Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ: Нан түрлерін салыстыру

Ашық сабақ: Нан түрлерін салыстыру

Скачать материал

 

 

Білім беру саласы:  «Таным»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Сабақтың тақырыбы: «Нан түрлерін салыстыру»

Сабақтың мақсаты:   балалардың нанға деген сүйіспеншілігін арттыру, нанды қастерлеп, оның қандай қиындықпен келетінін түсіндіріп, нанды жерге тастамай, қадірлеуге тәрбиелеу.

Пайдаланатын көрнекі–құрал: Нан түрлерінің суреттері, буклеттер, үнтаспа, мультимедиялық тақта.

Методикалық әдіс:  түсіндіру, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.

Қостілділік компонент: Нан-хлеб, дүкен-магазин,қуыршақ-кукла.

Ұйымдастыру кезеңі: Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті  ән-ұранмен басталады.

 

Тәрбиеші:  Балалар, бүгін ерекше күн. Біздің ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге  қатысу үшін қонақтар келіп отыр. Олай болса  қонақтармен сәлемдесейік.

Үлкенге де - сіз,

Кішігі де – сіз.

Баршаңызды құрметтеп,

Бас иеміз біз.

Тәрбиеші:  Балалар, үйлеріңе сендерді үлкендер еркелетеді. Соны айтып мына жіпті қолдан-қолға берейікші.

Балалар:       - Менің анам «күнім» деп еркелетеді.

                        - Менің анам «жұлдызым» деп еркелетеді.

                        - Менің анам «тәттім» деп еркелетеді.

(балалардан жіп тәрбиешіге қайтып келеді)

Тәрбиеші: Енді жіпті төбеге көтерейік, неге ұқсады?

Балалар:  Шаңыраққа.

Тәрбиеші:  Ия балалар, бәріміз бір үйдің балаларындай бір шаңырақ астында жиналдық. Сендер күніге қайда барасыңдар?

Балалар:  Балабақшаға.

Тәрбиеші:   Балабақша дегенді қалай түсінесіңдер?

Балалар:   Балабақша – біздің екінші үйіміз.

Кіріспе бөлім:

Тәрбиеші:  Балалар, бүгінгі ұйымдатырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Нан түрлерін салыстыру». Бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізге  бастамас бұрын өткен ұйымдатырылған оқу іс-әрекетін еске түсірейік.

Жиып, теріп, болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсың?   (Күз)

Тәрбиеші:  Біз қай елде тұрамыз? Қазақстан Республикасының  елбасы кім? Қазақстан Республикасының рәміздерін атап өтейікші. Бір жылда неше мезгіл бар? Қазір жылдың қай мезгілі? Күз айларын ата. Апта күндерін ата. Күзде пісетін жемістер мен көкөністерды ата.

Бидай пісті күзде, жеме алма үзбе.

Бидайдың көп ісі, кірісер сан кісі.

Комбайыншы орсын, шофер тасып болсын.

Диірменші оны тартып, наубайхана нан қып жапсын.

Дүкенші берсін, содан алып жерсің.- дегендей, балаларға нан

қандай қиындықпен келетінін түсіндіру. Біз нанды алма сияқты бірден үзіп ала алмайды екенбіз.

«Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің наны тәтті».- дегендей нан көп еңбектің  арқасында келеді екен.

Тәрбиеші:  Нан – ас атасы. Ұлт дастарханында нанның алар орны мен бағасы өте зор. Нан – бидай ұнынан пісіріледі. Нан қазақ ұғымы мен салтында қасиетті, киелі ас. Нанды жерге тастамайды, үстінен аттамайды. Тіпті нанның үстіне зат қойылмайды. Нанды бір қолмен үзудің өзі күнә. Үйге келген адмға дәм ауыз тигізгенде де ең алдымен нанды ұсынады.

Асты тас, үсті тас. Ортасында піскен ас. (Таба нан)

Тәрбиеші:   Кәне балалар, нан бізге не үшін қажет?

Балалар:  Нан бізге жеу үшін, тамағымыз тоқ болу үшін қажет.

Ғажайып сәт.

Тәрбиеші:   Балалар, біреудің жүрген дыбысы естіледі. Бұл кім болды екен?

Бауырсақ:  Амансыңдар ма балалар? Мен атам мен әжемнен қашып келе жатырмын. Сендер мені танимысыңдар?

Тәрбиеші:  Балалар, атасы мен әжесінен қашып келе жатқан қай ертегінің кейіпкері екен? 

Балалар: «Бауырсақ» ертегісінің.

Тәрбиеші:  Дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар.  Бауырсақ, сен неге қашып келе жатырсың?

Бауырсақ:  Менің достарым, мен нан түрлерін іздеп келемін.

Балалар:   Бауырсақ, біз нанның барлық түрін қастерлеп, қадірлейміз. Сен бізбен дос боласың ба Бауырсақ?

Бауырсақ:  Онда менің екі шартым бар. 1-ші шартым: «Адасқан сандар» ойыны. Мен сандарды дұрыс ажырата алмаймын. Маған сендердің көмектерің керек.

(Балалар сандарды тура және кері санап, ретімен орналастырады.). 2-ші шартым: математикалық жұмбақ – есептер.

1)      Бес күлше нанның үшеуін,

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нещеуі,

Өз қолыңда қалады?  (екі)

2)      Табақта үш тоқаш.

Қолымда екі тоқаш.

Болады барлығы неше тоқаш?  (бес)

3)      Балалар, биыл сендердің жастарын 4-те, 1 жылдан соң нешеге толасыңдар?  (бес)

Бауырсақ:  Рахмет балалар! Мен секндерге риза болдым. Сендер өте ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Мен сендермен дос боламын. Мені атам мен әжем іздеп жатқан болар. Мен сендермен қоштасамын. Қош, сау болыңдар балалар.

Тәрбиеші:  Балалар, сендер шаршаған сияқтысыңдар. Сергіту жаттығуын орындайық.

Сергіту сәті:    Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Атам, әжем, әкем, анам,

Мен, кішкентай інім.

Нешеу екенбіз балалар?  (6)

Тәрбиеші:  Ал енді балалар, біз ойын ойнайық. Бұл дидактикалық ойын. Ойынның аты: Сөйлемді аяқта. Шарты: мен сөйлемнің басын айтамын, сендер сол сөйлемді жалғастыруларың керек.

Ас атасы -  _____    (нан)

Нан болмаса сәніміз, ________ (жараспайды әніміз)

Нан нан пісіріледі _______  (бидай) ұннан.

Тәрбиеші:  Балалар, жаңа оқу жылын бастағалы біз нені үйрендік, нені меңгердік? Осыған бақылау жасау үшін, мен сендерге «Таңдамалы жауап» атты тапсырма дайындадым. «Таңдамалы жауап» деп аталуы, бір сұрақтың бірнеше жауабы бар. Соның ішінен сендер дұрыс жауапты таңдап алуларың керек.

1.  Жыл мезгілі нешеге бөлінеді?

     а) 1;    б)  2;   в)  3;   г)   4.

2.  Күз мезгілінің  айын тап.

     а)  ақпан;   б)   шілде;     в)  қазан;      г)  желтоқсан.

3.  Нанның  түрін тап.

     а)  қуыршақ;    б)   орындық,  в)  алма;     г)   таба нан.

 

Қорытынды:   Балалар, бүгінгі сабақты жақсы меңгерген екенсіңдер. Енді сюжетті-рөлді ойынын ойнап жіберейікші.

 Ойынымыздың аты:  «Дүкенші».

Ойынның мақсаты: Балалар нанның пішінін  ажырата білуге дағдыландыру және мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Балалар сабаққа өте жақсы қатыстыңдар, сау болыңдар.

 

 

Күтілетін  нәтиже:

Жаңғыртады: Нан  түрлерін ажырата алады.

Түсінеді: Нанды жерге тастамай,қадірлейді.

Қолданады: Нанды  қастерлеп, қандай қиындықпен келетінін түсінді.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: Нан түрлерін салыстыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер гостиничного комплекса

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 378 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.04.2016 1227
    • DOCX 46 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бакенова Динара Кайыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бакенова Динара Кайыржановна
    Бакенова Динара Кайыржановна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7065
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой