Инфоурок Информатика ПрезентацииАшық сабақ "Информатика дарабозы" 6 класс

Ашық сабақ "Информатика дарабозы" 6 класс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:

«Информатика дарабозы»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
 оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс - әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттеріндамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір–бірін құрметтеуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Жабдықталуы:Компьютерлер, интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация, кеспе қағаздар.
Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, қазақ тілі, математика, орыс тілі.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
1. Сынып оқушыларын түгендеу.
2. Сабақ жоспарын таныстыру.
3. Жетон арқылы оқушы тандау. 10 оқушыға дейін. (алғашқы 1-10 дейінгі сандар алған оқушылар ойынға қатысушылар).
Жарыс кезеңдері:
І. “Бәйге” (Сайыскерлерге 10 сұрақ қойылады. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі).
ІІ. “Тіл - өнер” (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан оқушыға 30 ұпай, ал екі тіл де айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).
ІІІ. “Көкпар” (Логикалық есептер беріледі, дұрыс жауапқа 10 ұпай).

IV кезеңі «Сөздің тұздығын тап»


V. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
VI. «Кім жылдам?» (Информатикаға қатысты торкөзде сөздер жасырылған дұрыс жауапқа 5 ұпай)
VII. “Маржан сөз” Қалған екі оқушы белгілі тақырыпты таңдап алып, қорғайды. Көп ұпай жинаған оқушы “Информатика дарабозы” атанады.
VIII. Марапаттау.
Жүргізуші
: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика дарабозы» атты сайысымызға қош келдіңіздер!

Жүргізуші :
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де – 
Ақпараттық заманың!

Жүргізуші : «Информатика дарабозы» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік. Енді қазір алдарыңызға жетон тасталды, барлығымыз бір-бір жетоннан алайық. 1-10 дейінгі сандары бар жетон алған оқушылар сайысқа қатысушылар, ал қалған оқушылар артқы орындарға жайғаса беріңіздер. Ойынға қатыспайтын 2 оқушы-сараптаушы, қалған оқушылар бақылаушы.

Жүргізуші :

Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Бәйге» деп аталатын І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, тез болу керек. Қай оқушы қолындағы жалаушаны бірінші көтереді, сол ойыншы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1. Ақпараттың неше түрі бар? (5 түрі бар)
2. Ақпараттық процестерді атаңыз. (сақтау, өңдеу, жеткізу).
3. Компьютердің негізгі құрылғыларына не жатады? (жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан).
4. «Ақпарат» сөзі латынның қандай сөзінен шыққан? (informatio)
5. Пернетақтаның неше пернесі бар? (104 пернесі бар)
6. Алғашқыесептеуқұрылғысы? (саусақтар)
7. Компьютердің миы. (процессор)
8. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрылғы (Модем)
9. Адам мен компьютер арасындағықарым – қатынас (Интерфейс)
10.
Вирустың кері әсерін жоятын программа (Антивирус)


Жүргізуші :
Жас достарым, мұны айтпаймын несіне,
Информатиканы құрметтеу менің есімде.
Қазақ, орыс, ағылшын тілін білсеңіз,
30 ұпай, шәкіртім саған несібе, - дей келе “Тіл - өнер” атты ІІ кезеңіміздібастайық. Бұл бөлімде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орысшаға, ағылшынға аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 10 ұпай, екі тілде жауап берсе 20 ұпай, 3 тілде жауап берсе 30 ұпай қосылады. 

1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор - монитор)

2. Ұзын тұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орынпернесі - пробел - blank)

3. Бұта қорнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус - cactus - тікенекгүл)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)

5. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)

6. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler)


7. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама. (кітап, книга, book)

8. Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, twelve)


9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан, мышь, mouse)


10. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

Жүргізуші :
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, -дей келе “Көкпар”атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде логикалық есептер беріледі дұрыс жауапқа 10 ұпай. Және осы бөлімнің қорытындысы бойынша аз ұпай жинаған 2 оқушы ойыннан шығады. 

1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама – қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? - 
2. Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. 
неше стакан қалды? - 3 стакан 
3. Үш ат жегілген шана бір сағатта 15 км жүріп өткен. Әрбір аттың жылдамдығы қандай еді? (15км/сағ)
4. Допты лақтырғанда, доп сол ізі мен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? -жоғары–
5. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? –шырпы–
6. Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Баспалдақтың ортасында тұру үшін нешінші басқышта тұру керек? – 8.
Жүргізуші :
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойымықты екен?!
Кімніңкүшіаздаубоп,
Кім озып алға шықты екен деп, ІІІ кезең бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық.

IV кезеңі «Сөздің тұздығын тап»

Берілген 5 сөйлем бойынша белгілі мақал-мәтелдерді табу. Бұл кезеңде ұпайы аз 2-оқушы ойыннан шығады.

Мысалы: Егер жұмысты асықпай істесең, тез бітіресің.

Жауабы: “Асықпаған арбамен қоянға жетеді”.

1. Егер бірнеше істі бір уақытта істесең ештеңе шықпайды.

Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді”

2. Егер бар нәрсеңе қанағат тұтпасаң, барыңнан айырыласың.

“Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айырылыпты”

3. Егер жұмыс істемесең аш қаласың.

Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”

4. Адам болу қиын мамандықтың бірі.

Адам бола білу – ең қиын мамандық.

5. Адам тірлік істеймін десе, қолынан келмейтін іс жоқ.

Адамның қолынан келмейтін ешнәрсе жоқ.

Ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық
Жүргізуші

Ойынымыздың V кезеңі “Адасқан әріптер”бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу


V кезең қорытындысы бойынша ұпайы аз 2 оқушыға «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» - деп шығарып салайық. 
Жүргізуші :
VI. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен? 
М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А
Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөзжасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Осы кезеңнен аз ұпай жинаған 2 оқушының ойыннан шығарып салайық.
Жүргізуші :

VII. “ Маржан сөз.

Қалған екі оқушы белгілі тақырыпты таңдап алып, қорғайды.

1.      «Компьютердің пайдасы»

2.      «Компьютердің зияны»

Ойынның қорытындысы айтылып, «Информатика дарабозы» атанған оқушыны арнайы дипломмен марапаттау. 
Жүргізуші :
Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика дарабозы» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Информатика дарабозы" 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Режиссер монтажа

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 643 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2019 390
    • DOCX 1.4 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынбаева Арайлым Ермухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    Мынбаева Арайлым Ермухановна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 33714
    • Всего материалов: 23

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 581 человек

Курс повышения квалификации

Методика преподавания информатики в начальных классах

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 680 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 816 человек

Мини-курс

Эволюция и современное состояние искусства

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии в науке и бизнесе: от концепции до реализации

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 56 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека