Инфоурок Физика Другие методич. материалыПланирование по физике на тему "Атмосфералық қысым" (7 класс)

Планирование по физике на тему "Атмосфералық қысым" (7 класс)

Скачать материал

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ №44

Мектеп:№20

Күні:  

Мұғалімнің аты- жөні: Егемберді А.А.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

 

Сабақтың тақырыбы

Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы на сілтеме)

7.3.1.9 атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіру және оны өлшеудің әдістерін ұсыну

Сабаққа негізделген  оқу мақсаты:

Атмосфералық қысымның табиғатын түсіндіре отырып, атмосфералық қысымның өлшем бірліктерін қолданып есептер шығаруға жеткізу.

 

Сабақ мақсаттары (Бағалау критерийлері)

Атмосфералық қысым дегеніміз не екенін біледі

Адам неліктен атмосфералық қысымға төзіп, шыдай алатынын, атмосфералық қысымды қандай құралдармен өлшейтінді біледі.

Алған білімдерін өмірмен байланыстыра алады.

Тілді мақсат:

Негізгі сөздер мен сөз тіркестері: атмосфералық қысым, паскаль, миллиметр сынап бағанасында,сынапты барометр, барометр - анероид.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: атмосфералық қысымның бірліктері мен табиғатын физикалық тілде дұрыс тұжырымдай алады

Құндылықтарға баулу

«мәңгілік ел» идеясын білім беру мен тәрбиелеуде іске асыру тетіктері

Пәнаралық байланыс

География , математика

Ресурстар

7 – сынып оқулығы, Лукашик есептер жинағы, стикер, видеоролик (Торричелли тәжірибесі), қима қағаздар және т.б.

ЖОСПАР

Жоспарланған

уақыт есебі

Жоспарланған жаттығулар түрлері.

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2- мин

-оқушылардың зейіндерін сабаққа  аудару;

- оқушыларды тексеру;

Алдыңғы оқу:

5- мин

 «Стикердегі диалог» 

Әр оқушыға стикер және әр қатарға  А4 формат қағаз таратылады.

Сауал жазылған стикер жинағы келесі қатар оқушыларына алмастырып беріледі

Әр оқушы өзі стикерге сауал жазып, қағазға жапсырып келесіге береді.

Басқа топ сауалдарына жауап береді.

Қызығушылығын ояту

3-мин

«Он сұрақ»

Жасырылған сөздер: паскаль, атмосфера

Тақтаға 1 оқушы шығарылады, маңдайына сабаққа қатысты негізгі сөз жазылады

Жазылған сөзді табу үшін оқушы сыныпқа 10 сұрақ қоя алады , оған жауап  не «ия», не» жоқ» деп беріледі

Ой қозғау

5-мин

«Миға шабуыл»тәжірибе жасау

 

Керекті құралдар: стақан, су, тығыз бір бет қағаз

№1 «Төңкерілген стақандағы су»

Тәжірибенің жүрісі: стақанға су құйып, бетін қағазбен жауып, стақанды төңкереміз.

Сұрақ: стақандағы су неліктен төгілмейді?

Жауабы: Суды ауаның қысымы ұстайды. Паскаль заңы бойынша ауа қысымы барлық бағытта бірдей беріледі, олай болса, жоғары қарай да беріледі.

Алдымен мұғалім  оқушылардың  жауаптарын тыңдайды

Жаңа сабақты түсіндіру

Көрсетілім көрсету

10-мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Стоп кадр»

      ХVІІ ғасырда итальяндық ғалым Э.Торричелли алғаш атмосфералық қысымды өлшеген.  Торричелли  жасаған тәжірибені қарастырайық. 

Ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырылады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене бөлігі ғана ыдысқа төгіледі. Ал түтіктің ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Тәжірибені Торричелли былай түсіндіреді: ыдыстағы сынапқа атмосфера  қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік жағдайында тұр. Олай болса, түтік бойындағы сынаптың аа деңгейіне түсіретін қысымы атмосфералық қысымға тең. Егер одан артық болса, онда түтіктегі сынап ыдысқа құйылар еді, ал кем болса, сынап түтік бойымен жоғары көтерілер еді. Торричелли қондырғысы кейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болды.

   Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша өлшейді.           

    Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сын бағаны алынады.                                        

1 мм сын бағ  мен 1 Па арасындағы байланысты тағайындайық

h=1мм=0,001м  

   ρ=13600кг/м3          p=ρ·g·h        p=13600*10*0,001=133,3 Па

              1 мм сын. бағ. =133,3 Па =1,33гПа      

Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ. немесе 105 Па –ға тең.

 

http://fs1.ppt4web.ru/images/6815/78432/640/img5.jpg Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

 

Торричелли тәжірибесін көрсету, зерттеушілік әңгіме арқылы жаңа тақырыпты ашып түсіндіру

Барометр құралы , құрылысымен таныстыру

Барометр-анероидтың құрылысы

1-дөңгелек жұқа металл қорапша

2-серіппе

3-беріліс тетігі

 

 

 

 

 

Видеоны көре отырып оқушы өз ойларын айтады, мұғалімге сауал қою арқылы сыныпта зерттеушілік әңгіме жүргізіліп, жаңа тақырып меңгертіледі

 

Ой-толғаныс

Топтық жұмыс

Есептер шығару

10-мин

 1.Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

2.Москва  теледидар мұнарасының  төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

3.Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

4.Жер бетіндегі қысым 101300 Па, тереңдігі 840 м шахтаның атмосфералық қысымын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

5.Москва  теледидар мұнарасының  төменгі қабатындағы барометр 100641 Па қысымды көрсетсе, теледидар мұнарасының биіктігі деңгейіндегі (540 м) барометрдің көрсетуі қандай? (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

6.Метро станциясына кіре берістегі барометр 101300 Па қысымды көрсетіп тұр. Метро станциясының платформасындағы барометр 101674 Па қысымды көрсетіп тұр деп есептеп, оның қандай тереңдікке орналасқанын анықтаңдар. (Орта есеппен 10 м сайын қысым жуықпен 111 Па –ға өзгереді).

Әр топқа қима қағаз бойынша есептер таратылады

Әр топ мүшелері есептерді тақтада орындайды

Топтағы 6 оқушы 6 есепті алады

Әр топ өздері шығарған есептерді басқа топ мүшелерімен алмастырып өзара тексереді, талқылайды, талдайды

Графикалық диктант

5        мин

Графикалық диктант:

1,Бөлменің еденіне түсетін атмосфералық қысым  400 кПа.Бөлменің төбесі мен қабырғасына түсіретін атмосфералық қысым 200кПа болады (жоқ)

2.Ыдыс түбіндегі гидростатикалық қысым ыдыстағы түбінің ауданына тәуелді емес. (ия)

3.Газды сыққанда газдың қысымы кемиді (жоқ)

4.Қатты денеде қысым әртүрлі бағытта тарайды (жоқ)

5.Сұйықтардағы қысым сұйық тығыздығына тәуелді (иә)

Мұғалім интербелсенді тақтадан сұрақтарды шығара отырып сұрайды

Оқушылар жалпылай жұмыс дәптеріне орындайды, дұрыс жауабын сынып талқылап, сабақ қорытындалады

Үйге тапсырма

Түрлі эксперименттік тапсырмалар дайындау

 

 

Бағалау

5-мин

           Оқушы аты

Критерийлер

(0,5-1 балл)

 

 

Сауалдарға жауап бердім

 

 

Жаңа  тақырып меңгердім

 

 

Есептер шығардым

 

 

Графикалық диктант

 

 

Жалпы ұпай

 

 

Қорытынды бағасы

 

 

Бағалау шкаласы:

4 балл – «5»,

3 балл «4»,

2 балл «3»

Әр оқушы жеке жеке өзін өзі бағалайды

Кері байланыс

Кері байланыс : Сабақты бағалау кестесін ұсыну

Критерийлер

Жоғары

Орта

Төмен

1

Мен үшін сабақ түсінікті болды

 

 

 

2

Мен сабақ барысында қалай жұмыс жасадым

 

 

 

3

Менің көңіл-күйім қандай болды

 

 

 

4

Мұғалім сабағының жаңашылдығы қандай болды?

 

 

 

5

Бүгінгі ақпараттың мен үшін пайдасы қандай?

 

 

 

Сабақты бағалау кестесін әр оқушы жеке жеке толтырады

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование по физике на тему "Атмосфералық қысым" (7 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

«Стоп кадр»

ХVІІ ғасырда итальяндық ғалым Э.Торричелли алғаш атмосфералық қысымды өлшеген. Торричелли жасаған тәжірибені қарастырайық.

Ұзындығы 1 м, бір жағы бітеу шыны түтік сынаппен толтырылады. Содан кейін түтіктің аузын жауып, оны төңкереді де, сынап құйылған ыдысқа батырады. Сынаптың ішінде түтіктің аузын ашады. Сонда сынаптың кішкене бөлігі ғана ыдысқа төгіледі. Ал түтіктің ішінде биіктігі 76 см сынап бағаны қалады. Тәжірибені Торричелли былай түсіндіреді: ыдыстағы сынапқа атмосфера қысым түсіреді. Сынап тепе-теңдік жағдайында тұр. Олай болса, түтік бойындағы сынаптың аа деңгейіне түсіретін қысымы атмосфералық қысымға тең. Егер одан артық болса, онда түтіктегі сынап ыдысқа құйылар еді, ал кем болса, сынап түтік бойымен жоғары көтерілер еді. Торричелли қондырғысы кейін атмосфералық қысымды өлшеу үшін пайдаланыла бастады. Атмосфералық қысымның ауа райына байланысты өзгеретінін де алғаш байқаған Торричелли болды.

Атмосфералық қысымды сынап бағанының биіктігі бойынша өлшейді.

Атмосфералық қысымның бірлігі ретінде 1мм сын бағаны алынады.

1 мм сын бағ мен 1 Па арасындағы байланысты тағайындайық

h=1мм=0,001м

ρ=13600кг/м3 p=ρgh p=13600*10*0,001=133,3 Па

1 мм сын. бағ. =133,3 Па =1,33гПа

Қалыпты жағдайда атмосфералық қысым 760 мм сын. бағ. немесе 105 Па –ға тең.

Атмосфералық қысымды өлшеу үшін барометр-анероид кеңінен қолданылады. (анероид-сұйықсыз).

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 970 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.12.2017 1165
    • DOCX 75.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Егемберді Алдияр Абдықалы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Егемберді Алдияр Абдықалы
    Егемберді Алдияр Абдықалы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1250
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 539 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 136 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

Теоретическая механика: векторная графика

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Путь к осознанным решениям и здоровым отношениям

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 102 человека из 39 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Интегративный коучинг: от теории к практике

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек