Инфоурок Другое СтатьиҚаржылық есеп берудің халық аралық стандарттарын енпзу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теөриялық және әдістемелік негіздері

Қаржылық есеп берудің халық аралық стандарттарын енпзу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теөриялық және әдістемелік негіздері

Скачать материал

Қаржылық есеп берудің халық аралық стандарттарын енпзу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теөриялық және әдістемелік негіздері

 

Бухгалтерлік есеп - субъектілерді пайдаланушылардың қарауына ұсынатын қаржылық ақпараттын сипаты мен көлеміне байланысты.

Пайдаланушылар әр түрлі бөлуы мүмкін. Мысалы, инвесторлар немесе несие берушілер, әлде бірлесе отырып іс-қызмет жүргізушілер. Әр қилы экономикалық шешім қабылдауда олар субъектінің қаржылық және басқадай есептеріне сүйенеді.

Қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың екі негізгі топтары бар:

Ішкі; Сыртқы;

Сыртқы пайдаланушылар екі категорияға бөлінеді. Олар:

- субъект қызметіне тікелей қаржылық мүддесі бар;

- субъект қызметіне жанама қаржылық мүддесі бар.

- тікелей қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына мыналар кіреді:

- қазіргі және болуы ықгимал инвесторлар;

- қазіргі және болуы ықтимал кредиторлар;

- сатып алушылар.

- жанама қаржылық мүддесі бар пайдаланушылар категориясына кіретіндер:

- салық органдары;

- реттеуші органдар;

- статистиқалық органдар;

- басқа топтар (аудиторлар, кеңесшілер, тұтынушылар топтары және т.б.).

Қаржылық есеп беруді пайдаланушыларды жіктеу. «Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсынуға арналған тұжырымдамалық негізге» сәйкес қаржылық есеп беруді пайдаланушылар қатарына мыналар косылады:

Берілген инвестицияларға байланысты тәуелді көтеруші инвесторлар.

Оларға ақцияны сату, ұстай тұру немесе сату жайлы шешім қабылдауға және субъектінің дивиденд төлеуге қабілетін бағалауға көмектесетін ақпарат керек болады.

- тиесілі кредиттер мен проценттер бола ма, олар уақытылы төлене ме деп білгісі келетін қарыз берушілер;

- тиесілі сома бола ма, төлене ме деп анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратқа қызығушы жабдықтаушылар және басқа сауда кредиторлары;

- сатып алушылар. Оларға субъектінің үздіксіз қызметі туралы, әсіресе, олардың осы субъектіге ұзақ мерзімдік келісімдері туралы ақпарат қажет;

- қызметкерлер. Олар субъект қызметінің тұрақтылыты мен тиімділігі туралы ақпаргқа, сонымен қатар субъектінің еңбек ақымен және басқа жеңілдіктермен, зейнетақымен, жалдау жөніндегі бұдан былайғы жұмыспен қамтамасыз ету қабілетін бағалау мүмкіндігін беретін ақпаратқа мүдделік танытады;

- ресурстарды бөлу жайлы ақпарат алуға мүдделі мемлекеттік органдар.

Сонымен қатар оларға субъектінің іс-әрекетін реттеу, салық саясатын белгілеу үшін және ұлттық табыс пен басқадай статистиқалық мәліметтерді анықтауға негіз есебіндегі ақпарат қажет, көпшілік, өйткені субъектілер жергілікті экономикаға көпгеген тәсілдермен елеулі үлес қосады, бұған халықтың еңбегімен қамтылуы мен жергілікті жабдықтаушылардың қолдауы да қатысты. Қаржылық есеп беру көпшілікті субъектінің игілігін молайтуда жеткен жетістікгері мен даму бағыттары туралы ақпаратпен қамтамасыз етіп, көмектесе алады.

Қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну үшін ұйым басшылығы қаржылық жағдай, оның нәтижелері мен қаржылық жағдайдағы өзгерістер жайлы ақпаратқа сүйене отырып, жауапкершілік көтереді.

Бухгалтерлік есептің қазақстандық және халықаралық стандарттары.

Стандарттар-қаржылық есеп беруді дайындау ережелері. Бүкіл әлемдегі қаржылық есеп берулерде қолданылатын бухгалтерлік есеп принциптерін бірегейлендіруге қол жеткізу үшін 1973 жылы Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары комитеті (ҚЕХСК) Австрия, Қанада, Франция, Германия, Жапония, Мексика, Голландия, Үлыбритания, Ирландия және АҚІІІ- тын кәсіби бухгалтерлері арасындағы келісім нәтижесінде кұрылды. 1983 жылдан бері барлық кәсіби бухгалтерлік ұйымдар - Бухгалтердің Халықаралық Федерациясы мүшелері ҚЕХСК - ның мүшелері болды.

Қаржылық есеп берудің Халықаралық Стандарттары комитегі (ҚЕХСК) барлық жерде қабылданып, ұстану үшін 41 қаржылық есеп берудің  халыаралық стандарттарын жете зерттеп, жасап, жариялады және ұсынды.

ҚЕХС басты мақсаты - егер мыналар анықталып, қол жеткізілсе, қаржылық есеп беруді ұсыну:

- міндеттер, оларды шешу үшін қаржылық ақпарат талап етіледі;

- ақпарттық жүйе кұру принциптері;

- осы ақпараттың сапалық сипаттамалары;

- қаржылық есеп беру элементтері.

1997 жылдан бастап Қазақстан Республикасында қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары негізінде жасалған бухгалтерлік есептің 29 отандық стандарттары қолданыста жүр.

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі.

                                                                                                             

Бухгалтерлік есептің тұжырымдамалық негізі мынадай аспектілерді қарастырады:

- қаржылық есеп берудің мақсаттары;

- бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі принциптері;

- қаржылық есеп беру элементтерін анықтау, тану және өлшеу.

Қаржылық есеп берудің мақсаттары. Қаржылық есеп берудің негізгі мақсаты пайдаланушыларға қаржылық жағдай, субъектісінің қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайындағы өзгерістер жайлы ақпарат ұсыну болып табылады. Дегенмен қаржылық есеп беру экономикалық шешім қабылдау үшін пайдаланушыға қажетті барлық ақпаратты енгізе алмайды, өйткені есеп негізінде өткен оқиғаларды бейнелейді.

Алайда қаржылық есеп беруде сонымен келесі көрсетілгендерге пайдалы ақпаратты жинақтайды:

- кредиттерді ұсыну жөніндегі инвестициялық шешімдерді қабылдауғы;

- субъектінің алдағы ақшалай түсімін бағалауға (ақшалай қаражат пен олардың баламаларының «овердрафт» қанағаттандыру үшін арналған қаражатты клиенттің шоты бойынша есептен қарау);

- субъектінің ресурстарымен міндеттемелерін қарауындағы ресурстармен байланысты бағалауға;

- басшы органдардың жұмысын бағалауға.

Экономикалық шешімдерді қабылдау үшін пайдаланушыға субъектінің ақшалай қаражаты генерациялайтын қабілеті, генерациялау мерзімі мен алынған қорытындыларға сенімділік туралы ақпарат керек. Бұл қабілет, мысалы, субъект өзінің қызметкерлері мен жабдықтаушыларына, проценттерді төлей ала ма, кредиттерді жауып, табысты бөле ала ма дегенді анықтайды.

Бұл үшін оларға субъектінің қаржылық жағдайын, іс-әрекетін және өзгерістерін бейнелеп көрсететін ақпарат қажет.

Қаржылық жағдайға ол бақылайтын экономикалық ресурстар оның қаржылық кұрылымы, өтемділігін, төлем қабілеттілігі мен жұмыс істейтін орта өзгерістерін қабылдауға қабілеттілік әсер етеді.

Өтемділік, төлем қабілеттілігі - қаржылық міндеттемелерді осы кезеңде өтегеннен кейінгі жақын арадағы ақшалай қаражаттың бар болуы.

Субъект қызметінің көрсеткіштері, оның тиімділігі, пайдалылығы туралы ақпарат экономикалық ресурстарда болатын ықтимал өзгерістерді бағалау үшін керек.

Ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы ақпарат субъектісінің ақшалай қаржыны алу қабілетін бағалаған кезде пайдалы.

Қаржылық есептер өзара байланысты, өйткені олар шаруашылық өмірдің бірдей жерлерін бейнелейді.

Түсініктеме жазбада (пояснительная записқа) пайдаланушыларға қаржылық есеп баптары жөніндегі косымша мәліметтер болады.

Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы» заңда бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп берудің негізгі мақсаттары бейнеленді:

- Субъектінің, сондай-ақ басқа мүдделі тұлғаларды шаруашылық қызмет жайлы толық және күмәнсіз сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету;

- Субъектінің шаруашылық іс-әрекетін жүзеге асыруда ҚР заңдарын сақтауын бақылау үшін мемлекеттік органдарға қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету.

Қойылған міндеттерді орындау үшін қаржылық есеп беру негізгі принциптерге есептеу мен үздіксіз қызмет және саналық сипаттамаларға (негізгілері - түсініктілігі, орындылығы, сенімділігі және салыстырмалылығы) сәйкес жасалады.

Кезеңдік қаржылық есеп беру субъект жөніндегі бухгалтерлік ақпаратты топтастырудың негізгі құралы болып табылады.

Элементтер - қаржылық есептерге кіруге тиісті баптар тобы. Қаржылық есеп берудің түжырымдамасы 7 элемент (активтер, міндеттемелер, қапитал (таза активтер №1), кірістер, шығыстар, зияндар (ф.№2) белгілейді. Олар ұсынылатын қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға пайдалы ақпарат беретін бөлінбес қасиеттері (атрибуттары) болып табылады.

Қазақстан Республикасындағы бухгартерлік есептің стандарттарына сай мынадай принциптер қабылданған:

Есептеулер. Табыс алынған, ал шығындар жұмсалған сәтінде есепке алынады, зияндар, операциялар мен оқиғалар бухгалтерлік есепте көрсетіледі және қатысты кезеңнің қаржылық есебіне кіреді. Осы принципі бойынша құрылған, қаржылық есеп беру өткен операциялар мен басқадай оқиғалар туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, ол ақшалай қаражат алынған немесе төленген кезде емес, экономикалық шешім қабылдау кезінде пайдаланушылар үшін өте маңызды.

Үздіксіз қызмет. Субъект өзінің іс-қызметін белгісіз уақыт кезеңі бойы жалғастырады және оның жақын болашақта таратылатын ниеті жоқ немесе қажеті жоқ, немесе ол қызметінің ауқымын елеулі түрде қысқартпақ емес деп шамаланады.

Қаржылық есеп берудің элементтерін белгілеу, мойындау және өлшеу.

Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп мәмілелер мен басқа қағаздардың қаржылық нәтижелерін оларды экономикалық сипаттамаларына сәйкес кең қауымды категорияларға қалыптастырып, көрсетеді. Мұндай кең ауқымды категория қаржылық есептердің элементтерін атайды.

ҚЕХС топтастыру - әртүрлі шартқа байланысты мүмкіншілігі. Стандартты топтастыру - белгілі бір өзіне тән белгілер бойынша бөлуді білдіреді:

- Жалпы әдістік стандарттар.

- Қаржы есебінің мазмұны мен құрамына уақыт регламенттейтін тәртін коятын стандарттар.

- Жеке объектілердің есептік ережелерін жасайтын стандарттар.

Жалпы қаржы есебін стандарттауда 3 деңгейін атап көрсетуге болады:

1.  Ұлттық;

2.  Аймақтық;

3.  Халықаралық.

Қаржы есебінің ұлттық стандарттары әр елде істеп тұр. Оларды қолдану көлемі елдің айматында ғана. Бірақ, экономикалық себептерге байланысты кейбір ұлттық стандарттар әлемдік сатысына ие болады.

ҚЕХС - бұл қаржы есебін құрастырғандағы стандартты ұсыну болып табылады.

Қазақстан Республикасында ҚЕХС базалық негізі бухгалтерлік есептің үлгісі болады, бұл үлгі инвесторларға қатысты болып табылады. Бұл үлгінің негізгі принципі болып, көбінесе инвесторлар қажеттілігіне жауап беретін, есептің шыншыл және әділ ұсынылу принципі жатады:

ҚЕХС жүйесі тәуелсіз кәсіби мекемлермен жасап шығарылып, әр бір елдің өзінің заңына байланысты бекітіліп алынады. Сондықтан онда басқару емес кәсіби реттеушлік басым түседі.

Қаржы есебінің дайындық концеппиясы мен ұсынлыуы, стандарт болмай тұрып, ең принципиалды маңызды есебінің құрастырылуымен сәйкес болатын принциптерді құрайды, екіншіден ол барлық іс істелініп жатқан стандарттардың теориялық негізі ретінде қолданылады.

Бухгалтерлік есептің саласындағы кейбір ғалымдар есеп конңепциясын 3 гопқа бөледі:

1.  Есептік ақпараттың саналы мінездемесі.

2.  Осы ақпараттың есеппң принциптері.

3.  Қаржы есебінің элементтері.

Ақпарат пайдалы және қасиеттері бар болуы керек. Қасиеттері түсінікті, сонымен Қазақстандық ұйымдарда қаржылық есеп беруді ҚЕХС бойынша толтыру мәселелерінің жүйелі шешімі, біріншіден есеп беруді қалыптастыру мәселелеріне кәсіпорынның жетекшлігімен кұрастырылған тәсілі, екіншіден бухгалтерлік қоғам және арнайы мемлекеттік мекемелердің жұмысы және қаржылық есеп берудің сапасын бақылау жартылай әсерін тигізбеді.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қаржылық есеп берудің халық аралық стандарттарын енпзу жағдайындағы есепті ұйымдастырудың теөриялық және әдістемелік негіздері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.10.2016 2277
    • DOCX 67.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Болсынбек Мұхаммед Құрманбекұлы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 22650
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой