Инфоурок Другое Другие методич. материалыАшық сабақ "Неке және отбасы ұғымы"

Ашық сабақ "Неке және отбасы ұғымы"

Скачать материал

Тобы: 12.13.11

Пәні: Құқық негіздері

Тақырыбы: Неке және отбасы ұғымы

Мақсаты         

Білімділік:               Студенттерді отбасы, неке туралы білімдерін кеңейтіп, жан-жақты 

                                ұлттық қасиеттерін қалыптастыру.

 

Дамытушылық :   ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін                                       практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.

 

Тәрбиелік:              шапшандыққа, ізденімпаздыққа, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа           

                                баулу, ұжымдық ауыз біршілікке тәрбиелеу.

 

Көрнекіліктер:       Слайд, компьютер, интерактивті тақта, құжат үлгілері

                                   

Сабақтың түрі:      Аралас сабақ

                                             

 

                                                          Сабақ құрылымы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру

ҚР Конституциясы қашан қабылданды?

           Азаматтық құқық түсінігі.

           Азаматтық құқықтың жүйесі.

           Азаматтық құқықтың принциптері.

           Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі.

           Азаматтарды хабар-ошарсыз кетті деп және өлді деп жариялау.

 

  1. Жаңа сабақ

 

Біз өткен сабағымызда азаматтық құқықтың жалпы қағидаларымен, әдістерімен, жүйесімен, пәнімен танысқан болатынбыз. Ал ендігі біздің жаңа тақырыбымыз Неке және отбасы ұғымы. ҚР «Неке және отбасы» заңымен танысып, ондағы жаңа мәліметтерді баяндайтын боламыз.

Жаңа тақырып жоспары

1.    Неке және отбасылық құқықтық қатынастар ұғымы.

 

2.    Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары.

3.    Отбасы ұғымы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері

  1. Неке және отбасылық құқықтық қатынастар ұғымы.

 

        Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз – құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды айтамыз.

        Неке отбасы заңдары:

  1. Некеге тұрудың шарттары мен тәртібін, некені тоқтату және оны жарамсыз деп тануды белгілейді;
  2. Отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
  3. Ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
  4. Азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді.
  5. Бұл мәселелер негізінен «ҚР неке және отбасы туралы» 1998 жылғы заңымен реттеледі.

Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне мыналар жатады:

  1. ерлі-зайыптылар;
  2. балалар;
  3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
  4. заңмен белгіленген  басқа да адамдар.

Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілеріне  жататындар:

  1. отбасы мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;
  2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;
  3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру және т.б.

Неке отбасы заңдары мына қағидаларға негізделген:

  1. Еркек пен әйелдің некелік одағының еркіндігі;
  2. Отбасында ерлі-зайыптылар құқығының теңдігі;
  3. Отбасы ісіне басқа біреулердің орынсыз араласуына жол бермеу;
  4. Отбасылық мәселелерді екі жақты келісім арқылы шешу;
  5. Балаларды отбасында тәрбиелеу, олардың дамуына жағдай жасау;
  6. Отбасының барлық мүшелерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Неке дегеніміз – ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес қатынастарды тұғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі негізінде жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одағын айтамыз.

Неке қию тәртібі бойынша некеге отырғысы келген азаматтардың арыздары алдымен азаматтық хал актілерін жазатын (АХАЖ) мемлекеттік органдардың кітабына жазылады да, арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Ерекше мән-жайлар болған кезде (жүкті болу, бір тараптың өміріне тікелей қауіп төнуі және т.б. жағдайларда) неке өтініш берген күні қиылуы мүмкін.

Некеге отырудың шарттары: некеге отыратын еркек пен әйелдің екі жақты келісімі және олардың неке жасына толуы болып табылады. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін 18 жастан бастап белгіленген. Дәлелді себептер болған жағдайда азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылға дейін төмендете алады. Барлық жағдайда неке жасын төмендету тек некеге отырушылардың келісімімен және ата-аналардың немесе қорғаншылардың келісімімен мүмкін болады.

Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

 

2. Некеге отыру және оны тоқтатудың шарттары 

Некеге тұрған адамдардың қалауынша неке шарты жасалуы мүмкін. Неке шарты нотариуспен расталған, некеге тұрушылардың құқықтық жағдайын анықтайтын шарт болып табылады.

Некеге отыруға мынадай жағдайларда жол берілмейді:

  • бірі болса да басқа адаммен некеде тұрса;
  • ата тегі бойынша;
  • бала асырап алушылар мен бала болып алынғандардың бір-бірімен некеге отыруына;
  • біреуі болса да сот психикалық ауыру немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдар арасында.
  • бір жыныстыларға

Неке мынадай жағдайларда тоқтатылады:

  • Ерлі-зайыптылардың біреуінің немесе екеуінің өтініштері бойынша;
  • Ерлі-зайыптылардың біреуінің қаза болуы кезінде.

Әйелінің жүкті кезінде және бала дүниеге келгеннен кейін бір жыл бойы, әйелінің рұқсатынсыз некені бұзу туралы ерінің іс қозғауға құқығы жоқ.

Неке мынадай жағдайларда бұзылады:

Азаматтық хал актілерін жазу органдарына жазған ерлі-зайыптылардың біреуінің өтініші бойынша, егер екінші адам:

  • сотпен хабарсыз кеткен деп танылса;
  • сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылса;
  • қылмыс жасағаны үшін үш жылдан артық мерзімге сотталса бұзылады. 

 

3. Отбасы ұғымы, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері     

       Отбасы - некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге байланысты және отбасы қатынастарын нығайту мен дамытуға жәрдемдесуге тиісті адамдар тобы.

       Бала деп он сегіз жасқа толмаған тұлға танылады.

       Ата-аналар өз балаларына қатысты бірдей құқықтар мен міндеттерді орындайды. Олар өз балаларының денсаулығы үшін жағдай жасауға, оларды тәрбиелеуге құқылы және міндетті. Ата-аналар өз балаларын тәрбиелеуде барлық басқа тұлғалардың алдында артық құқықтарға ие. Баланы тәрбиелеуші ата-аналар өз қабілеттері және қаржылай мүмкіндіктері шеңберінде табиғи психикалық және рухани даму үшін қажетті өмір салтын қамтамасыз ету үшін жауап береді.

Баланың ұлты ата-ананың ұлтымен белгіленеді. Егер ата-анасының ұлты түрліше болса, баланың ұлты оның қалауы бойынша кәмелетке толған кезде әкесінің немесе шешесінің ұлтымен жазылады.

Ата-аналар немесе олардың біреуі ата-аналық құқықтан айырылуы мүмкін, егер олар (біреуі):

  1. Ата-аналақ міндеттерін орындаудан бас тартса (алимент төлеуден);
  2. Дәлелсіз себептермен басласын перзентханадан алудан бас тартса;
  3. Балаға қатал қараса, оның ішінде оларға күштеп немесе психикалық зорлық көрсетсе;
  4. Белгіленген тәртіппен маскүнемдікпен, нашақорлықпен ауырады деп танылса.

ҚР Конституциясына сәйкес неке мен отбасы, ата мен әке және бала мемлекеттің қорғауында, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-аналардың құқығы әрі міндеті. Кәмелетке толған, еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. 

       Ерлі-зайыптылардың отбасындағы теңдігі

      1. Ерлі-зайыптылар тең құқықтар пайдаланады және тең міндеттер атқарады.

      2. Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы қызмет түрін, кәсібін және діни сенімін таңдауға ерікті.

      3. Ерлі-зайыптылар ана болу, әке болу, балаларды тәрбиелеу, оларға білім беру, ерлі-зайыптылардың тұрғылықты, болатын жерлері мәселелерін және отбасы өмірінің басқа да мәселелерін бірлесіп шешеді.

      4. Ерлі-зайыптылар отбасындағы өз қатынастарын өзара сыйластық пен өзара көмек негізінде құруға, отбасының игілігі мен нығаюына жәрдемдесуге, өз балаларының денсаулығына, өсіп-жетілуіне және олардың әл-ауқат жағдайына қамқорлық жасауға міндетті.    

           Ерлі-зайыптылардың тектерді таңдау құқығы

1.    Неке қию (ерлі-зайыпты болу) кезiнде ерлi-зайыптылар өз тiлектерi бойынша ортақ тегі ретiнде өздерiнiң бiреуiнiң тегiн таңдайды не ерлi-зайыптылардың әрқайсысы өзiнiң некеге дейiнгi тегiн сақтап қалады, не біреуі (екеуі де) өз тегiне екiншi жұбайдың тегiн қосып алады. Егер ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң болса да некеге тұрғанға дейiнгi тегi қосарлас болса, олардың тектерін қосуға жол берiлмейдi.Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу кезінде тегі өзгерген жағдайда, азамат бір ай мерзімде жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыруға міндетті.

2.    Ерлi-зайыптылардың бiреуiнiң тегiн өзгертуi екiншiсінің тегiн міндетті түрде

өзгертуiне әкеп соқпайды.

 3. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған жағдайда ерлi-зайыптылар неке қию (ерлі-      

     зайыпты болу) кезінде таңдаған тектерін сақтауға немесе өздерiнiң некеге дейiнгi    

    тектерін қалпына келтiруге құқылы.

 

ІV. Қорытындылау

 

Пысықтау сұрақтары:

 

1.         Отбасылық құқықтық қатынастар дегеніміз не?

2.         Отбасы заңдары қандай қатынастарды реттейді?

3.         Отбасылық құқықтық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?

4.         Отбасылық құқықтық қатынастардың объектілерін атаңыз.

5.         Неке отбасы заңдары қандай қағидаларға негізделген?

6.         Неке дегеніміз не?

7.         Некеге отыру жасы неше жас?

8.         Некеге отыруға қандай жағдайларда жол берілмейді?

9.         Неке қандай жағдайларда тоқтатылуы мүмкін?

10.      Неке қандай жағдайларда бұзылуы мүмкін?

 

  1. Үй тапсырмасы

Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері және олардың міндеттемелер бойынша жауапкершілігі.

Бағалау

Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалаймыз.

«5» -

«4» -

«3» -

Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Неке және отбасы ұғымы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель ремонтной службы

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 116 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.01.2016 7870
    • DOCX 81.5 кбайт
    • 119 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсенова Зульфия Амангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    Дюсенова Зульфия Амангалиевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119746
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Налогообложение реализации и доходов физических лиц

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека