Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Доп. образование / Научные работы / Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы "Р.Ғамзатов "Менің Дағыстаным" әңгімесі
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Доп. образование

Қазақ әдебиеті пәнінен тақырыбы "Р.Ғамзатов "Менің Дағыстаным" әңгімесі

библиотека
материалов

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 8

Сабақтың тақырыбы: Р. Ғамзатов «Менің Дағыстаным» әңгімесі

Сабақтың мақсаты: Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру. «Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, кейіпкер бейнесін аштыру.

Сабақтың міндеттері:

а) Білімділік: Авар халқының ұлы ақыны Р.Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру.

ә) Дамытушылық: «Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, кейіпкер бейнесін аштыру арқылы Отанды сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, шығармашылыққа баулу, сыни ойлауға дағдыландыру, танымдық қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелік: Оқушылардың сөйлеу тілін,өз бетінше топпен жұмыс жасау арқылы ойларын нақты жеткізе білу дағдысын дамыту.

Сабақтың типі: жаңа материалды түсіндіру

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, тарих

Көрнекілігі: портрет, сурет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Оқушылардың сәлемдесуі, түгендеу.

ә) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Омар Һайямның өмірбаяның оқу және «Рубаиларды» жаттау.

2. Үй тапсырмасын бекіту.

1. Рубайлар дегеніміз не?

2. Рубайлардың мазмұны қандай?

3. Омар Һайям туралы қосымша ақпарат.

ІІІ. Жаңа сабақ

Оқушыларға Р. Гамзатов өмірі туралы деректермен таныстыру.

1.Расул Ғамзатов (1923-2003) — Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шынында, Расул Ғамзатов жырларынан адамға деген соншалық бір жылылық сезіледі. Кейіпкерлердің мінез-әрекеттері, салдығы мен мәрттігі, қайсарлығы мен қайырымдылығы да қазақтан айнымай, ұқсап тұрады. Ол бәрін де бүкпесіз, ағынан жарылып айтады. Жазу мәнерінен, ұлттық бояуынан, жеңіл әзілінен жүз ақынның жырынан Расул өлеңін бірден айыруға болады. Туған топырақтың бар маңызын бойына сіңірген Расул екі сөзінің бірінде өз халқының дана қасиеттерін, кесек мінездерін алға тартады. Ылғи да ел мен жерге деген іңкәрлікті жырлайды. Ол бұрынғы аңыздар мен бесіктегі жазуларға дейін қисынын тауып құлпыртып, осы бір перзенттік құштарлықты уағыздайды. Әрі үлкен-кішіге, тұрмыс-тіршілігі әр түрлі адамдарға бірдей үғымды тілмен, табиғи түрінде шебер жеткізе біледі.

Өмір бойы өз ұлтының жоғын іздеп өткен қайраткер Ғамзатовты қазақ халқы да айрықша құрметтейді. Одан өздерінің тілін, дінін, діңгегін әлсіретіп алған өзге ұлттардың қай-қайсысы болсын үлгі-өнеге алар болса, рухани топырақтың кезерген келбеті қайта кемелденер еді деп ойлайсың. Біздің жүрегімізден оның: «Егер менің тілім ертең өлсе, онда мен бүгін өлуге дайынмын» деген ерекше үні ешқашан өшпейді. «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» деген туған жерді қастер тұтқызатын қанатты қағидасы қай халыққа да жақын еді деп тағы қайталап айтамыз. Бүкіл жұртқа, барша адамзатқа ортақ игілікті өшпестей рухпен қашап қалдырған бұл ақынды қай ел болсын өзіне жақын, туыс адамдай құрметтеп жататыны сондықтан. Міне, жақында игі жақсының басын қосуға себепші болған елордадағы жыр кешінде сол дәстүр өзгеше реңкте жалғасын тапты. Авар ақынының 90 жылдық мерейтойына арналған шарада тоғыз әннің тағдыр-тағылымы әңгіме арқауына айналды. Ән демекші, Р.Ғамзатов сөзін жазған «Тырналар», «Дололай», «Мен сені ешқашан ұмытпаймын», «Тілек», «Бесік жыры» сияқты кісі жанын баурап алатын лирикалық ғажап әндер ең әуелі мәтін-мағынасының ерекшелігімен алға шығары белгілі.
Соның ішінде, әсіресе, қазақ оқырманы үшін «Тырналар», «Менің Дағыстаным» жыр жинақтарының орны бір бөлек. Сонымен қатар, Расул Ғамзатовтың бес томдығы, «Двадцатый век», «Песнь любви», «Горянка», «Сказания», «Суди меня по кодексу любви», «Книга юмора и сатиры» сияқты таңдаулы кітаптарының да оқырманды бей-жай қалдырмағаны анық.
Бір ғажабы, Абайдың тұңғышы – Ақылбай Құнанбаевтың «Дағыстан» атты шағын поэмасы туралы жұртшылық көп мағлұматқа қанықты. Поэманы орыс тіліне жас ақын Мұрат Сұлтанбеков аударған. 1980 жылы Қазақстан Жазушылар одағында лауазымды қызмет атқарған Тәкен Әлімқұлов Расул Ғамзатовқа бұл поэмамен танысып, әрі оның жарық көруіне көмектесуі үшін хат жазады. Бұл дерек арқылы біз қазақ елінің зиялы қауымы авар шайыры Расул Ғамзатовпен ежелден шығармашылық тығыз байланыста болғандығын көреміз.

І.Ой шақыру.
...Егер тілім ертең болса құрымақ,
Мен дайынмын өлуге де бүгін-ақ.
ІІ.Мағынаны тану.
Мұқағалиша айтсақ,біздің үш бақытымыз бар.Сол үш бақытты кім атап береді? Өлеңді жатқа сұрау.

«Менің Дағыстаным»әңгімесінің мазмұны баяндалады.
Авар халқы туралы түсінік беру.

Авар - (авар. аварал, магIарулал) - негізінен Дағыстанда тұратын халық. Біразы Азербайжанның солтүстігін және шығыс Грузияны мекендейді. Чечня мен Қалмыкияда кездеседі. 2002 ж. мәліметімен Ресейде 999,8 мың адам, Азербайжанда (1999 ж) - 49,8 мың, Түркияда 2005 ж. мәліметімен 53 мыңнан астам аварлар бар.
Тілі - авар тілі, кавказ тілдерінің дағыстан тобына жатады.
Негізгі кәсібі - мал шаруашылығы, егіншілік, бау-бақша өсіру. Көптеген аварлар өнеркәсіп орындарында жұмыс істейді. Интеллигенцияың ұлттық кадрлары өсіп жетілді. Аварлар халқының әдебиеті мен өнері едәуір дамыған; әсіресе бейнелеу өнері өте бай келеді (ағаш ою, кесте тоқу, тас қашау, алтыннан әр түрлі заттар жасау жағы басым).
Діні - суниттік мұсылмандар.

ІІІ.Джиксо стратегиясы бойынша тапсырма беріледі.
А)І үш топқа мәтін бөлініп беріледі.
Б)Мазмұнын сұрау және тақырыпшаға ат қою.
В)Түсініксіз сөзге түсінік беру.Тоқал үй – шатырсыз үй.
Г)Тақтаға 3 сұрақ жазылған бетше ілінеді.


1.Аварлық кісінің «Елді аңсау»суретінде өзін тауды басқан тұманға теңеуінің себебі неде?
2.Тікенек басындағы құстың оқиғасы мен суретші өмірінде қандай ұқсастықтар бар? Айырмасы қандай?
3.Анасы адасқан ұлын неге кешірмеді?


Кітаппен жұмыс.
1.Суретшінің елге қайту себебін кітаптан тауып оқу.
2.Анасының ұлының авар тілінде сөйлеспеді дегендегі көңіл күйін сипаттаған жерін тауып оқы.

Шығарманың композициялық құрылысы жасалады.
1.Оқиғаның басталуы:
Парижде дағыстандық суретшімен кездесуі.

2.Оқиғаның дамуы.
а)Суретшінің салған суреттерін көрсетуін өтінді.
б) «Елді аңсау»суреті.

3.Оқиғадағы шиеленіс:
а)Аварлардың көне аңыз желісі бойынша салынған суреті.
ә)Елге неге қайтқыңыз келмейді?

4.Оқиғаның шарықтау шегі:
а).Суретшінің туған-туысқандарымен,анасымен болған әңгіме.
ә).Сендер аварша сөйлестіңдер ме?

5.Шешімі: Менің ұлым баяғыда өліп қалған.

Қорытынды жасау.
-Біз осы сабақтан қандай түйін түйдік? Оқушы жауаптары тыңдалады.

IV. Жаңа материлды бекіту.

Шығармашылық жұмыс

  1. _______________ сақтаймыз

  2. _______________ ақтаймыз

  3. _______________ мадақтап

  4. _______________ жаттаймыз.



V. Үйге тапсырма.

Р. Ғамзатовтың өмірі мен шығармашылығын және «Менің Дағыстаным» әңгімесін оқу.



Қорытындылау

Барша халық бас иетін, тілдің асыл қасиетін, Ардауқтау мен салмақтау біздің парызымыз.

Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, қатынас құралы.Тіл болмаса сөз болмайды, сөз болмаса адамзаттың тіршілігінде мән – маңыз болмайтыны хақ. Міне осы орайда ан,а тілімізді қастерлеу әрқайсымыз үшін парыз.


VI. Бағалау.









Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Доп. образование
Подраздел Научные работы
Просмотров843
Номер материала ДБ-088386
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх