Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Ашық сабақ :су адам өмірі

Ашық сабақ :су адам өмірі


  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақмолаоблысы

Зеренді ауданы

Викторовка ауылы

«Айгөлек»балабақшасы









Ашық іс - әрекет



«Су өмір нәрі».









Өткізген: Буршахбай.А











2015-2016 оқу жылы

Сабақтың тақырыбы: «Су – өмір нәрі»

 Мақсаты:  Су және оның маңызы туралы білімдерін тереңдету.

Білімділік: Су –тіршілік көзі екенін, пайдасы, маңызы, қасиеті туралы білімдерін кеңейту.

Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері, қайнатылған шайнек, стакан, айна, бу, қант, сарымсақ.

Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, тәжірибелер, суреттер.

Сабақтың барысы:

Балаларды тыныштандырып, орындарына отырғызу.

Кәне бәріміз орынымыздан тұрып шаттық шеңбер жасап алайық.

Шаттық шеңбері:

Аспанымыз ашық болсын,

Нанымыз көп болсын.

Суымыз мөлдір болсын,

Күн нұрлы болсын.

Балалар бері қараңдаршы мұнда бір дыбыс естіледі, ненің дыбысы екенің тыңдайықшы.


hello_html_3253609d.jpg







Балалар:Су.


hello_html_432666.jpg

Дұрыс айтасыңдар.Су бізге қажет пе?

Балалар:Иә

Су туралы тақпақ білесіңдер ме?

Арраян: Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Жансая : Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың

 Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын сендер сол жұмбақты шешіп тақтаға жауабын жапсырасындар жарайма.
Жұмбақтар: (жауабын тапқан бала сол суреттерді тақтаға іледі)


1. Дәміде жоқ, түсі жоқ,

Пайдаланбас кісі жоқ.  (Су)


2. Моншағым көктің,

Тестім түбін шөптін.  (Тамшы)


3. Көз жасын төгіп елжіреп,

Жүреді көкте көлбіреп,

Жел қуса кетер селдіреп.  (Бұлт) hello_html_m1aa44f11.jpg

hello_html_m4850f82c.jpg

Міне осылардың барлығы сумен байланысты. Балалар  ал сендер білесіңдер ме су қайдан, қалай пайда болатынын?  Ендеше мен сендерге толығырақ түсіндіре кетейін.

Су өмір бойы айналымда болады. Ол жаңбырмен жерге түседі, арық болып ағып, өзенді құрайды, ал содан кейін қайтадан күн шуағымен бу болып аспанға көтеріліп, жер бетіне жаңбыр болып, қайта оралады. Жаңбырдан аққан кішкентай сулар бірігіп, жылғалар болып, үлкен теңіз құрайды.

Бұлттар жапсыру.

hello_html_m25e80ce4.jpghello_html_m70889814.jpg

-Бәрекелді балалар, ендеше сендер осы судың қасиеттеріне тәжірибе жүзінде көз жеткізгілерің келе ме?

-Ия.

-Ендеше тәжірбие жасайтын жерге барайық.

Тәжірибеге кірісбес бұрын  мұқият қарап алайық бізге қандай заттар керек екенін.

  1. тәжірибе: «Су мөлдір»

hello_html_5e069fe8.jpg

Балалардың алдында екі шыны ыдыс тұрады, біреуіне су, ал екіншісіне сүт құйылған. Екі ыдыста да қасық салып, қайсысынан көрінетінін, қайсысынан көрінбейтінін бақылайды (суы бар ыдыстан қасықты көруге болады, ал сүт тұрған ыдыстан қасық  көрінбейді)

  1. тәжірибе: «Суда дәм жоқ»

 Балалар су ішіп көреді. Онда дәм бар ма?  Су дәмсіз. Енді осы алдарыңдағы суға қантты салып көріңдер. Суды былғап ішіп көріңдер. Қандай дәм пайда болды?

Балалар: Тәтті

hello_html_m1e671adc.jpg

Балалар су туралы мақал – мәтел білесіндерме?

Мақал айтып беріндерші.

Максим: Судың да сұрауы бар. Антон Су анасы — бұлақ, Сөз анасы — құлақ. Арраян Сумен ойнама — батарсың Отпен ойнама — жанарсың.

Жансая:

Таулы жер бұлақсыз болмас,
Сулы жер құрақсыз болмас.
Люда: Су патшасы – мұрап,
Түн патшасы – шырақ.
Асанәлі: Бұлақ көрсең көзін аш 
3-    тәжірибе: «Судың иісі жоқ» Балалар суды иіскеп көреді, судың иісінің жоқ екенін сезінеді. Стакандарыңа сарымсақты салыңдар. Стакандарыңдағы суды иіскеп көріңдер иісі пайда болды ма?

hello_html_2359ef92.jpg

3-тәжірибе: «Бу бұл да су» Судың тағы бір қасиетін көрсету үшін қайнаған суы бар шайнекті алу керек. Одан шыққан буды көру үшін  оны ашып көрсету керек. Бу да су екенін дәлелдеу үшін буға айнаны ұстап, одан су тамшылары кері аққанын балаларға көрсету керек.









hello_html_m4e4abc47.jpg

Сергіту сәті. Сылдырлайды мөлдір су
Мөлдір суға қолың жу
Жуынсаң сен әрдайым
Аппақ бетің, маңдайың
Тазалықтың досы Су деген осы

hello_html_49471f2d.jpghello_html_5fb66ca2.jpg



5-    тәжірибе: «Су сұйық- сондықтан ағады» Балаларға стақандағы суды екінші бос стақанға төкпей-шашапай құюды ұсынамыз. Су аға ма? Неліктен? Өйткені ол сұйық. Егер ол сұйық болмаса ақпайды. hello_html_98ce5e0.jpg













Су туралы тыйым сөздер. Антон: Суды бекер ағызба Жансая. Түнде су алуға барма Радмир: Суды лайлама Санжар: Бұлақты бұлғама Арраян: Суды сапырма, суды сатпа Лас су төккен жерді баспа 6 – тәжірибе: «Судың түсі өзгереді» Алдарыңда бояулар тұр, сол бояудың бір түсін суға қосып көріңдер. Судың түсі өзгерді ме?hello_html_mee07b10.jpg

hello_html_732bb2b2.jpg


Сабақты қорытындылау:  

Сонымен балалар, бүгіңгі сабақта туралы айтылды?

Судың түсі қандай?

Суда дәм бар ма?

Су пішін бола ма?

Сендермен бірге қандай тәжірибелер жасадық?

(балалар жауаптары)

Су-түссіз, бояу қосқанда өзгеред і.

Су-дәмсіз, бірақ қант қосқанда дәмі өзгереді.

Судың пішіні болмайды.





hello_html_6de4235a.jpg


















































Автор
Дата добавления 22.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Рабочие программы
Просмотров157
Номер материала ДБ-048539
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх