Класы :
|
7 «Ә»
|
Күні:
|
13.12.17ж
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ауырлық күшіне есептер шығару
|
Сабақтың мақсаты:
|
Масса, салмақ, ауырлық күшіне сандық-сапалық
есептер шығару
|
Бағалау критерийлері:
|
v Масса, салмақ,
ауырлық күші ұғымдарын ажырата біледі;
v Күштің өлшем
бірлігін, ауырлық күші мен салмақтың формуласын есте сақтайды;
v Ауырлық күші мен
салмаққа күнделікті өмірден мысал келтіре алады.
|
Алдыңғы білім:
|
Тартылыс құбылысы. Ауырлық күші және салмақ
|
Ресурстар:
|
Оқулық, презентация, кеспе қағаздар
|
Сабақ барысы:
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
I. Ұйымдастыру
кезеңі - 2 минут
|
Класта
психологиялық ахуал қалыптастыру. Оқушыларды түгелеп, назарларын саббаққа
аудару.
|
Сабақ
құралдары мен оқулықтарын дайындау.
|
II.
Практикалық
бөлім
|
Тапсырма: Төменде келтірілген белгілеулер
қандай физикалық шамаларға сәйкес келеді?
Бағалау: оқушының жауабын смайликтер
арқылы «Талпынысың жақсы» немесе «Керемет-жарайсың» белгісімен бағалайды.
|
Көрсетілген
бағыттарда жүріп отырып және белгілеулерге сәйкес шамаларды тауып «бағалауға»
қол жеткізеді.
|
II.1.
«Лабиринт
ойыны» - 3 минут
|
II.2. «Сәйкестендір» ойыны - 5 минут
|
Тапсырма: Физикалық шамаларға өлшем
бірліктерін сәйкестендір.
Бағалау: оқушының жауабын смайликтер
арқылы «Талпынысың жақсы» немесе «Керемет-жарайсың» белгісімен бағалайды.
Күш
|
|
Н/кг
|
|
|
|
Салмақ
|
|
Н
|
|
|
|
Еркін түсу үдеуі
|
|
Кг
|
|
|
|
Тығыздық
|
|
Н
|
|
|
|
Масса
|
|
Кг/м3
|
|
|
|
Көлем
|
|
м3
|
|
Берілген
физикалық шамаларға өлшем бірліктерді сәйкестендіреді
|
II.3.
«Аудармашы»
ойыны – 5 минут
|
Қазақша
|
Орысша
|
Ағылшынша
|
Жылдамдық
|
Скорость
|
Veloсitу
|
Көлем
|
Объем
|
Volume
|
Масса
|
Масса
|
Mass
|
Температура
|
Температура
|
Temperature
|
Уақыт
|
Время
|
Time
|
Күш
|
Сила
|
Ғorce
|
Серпімділік
|
Упругость
|
Elasticity
|
Гук
заңы
|
Закон
Гука
|
Hooke's
law
|
Деформация
|
Деформация
|
Deformation
|
Пластикалық
(серпімсіз)
|
Пластичный
|
Plastic
|
Тығыздық
|
Плотность
|
Density
|
Ауырлық
күші
|
Сила
тяжести
|
The
force of gravity
|
Салмақ
|
Вес
|
Weight
|
Серпімділік
күші
|
Сила
упругости
|
Elastic
force
|
Қатаңдық
коэффициенті
|
Коэффициент
жесткости
|
The
stiffness coefficient
|
Еркін
түсу үдеуі
|
Ускорение
свободного падения
|
Acceleration
of free fall
Аcceleration
of gravity
|
Үйкеліс
күші
|
Сила
трения
|
Тhe friction
force
|
Үйкеліс
коэффициенті
|
Коэффициент
трения
|
The
coefficient of friction
|
Оқушыларға
физикалық терминдер жазылған кеспе қағаздар таратады.
|
Егер
кеспе қағаздағы термин қазақ тілінде болса, орыс және ағылшын тіліндегі
аудармасын айтады. Кеспе қағаздағы термин орыс тілінде жазылған болса, термин
қазақ және ағылшын тілдеріне аударады. Ал, егер термин ағылшынша берілсе,
қазақша және орыс тіліндегі аудармасын айтады.
|
II.4. «Кім жүйрік?» топтық ойын – 15 минут
II.5. «Cуреттер сөйлейді» топтық ойын – 5 минут
|
Класс
оқушыларын 3 топқа бөледі. Әр топқа 2 есептен үлестіріледі.
1.Денеге әрекет ететін ауырлық күші 10кН. Ол
дененің массасын қандай?
2. Жүктің массасы 10кг. Оған қандай ауырлық
күші әрекет етеді?
1. Сендер бір планетада болып, ондағы бір
дененің массасын және оған әрекет ететін ауырлық күшін есептедіңдер делік.
Нәтижелері: m=150г, F=0,57Н. Сендер қандай планетада тұрсыңдар?
2. Массасы 40кг баланың Айдағы
салмағын анықтаңдар.
1. Әрбір оқулықтың массасы 1 кг болса, үш
кітаптың үстелге түсіретін ауырлық күшінің мәні қандай болады? Еркін түсу
үдеуін шамамен 10 Н/кг-ға тең деп алыңдар.
2. Үстелдің
үстінде компьютер тұр делік. Үстелдің массасы 5 кг, компьютердің массасы 12
кг болса, онда осы жүйенің жерге түсіретін ауырлық күші неге тең
болады?
3 топқа 3 сурет үлестіріледі.
Тапсырма: берілген суреттерге қарап, физикалық терминдерді
қатыстырып қысқаша баяндау.
|
Әр
топтан екі оқушы тақтаға шығып, есептерінің шығарылуын түсіндіреді.
Бағалау: топтық бағалау. Тақтаға шыққан
оқушыны өзге топ оқушылары бағалайды.
Әр
топтан 1 оқушы шығып сурет бойынша сөйлейді. Бағалау: басқа топ
оқушылары әрбір ұтымды, әрі орынды пайдаланылған терминдерге байланысты топ
жұмысын бағалайды.
|
III.
Қорытынды
бөлім – 5 минут
|
Ø Рефлексия - «Менің
көңіл-күйім баспалдағым»
Оқушылар стикерлерге өз есімдерін жазып (немесе смайликтің
суретін салып) тақтада салынған баспалдақтардың біріне жабыстырады.
Баспалдақтар «Керемет!», «Жақсы», «Жаман емес», «Маған көмек керек!»,
«Білмеймін», «Нашар» деп аталады.
Ø Үй тапсырмасы - § 15-20 қайталау
3.5-жаттығу (1.2)
Ø Бағалау – оқушылардың сабаққа қатысымын бағалау («Біліміңді толықтыр!», «Талпынысың жақсы!», «Керемет-жарайсың!»).
|
Оқушылар
«Көңіл-күй баспалдағына» өз стикерлерін жабыстыру арқылы, сабақ барысындағы
көңіл-күімен бөлісіп, өз ойларын білдіреді.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.