Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Қазақ әдебиеті пәнінен "Тізбектелген сабақтар топтамасы" 7 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Другое

Қазақ әдебиеті пәнінен "Тізбектелген сабақтар топтамасы" 7 сынып

библиотека
материалов

Жұмабай Асылбек мұғалім портфолиосы А есебі

4- топ ІІІ деңгей

Көкшетау қаласы


А есебі

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп

   

Балаға күштеп білім беруден гөрі,

баланың білімге деген

құштарлығын ояту ең маңызды мақсат.

К.Д. Ушинский

Қазақстан Республикасы білім жүйесінде Кэмбридж университенің бағдарламасы бойынша оқытады деген жаңалықты алғаш естіп, курстан өтіп келген әріптестердің сөйлеу мәнері, өзіндік ұстанымы, сабақ берудегі әдіс- тәсілдерінің тың бағытта өзгергеніне қызығушылық танытып жүрген мен үшін Көкшетау қаласында өтетін педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсының ІІІ деңгейін оқу қуаныш болды. Курсқа келіп қатысқан алғашқы күндерден-ақ сабақ барысында талқылау, өзіндік ой түю, өзіндік пікір қалыптастыру үдерісі қалай жүргізілетінін тәжірибелік тұрғыда байқадық.

Курста болған І кезеңде бағдарлама маған не берді?

Таптауырын сүрлеумен жүрген жолаушыға жаңа жол ұсынса, жаңа бір жол, жаңа бір өлке, жаңа бір әлемге кезігетіні тәрізді, мен де қалай дұрыс оқытсам деген көкейдегі сұрағыма жауап тапқандаймын. Біз осы күндері: оқушы мен мұғалім арасындағы қарым- қатынас қалай болуы керек, мұғалім оқытуда қандай ұстанымды басшылыққа алуы қажет, болашақ мектепте қалай оқытамыз, болашақ мектеп, мұғалім құндылықтары жайында ой түйдік. Бұл курстың бізге берері мол екеніне көзім жеткендей.

Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмасы бойынша екінші кезеңде 6-сыныптың төрт сабақ жоспарын орта мерзімді жоспарлау кестесіне салдым. Жалпы орта мерзімді жоспарлаудың мақсаты: қазақ әдебиеті пәнінің бағдарламасын қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмаларына сәйкестендіре отырып, бір-бірін қайталамайтын, бірақ негізгі білімді оқушы бойына қалыптастыра отырып, әр түрлі іс – әрекеттер арқылы жеті модуль бойынша сабақ өткізу.

Мен өзімнің іс-тәжірибем барысында өткізген тізбектелген сабақтарымда оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы байланысты жандандыратын Бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің «Диалогтік оқыту» тәсіліне басымдық бердім. Бұл басымдық не үшін таңдап алынды? Мектептегі басқа пәндерге қарағанда, жалпы әдебиет сабағының өзі тұтастай диалогтан тұрады дер едім. Себебі сабақ барысында оқушының сөйлеуіне, ойын көркем де тиянақты жеткізуіне көп көңіл бөлінеді. Шығарманы оқи отырып оқушы мазмұндау, алған әсерімен бөлісу, шығарма жазу, ой толғау- бұның бәрі сыныптағы оқушылар, мұғалім арасындағы диалог арқылы іске асады. Сабақ үдерісінде мен оқушылардың жауабын олардың білімдерінің деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланамын. Диалог негізінде білім беру мен білім алу әдісі қазақ әдебиеті сабағында қолдануда көп жетістіктерге жетуге баспалдақ бола алады. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындау кезінде жекелей, жұптасып, топтасып жұмыс жасайды. Бұл жұмыстар сұрақ-жауап, диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым – қатынастың ауызша түрін дамытуға септігін тигізеді.

Іс-тәжірибе кезеңінде мен Қорғалжын ауданы Ыбырай Алтынсарин атындағы негізгі мектебінің 6- сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен сабақтар өткіздім.

Қазақ әдебиеті пәнінің Білім және ғылым министрлігі бекіткен бағдарламасы негізінде жасалған тақырыптық-күнтізбелік жоспары негізінде Мұхтар Мағауиннің "Бір атаның балалары" повесі және Дулат Исабековтің "Ата үміті" повесінен сабақ өткіздім. Повесть көлемді болғандықтан "Шығармадағы жетімдер тағдыры", "Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу", "Ата үміті", "Әңгімедегі ізгілік, адамгершілік мәселелері" тақырыптарына бөлдім.

Тәжірибе кезеңіне барған бірінші күні жалпы алдағы сабақтарға кіріспе ретінде және өз сыныбымда ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру мақсатында жаттығу сабағын өткіздім. Сынып оқушыларының қызығушылығын ояту үшін, сабақ басталмас бұрын "Мен саған... сыйлағым келеді.." сергіту сәтінен бастадым. Бұнда оқушылар бір-біріне жақсы тілектерін, бір-біріне деген ыстық ықыластарын айтты. Бірін- бірі жақын тануы мақсатында "Үлестірме материал. Социограмма" өткіздім, оқушылар сыныптағы достары, кіммен достасқысы келетіні, кімді танымал оқушы деп ойлайтыны, қай оқушыны көшбасшы ретінде ойлайтыны белгілі болды.

Сыныпта 8 оқушы болды. Оқушының аздығы топтық жұмыстар өткізуде қиындықтар туғызды. Оқушыларды жұп және тақ сандар бойынша 2 топқа бөлдім. Бағдарлама бойынша оқыту үдерісінің негізі- топтық жүйеде оқыту әдісінен тұрады. Топтық жұмыс- белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы нәтижеге жету үшін бірлесіп жұмыс істейтін оқушылар тобы. Топтық оқытуда оқушылар бір- бірімен еркін қарым- қатынас жасайды және осы еркін әңгімелесу арқылы оқуды жүзеге асырады. Оқушыларға өз тобымен болашақ топтық жұмыс ережесін жасауға тапсырма бердім. Сосын бірінші "Бетпе- бет кезеңінде" берілген "Шағын топтарда жұмыс істеу нұсқаулығын" пайдалана отырып, топтық жұмыс мәнін- мазмұнын түсіндіріп өттім. Бұл тапсырма барысында оқушылар бір- бірімен пікір алысып, ортақ бір шешімге келді. Топтық жұмыс дағдысын қалыптастыру мақсатында 2 топ болып "Біздің мектеп жобасын" жасадық. Жобаға оқушылар өздерін толғандыратын- оқушының аздығы, мектептің жаңа заманға сай жабдықталмауы, мұғалімдеріміздің сабақ өткізудегі бір сарындылығы сынды мәселелерді топтастырған. Оларға топпен жұмыс жасау ұнады. Бір - біріне сұрақ қою, жауап алып диалогтық қарым - қатынас жасау арқылы бір- бірімен жақын қатынаста болды. Сабақ соңында пікір парағына: "Осындай топтық жұмыстар көп өткізілсе" деген пікірлерін жазып қалдырды.

Зерттеу жүргізу кезеңінде оларды көбінесе топтасып бірлесіп жүргізілетін жұмыстарға тарттым. Мектептегі тәжірибемнің екінші күнінде 6 А сыныбында Мұхтар Мағауин «Бір атаның балалары» повесі тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Тақырыптың негізгі ұстанымы бейбітшілік ұғымы болды. Сабағымның мақсаты: шығарманың мазмұнын меңгерту, кейіпкердің ішкі жан дүниесін ұғындыру, "соғыс" ж/е "бейбітшілік" сөзінің мәнін ашу болды. Бірінші сабақ болғаннан кейін, оқушыларға әдебиеттік оқу пәнінен сабақ барысының өтілу кезеңдерімен таныстырып кеттім. Сабақты Ұлы Отан соғысындағы көріністер берілген фильмнен бастап, бұл көріністерден не байқадық, "Соғыс" дегеніміз не? деген проблемалық сұрақтан бастадық. Оқушылар кезек соғыс туралы өздерінің білетіндерін ортаға салды. Оқушылардың жауабы негізінде сабақтың тақырыбын, мақсатын шығардық. Соғыс кезіндегі жетімдер туралы тұсаукесер көрсете отырып, бұл жетімдерді қамқорлығына алған кімдер деп ойлайсыңдар? деген сұрақ негізінде болжау стратегиясын пайдаландым. Бұл стратегияны қолдану нәтижесінде болашақ атқарар жұмысымызға алғышарт жасап алдық. Яғни бұл сұрақтың жауабын біз мәтіннен қарап көрейік деп, мәтінмен жұмыс жасадық. Мағынаны тану кезеңінде өзара оқыту, ой бөлісу стратегиясы арқылы мәтіндерді бөліп беріп, оқып болған соң тобындағыларға, сосын келесі топқа түсіндірді. Бұл тапсырмада Выготский көрсеткен адам өз бетімен игере алмайтын, бірақ біреудің көмегімен үйренуге болатын барлық білімдер мен дағдылар көрініс берді. Оқушылар бір-бірімен диалог арқылы шығарма мазмұнын баяндай отырып, бірінің білмегенін бірі толықтырды.

Зерттеуші ғалымдар Вуд, Выготский, Брунер, Росс атап көрсеткен оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, үлгерімі нашар оқушыларға дарынды оқушылардың тапсырманы орындауына қол ұшын беретін "көпіршелер" интерактивті мүмкіндігі менің бағыттауым бойынша іске асты.

Мерсер мен Фишер дәлелдеген көпірше болу үшін орындалатын:

-білім алушылардың өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауына мүмкіндік болды;

-өз бетінше орындауына мүмкіндік туғызған құзіреттілікке жеткізу мақсаты іске асты;

-көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде білім алушылардың таным түсінігінің дамуына қол жеткізуіне жағдай туғызылған әрекеттер іске асты.

Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға "Зигфрид қалай Зекен болды" деген тапсырма бердім. Оқушылар топтастыру стратегиясы арқылы топта талқылай отырып, бұл тапсырманы орындау барысында Зигфридті Зекен еткен Ахмет шалдың бауырмалдығы деген қорытындыға келді. Бұл стратегия арқылы сабақтың түйінін табуға болатынын болжағам. Болжамым сәтті шықты, оқушылар топта талқылау барысында топ мүшелерінің барлығының жауабын ескеру керек екенін түсіне отырып, барлығы өз жауабын ұсынды. Тапсырманы орындай отырып Зигфрид болып келген баланың Зигфрид болғанға дейінгі әрекетін топтастыра алды. "Соғыс", "Бейбітшілік" сөздерінің мәнін 2 топ постерге түсіріп, қорғады. Бірінші сабақ болғандықтан, 2 топтың да топ басшылары белсенді оқушылар Ермахан мен Жанельдің қорғауына мүмкіндік бердім. Қорғаушылар бағалау крийтериіне сай болу үшін әдеби, термин сөздерді қолдана, жақсы пікірлер айтты. Ой толғаныс бөліміне уақытымыз жетпей қалғаны себепті үй тапсырмасына "Зекенге хат" тақырыбында эссе жазуға бердім. Сабақ соңында пікір парағына оқушылар сабақ туралы өз пікірлерін жазып, ілді. Онда "бауырмал сөзінің мәнін ұқтық" десе, бір оқушы "топқа бөлінуде әділетсіздік болды", келесі оқушы "уақыт жетпей қалды, жылдамдықты арттыру керек" деген пікірлер қалдырған.

Зигфрид Ахметұлы бейнесін ашу. «Шығарма кейіпкерлерін талдау» тақырыбындағы келесі сабағымды "Ассосация телефон" сергіту сәтімен бастадым. Бұл сергіту сәті өтер сабақтың мақсатын айқындауға себепкер болды. Өзімнен кейін тұрған оқушы құлағына "бауырмалдық" сөзін сыбырлап айттым, соңғы оқушы жауабы да осы сөз болды. "Бауырмалдық" деген сөзді қалай түсінесіңдер? деген бағыттаушы сұрақ қойдым. Оқушылар берген жауаптан соң, "біздің бүгінгі сабағымыздың мақсаты не болады?" деп сабағымыздың мақсатын айқындадық. Бұл кезеңде сұрақ қоюдың "бастама-жауап- кейінгі әрекет" БЖӘ үлгісі қолданылды.

Дарынды оқушы Ермаханның дайындап келген Мұхтар Мағауин өмірбаяны, шығармашылығы тақырыбындағы тұсаукесерін тамашаладық. Ермахан тұсаукесеріне өзі таныстырылымын жасап өтті.

Сабақ кезеңдерінде "Үш қадамнан тұратын сұхбат", «Рубрикалар құру» стратегиясы бойынша топтық жұмыстар, Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау, «Біз – бейбіт елдің ұландарымыз» деген тақырыпқа эссе жазу тапсырмалары орындала отырып, алдымызға қойылған сабақ мақсаты нәтижеге жетті. Бұл тапсырмалардың барлығында да диалогтық қарым- қатынас болды. Мерсердің өз зерттеуінде көрсеткен оқушылар оқуының ажырамас бөлігі болатын әңгімелесудің 3 түрі де тапсырмалар барысында қолданылды. Атап өтсем, "Үш қадамдық сұхбаттағы" қойылған сұрақ пен оқушы жауабы әңгіме- дебат арқылы болса, "Рубрикалар құру" тапсырмасында оқушылар өз тобында талқылау өткізуі Топтық әңгіме арқылы жүзеге асты. Ал "Зигфрид Вольфганг Вагнерден Зекен Ахметұлы Бегімбетовке дейінгі іс - әрекеттерді саралау" тапсырмасы зерттеушілік әңгіме арқылы орындалды.

Д. Исабековтың "Дермене" повесі негізіндегі "Ата үміті" шығармасы бойынша 2 сабақ өткіздім. Бұл сабақ «Аралас, қатып қозғалма, жұптас» стратегиясы, «ЖИГСО-1» стратегиясы, топтық жұмыс, салыстырмалы карта, рөлдік ойындар, топтық жұмыстар, интерактвиті тақтадан фильм көру, сөздікпен жұмыс, "Адасқан сөздерді орнына қою, "Дискуссиялық карта" толтыру, Екі жақты күнделік, "Соңғы сөзді мен айтамын..." оқыту әдіс-тәсілдері арқылы оқытылды. Шығарманың мазмұнымен таныстыру үшін алынған «Аралас, қатып қозғалма, жұптас», «ЖИГСО-1» стратегияларында оқушылар бір- бірін оқытты. Алдымен жекелей не білетінін ойша саралап алып, кейін жұптаса бір-біріне диалог арқылы түсіндіре отырып, бірінің білмегенін бірі толықтырды. Бұл стратегия арқылы оқушылардың қызығушылығы артуымен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосты. Достарымен біріккен жұмыс нәтижесінде олардың оқуына және когнитивті дамуына ықпал еткенін айтар едім. "Дискуссиялық карта" толтырғанда оқушылар Омаш пен Тоқсанбай қартты іс- әрекеті және сөйлеген сөздері арқылы салыстыра талдады. Бұл стратегияны қолдану арқылы оқушылардың жақсы мен жаман әрекетті кейіпкер әрекеті арқылы ажыратуға таптырмас әдіс болды. Келесі орындаған "Соңғы сөзді мен айтамын" стратегиясында оқушылар осы әңгімеден алған әсерлерін стикерге түсірді. Барнс айтқан сыныптағы тілдің көп қолданылуының оқушы оқуына әсер етуі менің өткізген іс- тәжірибем барысында көз жеткіздім. Оқу деңгейі төмен болған Жолдыгүл, Балғын сынды оқушыларым сабаққа қатысты қойылған проблемалық сұрақтарға өзіндік пікірлерін, ойларын айтып, топтық жұмыс кезінде басқа оқушылармен қатар шығармашылық жұмыс атқарып сабақ соңында жақсы нәтижелерге жеткені туралы құрбы- құрдастарының бағалауына ие болды. Талантты оқушым Ермахан, Жанель сабақ кезеңдеріндегі постер қорғауда, жауап беруде көркем, ғылыми сөздермен сөйлеуді өздеріне мақсат етіп қойып, соған тырысты. Бұл оқушылар өздері ғана білім алып қоймай, басқа сыныптастырының да білім алуына қол ұшын берді. Яғни, тұжырымдап айтқанда сыныпта бірлескен сұхбат орын алды. Себебі, мұғалімге арналған нұсқаулықта көрсетілгендей (39- бет)

-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік берілді;

-басқа адамдардың түрлі идеялары болатынын оқушылар түсінді;

оқушылар өз идеяларын дәлелдеді;

-өзім үшін оқушыларымды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екенін, яки, өзгеріс болғанын түсіндім.

Мәселен, Ермахан сабақ соңындағы пікір алмасуда сабақ кезеңдеріндегі өзінің көңілінен шықпаған әрекеттерге өз көзқарасын ашық білдіріп отырды.

Оқытудағы негізгі роль атқаратын сыныптағы диалог арқылы өткізу барысында мен мынандай жетістіктерге қол жеткіздім: оқушылар біршама ашылғанын, өз ойларын емін- еркін жеткізе алатынын, топқа бөліну кезінде тез орындарын таба білуі, жұппен, топпен жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып, өз пікірлерін ортаға сала отырып талқылай алатынына көзім жетті. Топта отырған оқушылар бір үйдің балаларындай болып кеткенін, бір- біріне деген көзқарастарынан, іс- қимылдарынан көрдім. Сынып оқушылары бір- бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Түсініксіз сұрақтар, оқиғалар болса, бір-бірінен сұрады, менің көмегім қажет болса, тұрып келіп сұрады. Бағдарлама бойынша өткізілген сабақтағы әдіс- тәсілдер оқушыларға ұнады, сабаққа қатыспай, дараланып қалатын оқушылар болмады.

Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларды есепке ала отырып, мен диалогті оқытудың маңызы өте зор екенін ұғындым. Оқыту үрдісін бақылай жүріп, бұрынғы дәстүрлі сабақ кезінде оқушының берілген сұраққа жауап беруін қанағат тұтсам, практика кезеңінде оқушы жауаптарының сыни тұрғыдан болуын басты назарға алдым.

Бұрынғы сабақтарда диалог түріне дайындап келген сұрақтарды оқушылардан жалпылама сұрап, жақсы оқитын оқушылар ғана жауап беріп қалады да, орта деңгейдегі оқушылар көлеңкеде қалып қойса, диалогті пайдалана отырып, сынып оқушыларын жүз пайыз әңгімеге, диалогке тартуға мүмкіндік бар екенін аңғардым. Бұл модулдің өз сабақтарымда тиімділігін есепке алып, алдағы уақытта өз сабақтарымда жан-жақты ойластырып, қолдануды жоспарладым.

Оқытудағы диалогтік тәсілді сабақтарымда қолдану арқылы мынадай артықшылықтарын байқадым:

-білім алушылар арасында өзара әлеуметтік қарым-қатынас орнады, осының арқасында сабақтағы кедергілердің жойылуына ықпал етті;

-оқушыларды алынған ақпараттарымен бөлісуге, талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге игі әсері болды;

-бір-бірін тыңдауға, сөйлеуге, білімін жеткізу, білім алуға деген құлшыныстары қанағаттандырылды;

-пікір алмасу, өзара сұхбат кезінде оқушы мен оқушы арасындағы диалог жүзеге асып, білім алушылардың өзара сөйлеу тілі дамыды;

-бір-бірімен еркін сөйлескен әр оқушы өз ойының құнды екенін сезініп, жауапкершілігі артты, бойында өзіне деген сенімділігі пайда болды;

-бұл қалыптасқан дағдылар білім алушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, шабыттандырады.


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Мұғалімге арналған нұсқаулық үшінші (негізгі) деңгей



7


Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров701
Номер материала ДВ-325215
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх