Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы (2-сынып)

Қазақ тілі пәнінен дидактикалық материалдар жинағы (2-сынып)

библиотека
материалов

Павлодар облысы білім департаментінің

мұғалімдер біліктілігін арттыру

институты

hello_html_m38774179.gif

Қазақ тілі пәнінен

дидактикалық материалдар


2-сынып










Павлодар, 2015

Құрастырған:

Павлодар облысы,Баянауыл ауданы, Күркелі ауылының

Қошке Кемеңгеров атындағы орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі М.Н.Кабдуова




Пікір жазған:























Берілген дидактикалық оқу құралы 2-сыныпқа

қазақ тілі пәніне арналған.

2

Карточка 5.

1.Сөйлемді көшіріп жазып,сын есім сөздердің астын сыз.

Ертіс-үлкен өзен.Оның бойына сәулетті қалалар

салынған.Ертіс жағасының құнарлы топырағы жылда мол

өнім береді.

2.Қарсы мәндес сөздер жаз.

Жаңа- қалың-

ұзын- таяу-

семіз- қою-

3.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Көп,Қазақстанда,шұрайлы,жер.

2.Сынып,біздің,кең,және,жарық.

3.Тоғжан,алды,кеудеше,әдемі.

4. “Менің Қазақстаным” тақырыбына әңгіме жаз.





Карточка 6.

1.Жұмбақты көшіріп жаз.Сан есім сөздердің астын сыз.

Тоғыз белбеу,қос жібек,

Екі мұрын,бір шүмек.

2.Сан есімдердің қасына тиісті зат есімдерді қойып жаз және

сөйлем құра.

Екі,он бір,он бес.

3.Сызба бойынша сөйлем құра.

_________ ____________

____________ .

4.Салт-дәстүрге байланысты ырым-тыйымдар жаз.




27

Карточка 3.

1.Сөйлемнен етістікті тауып,сатын сыз.

Асан құдықтан су тартты.Суды науаға құйды.Қойлар су

ішті.Олардың шөлі қанды.Өрісте шөп қалың.Қойлар

қайтадан жайылды.

2.Етістік сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Қайрады,саптадым,түтті,тарқатты.

3.Сызба бойынша сөздер құра.

. 

4. “Менің анам” тақырыбына әңгіме жаз.







Карточка 4.

1.Жұмбақты аяқта.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

Жерде жатып ...,

Күз түскенше ....

Үндеместен ... ...,

Су беріңдер ... .... (желіндейді,желінбейді,төлдеп

жатыр,шөлдеп жатыр)

2.Етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып жаз.

Күреді,үйді,құйды,сүзді,ұшты.

3.Сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы

көрсет.

Түлкі тауықты ұстап алды.

4. “Сақшы сауысқан” тақырыбына әңгіме жаз.





26

Түсініктеме

Мектепте терең де тиянақты білім беріп,сабақтың әртүрлі формалары мен әдістерін,жаңа технологияларды қолдану оқушылардың жан-жақты дамуына,шығармашылық қабілеттерінің және білімдерінің берік болуына ықпал етеді.

Қазіргі заманға сай жеке тұлғаның білімін,танымдылық белсенділігін арттыруда жеке,топтық және жұптық жұмыс ерекшелігі мол.

Құрастырылған дидактикалық материалдар жинағы әрбір тарауға жекелей тоқталып,оқушының міндетті және мүмкіндік деңгейлеріне әртүрлі тапсырмалар беру арқылы тексеруге арналған .

Олар:бақылау жұмыстары мен сол тарауға арналған грамматикалық тапсырмалар,тест жұмыстары,деңгейлік тапсырмалар.

Деңгейлік тапсырмалар 4 деңгейде құрастырылған.

І деңгей міндетті деңгей.

1-ші деңгейдің тапсырмалары өткен сабақтарда меңгерген тақырыпты еске түсіруге,жаңғыртуға арналған.Оқушылар тапсырма орындағанда ешнәрсе өзгертпейді.Білімді қалай қабылдаса,солай орындап береді.

ІІ деңгей алгоритмдік деңгей.

Меңгерілген материалды өзгертілуге,ситуацияда жүйелеуге, реттеуге арналған тапсырмалар.Олар алған білімді өзгертуге бағытталады.

ІІІ деңгей эвристикалық деңгей.

Танымдық ізденіс тапсырмалары жатады.Оқушылар тиісті тапсырмаларды орындаған кезде бұрын меңгерген білімдерін жетілдіру,тереңдетумен қатар жаңа білім алады.Бұл тапсырмаларды орындағанда оқушының ойлау әрекеті дамиды.

ІҮ деңгей шығармашылық деңгей.

Тапсырмаларды оқушы алған бай идеяларына сүйене отырып, өмірден көрген,сабақтан алған білімдеріне негіздеп белсенді ойлау мен қиял күші арқылы жаңа ерекше өзінің ғана ерекшеліктеріне тән бір нәрсе жасап шығару.



3



2-сыныпқа арналған материалдардан қабылдаған білімдері мен іскерліктерін тексеру,алынған білімдерін өздерінің әртүрлі жағдайда қолдана білулерін тексеру үшін қолданылуға арналған.

Әрбір өтілген тарау соңында алынатын бақылау жұмыстары мен тапсырмалар мектеп бағдарламасындағы мемлекеттік стандарт талаптарын қаншалықты меңгергенін анықтауға арналған.











4



Карточка 1

1.Сөйлемді көшіріп жаз,зат есімнің астын сыз.

Аулада биік емен ағашы бар. Ағашқа көктемде құстар ұя салатын.Таңертең өткінші жаңбыр жауды. Жел тұрды.

2.Мына сөздерге –шы,-ші жұрнағын жалғап жаз.

Қой,түйе,жылқы,сиыр.

3.Сөздерді пайдаланып сөйлем құрап жаз.

Әншілер,ата,көбелек,жазушы,қарға.

4. Табиғат туралы жұмбақ жаз.



Карточка 2

1.Сөйлемдерден жалпы және жалқы есімдерді тап,

жалқы есімдерді бір , жалпы есімдерді екі сызықпен сыз.

Марат пен Мұраттың әкесі бір қара күшік сатып алды.Оған

Құтжол деп ат қойды.Жетісу-көркем екен.Көл жағасында

Балқаш көлі орналасқан.

2.Сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Ояндық,таңертең,ерте.

2.Атасы,кетті,жолаушылап.

3.Ауамен,біз,дем,таза,аламыз.

4.Отырыңдар,жаңартып ауаны.

3.Сызба бойынша сөйлемдер құрап жаз.

1.______________

________________

2. _____________ _______________

__________________

4. “Ауылым” тақырыбына әңгіме жаз.



25

ТЕСТ

1.Зат есімге қойылатын сұрақтар.

а) Кім?не?

ә) Не істеді? Қандай?

2.Жалқы есім дегеніміз не?

а) Жалпы есімдерден басқа зат есімдерді айтамыз.

ә) Кісінің аты-жөні,жер-су аттарына қойылған атаулар.

3.Зат есім сөзді белгіле.

а) қалды,қойды

ә) шалғы,шарық,адам

4.Жалпы есімдер сөздерді белгіле.

а) Тараз,Сәуле,Астана

ә) Өзен,аққу,машина

5.Етістік дегеніміз не?

а) Заттың сынын білдіретін сөздер

б) Заттың қимылын білдіретін сөздер

6.Етістіктің сұрақтарын белгіле

а) Не қылды? Не істеді? Қайтті?

ә) Кім?Не?

7.Етістік сөздерді белгіле.

а) Шөп,дала,мектеп

ә) Салды,шықты,келді

8.Етістіктің неше түрі бар?

а) 2

ә) 5

9.Күрделі етістік сөздерді белгіле.

а) келді,оқыды

ә) көріп жүр,келе жатыр

10.Сын есім сөзді белгіле.

а) ат,сиыр,келді

ә) жуас,таза,ұзын

11.Сын есім сұрақтарын ата.

а) Қандай?Қай?

ә) Кімдер?Нелер?



24


ДЫБЫС ПЕН ӘРІП


Бақылау диктанты


Мақсаты:Оқушылардың “Дыбыс пен әріп” тарауы бойынша алған

білім ,білік,дағдыларын зерттеу.

Міндеттері: -Сөйлемдегі сөздерді есту арқылы дұрыс жаза білу.

-Өтілген тақырыптар бойынша берілген тапсырмаларды

орындау.

Қыркүйек туды,күз келді.Күн қысқарып,түн ұзарды. Аспанда бұлттар қаптады.Сіркіреп жаңбыр да жауды.Күн сирек көрініп,аз жылытады.Анда-санда таңертең салқын болады.Өткір,суық жел арық малды,жұқа киімдіні тоңдыра бастады.Жұрт күземін алған,киізін де басып алды.

(41 сөз)


Тапсырмалар:


1.Қыркүйек деген сөзді буынға бөліп,дауыссыз дыбыстарды ажырат.

2.Заттың атын білдіретін сөздердің астын сыз.

3.Мәтінге ат қой.

4.Күз туралы мақал-мәтел жаз.











5

ТЕСТ

1.Қазақ алфавитінде неше әріп бар?

а) 20

ә) 42

б) 15

2.Қазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?

а) 12

ә) 7

б) 9

3.Қазақ тілінде неше дауыссыз дыбыс бар?

а) 25

ә) 20

б) 12

4.Қазақ тілінде неше жіңішке дауысты дыбыс бар?

а) 4

ә) 7

б) 9

5.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

а) 3

ә) 5

б) 1

6.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

а) мектеп

ә) мектаб

б) мектепб

7.Қай сөзде у дыбысы дауысты,соны белгіле.

а) шулап,қу

ә) қауын,дәуір

8.Қай сөз дұрыс жазылған.

а) биік,қиық

ә) біиік,қыйық

9.Қ дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,

қы қандй дыбысқа айналады?

а) р

ә) ғ


6

12.Сан есім дегеніміз не?

а) Заттың атын білдіретін сөздер

ә) Заттың қимылын білдіретін сөз

13.Сан есімді белгіле.

а) күл,қыс,дала

ә) бес,он екінші,жиырма

14.Қарсы мәндес сөз жаз.

үлкен – қысқа -

жаңа - ірі –

15.Заттың түсін,дәмін,пішінін білдіретін сөз табын белгіле

ә) Сын есім

б) Сан есім
























23

Тарау:Сөз таптары


Бақылау диктанты


Мақсаты:Сөз таптары тарауы бойынша оқушылардың алған

білім,білік,іскерлік дағдыларының нәтижесін зерттеу.

Міндеттері:-Мәтінді көркем,ұқыпты,сауатты жаза білу.

-Берілген тапсырмаларға талдау жүргізе білу.


Айнала тып-тыныш.Үп еткен жел жоқ.Аспан ашық,көкпеңбек. Тек қана бір шөкім бұлт қана аспан реңін бұзып тұр.Шөкім бұлт ыдырай бастады.Көп өтпей-ақ қайта тұтасып қара қошқыл күйге енді.Сәлден соң тұлымы желбіреген ерке жылауық баладай көз жасын долдана төгіп-төгіп жіберді.


(46 сөз)


Тапсырмалар:


І деңгей

Шөкім сөзіне фонетикалық талдау жаса.


ІІ деңгей

а) 5-ші сөйлемді сөз табына талда.

ә) 4-ші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.


ІІІ деңгей

а) Мәтінге ат қой.

ә) Бұл әңгіме мәтіннің қай түріне жатады.


ІҮ деңгей

Табиғатқа байланысты мақал-мәтел жаз.





22


10.Қай сөз дұрыс жазылған?

а) сайаз

ә)саяз

11.Қай сөздерде ю әрпі жазылады?

а) А...

ә) Ма...

б) Қо...а

12.Қай сөз дұрыс жазылған?

а) әнгіме

ә) әңгіме

б) әнңгіме

13.Төмендегі дыбыстар сөз соңында жазылып,оларға дауысты

дыбыс жалғанса,қандай дыбысқа айналады?Сызықпен көрсет.

а) п ғ

ә) қ г

б) к б

14.Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?

а) оқыу

ә) оқу

б) оқуу

15.Дауыссыз дыбыстың түрлерін ата.

а) үнді,қатаң,ашық

ә) қатаң,үнді,ұяң

б) қысаң,жуан,үнді











7


Карточка 1.

1.Сөздерді көшіріп жаз.И дыбысының астын сыз,буынға бөл.

Биік,тәрбиеші,қиық,иық,диірмен,жиек.

2.Жаңылтпашты жаз.Дауысты и-дің астын бір,дауыссыз й-дің астын

екі сызықпен сыз.

Ай,ай,Айдарбай,

Иір мүйіз сиырыңды.

Үйіңе айдай бар.

3.Көп нүктенің орнына и мен ый-дің тиістісін қойып жаз.

Б...ік тауларда мәңгі қар жатады.Әсем маған әдемі көйлек с...лады.

Балалар жылы к...ініп далаға шықты.

4.Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

Сыйлық,тыйым,киіз,тәрбиеші,жиек.


8

Карточка 2.

1.Өлеңді көшіріп жаз.У дыбысы бар сөздердің астын сыз.У дыбысы-

ның қай сөзде дауысты,қай сөзде дауыссыз екенін анықтап екі

бағанға бөліп жаз.

Сүрлеу.

Апарады тауға да,

Апарады бауға да.

Әкеледі қайтадан,

Туып-өскен аулаға.

2.Сөздерді буынға бөліп жаз және дауыстыны бір сызықпен,дауыс -

сызды екі сызықпен сыз.

Жайлау,қауын,жауын,бауырсақ,уақыт,уыздай,ушықты,улы,улану,

шулап,зәулім.

3. Сөздерге у әрпін қосып жаз.

Жылы,торы,бекі,телі,жоры,су,қу,бу,жау,сау.

4.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Күн,суық,бүгін,

2.Қуырдақ,дәмді,пісірді,әжем.

3.Сыйлады,түйреуіш,әдемі,маған.

4.Айгүл,жем,шашты,тауықтарына.

Карточка 2

1.Берілген сөздерге -шы,-ші,-лы,-лі,-ды,-ді жұрнақтарын

жалғап,мағынасын айт.

Білім,ақыл,сату,егін,су,сән,тау,тәрбие.

2.Берілген жалғауларға сөз ойлап жаз.

-та,-лар,-мен,-ға,-ды.

3.Мына сөзден бірнеше түбірлес сөз жаса.

Ас.

4.Тамақ,ас туралы мақал-мәтел ойлап жаз.


Карточка 3.

1.Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін

жалғастырып жаз.

-дар,-дер,-тар,-тер,-лар,-лер.

Батыр...,дәптер...,гүл...,дос....

2.Сөздерге тиісті жалғау жалғап,сөйлем құрап жаз.

Баян,сабақ,әзірлен.Мұғалім,сынып,кір.Аула,қар,күре.

3.Сызба бойынша сөйлем құра.



4. “Менің сыныбым” тақырыбына әңгіме жаз.


Карточка 4.

1.Әр сөйлемнен кейін нүкте қойып жаз..

Асхана-тамақ ішетін жер асханада аспазшы жұмыс істейді

ол дәмді тамақ пісіреді.

2.Көп нүктенің орнына –дан,-тің,-ты,-лар,-тан,-ның

жалғауларының тиістісін қойып жаз.

Мектеп... жанында кітапхана бар.Кітапхана... бала... кітап

алып оқиды.Мен кітап... көп оқимын.Кітап... көп нәрсе

білуге болады.Оқыған кітабым... атын жазып жүремін.Мен

кітап... таза ұстаймын.

3.Сызба бойынша сөздер құра.

,

4.Кітап туралы мақал-мәтел жаз.


Карточкалар

Карточка 1.

1.Әр сөйлемнен кейін нүкте қойып,бас әріптен бастап жаз.

Күн суытты балалар жылы киініп далаға шықты қардан

аққала соқты.

2.Берілген жұрнақтарға сөз ойлап жаз.

-шы,-шіл,-гі,-қы,-дық

3.Бір түбірден бірнеше туынды сөз жаса.

Біл.

4.Білім туралы мақал-мәтел жаз.























20


Карточка 3.

1.Сөздерді буынға бөліп жаз.Я әрпінің астын сыз.

Шаян,тұяқ,саяз,жаяу,аялдама,баяу,аяқ,аяз,ұялшақ.

2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып,сөйлемді жаз.

Балалар са...хатқа шықты.Олар жалғыз а...қ жолмен жүрді.

Әсел ернте о...нды.А...н бо...умен сурет салды.

3.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Әнуар, ерте,оянды.

2.Саябырсыды,жаңбыр,таңға,жуық.

3.Құстарға,жасадым,мен,ұя.

4.Мәтінге ат қой.

Аспанды қалың бұлт жапты.Найзағай жарқылдады.Күн

күркіреді.Соңынан қатты жаңбыр жауды.Біраздан соң жаңбыр

басылды.Қалың бұлт ыдырады.Күн күлімдеп,ақша бұлттар көк

төрінде қалықтай бастады.







Карточка 4.

1.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

А...,о...,қи...,көбе...,үлке...,жи...,ұ...,то....

2.Берілген сөздерге ю әрпін қосып және сөйлем құрап жаз және

буынға бөл.

Көркей,азай,тыңай,күшей,молай,той.

3.Мына сөздерге ю әрпін қосып және сөйлем құрап жаз.

Сарғай,қой,есей,той.

4.Аю,бал,омарта тірек сөздерін пайдаланып әңгіме құрап жаз.



9


Карточка 5.

1.Өлеңді көшіріп жаз және дауыссыз дыбыстардың астың сыз.

Көк майсалы көрікті,

Алқаптағы көп егін.

Бұл күндері киіпті.

Сары жібек көйлегін.

2. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді жаз.

Үнді дауыссыздар :

Ұяң дауыстылар:

Қатаң дауыстылар:

3. Қарамен жазылған сөзге дыбыстық талдау жаса.

Оқу –білім бұлағы,

Білім-өмір шырағы.

4. “Әдепті бала” тақырыбына әңгіме құра.








Карточка 6.

1.Көп нүктенің орнына п,б әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Жі...,до...,клу...,шта...,қора...,жа...,қа....

2.Төмендегі сөздерге ы, і әріптеріні тиістісін қосып,сөздерді

буынға бөліп жаз.

Қолғап,топ,шөп,талап,көп,мектеп.

3.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Кітапханадан,алып,кітап,оқимын ,мен.

2.Менің,әдемі,өте,добым.

3.Қорғаныс,штабы,бар,қалада.

4.Білім туралы мақал-мәтел жаз.




10

ТЕСТ

1.Қосымша дегеніміз не?

2.Жұрнақ дегеніміз не?

3.Мына сөздерге қосымша жалғап жаз.

Би,су,доп,кітап,іс,аяқ.

4.Түбір сөзді қосымшалы сөздерге айналдыр.

Дос-

5.Сөздерді сөз құрамына талда.

Күрішшіге,оқулықта.

6.Берілген сөздерге жұрнақ жалғап,жаңа сөз жаса.

Өнер,би,жақсы.

7.Сызба бойынша сөз құра.



8.Көп нүктенің орнына қосымшалардың тиістісін жалғастырып

жаз.

-лар,-лер,-дар,-дер,-тар,-тер

Жеміс...,мал...,дос...,тақта....

9.Түбірден туынды сөз жаса.

Біл.

10.Сөздерге ы,і,и,у қосымшасының тиістісін жалғап жаз.

Бөрік,ауыз,сүңгі,жақ.

11.Мына сөздерден түбірлес сөз жаса.

Дос,ой,ән.

12.Мына сөздердің түбірі мен жұрнағын айырып жаз.

Құлақшын,әнші,жұмысшы,темірші,айтыс.

13.Сызба бойынша сөздер құрап жаз.



14. Сызба бойынша сөздер құрап жаз.



15.Сөз құрамына талда.

Өнерсіз,байлық.

19

Тарау:Сөз құрамы


Бақылау диктанты


Мақсаты:Оқушылардың сөз құрамы туралы алған білім, білік,

дағдыларын зерттеу.

Міндеттері:-Сөйлемдегі сөздерді есту арқылы дұрыс жаза білу.

-Өтілген тақырыптар бойынша берілен

тапсырмаларды орындау.


Гүл мен ай екеуі дос.Олар қайда барса бірге жүреді.Бірге

ойнайды.Бірге мектепке барады.Бір партада отырады.Бірге

әңгімелеседі.Ол екеуі кітап оқығанды ұнатады.Олар оқыған

кітаптарының оқиғасын бір-біріне айтып беріп,талқылағанды

ерекше жақсы көреді.Үнемі кітапханаға барып,кітап алып

оқиды.

(43 сөз)


Тапсырмалар:


І деңгей

Мектепке деген сөзге дыбыстық талдау жаса.


ІІ деңгей

а) Мәтіндегі сөйлемдерді айтылу мақсатына қарай қандай

сөйлемдер?

ә) 4-ші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызбамен көрсет.


ІІІ деңгей

а) Мәтінге ат қой.

ә) Бұл әңгіме мәтіннің қай түріне жатады?


ІҮ деңгей

Достық туралы мақал-мәтел жаз.


18

Карточка 7.

1.Сөздерді буынға бөліп жаз.

Қазына, қақпан, қиын, жауқазын,ғибрат, табиғат, ғасыр, қарға.

2.Сөздерге ы ,і дыбыстарының тиістісін қосып жаз.

Сабақ,орақ,ұршық,қабақ,жолақ,сызық,қиық.

3.Көп нүктенің орнына жақшадағы сөздердің дұрысын қойып,

сөйлемдерді жаз.

Ағаштың (жапырақы,жапырағы) сарғая бастады. Қуыршақтың

... (көйлек,көйлегі) көп екен. Қазақ тілі... (сабағы,сабақы) болды.

Егін ... (орағы,орақы) аяқталды.

4.Достық туралы мақал-мәтел жаз.






Карточка 8.

1.Сөздердің соңындағы і әрпін алып тастап жаз.

Көйлегі,бөлігі,бүршігі,көжегі,үйрегі,төсегі,киігі,жілігі,көлігі,

көбелегі.

2.Көп нүктенің орнына к,г әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Апам үшін ...үнде мен,

Отынға ағаш жарамын.

Су құямын ...үлге де,

Дү...ен...е де барамын.

Жоқтатпаймын ә...емді,

Қоям шайын қайнатып.

3.Мақал-мәтелді аяқтап жаз.К-г әріптерінің астын сыз.

1.Кітап-білім ....

2.Мұғалім-мектептің ....

4.К,г әріптері бар бес сөз ойлап жаз.Олармен сөйлем құрап жаз.




11

Карточка 9.

1.Сөздерді буынға бөліп жаз.

Шаңғы,әңгіме,жауынгер,сенгіш,үңгір,дөңгелек,әңгелек.

2.Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жаз.

А...,шы...,кө...гіш,ша...ғы,а...шы,та...дай,жа...алық,ме...,о...,о....

3.Н,ң әріптері бар он сөз жаз.

4.Нан туралы әңгіме жаз.






Карточка 10.

1. Сөздерді буынға бөл.

Лағыл,лашын,рәсім,раушан,рең,лауазым,разы.

2.Көп нүктенің орнына р-л әріптерінің тиістісін қойып жаз.

Жаз айы бо...тын.Уа...ихан ба...ық ау...ауға өзенге ке...ді.

Қа...мағын суға са...ды.Бі... ба...ық і...інді. О... ұзақ оты...ды.Түске

қа...ай сегіз ба...ық ұстады.

3.Сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Оқушы,он жеті,сыныпта бар,біздің.

2.Бар,ақылы,ханда,кісінің,қырық.

3.Бағады,қой,қойшы.

4.Күшігім,бар,менің.

4.”Менің күшігім” тақырыбына әңгіме жаз.








12

Карточка 3.

1.Хабарлы сөйлемді лепті сөйлемге айналдырып жаз.

Ауа райы жақсы екен.Қар қалың жауды.Қалаға баратын

болдым.

2.Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Апам,ұйытады,айранды, сүтпен.

2.Сыныпта,көп,оқушылар,озат.

3.Ауласына,мектеп,егілген,әдемі,гүлдер.

3.Мына сөзге дыбыстық талдау жаса.

Саңырауқұлақ

4. “Орман” туралы әңгіме құрастыр.

Карточка 4.

1.Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемге айналдырып жаз.

Қанат сабаққа кешікті ме? Әжем қызықты ертегі оқыды ма?

2.Керекті сөздерді қойып жаз.

Дала гүлге ...,

Қуанышқа ....

Орман,тоғай,бақтарда,

Құстар сайрай .... (жөнелді,кенелді,бөленді)

3.Алақай,тамаша сөздерін қатыстырып лепті сөйлем құрстыр.

4. “Ұстазым” тақырыбына өлең құрастыр.



Карточка 5.

1.Тиісті жерге тыныс белгісін қойып,сөйлемді бас әріптен

бастап жаз.

Арман-тәртіпті оқушы алақай,әкем шаңғы әкелді бүгін

жаңбыр жауды ма

2.Ма,ме,ба,бе,па,пе арқылы сұраулы сөйлем құрап жаз.

3.Оқушы,алақай сөздеріне фонетикалық талдау жаса.

4.Табиғат туралы мақал-мәтел жаз.

17

Карточкалар

Карточка 1.

1.Әр сөйлемнен кейін нүкте қойып,бас әріптен бастап жаз.

Күн суытты балалар жылы киініп далаға шықты қардан

аққала соқты.

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып жаз.

Бұлбұл құс ... іздейді,

Көбелек ... іздейді.

Құмырсқа ... іздейді. (дән,ән,сән)

3.Мына әріптерден бірнеше сөз ойлап жаз.

А,қ,р,у,ы,т,с,н.

4. “Құстар” тақырыбына шағын әңгіме жаз.







Карточка 2.

1.Мына сөйлемдерді сұраулы сөйлемге айналдырып жаз.

Айдос ауылдан келіп пе.Қар қалың жаудыма.Апаң үйге

келдіме.

2.Мына сөздерден сөйлем құрап жаз.

1.Ту,көк,желбіреді.

2.Қызыл,ара,қонды,гүлге.

3.Ағам,мінді,автобусқа.

3.Берілген сөздерге дыбыстық талдау жаса.

Кітап, мектеп.

4. “Кітап-білім бұлағы”тақырыбына әңгіме құрастыр.




16

Тарау: Сөйлем


Бақылау диктанты.


“Қамқорлық”


Мақсаты:Сөйлем түріне берілген нақты теориялық білімді бақылау

және бағалау.

Міндеттері:-Сөйлем түрлерін ажырата білу.

-Сөйлемдегі сөздердің өзара байланыс жүйесін білу.


Аулада биік емен ағашы бар.Ағашқа көктемде құстар ұя салатын.Таңертең өткінші жаңбыр жауды.Жел тұрды.Емен теңселе ырғалды.Ұялардың бірі құлағалы тұр.Балапандардың аянышты дауысы естіледі.Сайран шыдап тұра алмады.Ол биік еменге өрмелеп шықты.Ұяны жайлы орынға көшірді.


(39 сөз)


Тапсырмалар:


1.Жаңбыр сөзіне дыбыстық талдау жаса.

2.Мәтінде неше сөйлем бар.

3.Соңғы сөйлемде неше сөз бар.

4.2-ші сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.










13

ТЕСТ

1.Сөйлем дегеніміз не?

а) Сөйлемде ешқандай мағына жоқ.

ә) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді

2.Сұраулы сөйлемнің соңына не қойылады?

а) Нүкте

ә) Леп белгісі

б) Сұрау белгісі

3.Хабарлы сөйлемнің соңына не қойылады?

а) Нүкте

ә) Леп белгісі

б) Сұрау белгісі

4.Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

а) Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.

ә) Хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем.

б) Көңіл күйін,сезімді білдіретін сөйлем.

5.Қай сөйлем дұрыс құрылған?

а) Балдың көп қасиеті емдік.

ә) Емдік қасиеті көп балдың.

б) Балдың емдік қасиеті көп.

6.Сұраулы сөйлем қай сөйлемде дұрыс жазылғанын белгіле.

а) Айдос ауылдан келді?

ә) Ешқашан өтірік айтпа?

б) Нешінші сыныпта оқисың?

7.Сөйлем түріне қарай ажырат.

Алақай,әкем шаңғы әкелді!

а) Хабарлы сөйлем.

ә) Сұраулы сөйлем.

б) Лепті сөйлем.

8.Сөйлемді тауып белгіле.

а) Гүл.

ә) Қар қалың қалды.

б) Мектеп аула.

14


9.Сөйлем неше сөзден құралған?

Арман орманнан саңырауқұлақ теріп жүр.

а) 6

б) 3

ә) 5

10.Қай сөйлемнің байланысы дұрыс көрсетілген?

а) Біз ауылда тұрамыз.

_________________ ______________________

ә) Біз ауылда тұрамыз.

__________________________

__________________

б) Біз ауылда тұрамыз.

___________________

_____________________


11.Сұраулы сөйлем жасайтын ма,ме,ба,бе,па,пе қалай жазылады?

а) бөлек жазылады

ә) бірге жазылады

12.Лепті сөйлемді белгіле.

а) Ауа райы жақсы екен.

ә) Ауа райы қандай жақсы!

13.Мына сызбаға қатысты сөйлемді белгіле.

↑________________↑

↑___________________


а)Балалар қалаға барды.

ә) Біздің үй тауға жақын.

14.Қай сөйлем дұрыс құралған?

а) Жылқы бағады ағам.

ә) Ағам жылқы бағады.

15.Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді көрсет.

а) Қар қалың жауды.

ә) Қар қалың жауды?



15























Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-167629

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG