Инфоурок / Технология / Конспекты / Ашык сабак "Тақия жасау "

Ашык сабак "Тақия жасау "

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан аппликация ( тақия жасау)
Сабақтың мақсаты: 1 Қағазбен жұмыс істеудің әдіс - тәсілімен таныстыру. Қағаздан аппликация арқылы тақия мен сәукеле жасау. Желіммен жұмыс істеуге үйрету.
2 Қауіпсіздік ережесін сақтау. Саусақ машықтарын дамыту.
3 Ұлттық сана сезімін қалыптастыру, ой - өрісін кеңейту, еңбексүйгіштікке баулу
Сабақтың мазмұны:
І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Балалар сабақ ты қандай көңіл – күймен бастайық:
Happy, angry
- Ендеше сабағымызды жақсы, қуанышты көңіл күймен бастайық!!!
ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын таныстыру, мақсатын хабарлау. Топқа бөлу.
ІІІ Өткенді қайталау. Жалпы өткен сабақта сендермен бірге ұлттық киімдер, олардың түрлерімен танысқан болатынбыз. Ендеше есімізге түсірейікші, қазақтың ұлттық киімдеріе не жатады?
Кластер құру
Ұлттық киімдер
ІІІ. Жаңа сабақ:
- Балалар сендер бүгін топқа бөлініп отырған соң, 4 топқа мынадай қоржындар дайындап әкелдім! Қане ағылшынша санайық неше қоржын? (оқушылар ағылшынша санайды) Қоржын 4 топқа таратылып беріледі.
- Балалар сендердің қоржындарын қандай түсті?
Қане сөздіктерді қайталайық!
Көк -
Жасыл –
Сары -
Қызыл –
Ал қоржынымызды ашу үшін бетіндегі тапсырманы орындайық, яғни берілген сөздерден мақал мәтел құра:
1. Ердің атын еңбек шығарады.
2. Еңбек түбі береке
3. Жалқаудың жаны тәтті
Еңбектің наны тәтті.
4. Ерінбей еңбек қыл,
Жалықпай өнер біл.
Ендеше бүгінгі сабақта сендермен осы ұлтымыздың бас киімінің бірі сәукеле мен тақияны аппликация яғни жапсыру арқылы орындаймыз (қоржыннан дайын үлгілерді алып шығады)
Балалар сәукеле мен тақия туралы қосымша деректер айтады
Сәукеле — әйелдің бас киімі, оны ұзатылған қыздар және оның жанына еріп жүретін құрбылар киген.. Оны асыл тас, алтын, күміс, меруерт, маржанмен өрнектеп, алтын жіппен әшекейлейді.
Сәукеленің ең сыртынан шашақты, әшекейлі жібек матамен төгілтіп жауып қояды. Ол көйлектің етегі сияқты жерге сүйретіліп жүреді. Қазіргі кезде де кейбір жерлерде қалыңдықтың басына сәукеле кигізіл, ақ желек жабатындар да кездеседі.
Тақия – ерлердің жеңіл бас киімі. Тақияны жаз мезгілінде, күнделікті де киген. Тақияның түрлері көп. Биік төбелі, тегіс төбелі және үшкір төбелі тақия. Тақияны әр түрлі оюлармен өрнектеген, кейбір тақиялардың төбесіне үкіні де таққан.
- Балалар бас киімге үкіні не үшін таққан деп ойлайсыңдар?
- Жалпы үкіні көргендерін бар ма? Оны қайда таққан?
Сергіту сәті «Ағылшын әнін» орындау
Балалар сәукеле мен тақия кімдерге арналған бас киім? Ұл және қыз балаларға.
Ендеше жаңа сөздер:
ұл – a boy
Қыз - a girl
- Қажетті құралдарды сабақтың басында дайындап қойған едік
- Қане, осы заттардың ағылшынша атауын қайталайық!
Сөздік жұмыс:
Қажетті құралдар: Қайшы – scissors
Қарындаш - pencil
Қағаз - paper
Желім – glu
а) Желіммен жұмыс істеу ережесі. Желіммен заттың бір бөлігін екінші бөлігімен байланыстыру, қосу үшін қажет Естерінде болсын:
1 )Егер желімдеуге кеңсе желімін пайдалансаңдар, онда желім жағуды бұйымның ортасынан жағу керек.
2) Желімдеген парақтардың үстіне таза парақ салып, екі қолмен тегістеңдер.
3) Жұмыс істеуге үлкен және кішкентай қылқаламдар қажет.
б) Еңбек қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Сендер қайшыны түрлі бұйымдарды қиюға пайдаланасыңдар.
1. Қайшыны бір - бірлеріңе тек қана доғал жағымен ұсыныңдар.
2. Қайшымен қиған кезде сол қолдың саусақтарының қайшыдан алысырақ болуын қадағалаңдар.

3. Қайшыны дұрыс ұстаңдар.
Практикалық бөлім: Тақия мен сәукеле аппликациясын жасау.
Жаңа сөздер жаттау:
ІҮ. Жаңа білімді бекіту
Ойын «yes» «no» Шарты сөйлем дұрыс болса «yes», қате болса «no» деп жауап береміз.
1. Сәукеле мен тақия қазақтың ұлттық бас киімдерінің бірі.
2. Сәукелені ер балалар киген.
3. Ұл ағылшын тілінде a boy, ал қыз a girl.
4. Сәукеле мен тақияны түрлі ою - өрнектермен безендірген.
5. Сендерге сабақ ұнады ма?
Ү. Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта нені жасап үйрендік?
ҮІ Бағалау орындаған жұмыстарын қоржынға салып, келесі топқа береді балалар өзіндік бағаларын қойып, алмастырады.

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-079823

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG