Инфоурок Другое Другие методич. материалыҚазақ әдебиеті бағдарламасы (7-9 сынып)

Қазақ әдебиеті бағдарламасы (7-9 сынып)

Скачать материал

 

«Ақтоғай ауданының Н.Алшынов атындағы Жалаулы жалпы білім беретін орта мектебі» ММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ әдебиеті

 

 «Атадан қалған асыл мұра»

атты бейіналды курсының  бағдарламасы

 

7-9-сынып

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтоғай, 2015

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазған:

 

 Құрастырған: «Ақтоғай ауданының Н.Алшынов атындағы Жалаулы жалпы білім беретін орта мектебі» ММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі  Дайырбек ова Күлзат Бекейқызы

Ақтоғай, 2015

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түсінік хат

 

Ұсынылып отырған бағдарлама Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы»  заңдарының,  «Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының» талаптарына негізделе жасалды. Аталған стандартқа сәйкес бағдарламаның мазмұндық бағыттары мынадай мақсаттарға бағдарланып құрылды:

-мектеп оқушыларына  халқымыздың біртуар ұлдарының            бірі - Мәшһүр  Жүсіп пен оның шығармаларын кеңінен таныту, сол  арқылы болашақ қазақстандықтардың өмірлік айқындамаларын қалыптастыру, интеллектуалды, рухани дүниесі бай азаматтарды қалыптастыру мақсатын көздейді.

-сондай-ақ, оқушылардың оқырмандық мәдениетін жетілдіру, ақыл-ойын, тілін дамыту, көркем шығарманы оқумен қатар оны талдау дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен айналысуға баулу сияқты практикалық мақсаттарды алға қояды.

Мақсатқа жету үшін қойылатын міндеттер:

-  әдеби шығармаларын ағым-бағыттар мен құрылымдық-композициялық, сюжеттік, тілдік-көркемдік және стильдік ерекшеліктері бойынша топтастырып оқыту;

-  ғылыми-зерттеу, сыни тұрғыдағы еңбектерден дәйектер ала отырып берілетін білім мазмұнын тереңдету;

-  оқыту мен талдаудың тиімді технологиясы мен әдіс-тәсілдерін таңдау арқылы жекелеген туындыларға толыққанды әдеби талдау жасата алу білім-білік дағдыларын арттыруға мүмкіндік жасау;

-       түсіну, ой қорыту, ойын көркем әрі шешен тілде жеткізу мен ғылыми-зерттеу, шығармашылық жұмыстармен айналысуға жол ашу, бағыт-бағдар беру.

 

Бұл бағдарлама төмендегідей бөлімдерден тұрады:

 

1.     Оқу материалының мазмұны

2.     Оқу жүктемесі

3.     Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

4.     Тақырыптық-күнтізбелік жоспар

 

 

 

 

Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

 

Оқушы:

 

-            оқуға, талдауға, пікір алысуға және қосымша оқуға ұсынылған шығармаларды оқып, мұғалім көмегімен меңгеруі;

-            оқылған, талданған немесе өздігімен оқыған туындының негізгі мазмұнын, иектік, жанрлық сипатын, идеялық-тақырыптық негізін білуі;

-            шығарма кейіпкерлерін тануы, негізгі және қосалқы кейіпкерлерге мінездеме бере алуы, бағалауы; оқиға мен кейіпкер байланысын білуі;

-            бір не бірнеше туындының кейіпкерлерін салыстыра алуы;

-            шығармадағы детальдар мен шегіністерді білуі;

-            көркем шығарманың құрастырушы негіздері ретінде сюжет, композиция, тақырып, идея, образ ұғымдарын және тілдің көріктеуіш құралдарын білуі;

-            әдебиеттің қоғамдық-әлеуметтік мәнін білуі;

-            мәтінге жоспа, сұрақтар мен тапсырмалар құра алуы;

-            шығарма (ой толғау сипаттағы) жаза алуы;

-            мәнжазба даярлай алуы керек.

 

Кеңес дәуірінде Мәшһүр Жүсіптің өмірі мен шығармашылығы туған ұлты үшін жат дүние еді. Сөйтсек, Мәшһүр мұралары 70 жыл бойы жас ұрпақ үшін қымбат көмбе екен. Әлемдегі өзге елдермен еліміздің терезесі тең дамуы үшін болашақ ұрпақты оқытып-тәрбиелеуде Мәшһүр мұраларының маңызы зор. Өйткені Мәшһүр Жүсіп мұрасы – ұлттық игілігіміз. Мұнда ұлт тарихы мен этнографиясына, философиясына, жыраулық әдебиеті мен фольклортануға, Қазақстанның саяси-құқықтық мәдениеті мен қазақ әдебиеті тарихына қатысты ұшан-теңіз деректер, ағыл-тегіл мәліметтер, әдеби нұсқалар бар.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858—1931) — қазақтан шыққан көрнекті ақын, тарихшы, этнограф, тарихшы-шежіреші, аудармашы, ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттеуші,  ұлы ойшыл, қазақ мәдениеті мен әдебиетінің белгілі тұлғасы, заманының озық ойлы әулиесі болған; әрі өмір сүрген дәуірі, ортасы жағынан, рухани тұрғыда сусындаған қайнар бұлағы Абай, Шәкәріммен үндес, жолы бір адам болған.

Сондықтан Мәшһүр Жүсіпті мектепте оқыту ісі оның өмірбаянын ата тарихынан бастап, өмір сүрген ортасымен таныстырудан басталады.

 

 

 

 

 

 

Оқу материалының мазмұны

(аптасына 1 сағат)

 

Мәшһүр Жүсіптің ата-баба шежіресі (1 сағат)

Мәшһүр Жүсіптің дүниеге келуі, туып-өскен ортасы, тарихи кезең, «Мәшһүр Жүсіп» атануы. Жаяу Мұса туралы (2 сағат)

Мәшһүр Жүсіптің білімдену жолы, білім алған қалалары, рухани тұрғыда сусындаған қайнар бұлағы,  Абай, Шәкәрімдермен үндес, жолы бір адам болғандығы  (2 сағат)

 

Мәшһүр Жүсіп – қазақтан  шыққан көрнекті ақын, аудармашы, көсемсөз шебері, ұлтының қамын ойлаған ірі қайраткер тұлға (10 сағат)

“Хал-ахуал”, “Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз”, “Сарыарқаның кімдігі екендігі” деп аталатын үш кітабына шолу жасау.

«Шонтыбай қажы»,«-Екі жігіт пен бір шалдың әңгімесі». «Хаятбақшы», «Соқыр, саңырау, жалаңаш хикаясы», «Әдһам диуана және Ибраһим», «Ғали Арыстан әңгімесі», «Ай мен күндей, һәммаға бірдей» – демегінің мағынасы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі туралы», «Ібіліс лағын, шайтан хикаясы», «Жер мен көк» т.б. дастандары, хикаялары, қиссалары, әңгімелерінің мазмұнының  ғибратқа, адамгершілікке, аспан әлеміне, жұлдыздардың адаммен арақатынасына құрылуы.

«Тіршілікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз»,  «Сарыарқаның кімдікі екендігі туралы» // «Сарыарқаның кімдікі екендігі? - автор/ «Хал-ахуал» деген үш кітабында қазақ даласын жайлаған жоқшылық пен теңсіздіктің күштілігін де, себебін де ашып беруі, ашына сынауы.

“Жеті жетім”, “Қажылық иман шарттары”, “Адам екі түрлі”, “Жанайын ба?”, “Дауасыз дерт”, “Күндіз бен түннің айырмасы”, “Сырға сөз” қатарлы өлеңдерін оқыту.

 

Мәшһүр Жүсіп – тарихшы-шежіреші, этнограф (2 сағат)

Оқуға берілетін шығармалары:

«Қанды жексенбі» өлеңі. Үш жүздің пайда болуы. Хандар шежіресі. Алаша хан. Абылай хан төңірегіндегі аңыз-әңгімелер. Қазақ хандары туралы әңгімелер. Төле, Әйтеке, Қазбек би туралы.

 

Мәшһүр Жүсіп – ауыз әдебиеті мұраларын жинап, зерттеуші  (10 сағат)

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетін, жыраулар әдебиетінің үлкен жанашыры болғандығы, оны жинап, жүйелеуі. «Мес» жинағы.  «Үлгілі сөз», «Бата», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу», «Жоқтау», «Қара өлең», «Қайым өлең», «Айтыс», «Бақсының сөзі», «Өтірік өлең», «Жақсылардың мысал сөзі», «Тақпақ», «Мақал-мәтелдер», «Шешендік сөз», «Лиро-эпос», «Батырлар жыры». Бұқар жырау, Көтеш, Абай, Ұлбике, Қүдеріқожа, Жанақ ақынның өлең-толғауларын, қазақ билері мен батырлар туралы мәліметтерді  хатқа түсіруі. Сәбит Мұқановтың «Халық мұрасы» атты кітабындағы Мәшһүр Жүсіптің халық мұрасын жинаудағы сіңірген еңбегіне берген бағасы.

 

Оқуға берілетін шығармалары (7 сағат):

Тұрмыс салт жырлары. Бөлтірік би туралы аңыз. Бұқар жырау туралы. Ұлбике мен Күдеріқожаның айтысы. Еңсегей бойлы ер Есім туралы ертегісі. Сайын батыр туралы батырлық жыры. «Наурызнама» атты мақаласы

 

Мәшһүр Жүсіп – ұлы ойшыл, заманының озық ойлы әулиесі  (5 сағат)  Әсет Пазыловтың «Бабалар ғұмырнамасы және Мәшһүр Жүсіп Көпеев» атты кітабы. Мәшһүр Жүсіптің Шәкәрімге айтқаны.

 

Қайталау, жүйелеу, шығармашылық есеп беру сабақтары (2 сағат)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланатын әдебиеттер:

1. Бес ғасыр жырлайды

2. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің таңдамалылары

3. «Дарқан даланың данышпан ұлы» «Отарқа» 1998

4. Әсет Пазылов «Бабалар ғұмырнамасы және Мәшһүр Жүсіп Көпеев»

5. Б.Кенжебаев «ХХ ғ.басындағы әдебиет», «Мектеп» баспасы, 1993

6. Мәшһүр Жүсіп Көпеев «Қазақ шежіресі»

7. С.Мұқанов «Халық мұрасы», 1994

8. Т.Кәкішев «Билер сөзі»

9. С.Дәуітов «Наурызнама», Алматы, 1993

10. Қ.Салғарин «Таным баспалдақтары», алматы, 1993

11. С.Негимов «Шешендік өнер», Алматы, 1997

12. «Егемен Қазақстан», «Қызыл ту», «Сарыарқа самалы» газетрері

13. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ әдебиеті бағдарламасы (7-9 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по тяжелой атлетике

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 090 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 1658
    • DOCX 54.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Даирбекова Кулзат -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Даирбекова Кулзат -
    Даирбекова Кулзат -
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20915
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Воспитание будущего поколения: от педагогики до игровых технологий

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек