Инфоурок Социальному педагогу Рабочие программыҚазақ хандығына- 550 жыл

Қазақ хандығына- 550 жыл

Скачать материал

Елбасы өз сөзінде: «1465 жылы сұлтандар Керей мен Жәнібек алғаш рет хандық құрып, біздің тарихымыз қазақ мемлекеттілігін осы кезден бастайды. Мүмкін, бұл термин біздің қазіргі түсінігіміздегі, бүгінгі шекарамыздағы бүкіл әлемге танымал және беделді болғанымыздай мемлекет бола алмаған да шығар. Бірақ, сол замандағы басқа барлық мемлекеттер туралы да осылай айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде мемлекетіміздің негізі қаланғандығы, ал біздердің ата-бабалар ұлы істерін жалғастырғанымыз» деген еді.

Тәуелсіздігімізге биыл 23 жыл толғалы отыр. Егемен ел атанғалы бері қазақ хандығының мерейтойы алғаш рет аталып өтпек. Сондықтан да  бұл қазақ елі үшін тарихта қалатын ең маңызды мереке болмақ.  Келер жылдың қыркүйек айына жоспарланған бұл мерекеге байланысты  халық арасында «қазақ хандығының күні» атты жаңа мереке белгіленсін деген ұсыныстар да айтылып жатыр. 

Қазақстандық тарих ғылымында бұл терең зерттелген дүние. Десе де, қазіргі күні зерттеушілер арасында  қазақ хандығының қашан құрылғандығы жөнінде  қарама-қайшылықты пікірлер қалыптасып отырғанын айтумыз керек. Тарих беттерін парақтасақ, бұл мәселені бүге-шүгесіне дейін зерттеген тарихшыларымыздың бірі қазақ хандығының құрылуы 1428 жылдан бастау алады деп әріге жіберсе, енді бірі 1445, 1456, 1465 жылдарына қатысты сан түрлі дәйектерін ұсынған. Бұған дәлел ретінде  зерттеуші ғалымдардың дерегіне назар аударып көрейік. Бұл жөнінде бізгетарих ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор Лесқали БЕРДІҒОЖИН баяндайды.

- Тәуелсіздік алғаннан кейін ерекше бір қызығушылық туғызған мәселе, ол Қазақ хандығының құрылуы мен күшеюінің мәселелері болды. Бұл мәселелер бойынша М.Әбусейітова, Т.Сұлтанов, Ә.Хасенов, З.Қинаятұлы, С.Жолдасбайұлы, Б.Кәрібаев сияқты тарихшыларымыз өз пікірлері мен тұжырымдарын жарыққа шығарды.Ал,жас зерттеуші Г.Сәбденова Қазақ хандығының тарихнамасын арнайы зерттеп осы мәселеге байланысты кандидаттық диссертация да қорғады. 16 ғасыр тарихшысы Дулатидың «Тарих-и Рашиди»  еңбегінде (Дулати М.Х. Тарих-и Рашиди. –Алматы: М.Х.Дулати қоғамдық қоры, 2003. -616 б) қазақ сұлтандарының алғаш билік жүргізуінің басы 1465-1466 жж. басталды деген дерегіне көптеген тарихшылар күмәнмен қарайды. Бұл мәселе бойынша Т.Сұлтанов Қазақ хандығы 1470-1471 жж. құрылды деген пікірді ұсынды(Сұлтанов Т.И. О первом казахском государстве (К.525-летию Казахского ханства) // Кунсткамера. Этнографические тетради. СПб. 1995. – Вып. 8-9. с.31-38). Сонымен қатар, Қазақ хандығының құрылу мерзімін Н.Масанов көрсеткен мерзімнен де арыға апарушылық. Мысалы, Н.Мыңжан хандықтың құрылған жылын қазақтардың Жетісуға қоныс аударған жылымен сәйкестендіріп 1456 жыл деп көрсетеді (Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. – Алматы: Жалын, 1994. – 400 б.). Ә.Хасенов болса бұл мерзімді 1445 жылдан, яғни Алтын Орда ханы Ұлық Мұхаммедтің қайтыс болуынан бастаған жөн дейді (Хасенов Ә. Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны. – Алматы: Мектеп, 1996. -296 б). Қазақ хандығы Шу бойында 1458 жылдан бастап құрылды деген пікірді Б.Кәрібаев ұсынды. Берекет Бақытжанұлы «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты докторлық диссертациясында (Алматы,2010),  Қазақ хандығының қалыптасуын екі онжылдыққа созылған және бірнеше кезеңдерден тұратын едәуір созылмалы процесс ретінде қарастырды және алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек туралы келелі пікірлер білдірді, - дейді.

- Осылардың ішіндегі басым ұстаным қандай? Қайсысы дұрысырақ деген сауалымызға тарихшы:

- С.Жолдасбайұлы өзінің зерттеуінде 1465-1466 жылдарды Қазақ хандығының күшейе бастаған мерзімі ретінде қабылдауды ұсынды. Қазақ хандығының құрылған мерзімін анықтауда осы мәселемен көп жылдан бері тұрақты айналысып келе жатқан қазақстандық зерттеуші К.Пищулина еңбектерінің орны бөлек. Ол ғылыми негізі берік тұжырымдар жасай отырып, Қазақ хандығының құрылуына байланысты Мұхаммед Хайдар Дулати көрсеткен 1465-1466 жылдарды толық мақұлдайды. Қазірде бүкіл әлем мойындап, алдағы дамуын қуатты 30 іргелі елдің қатарында болжап отырған еліміздің мемлекет болып қалыптасуы мен алғашқы хандарымыз туралы тарихи мерекені атап өту туралы шешімі өте маңызды.Бұл тәуелсіздігіміздің іргесінің беріктігінің ғана емес,ата-бабалар аманатына деген адалдық пен құрметтің белгісі, - дейді Л.Бердіғожин.

Бұрын тарих мамандарының ғана тақырыбы болған бұл мәселе тарихшылардан басқа, бүгінде әдебиетшілердің, саясаткерлердің, БАҚ өкілдерінің зерттеу обьетісіне айналып отырғанын жасырын емес. Бұл мерейтойдың қандай деңгейде тойлануы және қандай жұмыстар жасалуы тиіс жөнінде баспасөз беттері жарыса жазып жатыр.

Осы орайда мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі саясаттанушы Айдос САРЫМНЫҢ пікірін білген едік.

- Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту тек қана той-томалақтың, ғылыми конференцияның ғана шаруасы емес. Мәселе қажетті мемлекетшілдік психологияны қалыптастыруда. Ел азаматтары арасында Қазақ жеріне, мемлекетіне деген мақтаныш сенімін орната білуде. Яғни, келесі жылғы шаралар  үлкен жолдың басы ғана. Болашақта ешкім, президент болсын, ауылдағы ауылнай шенеунік болсын, ешкім де «қазақта мемлекет болмаған, шекара болмаған» деген лепірме сөздерді айта алмайтындай ақпараттық, мәдени, саяси жұмыс жүргізілуі тиіс. Яғни, 2015 жыл қоғамдық ортаға, саяси дискурске, жалпы рухани өмірімізге тың серпіліс беретін, жаңа ой салатын кезеңнің басына айналуы керек. Екінші мәселе, ақпараттық және саяси ортаға қатысты. Менің ойымша ел ішінде сан алуан тарихи концепция, көзқарас орын алып келеді. Ел ішінде тұрып жатқан барша азамат мектепте бірдей оқулық оқитын сияқты. Бірақ, мектептен шыға келе қазақ бір түсінікте, орыс өзге түсінікте жүреді. Себебі неде? Оқулық бір, стандарт бір, мұғалім бір. Яғни мәселе тек қана оқулықта, стандартта, мұғалімде ғана емес, саясатта, ақпараттық салада. Еліміздің сан алуан ақпараттық ықпалдың соңында жүруі, еліміздің жұртының көрші елдің теледидарын көп көруі, мектептің жұмысын зая қылады. Мектептегі білім бірінші саты ғана. Егер мектеп беріп жатқан білім саясатта, ақпарат және мәдениет саласында жалғасын тауып жатпаса, еліміздің ішінде жүрген өзге ұлыс өкілдері ғана емес, қарапайым қазақ та «мемлекет, шекара болмаған» деген жалған пікірде жүруі ықтимал. Сондықтан да толыққанды, жан-жақты, кешенді мәдени саясат, ақпараттық тәуелсіздік мәселесін бірінші қатарға шығуы тиіс, - дейді ол.

Жас ұрпақтың патриотық рухын көтеру мақсатында республика бойынша келер жылы 550 жылдық меретойға орай 100-ге жуық іс-шараны ұйымдастыру жоспарланып отыр. Осыған байланысты арнайы тұжырымдама да әзірленген екен. Оған сәйкес, сан алуан конференциялар, саяхаттар мен фестивальдар өткізілмек. Қазақ мемлекеттілігінің мерейтойын тойлау жөнінде облысымызда өткізілетін іс-шаралар жоспарын білмек ниетте облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына хабарласқанымызда басқарма басшысының орынбасары Азамат Жолаев атаулы мерекеге орай әзірге жоспардың жасақталып жатырғанын айтты. 


Түйін. Келер жылы яғни, 2015 жылы қазақ хандығының құрылғанына  550 жылдық мерейтойын атап өту жөнінде шешім шығарылды, міндет жүктелді. Өткізілетін шаралар ауқымы да зор. Елбасының тапсырмасымен Қазақ хандығының құрылғанына арналған 20 cериялы телехикая түсірілетінін де атап өткеніміз жөн. Ендігі міндет – осы жұмыстарды іске асыру.

Подробнее: http://www.m-astana.kz Копирование Материалов из сайта, возможно только с обязательной гиперссылкой на Материалы Сайта, как первоисточник и с сохранением смысла, изложенного в Материалах. Это ограничение в равной степени распространяется на все СМИ, в том числе и страницы сети Интернет. Активная гиперссылка на Сайт должна быть указана в первом или втором предложениях текста Материалов. При использовании фото/видео обязательно указание автора и название ресурса «Мұнайлы Астана» с водяным знаком.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазақ хандығына- 550 жыл"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2015 947
    • DOCX 16.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аралбаева Нурия Сансызбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аралбаева Нурия Сансызбаевна
    Аралбаева Нурия Сансызбаевна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29272
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Основы деятельности социального педагога с детьми с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 328 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация услуги по воспитанию детей в специальной (коррекционной) школе-интернате

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 10 регионов
  • Этот курс уже прошли 64 человека

Курс повышения квалификации

Концептуальные, содержательные и методические основы дополнительного образования для детей с особыми образовательными потребностями

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 101 человек

Мини-курс

Психология личностного развития: от понимания себя к творчеству

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек

Мини-курс

Основы классической механики

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе