Инфоурок Доп. образование КонспектыАшық сабақ: «Квиллинг өнері»

Ашық сабақ: «Квиллинг өнері»

Скачать материал

Күні:

Сабақтың тақырыбы: «Квиллинг өнері»

Сабақтың мақсаты: өзге елдер өнері «квиллинг» туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрету.

Білімділік: тәрбиеленушілерге қағаздан гүл түрлерін жасау жолдарын және әдістерін үйрете отырып шеберлік,  шығармашылық деңгейі арттыру.

Дамытушылық:тәрбиеленушілердіңөз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, алған білімдерін өмірде өз бетінше қолдана білуін қадағалау,. түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту.

Тәрбиелік:талғаммен жұмыс жасауға, ептілікке, ұқыптылыққа, өнерді сүюге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жаңа техникамен жұмыс.

Көрнекілігі: қағаздан түрлі техникамен жасалған бұйымдар көрмесі,, орындалу барысы көрсетілген нұсқаулар.

Қажетті құрал-жабдықтар:  «квиллинг» техникасына арналған дайын қағаз, түсті қағаздар, қайшы, біз, пинцет,желім, қарындаш, өшіргіш,  сызғыш, қатты қағаз, моншақ, таспа, «ашық хат» үлгілері.

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Жаңа тақырыпты түсіндіру

3.     Сарамандық жұмыс

4.     Қорытынды

Ұйымдастыру: Тәрбиеленушілермен сәлемдесу, сабаққақатысын,дайындығын тексеру. Керекті жабдықтардың жеткілікті екендігін тексеру.

Жаңа сабақ: Танымдық анықтама. Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оныңқыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай-Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады.

Қытайлық азамат Цай Лунь қағазды ойлап тапқанда қандай үлкен жаңалық ашқанын, бәлкім, білмеген де болар?! Ол алғаш ағаштың ішкі бетінен алынған жаңқаны жұқалап, түрлі бейнелер салуға пайдаланыпты. Осылайша, қытайлықтар жүн мен жібекті арзан және қолда бар материалмен – өсімдік талшықтары, тұт ағашыныңқабығы және бамбук сабақтарымен алмастырды. Мүлде жаңа материал – қағаз пайда болды. Ал оның пайда болуы ресми түрде б. э. д. 105 жыл деп саналады.VII ғасырдың басында буддалық монах Дан Хо Жапонияға жетіп, қағаз жасау құпиясын ашады. Бастапқы қағазды Жапонияда жібек талшықтарының пілләсінен алса, бертін келе қымбат шикізатты арзанымен алмастырып, бамбук сабақтары, ағаш қабығы, кендір, шүберектен қағаз алу технологиясы қолға алынды. Ал жүз жыл өткенде жапондықтар өздерініңқағаздарын шығарады, бұл сапасы жағынан Қытай қағазынан да асып түсті. Уақыт өте келе қағаз Азия елдерінен соң арабтарға, Батыс елдеріне жеткен.

Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздыңқыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару-нағыз шеберліктің белгісі.

Қағазға байланысты әр түрлі қолөнер түрлері бар:

·        Квиллинг-(ағыл. «quilling» - құс қауырсыны)

·        Киригами-(жапон. Kiru -қию, gamy-қағаз)

·        Оригами- (жапон. Origamy -бүктелген қағаз)

·         скрапбукинг -(ағыл. Scrapbooking- «құрақкітап»)

·        Папье-маше- (фр. papier mâché- шайналған қағаз)

·        Аппликация- (лат. Аpplication-жалғау, жабыстыру)

Мұндағы пайдаланылатын негізгі материал-қарапайым қағаз.Қағаздыңқыр-сырын қанық білетіндердіңқатары-қолөнердің квиллинг деген түрімен айналысатындар.Квиллинг-жұқа қағаз таспаларын шиыршықтап орай отырып, түрлі бейнелер мен бұйымдар жасауөнері. Оны жасауға арналған арнайы квиллинг қағазы да болады.Ағылшын тілінде бұл өнер «quilling»-«quill» сөзінен шығып, «құс қауырсыны» деген мағынаны білдіреді. Себебі, ертеде қағазды шиыршықтап орау мақсатында құстыңқауырсынын пайдаланған.Қағазды жіңішке әрі ұзыншалап қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді), түрлі формаға келтіріп жаңа дүние жасайтын қолөнерді квиллинг деп атайды. Шиыршықталған қағаздан әдемі гүлдерден бастап, сан түрлі ою-өрнекті ғажап дүниелерді жасауға болады. Тек қиялыңызға ерік беріп, жаныңызға жақынды тани алсаңыз болғаны. Біреулер шиыршықталған қағаздан алуан түрлі бұйымдар жасау орта ғасырларда Еуропа елдерінде дамыған десе, енді біреулер оны Таяу Шығыстан бастау алған дегенді алға тартады. Сондай-ақ бұл өнердің шыққан жері-Ежелгі Египет дейтіндер де кездеседі. Дегенмен, бұл айтылғандарға қарамастан, квиллингтің отаны негізінен Оңтүстік Корея саналады. Бүгінде бұл елде қағаздан түрлі бұйымдар жасаушылардыңүлкен Ассоциациясы да жұмыс істейді. Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.

Квиллингке арнаған құралдар:

·        Диаметрі бір милиметрдей болатын біз

·        Пинцет

·        Қайшы, пинцет сияқты, өткір ұштары болуы қажет.Шашақтарды неғұрлым дәл қию үшін

·        Желім

Сарамандық жұмыс:квиллингтехникасы

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

.Қайшымен жұмыс істеу ережелері:

1.     Қайшыны үстелдің шетіне қойма, ашасын жауып қой.

2.     Жұмыс істеу кезінде қайшының кесетін бағытын және сол қолыңның саусақтарын қадағала.

3.     Қайшыныңұшын жоғары ұстама.

4.     Жолдасыңа қайшы берер кезде жабық күйінде, жұмыс істейтін бөлігін ұстап, сақинасын жолдасыңа қаратып бер.

5.     Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек.

6.     Жұмыс орнына қажетсіз заттарды қойма.

7.     Керекті құрал-жабдықтардың жұмысқа дайындығына көз жеткіз.

8.     Жұмыстан кейін орныңды жина.

9.     Жалпы қолданылатын жабдықтарды сабақтан кейін мұғалімге бер.

Алғашқы қарағанда қағазды орау техникасы қиын емес. Квиллингке арналған қағаз жолағы тығыз спиральге оралады.Егерде квиллингке арналған қағаз лентасыныңұшын біздіңұшына ораса орауды бастау оңайға түседі.Спиральдің ортасын қалыптастырғаннан кейін жұмысты квиллингке арналған құралсыз жалғастырған жөн. Бұлай сіз саусақтарыңызбен шеңбердің бір қалыпты оралып жатқанын сезе аласыз.Нәтижесінде диаметрі сантиметрден кем болатын тығыз спираль қалыптасады.Ол болашақ барлықәртүрлі формалардын негізі болады.Содан кейін қағаз спиралі керек мөлшерге шейін тарқатылады, содан соң одан қажет квилингтік фигура қалыптастырылады.Қағаздыңұшы желім тамшысымен ұстатылады. Қысып және басып шеңберді әртүрлі формаларға келтіруге болады.Квиллингте барлығы 20 базалық элемент бар, бірақ оларды жасау принципі біреу: ораймыз, қысамыз-фантазияңызға сүйене отыра сіз әрқашанда квиллингтің жаңа формаларын, элементтерін ойлап таба аласыз.

Орындалу барысы: қағаз ораудың кезеңдері.

·        Екі саусақпен қағаз жолағын ал. (фото 1)

·        Ұшы кішкене майысу үшін, жолақтын ұшын басқа қолдын екі саусағымен қысып, үстінен тырнақпен жүргізе отырып, соз.(фото 2)

·        Майсқан жолақтын ұшы оп оңай бізге оралады. Тығыз ғылып бірнеше рет ора.(фото 3)

·        Оралымның диаметрі 3-4 мм жеткен кезде оны бізден алып қолмен орауға болады.(фото 4)

·        Қағаз лента тарқатылмайтындай тығыз дискіні екі қолмен орап саусақтармен ұстап тұр.(фото 5)

·        Жолақ оралды.(фото 6)

·        Енді саусақтарды сәл босанқырат, спиральге кішкене ашылуға мүмкіндік беру үшін.(фото 7)

·        Жолақтын ұшын ПВА желімімен желімде.(фото 8)

·        Енді ораманы екі саусағымен қыс. «Тамшы» атты оралым пайда болды.(фото 9)

·        Қысу және басу жасау арқылы оралымдарға әртүрлі форма беруге болады.(фото 10)

·        Бұл «тамшы» және «жапырақ» оралымдары.(фото 11)

Сергіту сәті: жаттығу жасау.

Бақылау сұрақтары:

1. Квиллинг қандай өнер?

2. Квилинг сөзі қандай мағынаны білдіреді?

3.Квиллинг әдісі бойынша не жасауға болады?

4. Квиллингте барлығы неше элемент бар?

Қорытынды:тәрбиеленушілердіңдайындаған жұмыстарын бағалау.

 

Нұсқау карта

1-фото

2-фото

3-фото

4-фото

5-фото

6-фото

7-фото

8-фото

9-фото

 

 

 

10-фото

11-фото

 

http://test.azur.com.ua/sites/default/files/quiling_baze.jpg

http://cs315124.vk.me/v315124533/302a/qOARQqvvAOI.jpg

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ашық сабақ: «Квиллинг өнері»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Квиллинг» туралы мағлұмат беру, қағазды шиыршықтау арқылы қажетті бұйымдар жасап үйрету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 366 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2021 2241
    • DOCX 904.9 кбайт
    • 49 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейтенова Анаргул Базарбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейтенова Анаргул Базарбаевна
    Сейтенова Анаргул Базарбаевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9042
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация дополнительного образования детей в условиях дошкольной образовательной организации

Педагог дополнительного образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 534 человека

Курс повышения квалификации

Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Проектирование и разработка индивидуального образовательного маршрута обучающегося при получении дополнительного образования как способ повышения качества образовательной деятельности

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 194 человека из 52 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 108 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Электронный архив: нормативно-правовые требования и основы оцифровки

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек