің қауіпті зардабы туралы білім беру.

2. Отбасы және отбасылық қарым-қатынастардың
маңыздылығын түсіндіру, өзара сыйластыққа тәрбиелеу.

3. Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі бағалауға,
тәрбиелеуге баулу.

Жүргізуші:

Құрметті меймандар мен оқушылар! Зиянды әдет-дағдылар өмірімізге баса-көктеп еніп келеді. Онымен күрес күрделі әрі қиын. Осыған байланысты Алтынбек Қоразбаевтың «Қара пима немесе Қара бала» әніне жазылған театрланған сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Басты рөлдегілер:

Әкесі, Шешесі, Қара бала (баласы), көршілер, достары, дәрігерлер.

I көрініс

Сахнада бөлме көрінісі,  әдемі жыйылған төсек,  бөлменің дәл ортасында дөңгелек үстел, дастарқан жаюлы. Шай қайнатып, баласын, күйеуін тосып жүрген әйел самаурынға от салып, әндете сөйлеп жүр.

-  Түскі уақыт та болып қалды, тамақтарын, шайларын әзірлейін - деп, орнынан тұра бере сол қолымен жүрегін ұстап отыра кетеді.

-  Ойбай, жүрегім, осы кейінгі кезде анда-санда жүрегім шаншып жүр, бірдеңені сезе ме әлде ауыра ма, соны түсінбедім

Осы кезде үйге қуана бала кіреді.

-   Шеше, мен бүгін шығармадан бес алдым! - деп қуанып, шешесін құшақтайды.

Шешесі:

-    Құлыным сол, әкесінен аумай қалғаным сол, не жаздыңдар?

Баласы:

-    Мен әкемнің жұмыс істейті жерін, бізді асырап отырған әкем ғой, әкем туралы көп жаздым, бірақ сіз ренжімесін деп, сіз туралы да жаздым. Сізге арнап өлең шығардым.

    Менің анам саябақ,

    Мектептен күнде келгенде,

    Шай қояды даярлап.

    Менің анам әдемі-ақ.

     Шешесі:

Ой айналайын, талабыңа нұр жаусын, әрине, бәрі әкеңнің арқасы.

Осы кезде үйге қабағы салыңқы әкесі келеді. Шешесі:


      -   Не  болды  отағасы,  ауырғаннан  саусың  ба?  Иығың түсіп     

          кетіпті ғой.

      Әкесі:

     -   Ие, бұдан да ауырғаным жақсы, бүгін мен жұмыс істеп жүрген  

         мекеме жабылып, мен жұмыстан қысқартылып, жұмыссыз

          қалдым.

II  көрініс

Шашылған үй, төсек тартып жатқан ана. Көршілерінің көңіл сұрап келуі.

Көршілер: Алимаш, амансың ба, ауырып қалды деген соң көңіліңді сұрап келдік. Дәрігерге қаралсаңшы.

1-көрші: Әй, бірақ дәрігерге бара қалсаң, қабылдауына ақша сұрайды. Бұл заман не боп кетті, нарық заманы келіп, бәрімізді қарқ қылды. Қой кеттік, біраз отырдық, - деп орнынан тұрады,

Алимаш: Келгендеріңе көп рахмет! Сендерден бір өтінішім бар, мына ауру мені алмай қоймас, менің қара балама көз қырларыңды сала жүріңдер. Әкесі болса жұмыстан қысқартылғалы ішіп жүр, өзінің достары да көбейіп кетті.

Көршісі: Қой жаман айтпа. Әлі-ақ тұрып кетерсің.

Үйге қолында шөлмегі бар, жолдастарын ертіп күйеуі келеді. Қойшы соны, келіңдер өзіміз ішеміз.

¥лы мектептен келеді. Қабағы салыңқы.

Әкесі: О, менің жалғызым келді, көрдіңдер ме, менің қара баламды, мені асырайды. Кел, балам, ағаларыңмен таныс.

Бала шешесінің жанына барып көрпесін жөндейді. Шешесі маңдайынан сипап:

Қазір балам, әкең кетсін, сосын шәйіңді ішесің. Неше алдың?

Баласы басын шайқайды.

Шешесі: Балам, отын әкелмесең, отын да бітті.

Баласы: Жарайды, шеше, сен тек жазылшы, орныңнан тұршы. Мен сен үшін бәрін істеймін.

Ана туралы ән орындалады.

III  көрініс
Домбыра үні, қайғылы күй.

Шешесі қайтыс болады. Бөлменің бір бұрышында бүрісіп отырған бала.

Көршілер: Балаға 7 шелпек пісіріп әкеліп, басу айтады.

      -    Қой балам, қайғырма, бэрі Алланың қолында, жылама. Сен

           үлкен болдың. Шешең байғұс өлер шағында, о дүниеге

          кететінін білді ме екен, сені бізге көп табыстап еді.

3-көрші:  Тұр балам,  бүгін күн жұма,  шешеңнің аруағы разы болсын, шелпекпен шай ішіп, жүрек жалғап ал.

4-көрші: Әкең болса, әне, шешеңнің киімін сатып арақ ішіп жүр.


IV көрініс

Магнитофонда «Қара пима» әні орындалады. Бала шешесінің қабіріне келіп: «Шеше, мен келдім, сені қатты сағындым, бүгін түсіме кірдің, басымнан сипап менің «екі» алғанымды айттың», - деп жоқтау айтады.

Айналайын, жан анам,

Сені қалай қия алам.

Сен кеткелі өмірден,

Қайғыдамын күнде анам.

Жүрекке салмақ артамын,

Жел жаққа пана қалқаным,

Жүмаққа жаның кеткелі,

Сағыныш күйін тартамын.

Сездірмей жүрегіңнің шаншығанын, Кенеттен неге сөндің, шам-шырағым? Қалайша қара жерге қиям сені,

Өлгенше мәпелеген анашым-ай? - деп жылайды да, топырақ салып, үйіне келеді. Үйін жинастырып, сабақ дайындауға отырады.

Осы кезде қолында шөлмегі бар әкесі келеді де жан-жағына қарап, жоғын іздегендей әр жерді тіміскілейді. Көзі бір бұрышта тұрған баласының пимасына түседі. Баласына білдірмей пимасын қойнына тығып алып шықпақшы болғанда баласы көріп қалады.

      -    Әке пимамды берші, сатпашы?! Мектепке қалай барам?! –

       деп, әкесінің қолындағы пимаға жармасады. Осы кезде әкесі        

       баласының кеудесінен итеріп жібереді:

      -     Кетші-ей  ары,  күшік!  -  деп  баласын  шапалақпен  ұрып

            жібереді. Бала жерге құлап, ұзақ уақыт жылайды.

Көршілері  келіп:  -  Ойбай,  байқұс  жатқанына  біраз  болды-ау деймін, аяқтары үсіп қапты, тезірек дәрігерге апарайық.

V  көрініс

Аурухана. Дәрігерлердің дауысы: Наркоз, скалбпель, қайшы, жүрегін тексер. Қан қысымы неше? Ара әкеліңдер, кеспесе болмайды.

2. Үстел басында дәрігер қазаз жазып отыр.

Дәрігер: Бала қалай, өзіне келді ме? Өзінің тустары, ата-анасы бар ма?

Медбике: Жоқ, дәрігер, көрші апайларынан басқа ешкім келмейді. Шешесі ауыр науқастан жақында қайтыс болған. Ал, әкесі болса, ішімдікке салынып кетсе керек.

Осы кезде алыстан әкесінің даусы естіледі.

Әкесі келеді: - Балам, құлыным қайдасың? мен келдім балам,  -  деп ақ төсекте жатқан баласының жанына келеді.


      -     Қарашы базардан су жаңа пима әкелдім, енді қандай қатты   

             қыс болса да аяғың тоңбайды.

Баласы: Бекерге әуреге түскенсің, әке, енді маған пиманың керегі жоқ, - деп теріс қарайды.

Әкесі: Жоқ, балам, олай деме, біз әлі-ақ пиманы киіп шаңғы тебеміз, - деп баласының көрпесін жұлып алады. Баласының аяғының тізесінен кесілгенін көріп:

      -     Жоқ-жоқ... Бұлай болуы мүмкін емес!  -  деп  баласының

            кеудесін  құшақтап  жылайды.  -  Балам,  бәріне  де  мен

            кінәлімін, кешір балам, кешіре алсаң кешір!

       Шымылдық жабылады.

Құрметті көрермендер, ата-аналар, осы сахналық көріністен ішімдіктің адам өміріне тигізетін зиянын көрдік.

Бұл қойылым өмірден алынған, өмірдің шындық айнасы. Енді, балалар, көрермендер, жаман әдеттен аулақ болайық!


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қара пима немесе Қара бала туралы өмірбаяны"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 609 657 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2016 3560
    • DOCX 55 кбайт
    • 22 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байжуманова Нуржанат Доспаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11841
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой