Инфоурок Другое КонспектыАшық сабақ "Заттың атын білдіретін сөздер" (3-сынып)

Ашық сабақ "Заттың атын білдіретін сөздер" (3-сынып)

Скачать материал

Қайранбаева Гулшат Болатовна

«Қосалқы мектеп - интернат» КММ

                                                                                                    Семей қаласы

Қазақ тілі пәні.

Сабақтың тақырыбы: Заттың атын білдіретін сөздер.

Сабақтың мақсаты: Заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

1.Білімділік: Ұғымның , заттың атауы екенін түсіндіре отырып, заттың атын білдіретін сөздер туралы түсінікті қалыптастыру. Кім? Не? сұрақтарын меңгерту. Заттың атын білдіретін сөздерді сөйлем құрамынан таба білуге, дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Оқу – жазу дағдысын қалыптастыруды жалғастыру.

2.Тузету – дамытушылық: Тілін жетілдіру, сөздік қорын толықтыру. Сөйлеу тілін, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Сауатты жазуға машықтандыру.

3.Тәрбиелік: Оқуға деген сүйіспеншілікке, сауаттылыққа, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Сөздер, сөйлемдер жазылған карточкалар, мазмұнды суреттер, сөзжұмбақ.

ТҚЖ: Ноутбук, экран, проектор, слайдтар.

Сабақтың тегі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

А)Сәлемдесу. Психологиялық бағыт беру: (Оқушылар хормен тақпақты айтады).

Парта саған төсек емес жатуға,

Түзу ұста, тік отыр сен партада.

Бойды түзе, көтер басты жоғары,

Сымбаттылық болсын сенің бойыңда.

Ә)Артикуляциялық жаттығуларды слайдқа қарап жасау: Слайд қосылады. Мұғалім қосымша әр жаттығуды орындап көрсетеді.

«Тарақ», «Күркетауық», «Футболшы», «Сағат», «Алтыбақан»

Б)Таза сөйлеу минуты: Слайд қосылады. Балалар мұғаліммен бірге дауыстап қайталайды.

         Са-са-са, қамысқа қонды маса.

         Се-се-се, неткен әдемі кесе.

         Су-су-су, арықтан ағады су.

         Ша-ша-ша, қыстың күні тамаша.

         Ше-ше-ше, Есенді көрдім кеше.

         Шу-шу-шу, ғажап екен  отшашу.

ІІ.Негізгі бөлім:

1.Үй тапсырмасын сұрау: «Тасымал» ережені жатқа айту.

А) Бір жолдан екінші жолға сөзді буындап тасымалдау керек. Мысалы:

Қар – лығаш, қарлы – ғаш.

Ә)Жалғыз дауысты дыбыстан болған буынды бөліп тасымалдауға болмайды. Мысалы: Доп, тас, су, ту. Жалғыз әріпті жаңа жолға ауыстырма. Мысалы: а – лаша, дұрысы ала – ша.

2.Жаңа тақырыпты түсіндіру:

-Балалар, біз қазір сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақты дұрыс шешсек бүгінгі жаңа тақырыпты табамыз.

А) Сөзжұмбақ шешу арқылы жаңа тақырыпты меңгерту.Тақтаға сөзжұмбақ берілген плакат ілінеді. Мұғалім сұрақтарды қояды.

1.Оны ғарыш кемесі дейді? (Зымыран)

2.Аюдың жақсы көретін тамағы? (Бал)

3.Онымен ағаш жарады? (Балта)

4.Киімге қадайды? (Түйме)

5.Сырт – сырт соғады, уақыт озады? (Сағат)

6.Ағаштың киімі? (Жапырақ)

 

 

З

 

ы

м

ы

р

а

н

 

б

А

л

 

 

б

а

л

Т

а

 

 

Т

ү

й

м

е

 

 

с

а

ғ

А

т

 

ж

а

п

ы

Р

а

қ       

 


Плакаттағы сөзжұмбақ слайдқа көшіріледі. Слайд қосылады.

-Балалар, сөзжұмбақтың ортасында қандай сөз пайда болды? Қызылмен жазылған сөзді оқиық.

-Заттар.

-Балалар, зымыран, бал, балта, түйме, сағат, жапырақ – бұлар ненің атауы?

-Заттың.

Ә) Ой қозғау: Заттың атын білдіретін сөздердің ережесімен таныстыру. Слайд қосылады.

Мұғалім:

-Балалар, әр заттың өзінің атауы болады. Мысалы: кесе, табақ, сандық, кітап, қалам, домбыра т.б. деген сөздер заттың атын білдіреді. Заттың атын білдіретін сөздер кім? не? деген сұрақтарға жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

Заттың атын білдіретін сөздер

                                                      

Кім?

Адамға кім?деген сұрақ қойылады. Мысалы: Оқушы, қойшы, мұғалім, Әйгерім, Абай т.б.

 

Не?

Басқа жанды, жансыз заттарға не? деген сұрақ қойылады.Мысалы: Жылқы, арыстан, қағаз, өрмекші, кілем, әтеш т.б.

 

 

           

     

 

 

 

 

 

-Балалар, жаңа тақырып түсінікті ме? Түсінікті болса маған не?,- деген сұраққа мысал болатындай сөздерді ойша айтыңдаршы.

-Балалардың жауаптары.

-Ал енді кім?,- деген сұраққа мысал болатындай сөздерді айта қойыңдар.

-Балалардың жауаптары.

ІІІ.Бекіту:

-Ал енді, балалар, тақырып түсінікті болса, бір ойын ойнайық.

Б) Ойын «Тапқыр бала» деп аталады. Ойынның көрнекілігі: Тақтаға бұлттар, «кім?», «не?» сұрақтары жазылған көлшіктер, сөздер жазылған жаңбыр тамшылары бейнеленген көрнекіліктер магнитпен жапсырылады. Ойынның шарты: Балалар жаңбыр тамшыларында жазылған сөздерді тиісті көлшікке түсіреді. Мысалы: «Бала» деген жазуы бар тамшыны «Кім?» деген сұрағы бар көлшікке түсіреді.

В) Кітаппен жұмыс: 

9 жаттығу жазбаша орындалады.Тақтамен жұмыс. (Оқушылар 1 сөйлемнен жазады. Сұрақ қою арқылы заттың атын білдіретін сөзді тауып, астын сызады).

Г) Сергіту сәті: 

Апам үшін күнде мен, (әндете)

Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)
Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)
Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)
Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)

Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)
Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)

Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)
Д)Деңгейлік тапсырмалар орындау: Топтармен жұмыс.

1, 2 топ: Карточкамен жұмыс. Терме  диктант. Берілген сөйлемдерден заттың атын білдіретін сөздерді теріп жаз. Сұрақ қой.

3 топ: Карточкамен жұмыс: Суретті диктант. Суреттегі заттардың атын жаз. Ауызша сұрақ қой.

4 топ: Карточкамен жұмыс: Берілген сөйлемдерді дәптерге көшіріп жаз. (Баспа мәтінді көшіру) Қарамен жазылған сөздердің астын сыз.

4 топ (Нұрдаулет, Асыл, Аружан): Дәптермен жұмыс: Мұғалімнің қарындашпен жазып бергенін бастыру арқылы жазу.

Қосымша тапсырма: Кестемен жұмыс. Жұмбақты оқып, жауабын суреттен табады. Сұрақ қоя отырып, жауабын жазады.

ІҮ.Қорытынды бөлім:

-Бүгін сабақта не істедік?

-Қандай тақырыппен таныстық?

-Заттың атын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?

-Кім? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?

-Не? деген сұрақтың қойылу ерекшелігі қандай?

Ү. Үйге тапсырма беру: 5 жаттығу жазбаша орындау. Ережені жаттау.

ҮІ.Сабақты аяқтау: Балаларды бағалау. Мадақтау.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ "Заттың атын білдіретін сөздер" (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по продажам

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 409 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.01.2016 3329
    • DOCX 29.4 кбайт
    • 29 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайранбаева Гулшат Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кайранбаева Гулшат Болатовна
    Кайранбаева Гулшат Болатовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11305
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек