Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Ашық тәрбие сағаты"Мың мамандық бәрі бар, таңдап ,талғап бірін ал"

Ашық тәрбие сағаты"Мың мамандық бәрі бар, таңдап ,талғап бірін ал"


  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

C:\Users\MaDi\Pictures\Cw1MbRTKmdY.jpg

Алматы облысы, Райымбек ауданы,

Ақсай орта мектебінің мұғалімі

Сейфолдаева Бибігүл Бөшенқызы

Тәрбие сағатының тақырыбы:

«Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!»

Білімділік: оқушыларға болашақ мамандық және оқу бағдарын таңдауда көмектесу, мамандық әлемі және оның ерекшеліктері туралы дүниетанымын кеңейту;
Дамытушылық: оқушылардың өмір туралы, мамандықтар туралы көзқарасын дамыту, алдағы уақытта мамандық таңдауда дұрыс жолда болуына себепкер болу, таңдаған мамандығының өз бейімділігі мен қабілетіне сәйкес келуін нақтылау, өз - өзін танудың жалпы әзірлігін қалыптастыру
Тәрбиелік: мамандық таңдау мәселесін белсенді арттыру, мамандық әлемі туралы ақпарат алу арқылы және өзін тану шекарасын кеңейту арқылы мамандық бағытын таңдауда жауапты шешім қалыптастыру.
Әдіс - тәсілдері: «Ми шабуылы», психологиялық тренингтер, дидактикалық ойындар,
Көрнекілік: бейнекөріністер ,« Біз менсінбейтін мамандықтар» «Жас түлекке естелік»слайды,мамандық туралы бұрыш , нақыл сөздер,слайд.
Сабақ барысы:
І. Кіріспе
1 жүргізуші :Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар,оқушылар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған «Мың мамандық бәрі бар, Таңдап, талғап бірін ал!» атты кездесу кешімізге қош келдіңіздер!
2 жүргізуші :- Атақты ғұлама Әл – Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен және жыл сайын оған 500 - ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген сұрақтарға мектеп оқушыларының көбісі нақты жауап бере алмайды. Шындығына келгенде мамандық таңдау мәселесі әсіресе біздің қоғамымыз нарықтық қатынасқа көшіп отырған жағдайда өте күрделі мәселе. Бүгінгі кешімізде біз осындай маңызды тақырыптарға тоқталамыз, мамандық, болашақ таңдайтын бағдарымызды таңдау стратегиясы жөнінде, кәсіби өмірлік бағытты жобалау туралы әңгімелейтін боламыз.

1 жүргізуші : Бұл ретте бүгін бізге өз ойларымен бөлісіп, тың пікірлері мен ақыл - кеңесін айтуға әр сала мамандары қонаққа келіп отыр. Сол қонақтармен таныстырып өтейін. Ауыл өміріне жастайынан араласып, еңбегінің зейнетін көріп отырған ауыл ақсақалы Тілепбай ата және техниканың қыр сырын меңгерген,ауыл өміріне өзіндік үлесін қосқан,озат механизатор Өмішев Серікбай

Табиғатты қорғау әрбір азаматтың міндеті деп санайды «Шарын»ұлттық парктің инспекторы Ақылбаев Несіпбай ағамыз.

Өскемен автожол институтының түлегі, жоғары білімді маман,жол жөндеу мекемесінің инженері Иембергенов Серік

Ақ халатты абзал жандар,адам жанының арашасы ауылымыздың бөлімше дәрігерлері Мәлімбаева Жаңыл және Мұратова Жәмихан.

Талай шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқан аға ұстаз Ошақбаева Бану

Телекоммуникация саласында халыққа қызмет көрсетіп жүрген маман,байланыс бөлімшесінің электрмонтері Баймбетов Сәбит

Бухгалтер-экономист Тастанова Камила

Технология пән мұғалімі , Астанада өткен Халықаралық іскер әйелдер форумының делегаты Көнекбаева Айман

«Қазіргі қоғамда психологиялық қолдау кез- келген сала мамандарына қажет» дейді психолог маман Ұзақбекова Шарапат және « Баламның дұрыс мамандық таңдауы-оның болашағы ,өмірінің мәні»деп есептейтін 11 сынып ата-аналары және 10 сынып оқушылары.

2 - ж.. Әр адам өз қабілетіне, икемділігіне қарай сәйкес мамандық таңдауы тиіс. Бүгінгі танда нарықтық экономиканың өсудегі жоғарғы қарқынын жалғастыра алатын серпінді дамып келе жатқан кадрлар даярлау мәселесі алға қойылған. Ауыл шаруашылығын дамытуға көптеген мамандықтар қажет.
1 - ж. Ендеше, оқушылар қай мамандықты қандай кәсіп жолдарын таңдауды дұрыс деп шешу мақсатында, әркім өз пікірін білдіріп, ой толғайық
2 ж. Ендігі кезекті оқушыларға берейік. Араларыңызда кейбіреулерің ендігі қандай маман иесі болатыныңызды, қандай бағытта, оқу орнында оқитыныңызды анықтаған шығарсыз және де өздеріңнің болашақ кәсіби қызметтеріңді жақсы білетін де шығарсыз. Дегенмен де өз таңдауыңды тағы бір тексерген артық етпейді, таңдаған мамандығыңыз шындығында өзіңізді жетілдіруге мүмкіндік бере ме, сол жөнінде ойлануға кеш емес. Бұл әңгіменің тақырыбы әлі шешімін қабылдай алмай күмәнданып жүрген және бағдарын таңдай алмай жүрген оқушыларға маңызды болып табылады.
Олай болса, «Ойланайық, пікірлесейік айдарына кезек береміз.
Мұғалім: Айтыңдаршы, маман дегеніміз не? Белгілі бір мамандық иесі болу үшін не істеу керек?
1 – оқушы: Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі.
Мамандық таңдау да мектеп қабырғасынан басталады. Сондықтан бүгін өзіміз қалаған мамандық туралы өз ойымызды айтамыз.
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң арқалан
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тапта бар қалан,
деп өмірден өз орнын тауып, елімізге қажетті кәсіп иесі болу бәріміздің арманымыз.
Біздің таңдауымыз да әртүрлі. Біреуміз ертең ақын, екіншіміз инженер, енді біріміз құрылысшы болуымыз мүмкін. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы.
2 оқушы.Мамандық дегеніміз не?
Кәсіп, Сүйікті іс, Шығармашылық, Қызығушылық, Еңбек көзі
«Мамандық» сөзіне анықтама бере кетейін.
Профессия - латын сөзінен шыққан, “professio”- анықталған іс, мамандық дегенді білдіреді.
Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
3 оқушы.Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сондай - ақ өз мамандығының 10 - 20 жылға дейін өз сұранысын жоғалтпауына көңіл бөледі. Бұл мамандықтарға деген бірқалыпты тұрақты сұраныс деп аталады. Өзінің сұранысын, қызығушылығын жоймаған кең тараған мамандықтарға дәрігер, мұғалім және құрылысшы мамандықтарын атап өтуге болады. Ал, өзекті мамандықтар қатарына жоғары технология, байланыс, коммуникация, әлеуметтік орта, экономиканы басқару мамандықтары және еңбек сұранысына қажетті жаңа мамандықтары жатады. Қоғамның дамуында біздің өңірде, қазба - байлықтарын игеретін мамандық иелері қажет.

4 оқушы.Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статисттердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның 12 %- і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан - жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады? Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады.

5 оқушы.Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып, тіпті алдарына жоспар да құрғысы келмейді. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
11 сыныпқа сұрақ. Әңгімелесу Пікірлесуге 10 сынып оқушыларында тартамыз.
1. Сен болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

2. Қандай мамандық таңдайсың?Мамандық таңдауда ата-анаңның ықпалы қандай болды?
3. Таңдаған мамандығың жөнінде не білесің?
4. Мамандығыңның өзіндік ерекшілігі?
5. Бұл заман талабына сай ма?
6. Бұл мамандығының еңбек нарығында қажеттілігі.
7. Мамандықты қай оқу орнынан аласың?
8.Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек деп ойлайсыңдар?
9.Қай уақытта адам өз еңбегінің жемісін көре алады?


1 жүргізуші . Қазір мен оқушылар мен ата-аналарды «Ең жақсы» ойынға шақырамын.

Алдарыңызға ақ қағаз беріледі .

2 жүргізуші Қане, ата аналарымыз бен балалары мамандық туралы қаншалықты білетіндігін көрейік
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Әрбір командаға мынадай нұсқау беріледі, оқушылар берілген мінездеме қай мамандыққа сай екендігін айтулары керек. Мысалы, ең ақшасы көп мамандық. Қай мамандық ең ақшалы болып табылады.

Қатысушыларға келесі мамандық мінездемелері ұсынылады:
Ең ақшасы көп - бухгалтер, экономист.
Ең жасыл - эколог, географ, бақташы, гүл өсіруші.
Ең тәтті - аспазшы, кондитер.
Ең күлкілі - клоун, карикатурашы.
Ең жауапты - сот, бухгалтер.
Ең салмақты - мұғалім, заңгер.
Ең қарым - қатынасы күшті – бизнесмен

1 жүргізуші :Қонақтарға сөз бермес бұрын мына бейнекөрініске назар аударайық. Экранға көңіл бөліңіздер.

Сұрақтар:
Осы бейнекөріністі тамашалай отырып сіздерге қоятын алғашқы сұрағымыз:
Өз мамандығының шебері болу үшін адам өзін - өзі қалай дайындау керек деп есептейсіз? Әрқайсыңыз өз мамандығыңызға байланысты қуанышы мен қиыншылығы туралы айтып өтсеңіздер.Сіз істейтін салада тағы қандай маман иелері бар? Мағлұмат бере кетіңіздер.
(Қонақтар пікірлерін айтады)

Серік ағаға : Жол жөндеу жұмыстары туралы айтса біздің көз алдымызға жол бойында сары шапан киген ,жол жамап жүрген жұмысшылары елестейді. Осы салада тағы қандай маман иелері бар?

Несіпбай ағаға: Біздің аймақ табиғаты әсем, туризмді дамытуға өте ыңғайлы орын деп есептеледі? Болашақта осы салада қандай мамандықтар сұранысқа ие болады деп ойлайсыз?

Жаңыл ,Жәмихан апайларға : Бұл мамандықты таңдауға не себеп болды? Жүрек қалауларыңыз ба әлде ата-ана ықпалымен ба?

Камила апайға : Қазір екінің бірі бухгалтер-экономист,аудит т.б мамандықтарды таңдап жатыр. ең қорқынышты және ақшасы көп мамандық дейді.Қаншалықты шындыққа жанасады?

Шарапат апайға : Психолог мамадындығы туралы тарқатып айтып берсеңіз. Себебі психолог мамандық кез-келген салаға қажет.

Сәбит ағайға : Байланыс саласында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келесіз.Бұл жұмыс өзіңізге ұнайма? Басқа қандай мамандар жұмыс жасайды?

Бану апайға:Талай жылдан бері шаршамай білім беріп, балаларды тәрбиелеп келесіз. Қазіргі заманда жұмыс таппағандар ,бірден оқуға тапсырадыда мектепке мұғалім болып келіп жатады? Соншалықты жеңіл болғаныма? Қиындығы неде?
2 жүргізуші:Мамандық таңдауда ата - ананың ықпалы қандай дәрежеде болуы мүмкін деп ойлайсыздар? Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?

Көнекбаева Айманға сұрақ: Астанада өткен Халықаралық Іскер әйелдер форумына қатысып келдіңіз. Ойға не түйдіңіз?

Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
1 жүргізуші : Тілепбай атаға :Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыздар? Ауылдың өзекті мәселелеріне тоқталып өтсеңіз.

Серікбай ағаға : -Бір кездері озат механизатор болдыңыз. Сол заман мен қазіргі кезде осы мамандықтың беделі қандай?
Бәріңізге сұрақ:Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?\пікірлерін тыңдау\

Олай болса тағы бір бейнекөрініске назар аударыңыздар

\елбасы Н. Назарбаевтың мамандыққа байланысты жастарға жолдауынан үзінді\

Слайд «Біз менсінбейтін мамандықтар»
2 жүргізуші :Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздердің мамандықтарыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?

1 жүргізуші :Сіздер қандай маман болуды армандадыңыз? « Жаныма жақын мамандықты меңгере алмай қалғаным ай деген өкініштер ,ойлар кей сәтте мазалайма? Оған не себеп болды? Немесе осы мамандықты қайдан таңдап алдым? Маған ұнамайды деп қиналған сәттер болды ма?
2 жүргізуші :Осы сұрақтарды ата-аналарымызға қойғым келіп тұр. Сіздер қандай ой қосасыздар.\ата-аналар пікірі тыңдалады\.

Сіздердің құрметтеріңізге 10 сынып оқушысы Молдахмет Мақпалдың орындауында

«Самға,Қазақстан»әні.

1 жүргізуші. Ендігі кезекті оқушылар мен қонақтар қатысуымен «Ассоциация» ойынын ойнайық.

Мұғалім :Мамандықтар туралы қаншалықты білеміз? 4 оқушыны сыртқа шығарып жіберу.Оқушылар,ата аналар қонақтар,ұстаздар 4 мамандық түрін мына белгілер бойынша жасырады. Мамандықтың түсі қандай? Иісі қандай? Қандай мебель немесе құралдың иісі шығады немесе пайдаланады? Мысалы Түсі ақ , иісі спирттің иісі шығады, темір столдар, кушетка, ширма сияқты заттарды пайдаланады. Т.б \жауабы дәрігер\

1 жүргізуші : Ендігі кезекті «Пайдалы мәліметтер» айдарына берейік.

Сәнімай :Оқушыларға мынадай бір пайдалы мәлімет айтып өтейін.
Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар:
«ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – бұл талап - тілектің, мақсат пен мүдденің, ынта мен ықыластың кеңістігі;
ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – қабілет - қарымның, таланттың, денсаулықтың кеңістігі;
ҮЙРЕНУ КЕРЕК – еңбек рыногындағы сұраныстардың, аймақтағы әлеуметтік - экономикалық проблемалардың, әлемдік экономикалық даму тенденцияларының кеңістігі.
Кәсіп осы үш дөңгелектің тоғысу нүктесі арқылы оңтайлы таңдалады.
Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.
Шәміл Әйгерім
Мамандықтың бірнеше классификациясы бар. Олардың неғұрлым белгілері еңбек пәніне негізделеді. Еңбек пәні бойынша жіктелетін мамандықтар 5 топқа бөлінеді: адам – адам, адам – белгі жүйесі, адам – табиғат, адам – техника, адам – көркем образ.
Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипатамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.
Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.
Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.
Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар жатады.
Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.
2 жүргізуші : Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар
Әннің сәні болмаса мәні оятар, – деп ағартушы ақын Абай айтқандай, кезекті әнге берейік.
Бізді аялап ,әлпештеп өсірген аналарымыздың құрметіне ән «АНА»Орындайтын: Қазыкен Қ
1 жүргізуші :«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М. Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып,осы сыныптың қыздарының сіздерге арналған биін тамашалаңыздар.


БИ: « Қазақ биі »

2 жүргізуші. Келесі айдарымыз « Жұлдыз жорамал» Ортаға Лиза мен Орынбайды шақырайық.

Лиза : :Өмірде мамандық таңдаудан қателеспеу, ол сізді биік жетістіктерге жетелейді. Өз ісін сүйген адам көп кемшіліктерге жол бермейді. Бұл орайда жұлдызшылар жұлдызнама бойынша мамандық таңдау артықтық етпейді дейді.

Орынбай.Көңілдеріңізге қонымды болып жатса бұл кеңестіде ескересіздер деп ойлаймыз.

1.\21.03-20.04\Тоқты белгісінде туылғандар \ Қазыкен Қ, Қоқыш Л,Байбурі Ы\ көбісі мектеп қабырғасында жүргеннен болашақта қандай мамандықты таңдайтынын бағамдай жүреді. Өздері еңбекқор, шаршағанды білмейтін жандар. Олар өздерінің қандай саланы тез игеріп алып кететінін де біледі. Бұл белгіде туылғандардан сатушы, білікті тіс дәрігері, хирургтер шығады. Осы мамандықты таңдаған тоқтылардың көбісі үлкен жетістікке шыққандықтары дәлелденген. Кәсіби спортшылар да жетерлік. Тоқтылар билікке жақындау, мейлі тіпті бастық болмасын әйтеуір жеке кабинеті болғанын қалайды. Бірақ олармен қандай бір келіспеушілік жағдайында жеңемін деп ойламаңыз. Нәтижесінде жұмыстан шығып кетуіңіз ғажап емес.

2.\21.04-21.05\Торпақтар \Құантұр Ұ\- нақты бір мамандықты таңдамайды. Біраз уақытқа дейін кім болатынын ойланып жүреді. Бастысы өзінің материалдық жағдайын жақсартуға септігін тигізетін кәсіп болса жетіп жатыр. Табиғатынан салмақты болып келетін торпақтар өнерге бір табан жақын. Бірақ көбінесе оны өзгелерге жария етпей, ішінде сақтап жүреді. Олардан жақсы әнші, суретші,ақын, театр өнерінің маманы, костюм шебері шығады. Егерде қолға алса аспаз, мейрамхалардың қызметін басқарушы бойынша айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізе алады. Тоқты белгісінде туылғандар мұғалімдікті да жақсы меңгереді. Сәулетші, дизайнер болса да биік мақсаттарды бағындыра алады. Бастысы алған жұмысын соңына дейін аяқтауға шыдамы жетеді.Сондықтан олар ұжымда сенімге ие.

3. \23.08-22.09\Бикештер Әкімбек Л, Хасен Б\- мамандыққа мектеп қабырғасында жүргеннен аса мән береді. Олар үшін әрбір жұмыстың мәні жоғары. Аса жауаптылығы оның көптеген мүмкіндіктерге жолын ашады. Байсалды мінезі адамдарға қамқор болуға септігін тигізеді. Бикештерден мықты медицина мамандары шығады. Олар дәрігерлікті таңдаса үлкен жетістіктерге қол жетізе алады. Көптеген белгілі медбикелер осы белгіде туылған. Бикештер аса еңбекқор. Өзіне берілген жұмысты аса ұқыптылықпен және мерзімінде орындайды. Оларға ұжымда сеніммен қарайды. Сондай-ақ бизнесте, басшылық қызметте да бикештердің жолы болады. Олар тыныштықты қалайтындықтан, шағын ұжымда және нақты кестесі бар орында жұмыс істегені дұрыс. Оны сынай көрмеңіз, бәрібір өзінікін дәлделдеуге тырысады. Ал өздері біреуді қатты сынайды.

4. 23.09-23.10\Таразы белгісінде туылғандар үшін мамандық таңдау аса қиын. Көп ойланады. Оларды асықтырмаған жөн, әйтпесе үлкен қателік жасауы мүмкін. Сондықтан шешімді өзіне қалдырған дұрыс. Іскерліке қарым-қатынаста таразылар өте әділ, аса маңызды мәселелердің түйінін тарқату олардың қолынан келеді. Олар саясатқа араласады. Бірақ көп жағдайда қателік жіберіп алады. Білімін жақсы жетілдіргенде ғана бұл бағытта үлкен жетістіктерге жетеді. Таразылар құжаттарға мұқият емес. Сондықтан кәсіпкерлік ісімен, ақшаға қатысты жұмыспен айнылыспағаны жөн. Олар үлкен ұжымда да өздерін еркін сезінеді әрі өзгелер үшін ашық. Жұмыстағы талқылау, бағалау келгенде таразылар белсенділік танытады. Олар жұмыста қатал, өмірде жұмсақ адамдар.

5.24.10-20.11\Сарышаяндар \Оразхан Айдана\- белгісінде туылған жандар эмоцияға берілгіш, сонымен қатар өзінің мүмкіндігін көрсете алатын адамдар. Қысылтаяңда өз жолын тез табады. Олардан шахтер, репортер, хирург мамандықтары жақсы шығады. Іскерлік қарым-қатынаста өзін еркін сезінетін жандар. Адамдармен үнемі байланыста болатын мамандық иелері осы белгіде туылғандардан көп шығады. Сарышаяндар үнемі алға ұмтылып жүреді. Өзгелерге өзінің мүмкіндігін көрсетуге талпынады. Өзінің күшіне, білім мен біліктілігіне арқа сүйейді. Олар аса қиын келіссөздерді шешуге келгенде таптырмас адамдар. Кейде жұмыста жалқаулыққа бой алдырады.

6. \23.11-21.12\Мергендер Талқанбай Еламан\ бала күніне карьерада биік белестерді бағындыруды армандайтындар. Көбінесе өз күшіне сенеді. Аса қиын мамандықтарға жаны құмар. Тіпті спортта да қауіпті түрін таңдайды. Мерген жұмысты беріліп атқарады және оны өзгелерден де талап етеді. Ол сөзсіз көшбасшылыққа ұмтылады. Басшылық тарапынан сыйластықпен қарауын немесе керісінше ашық қарсыласуға тәуекел етеді. Бұл белгіде туылғандардың саяхат жасағанды жақсы көреді. Олардан жақсы спортшылар, аң аулаушылар, репортерлер шығады. Ойынхана, мейрамхана, қонақ үйлердің жұмысын басқару, үйлестірудің шебері. Қоғамдық, саяси қайраткерлікке қызығады. Бастық болған жағдайда әділ болады. Жалғандықты жаны сүймейді. Мұнысы ұзақ уақыт қалыптылықты ұстап тұруға көмектеседі. Сондай-ақ артық әңгімені тыңдамайды және тез ұмытады.

7 \20.12-20.01.\Тауешкілер \ Шаздан Сәнімай\-,бірі бала кезінен мамандықты таңдайды, енді бірі ата-анасының таңдауына құлақ асады. Кеш шешімге келуі де мүмкін. Бұған қарап тауешкілер үшін мамандық таңдаудың аса маңыздылығы жоқ екендігін аңғаруға болады. Олар кез-келген кәсіпті игеру кетеді. Еңбекқорлығының арқасында. Тіпті шаршағанын да аңғармай қалады. Іскерлік қарым-қатынаста және шағын ұжымда өзін еркін сезінеді. Тауешкілерден білікті тіс дәрігері, сәулетші, мұғалім, фармацевт, кітапхана қызметкерлері шығады. Көпшілік қашатын қазазбастылық оған ұнайды. Кез-келген мамандықта ол басшылыққа қол жеткізуді қалайды. Байсалды мінезіне орай, өзін ұжымда сыйлағанын жөн санайды.

8.\21.01-20.02\Суқұйғыштар\ Шәміл Ә,Абілқас Н,Алжанбек А\- үшін кәсібилік аса маңызды. Сондықтан тек қана жетістікке жетуді көздейді. Жұмысты аса ұқыптылық, жауапкершілікпен орындайды. Жаңа ұжымда өзін еркін сезінбейтін секілді көрінеді.Оның орны әріптестері үшін тек өзге қызметке ауысқанда ғана білінеді. Суқұйығыштар өзін ойын өзгерте бермейді және өзін талқылауға жол бермейді. Педагогика, білім беру, әлеуметтану, психология саласында биік жетістіктерді бағындыра алады. Олардан мықты сәулетші, заңгер шығады. Бұл белгіде туылғандар аса іскер сондықтан сырт сөздерге аса мән бермейді. Өзіне бағаны аса жоғары қояды суқұйғыштар. Өйткені өзінің мүмкіндігін жақсы біледі. Ақшаны үнемдей алады.

9.\ 21.02-20.03\Балықтар\Шаймерден Жақсылық\- жылдамдықты қажет ететін мамандыққа аса құмар. Олар жетекшілік жұмыстарды жаны сүйеді. Мемлекеттік қызметтен гөрі, шығармашылық ортада жұмысты жасағанды қалайды. Олардан жақсы мұғалім, журналист, киноөнідірісіндегі мамандар шығады. Қайырымдылық шараларын ұйымдастырудың да шебері. Көбінесе пайданы ойлай бермейді. Балықтар жазушы, суретші, әртіс бола алады. Әрине таланты болса.

Мұғалім: Слайд арқылы :Жас түлектерге естелік :

1.Ең бірінші мамандықтан не қалайтыныңды жақсылап ойланып ал. Саған қандай салада жұмыс істеген қызықты, қандай өмір салтын жоспарлайсың, жоғары жалақы саған қаншалықты маңызды, осындай сұрақтардың бәрін жақсылап ойланып ал. Әрине, ең бірінші өзінің қабілетіңді ескер. Математикадан үш алып жүріп бағдарламалаушы болам деп армандаудың қажеті жоқ.

2.Тағы бір пайдалы нәрсе – профориентацияға тестілер.

Бұл не? Әдетте, бұл сен келісетін немесе келіспейтін түрлі пікірлер. Мұндай тестілерде көптеген пәндер бойынша - физика, химия, астрономия, әдебиет және басқалары – сұрақтар болады; сондай – ақ, олар саған өзіңнің қызығушылықтарың мен мінезіңді, кейде зияткерлік дейгейіңді бағалауға көмектеседі.

3.Қазір жұмыс берушілер қандай мамандықтарға сұраныс жасауда, ал сен ЖОО – дағы оқуыңды бітіргенде, яғни бес жылдан кейін қандай мамандыққа сұраныс артатынын біліп алғаның жөн. Бірінші жағдайда ең жақсы көмекшің – газеттер мен жұмыс іздейтін сайттар, ал екінші жағдайда – интернет желісінен табуға болатын әлеуметтанушылардың болжамдары, өзіңнің жеке ойың.

4.Тағы бір себеп – оқудың қолжетімділігі. Өзің тұратын қалада жоғары білім алу – бір іс, ал жердің түбіне барып оқу – екінші мәселе. Ал егер барлық оқу орындары жоқ кішірек қалада тұрсаң ше? Оңда Сен оқудың қолжетімділігін басшылыққа алып мамандықтар тізімін қысқартасың. Өкінішке орай, ЖОО – на грантқа түспей қалғандағы оқудың қолжетімділігі жайлы айтар болсақ, онда оқудың төлемақысы үлкен рөл атқарады. Әрине бұл мәселенің де шешімін табуға болады: банктан несие алу, кешке жұмыс істеп, сырттай оқу бөліміне тапсыру, бірақ қайткен күнде де қалаған мамандықтың иесі бол

5. Мамандыққа қатысты қателіктердің бірі кейбір қоғамға пайдалы мамандықтар ұятты, төмен саналады (мысалы, қоқыс тазалаушы). Экономист немесе психологтың қоғамға пайдасы химик пен темір ұстасының пайдасынан артық емес. Мамандықтың беделі Сіздің қызығушылықтарыңыз бен қабілеттеріңізден кейін барып қана ескерілуі тиіс. Әйтпесе “сәнді”, бірақ сізге ләззат сыйламайтын маман иесі боласыз немесе негізгі жұмыс функцияларыңызды атқаруға жарамсыз боласыз…

6.. Достарыңыздың әсер етуімен мамандық таңдау (солармен бірге болу үшін, қалып калмас үшін).

Біз мамандықтың киім немесе аяқ киім сияқты “ұнағанын” “мөлшері сәйкес келетінін” таңдаймыз. Топ, қатарластарға бейімделу – сенің жасындағы балалардың өте жағымды ерекшеліктері. Олар қоғамда өзіңді ұстау нормаларын меңгеруге, “МЕН” образының және өзіндік бағаңның қалыптасуына қажет. Сондақтан басқаларға өзіңді олармен САЛЫСТЫРА отырып қара, көз жұмып олардың істерін қайталай берме. Өзіңнің олардан айырмашылықтарың мен ортақ ұқсастықтарыңды көруге тырыс. Бұл, мысалы Болат өрт сөндіруші (ол – тәуекелге баратын адам) мамандығына барса, ол мамандықтың саған жарамайтынын (сен өте сақ және парасатты адамсың) көрсетеді.

7. Қандай да бір маман иесі – адамға қатынастың мамандыққа қатынасқа ауысуында.Мамандықты таңдау кезінде сол қызметпен айналысатын адамның саған ұнамайтынына емес, берілген қызметтің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Әсіресе мұғалімді ұнату қауіпті (егер саған физика ұнаса, ол саған “комплектсіз” тек физика пәні ұнайды деген сөз емес). Сондай-ақ, балалар өздерінің кумирлерінің мамандығын аламыз деп шатасып қалады – спортшы, саясат, журналист, әртіс. Спортшылар – бәрі ондай емес.

8. Мамандықтың сыртқы немесе басқа бір бөлігін ғана ұнату.Актердің сахнадағы оп – оңай образының артында ауыр, күнделікті еңбек жатыр. Ал журналисттер әрдайым телехабарларға шықпайды, олар көбінесе басқалар хабарлайтын (телевидениедегі диктор) 10 минуттық хабарды дайындар алдында көптеген ақпараттарды, мұрағаттарды ақтарады, ондаған адамдармен сөйлеседі.

Ән: «Ана» орындайтын Қазыкен Қасымжомарт

Қорытынды :

1 - жүргізуші: Жастықта әр тараптың басын шалсаң,

Қармақты тәуекел деп суға салсаң.

Еңбегің еңбектенген кетпес зая,

Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

2 жүргізуші . Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес,

Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Көк жүзіне алаулы,

Міндет емес ай болу.

Ең бастысы қалаулы,

Кәсібіңе сай болу!-деп

кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе сәйкес келетін мамандықты анықтауға, кейбіреулеріңізге өз таңдауларыңызды жасауға үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
1 жүргізуші :

Еңбек етсем, ертеңгі- бақытыма сенемін.

Масқатыма жеткізер- уақытыма сенемін.

Достық іспен қасты да- жеңеріме сенемін,

Ақыл, сана білім мен- өнеріме сенемін.

Арым- таза, ақ көңіл- адалдыққа сенемін,

Абыройлы, ақ ниет- адамдыққа сенемін!- дегендей ел сеніміне кіретін құрметті мамандық иесі боламын десеңіздер бүгінгі кездесуде апайларымыз бен ағаларымыз айтқан ақыл кеңестерді жадыңызда ұстап ілім- білім алуға барлық күш жігерлеріңді жұмсап, егеменді еліміздің ертеңі -болашақ маман иелері болуларыңызға тілектестігімді білдіремін!

Бүгінгі кешімізге алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге рахмет!

Бірге :Қалай айтсақта ұрпақ тәрбиесі бәрінен де маңызды.

2 жүргізуші :Ауыл ақсақалы Тілепбай ата жаңа өмірге қадам басқалы отырған балаларыңызға ақ батаңызды беріңіз.




































Автор
Дата добавления 01.03.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров295
Номер материала ДВ-496559
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх