Кажекенова Эльмира Асимхановна
«№30 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
ШҚО Семей қаласы
Биология пәнінен 6
– сыныптарға арналған тест жұмыстары
Ұлғайтқыш құралдар .
Өсімдік жасушасының құрылысы.
1. Затты 3-5 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)тұтқалы ұлғайтқыш
әйнек ә)микроскоп б)ұлғайтқыш қол әйнегі
2. Затты 10-25 есе
үлкейтіп көрсететін құрал:
а)микроскоп ә)тұтқалы
ұлғайтқыш әйнек б)ұлғайтқыш қол әйнегі.
3. Жарық түсіру
қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)окуляр
ә)айна б)объектив в)көру
түтігі
4. Микроскоптың
барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
а)табан ә)заттық
үстелше б)бұранда в)тұтқа
5. Микроскоптың
бірнеше линзасы бар бөлімі:
а) көру
түтігі ә)айна б)окуляр в)объектив
6. Көру түтігін
қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
а)бұранда
ә)табан б)тұтқа в)заттық үстелше
7.Барлық күрделі
тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек , созылмалы , қоймалжың тірі
зат:
а )цитоплазма
ә)жасуша қабықшасы б)ядро в)вакуоль
8. Тек өсімдік
жасаушасында болатын органоид:
а)ядро ә)пластидтер
б)вакуоль в)цитоплазма
9. Жасушаға
белгілі пішін, мықтылық қасиет беріп, зақымданудан қорғайтын органоид:
а)цитоплазма ә)жасуша
қабықшасы б)ядро в)вакуоль
10.Жасуша
ішіндегі сұйықтықтың қысымын реттейтін, керексіз улы заттарды ыдырататын
және жасушаның қоректенуіне жұмсалатын шырын жиналатын орын:
а)цитоплазма
ә)ядро б)пластидтер в)вакуоль
11. Цитоплазмасыз
тіршілік ете алмайтын, көбеюге қатысатын жасуша бөлігі:
а)вакуоль
ә)цитоплазма б)ядро в)пластидтер
12. Өсімдік
тұқымында, тамырында, түйнегінде қор жинауға қатысатын пластидтер:
а)хромопластар ә)лейкопластар
б)хлоропластар
13. Фотосинтез
процесіне қатысатын пластидтер:
а)хлоропластар
ә)хромопластар б)лейкопластар
14.
Жемтамырларға, піскен жемістерге түс беретін пластидтер:
а) хлоропластар
ә)лейкопластар б)хромопластар
Өсімдік ұлпалары.
І-нұсқа
1.Өсімдіктерді
әртүрлі қолайсыз жағдайлардан қорғайтын ұлпа:
а)түзуші ә)негізгі
б)жабын
2.Тамырдың
топырақтан сорып алған минералды тұздарының ерітіндісін жер үсті
мүшелеріне жеткізетін ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
3 Жасушалары ұдайы бөлініп, өсімдік өсуін және
бүршік жаруын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) өткізгіш ә)негізгі
б)түзуші
4. Өсімдіктердің
жер асты және жер үсті мүшелерінде қоректік заттарды қорға жинайтын
ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші
б)өткізгіш
5. Өсімдікті
ауру тудыратын микробтар мен зиянды жәндіктерден, малға жем болудан
сақтайтын ұлпа:
а)негізгі ә)тірек б)бөліп шығарушы
6. Өсімдіктің зақымданған жерін қайта қалпына
келтіретін ұлпа:
а)жабын ә)түзуші б)өткізгіш
7. Жасушалары
қатты, қиыршықты ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)өткізгіш б)тірек
8. Хлоропластары
бар тірі жасушалы ұлпа:
а)түзуші ә)бөліп
шығарушы б)негізгі
9. Жасушалары
ұзын, түтік тәрізді ұлпа:
а) өткізгіш ә)тірек
б)негізгі
10. Судың
артық булануынан сақтайтын ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)жабын б)түзуші.
11. Сабаққа ,
жапырақ сағағына , жүйкелеріне беріктік қасиет беретін ұлпа:
а)тірек ә)негізгі
б)өткізгіш
12. Сүт жолы
мен шайыр жолы ашылатын ұлпа:
а)жабын ә)бөліп
шығарушы б)негізгі
Өсімдік ұлпалары.
ІІ-нұсқа
1. Жасушалары
арасында ауа кеңістіктері бар ұлпа:
а)тірек ә)негізгі
б)түзуші
2. Сабақ
пен тамыр ұшында орналасатын ұлпа:
а)түзуші ә)жабын
б)өткізгіш
3. Хош иіс,
тәтті шырын бөлетін ұлпа:
а)түзуші ә)тірек
б)бөліп шығарушы
4. Көмірсулар,
нәруыздар мен майларды қорға жинайтын ұлпа:
а)негізгі ә)түзуші
б) жабын
5. Жаңғақ,
алхоры, шабдалы сүйектерінде болатын ұлпа:
а )түзуші ә)тірек
б)бөліп шығарушы
6. Су мен улы
газдарды , жылуды, дыбысты ішке өткізбейтін , шірімейтін тығыз қабат
түзетін ұлпа:
а)өткізгіш ә)негізгі
б)жабын
7.Қоректік заттар
қозғалысын қамтамасыз ететін ұлпа:
а)өткізгіш ә)тірек
б)негізгі
8. Өсімдіктің
ұзарып өсуін, ағаштың жуандауын қамтамасыз ететін ұлпа:
а) түзуші ә)негізгі
б)бөліп шығарушы
9. Жасушалары
алғашында тірі болғанымен, біртіндеп қабықтары қалыңдап, өлі жасушаларға
айналатын ұлпа:
а)тірек ә)өткізгіш
б)жабын
10. Тін талшығы жасы
жетілген ұлпа:
а)бөліп шығарушы
ә)тірек б)негізгі
11. Жасуша
қабырғасы сүзгі тәрізді ұсақ саңылаулы болатын ұлпа:
а)өткізгіш ә)жабын
б)бөліп шығарушы
12. Безді жасушаларда
тез ұшқыш эфир майы жиналатын ұлпа:
а)түзуші
ә)тірек б)бөліп шығарушы
Тамыр.
І-нұсқа
1.Өсімдіктің
вегетативті (өсімді) мүшелері:
а)тамыр ә)гүл б)сабақ
в)жеміс г)жапырақ ғ)тұқым
2. Вегетативті
мүшелердің тамырлар жүйесі:
а)сабақ ә)тамыр
б)жапырақ
3. Тұқымның
ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)қосалқы ә)жанама
б)негізгі
4. Негізгі
тамырдың жан-жағынан таралатын тамырлар:
а)жанама тамырлар
ә)қосалқы тамырлар
5. Сабақ пен
жапырақтан өсіп шығатын тамырлар:
а)қосалқы тамырлар
ә)жанама тамырлар
6. Негізгі
тамыры өте жақсы жетілетін тамыр:
а)шашақ тамыр ә)кіндік
тамыр б)жем тамыр
7. Негізгі
тамырларының жасушаларында қорға жиналып, жуандап түрін өзгертетін
тамыр:
а)жем тамыр ә)кіндік
тамыр б)шашақ тамыр
8. Жасушалары
тірі, сыртқы жағындағы жасушалар топырақтағы кедергілерге үйкеліп,
зақымданып, түлеп түсіп орнына жаңа жасушалар түзілетін тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы ә)
өсу б)бөліну в)сору
9. Жасушалары
дамылсыз бөлініп, басқа бөлімдерінің қалыптасуына себепші болатын тамыр
бөлімі:
а)өткізу ә)сору
б)бөліну в)өсу
10. Жас
жасушалары бөлінбейтін, ұзынынан созылып ұзаратын тамыр бөлімі:
а)сору ә)өсу б)өткізу
в)бөліну
11. Қалың
түктері бар тамыр бөлімі:
а) өткізу ә)бөліну
б)өсу в)сору
12. Су мен
онда еріген қоректік заттарды тамырдан өсімдіктің жер үсті мүшелеріне
өткізетін тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору
б)өсу в)бөліну
13. Кіндік
тамыр жүйесіне жататын өсімдіктер:
а)арпа ә)орамжапырақ
б)пияз в)асбұршақ г)қауын ғ)қызанақ
14. Шашақ тамыр
жүйесіне жататын өсімдіктер:
а) күріш ә)
асқабақ б)жүгері в)бидай г)қоңырбас ғ)қарбыз
Тамыр.
ІІ-нұсқа
1. Өсімдіктің
вегетативті (өсімді) мүшелері :
а)тұқым ә)жапырақ
б)жеміс в)сабақ г)гүл ғ)тамыр
2. Тұқымның
ұрық тамыршасынан дамитын тамыр:
а)негізгі ә)жанама
б)қосалқы
3. Негізгі
тамырдың жан-жағынан таралатын тамыр:
а)қосалқы
тамырлар ә)жанама тамырлар
4. Сабақ пен
жапырақтан өсіп шығатын тамыр:
а)жанама тамыр ә)қосалқы
тамыр
5. Негізгі тамыры
болмайтын, болса да әлсіз келетін тамыр:
а)кіндік тамыр ә)жем
тамыр б)шашақ тамыр
6. Тамырдың
бөліну аймағының сыртын қаптап, қорғап тұратын тамыр бөлімі:
а)тамыр оймақшасы
ә)сору б)өсу в)бөліну
7. Атқаратын
қызметіне қарай сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан түзілген тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)сору
б)бөліну в)өсу
8. Тамыр ұшының
топыраққа терең енуіне әсер ететін тамыр бөлімі:
а)бөліну ә)өсу
б)сору в)өткізу
9. Топырақ
түйіршіктерімен тығыз жанасып, су мен онда еріген минералды тұздарды
соратын тамыр бөлімі:
а) өсу ә)бөліну
б)өткізу в)сору
10. Тамыр
түктері болмайтын, жанама тамырлары көп тамыр бөлімі:
а)өткізу ә)өсу
б)сору в)бөліну
11. Органикалық
тыңайтқыштар:
а)қи ә)күл б)қарашірік
в)құс саңғырығы г)азот ғ)шымтезек
12. Минералды
тыңайтқыштар:
а)шымтезек ә)азот
селитрасы б)суперфосфат в)қи г)күл ғ)сүйек ұны
13. Жем тамырлы
өсімдіктер:
а)сәбіз ә)қызылша
б)орамжапырақ в)картоп г)шомыр ғ)шалқан
14. Түйнек
тамырлы өсімдіктер:
а)орхидея ә)нарғызгүл
б)кипарис в)батат г)шырыш ғ)таушымылдық
Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
І-нұсқа
1. Тыныштық
күйге ауысқан бүршік:
а)төбе ә)бұйыққан
б)жанама в)қолтық
2. Өркеннің ең
ұшына орналасқан бүршік:
а)қолтық ә)қосалқы
б)жанама в)төбе
3. Өсімдіктің
кез келген мүшесінің әр жерінен дамыған бүршік:
а)қосалқы ә)төбе
б)бұйыққан в)жанама
4. Төбе бүршіктің
өсімдіктің өсуіне әсері:
а)жуандап өседі ә)ұзарып
өседі б)гүлдейді в)жапырақ шығарады
5. Тік сабақты
өсімдіктер:
а)қайың ә)жүзім
б)бидай в)қауын
6. Шырмалған сабақты
өсімдіктер:
а)жөке ә)шырмауық
б)бақбақ в)құлмақ
7. Қысқарған
сабақты өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)пияз
б)жүзім в)жүгері
8. Сабақты
жуандатып өсіретін қабат:
а)камбий ә)сүрек
б)қабық в)өзек
9. Органикалық
заттар қорға жиналатын қабат:
а)сүрек ә)қабық
б)өзек в)тін талшығы
10. Су мен
минералды заттар қозғалатын қабат:
а)қабық ә)сүрек
б)тоз жасушалары в)тін талшықтары
11. Сабақтың
барлық бөлімдерін бір-бірімен байланыстыратын қабат:
а) өзек ә)камбий
б)сүрек в)қабық
12. Сабақ тыныс
алатын, жасымықша жасушалары орналасатын
қабат:
а) камбий ә)сүрек
б)өзек в)тоз қабаты
13. Буын және
буынаралығынан тұрады:
а)тамыр ә)тамырсабақ
б)түйнек
14. Сыртында
жапырақ іздері (көзшелері) бар:
а)түйнек ә)тамырсабақ
б)пиязшық
Өркендер мен бүршіктер. Сабақ.
ІІ-нұсқа
1. Жапырақ
қолтығына орналасқан бүршік:
а)төбе ә)жанама
б)қолтық в)қосалқы
2. Өсімдіктің
төменгі бөліміне орналасқан майда бүршік:
а)қосалқы ә)бұйыққан
б)төбе в)қолтық
3. Гүл
бүршігінің орналасқан орны:
а)қысқарған өркен
ә)ұзарған өркен б)төбе бүршігінде в)қолтық бүршігінде
4. Өсу бүршігінің
орналасқан орны:
а)қосалқы бүршік ә)қысқарған
өркен б)қолтық бүршік в)ұзарған өркен
5. Жатаған
сабақты өсімдіктер:
а)құлпынай ә)құлмақ
б)пияз в)қияр
6. Өрмелегіш
сабақты өсімдіктер:
а)тырбық аңдыз ә)қарағаш
б)асбұршақ в)жүзім
7. Тін
талшықтары орналасқан қабат:
а)камбий ә)қабық
б)сүрек в)өзек
8. Қабық пен
сүректің арасындағы қабат:
а)сүрек ә)камбий
б)өзек в)қабық
9. Сабақтың
органикалық заттарды қорға жинайтын қабаты:
а)өзек ә)камбий
б)қабық в)тін талшығы
10. Жарыққа
байланысты түсін өзгертпейтін өсімдік мүшесі:
а)түйнек ә)тамырсабақ
б)тамыр
11. Буынында
жетілмеген түссіз қабыршақтар орналасқан жер асты өркен:
а)тамырсабақ ә)пиязшық
в)түйнек
12. Пиязшықты
өсімдіктер:
а)сарымсақ ә)картоп
б)лалагүл в)бетеге
13. Түйнекті
өсімдіктер:
а)орамжапырақ ә)жер
алмұрты б)картоп в)пияз
14. Тамырсабақты
өсімдіктер:
а) бидайық ә)қызанақ
б)бетеге в)қызғалдақ
Жапырақ
1. Қылқанды (ине
тәрізді) жапырақты өсімдіктер:
а)қарағай ә)жүгері
б)емен в)шырша
2. Бір ғана
тақтасы бар жапырақ:
а)күрделі жапырақ
ә)жай жапырақ
3. Бір сағақта
бірнеше жапырақшалардың болуы:
а)күрделі жапырақ
ә)жай жапырақ
4. Жүйкелердің
жапырақтың ұшына дейін қатарласа созылуы:
а)қауырсын тәрізді
торлы жүйкелену ә)параллель жүйкелену б)доғалы жүйкелену в)саусақ
салалы жүйкелену
5. Негізгі
орталық жүйкенің жан-жағынан жанама жүйкелердің теңдей таралуы:
а)параллель жүйкелену
ә)доғалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)саусақ
салалы жүйкелену
6. Орталық
жүйкенің бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін салаланып таралуы:
а)саусақ салалы
жүйкелену ә)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену б)параллель жүйкелену в)доғалы
жүйкелену
7. Жапырақ
тақтасының түбінен қатарласа шыққан жүйкелердің иілуі:
а)параллель жүйкелеу
ә)саусақ салалы жүйкелену б)қауырсын тәрізді торлы жүйкелену в)доғалы
жүйкелену
8. Қоректік
заттар қорға жиналатын жапырақ:
а)шырынды ә)тікенді
б)мұртша в)қабыршақ
9. Өсімдіктің
қоршаған ортаға бейімделіп, тіршілігін сақтап қалуға көмектесетін
жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды
б)тікенді в)мұртша
10. Өсімдіктің
жарыққа қарай көтеріліп өсуін қамтамасыз ететін жапырақ:
а)тікенді ә)мұртша
б)қабыршақ в)шырынды
11. Бүршіктердің
нәзік бөлімдерін суықтан қорғайтын жапырақ:
а)мұртша ә)тікенді
б)шырынды в)қабыршақ
12. Өсімдіктің
құрғақшылыққа төзімділігін арттыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)шырынды
б)тікенді в)мұртша
13. Ылғалды
үнемдеп, суды аз буландыратын жапырақ:
а)қабыршақ ә)тікенді
б)мұртша в)шырынды
14. Тікенді
жапырақты өсімдіктер:
а)қарлыған ә)асбұршақ
б)кәріқыз в)ақ қараған
15. Мұртшалы
жапырақты өсімдіктер:
а)үрмебұршақ ә)жабайы
бұршақ б)асбұршақ в)сарыағаш
Гүл. Гүлшоғырлар.
І-нұсқа
1. Гүлдің дәл
ортасында орналасқан гүл бөлігі:
а)гүлтабан ә)аналық б)күлте в)аталық
2. Өркеннің түрі
өзгерген жапырағы:
а)тостағанша ә)гүлсағақ
б)күлте в)аналық
3. Тозаң ұясы бар
гүл бөлігі:
а)аналық ә)күлте
б)аталық в)гүлтабан
4. Гүлсеріктің
ішкі бөлігі :
а)аналық ә)аталық
б)тостағанша в)күлте
5. Екі қабат
қабықшасы бар жасушалар жетілетін гүл бөлігі:
а)аналық ә)гүлсағақ
б)күлте в)тостағанша
6. Бір гүлде
аталық пен аналықтың болуы:
а)қос жынысты ә)дара
жынысты
7. Аталық гүлдер
мен аналық гүлдердің бір өсімдікте болуы:
а)екі немесе қос
үйлі ә)бір үйлі
8. Гүлдің жеміс
түзілетін бөлімі:
а)күлте ә)аналық
б)тостағанша в)аталық
9. Аталықтың
бөлімдері:
а)жіпше , аузы ә)тозаңқап,
тостағанша б)мойны, жіпше в)жіпше, тозаңқап
10. Жеке
гүлдері орталықтан таралатын сабаққа гүл сағақтары арқылы кезектесіп
орналасқан гүлшоғыр:
а)жай масақ ә)жай
шашақ б)собық в)күрделі шатыр
11. Орталық сабаққа
бірнеше жай масақша гүлдер топтанып орналасқан гүлшоғыр:
а)күрделі
қалқанша ә)күрделі шатыр б)күрделі масак в)күрделі шашақ
12. Собық
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бидай ә)күнбағыс
б)калла в)жүгері
13. Күрделі
шатыр гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)кербезгүл ә)сәбіз
б)көктерек в)аскөк
14. Жай масақ
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)тары
б)сүйсін в)гүлшетен
15. Сырға
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)қарағаш ә)алмұрт
б)қайың в)тал
Гүл. Гүлшоғыр.
ІІ-нұсқа
1. Гүлдің
барлық бөлімдері бекінетін орын:
а)тостағанша ә)гүлсағақ
б)күлте в)гүлтабан
2. Мойны бар
гүл бөлігі:
а)күлте ә)аналық
б)гүлтабан в)аталық
3. Жіпшеден
және тозаңқаптан тұрады:
а )гүлсағақ ә)күлте
б)аталық в)аналық
4. Гүлсеріктің
сыртқы бөлігі:
а)гүлтабан ә)тостағанша
б)аналық в) күлте
5. Ұрықтану
процесі жүретін орын:
а)аталық ә)гүлсағақ
б)жатын в)күлте
6. Гүлде тек
аталық немесе аналықтың болуы:
а)дара жынысты ә)қос
жынысты
7. Аталық
гүлдердің бір өсімдікте, аналық гүлдердің екінші өсімдікте болуы:
а)бір үйлі ә)екі
немесе қос үйлі
8. Аталық
тозаңдары жетілетін орын:
а)жіпше ә)жатын
б)тозаңқап в)күлте
9. Аналықтың
тозаң қабылдайтын бөлімі:
а)мойны ә)жатыны
б)жіпше в)аузы
10. Жеке
гүлдері орталықтан таралатын сабаққа сағақсыз кезектесіп орналасқан
гүлшоғыр:
а)жай масақ ә)жай
шашақ б)себет в)шоғырбас
11. Жай
шатырдағы жеке гүл сағақтарына бірнеше гүлден топтанып шоғырланған
гүлшоғыр:
а)күрделі шашақ ә)күрделі
қалқанша б)күрделі шатыр в)күрделі масақ
12. Себет гүлшоғырлы
өсімдіктер:
а)жолжелкен ә)мойыл
б)күнбағыс в)бақбақ
13. Күрделі
масақ гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)балдырған ә)орамжапырақ
б)қарабидай в)бидайық
14. Жай шатыр
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)пияз ә)қайың
б)адамтамыр в)інжугүл
15. Жай шашақ
гүлшоғырлы өсімдіктер:
а)бақбақ ә)қарақат
б)аскөк в)орамжапырақ
Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
І-нұсқа
1. Бір гүлдің өз
аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің
аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)өздігінен
тозаңдану ә)айқас тозаңдану
3. Гүлдері өте
ұсақ , реңсіз өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)бунақденелілер
арқылы б)өздігінен тозаңдану
4. Тозаңдары ірі
өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
тозаңдану ә)жел арқылы б)бунақденелілер арқылы
5. Бітеу гүлдің
тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер
арқылы ә)өздігінен тозаңдану б)жел арқылы
6. Гүлдері ашық
реңді, ірі өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақденелілер
арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен тозаңдану
7 Аналығының
аузы үлпек қауырсынды өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)өздігінен
тозаңдану б)бунақденелілер арқылы
8. Шырыны мол,
жұмсақ жеміс:
а)құрғақ жеміс ә)шырынды
жеміс
9. Сыртқы
қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп жеміс:
а)жидек жеміс ә)жидек
тәрізді б)сүйекті
10. Бір ұялы,
тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын жеміс:
а)қауашақ ә)бұршаққын
б)бұршаққап в)тұқымша
11. Бір
тұқымды, тұқымы жеміс серігімен тұтасып біріккен жеміс:
а)жаңғақ ә)тұқымша
б)қауашақ в) дәнек
12. Сыртында су
жұқпайтын түктері бар өсімдіктердің тұқымдарының таралу жолы:
а)бунақденелілер
арқылы ә)су арқылы б)жел арқылы в)өздігінен
13. Сыртында
ілмешектер, тікенектер, желімтек түктері бар тұқымдардың таралу жолдары:
а)жануар,
бунақденелілер, адам арқылы ә)жел арқылы б)өздігінен
в)су арқылы
14. Жел арқылы
таралатын өсімдіктер:
а)қамыс, қияқ,
жалбыз, қоға ә)шытырлақ, жауқазын, қараған, шегіргүл
б)қарағаш, бақбақ,
үйеңкі, орхидея в)шоңайна, долана, бүлдірген, кәріқыз
15. Құстар
арқылы таралатын өсімдіктер:
а)жауқазын,
қараған, шытырлақ, бөрібұршақ ә)шие, таңқурай, бүлдірген, мойыл б)бөденешөп,
қоға, түкті күреңот, қамыс в)қайың, тал, терек, үйеңкі
Тозаңдану. Жемістер.
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары.
ІІ-нұсқа
1. Бір гүлдің
аталық тозаңының екінші гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
2. Бір гүлдің
өз аталық тозаңының сол гүлдің аналығының аузына түсуі:
а)айқас тозаңдану
ә)өздігінен тозаңдану
3. Гүлдерінде
шірнесі бар өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)бунақдене
арқылы ә)өздігінен б)жел арқылы
4. Тозаңдары майда,
жеңіл өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен
тозаңдану ә)бунақденелілер арқылы б)жел арқылы
5. Тозаңдануы
бір гүлдің ішінде болатын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)жел арқылы ә)өздігінен
б)бунақдене арқылы
6. Аталық жіпшесі
ұзын, тербеліп тұратын өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене
арқылы б)жел арқылы
7. Гүлдері
аңқыған хош иісті өсімдіктердің тозаңдану жолы:
а)өздігінен ә)бунақдене
арқылы б)жел арқылы
8. Қабығы қатты,
сүректенген жеміс:
а)шырынды жеміс ә)құрғақ
жеміс
9. Сыртқы
қабығы жұмсақ, жұқа, ішкі бөлімі сүйектенген жеміс:
а)жидек тәрізді ә)жидек
б)сүйекті
10. Қос ұялы,
ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар жеміс:
а)бұршаққап ә)бұршаққын
б)қауашақ в)дәнек
11. Жеміс
серігі тұқымымен бірікпеген жеміс:
а)жаңғақ ә)бұршаққап
б)дәнек в)тұқымша
12. Жемістері
қақырағыш, ширатылғыш өсімдіктердің таралу жолы:
а)жануар, құстар
арқылы ә)су арқылы б)өздігінен в)жел арқылы
13. Шырынды,
ашық реңді жемістердің таралу жолы:
а)жел арқылы ә)құстар
арқылы б)өздігінен в)су арқылы
14. Су арқылы
таралатын өсімдіктер:
а)жөке, үйеңкі,
бақбақ, шаған ә)шоңайна, итошаған, иттікен, кәріқыз
б)қараған,
шегіргүл, бөрібұршақ,ат талшын в)тұңғиық, жалбыз, қоға, қамыс
15. Адамдар,
жануарлар арқылы таралатын өсімдік:
а)шоңайна, иттікен,
кәріқыз, итошаған ә)ат талшын, қараған, шегіргүл,шытырлақ б)жалбыз,
қамыс, тұңғиық, қияқ в)бақбақ, орхидея,
жөке, қайың
Қос және дара жарнақты өсімдіктер.
1. Тұқым
бүршігінен дамитын көбею мүшесі:
а)гүл ә)жеміс б)тұқым
2. Екі тұқым
жарнағы бар өсімдік:
а)дара жарнақты ә)қос
жарнақты
3. Бір тұқым
жарнағы бар өсімдік:
а)қос жарнақты ә)дара
жарнақты
4. Дара
жарнақты өсімдіктер:
а)бидай ә)үрмебұршақ
б)асқабақ в)арпа
5. Қос жарнақты
өсімдіктер:
а)сұлы ә)жүгері
б)асбұршақ в) қияр
6. Тұқым өнген
кезде бірінші шығатын өскін мүшесі:
а)сабақ ә)тамыр
б)жапырақ в)барлығы бір мезгілде шығады
7. Өніп келе
жатқан ұрықтың алғашқы кездегі қоректену заттары:
а)эндоспермдегі су
және минералды тұздар ә)су, ауа, органикалық заттар
б)эндосперм мен
тұқым жарнағындағы органикалық заттар қоры
8. Бидай
тұқымындағы қор заттар жиналатын бөлігі:
а)ұрық ә)эндосперм
б)қабығы в)жарнағы
9. Тұқым тыныс
алғанда болатын өзгеріс:
а)көмірқышқыл газын
сіңіріп, оттегін бөліп шығарады
ә) оттегін
сіңіріп, көмірқышқыл газы мен жылу бөледі
б) оттегін сіңіріп ,
көмірқышқыл газ бөлінеді
10. Крахмал қоры көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс ә)картоп
б)жер жаңғағы
11. Нәруыз қоры
көп болатын өсімдік:
а)зығыр ә)мақта
б)бидай
12. Май қоры
көп болатын өсімдік:
а)күнбағыс ә)жүгері
б)соя
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.