Инфоурок Другое КонспектыҚазтуған жырау туралы мағұлұмат беру

Қазтуған жырау туралы мағұлұмат беру

Скачать материал

Қазақ өлеңіндегі ерліктің, өрліктің, шамырқанған рухтың, шамданған кектің, буырқанып – бұрсанған ашудың, намыс қуған айбынның келісті сөзі Қазтуған жыраудан басталады. Қазтуған өз бейнесін өлеңімен өзі шебер кескіндейді:

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қары ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шәйі жібек оққа кірісті,

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені,

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайыланған қасты орданың сырығы,

Билер отты би соңы

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл шайқаған жалғызы,

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кәуірдің арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған! («Бес ғасыр жырлайды» 1т. «Жазушы» — 1984).

Мұнда жыраудың өз сипатымен қатар, XV ғасырдағы қазақ қалпынан да дерек аламыз. Жалпы жырау өлеңдерінен уақыт табы, сөз қолданысы, салт-тұрмыс ерекшелігі айқын аңғарылады. Батырдың ашуы қуатты ақын сөзімен өршілдікпен бейнеленген. Жыраудың бізге жеткен мұрасы тым аз. Өлеңдері 1912 жылдан бастап баспа жүзіне шыға бастаған. Сөздері ноғай арасына да таралған.

Қазтуған жыраудың «Алаң да алаң, алаң жұрт» деген өлеңін тәуелсіздік туғалы әнші Бекболат Тілеуханов жұрт мейірін қандыра жырлап келеді. Бес ғасырлық қазақ өлеңінің бастауында Қазтуған жыраудың алдында Асан қайғы ғана тұр. Қазтуған өлеңдері ғылыми зерттеуде де қамтылған.

С.Шүкірұлы

 

 

Қазтуған жырау

ҚАЗТУҒАН ЖЫРАУ

Қазтуған - Алтын Орда заманындағы ноғайлы-қазақ дәуірі єдебиетінің ірі өкілі. Ноғайлы аталып, артынан бір-бірінен бөлініп кеткен түбі бір, тілі бір түркі тілдес тайпалардың шынтуайтқа келгенде, сол кезде жеке халық болып қалыптасқан қазақтардың бай әдебиеті, ақын-жыраулар поэзиясының бастауында тұрған үлкен эпик ақын. Оның шығармалары бүгінгі уақытқа толық жеткен жоқ, көбі мүлде ұмыт қалса, қолда бары баспа бетін көріп келе жатқандары үзінді күйінде ғана ақын мұрасынан азды-көпті мағлұмат береді. Қазтуған жыраудың алғаш өлеңдерін Ғабдолла Мұштақ құрастырған «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында жарияланса, кейіннен «Ертедегі әдебиет нұсқалары», «Алдаспан», «Бес ғасыр жырлайды», «Ұлы арман», Ленинградтан тұңғыш рет орыс тілінде жарық көген «Поэтика Казахстана», «Поэты пяти веков» жинақтарында, «Қазақ хандығы дәуіріндегі єдебиет» хрестоматиясында басылды. Жырау өмірі мен шығармашылығы туралы азды-көпті болсын С.Сейфуллин, М.Мағауин, Є.Дербісәлин, Қ.Сыдыиқов, Х. Сүйіншәлиев, Ж. Тілепов сияқты белгілі әдебиеттанушы ғалымдар қалам тербеді.

Қазтуған ХV ғасырда өмір сүрген ноғайлы батыры, би әрі ақын-жырау екені анық. Алайда, ол туралы деректер өте жұтаң. Сол себепті де жоғарыда аталған ғалымдар жырау туралы азды-көпті жазды деуіміз де осыған саяды. Бұған дейін ХІХ ғасырдың көрнекті қазақ ақыны Мұрат Мөңкеұлының «Қазтуған» толғауында айтқандай, Қазтуған жыраудың қонысы «Жайықтың күнбатыс шетіндегі Нарын, Қабыршықты, Қаралау деген жерлер екен» деген жалғыз мәліметке сүйеніп келдік. Жау жағадан алып, қысылтаяаң кез туған шақта Қазтуған елін аман сақтап қалу мақсатында жұртты бастап Еділ, Жайықтан Қазақстанның күншығыс жағына ауған деседі. Оның басты себебі - талай құтты қоныс болған туған жердің жайсыз мекенге айналып ел бірлігінің қожырай бастауынан болса керек. Ел қамын ойлап, халық мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр, қол бастаған басшы жұртын соңына ерте білді, елінің болашағын тереңнен толғанып, оны аман-есен сақтай алуды перзенттік парыз деп білді.

Қазтуғанның ақындық қуатын танып, жыраулық жыр жолдарын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана. «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Бұдырайған екі шекелі», «Белгілі бір көк сеңгір» деп басталып, бүгінгі ұрпаққа сақталып жеткен үш жырының өзі оның үлкен эпик ақын болғанын дәлелдейді.

Қазтуған жырларындағы шоқтығы биік шығарма оның туған жермен қоштасу жыры.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт...,-деген адамды елжіретер

түйдек-түйдек сөз тізбектері, жыр жолдары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшкен ел көрінісі көз алдымызға келеді.

Қазтуғанның Еділ өзенін жағалап, Ақтұба, Бозан бойын жайлаған қазақ, ноғай тайпаларының рубасы, көсемі, қолбасшысы, әрі атақты батыр болғаны мардымсыз тарихи аңыздар арқылы белгілі. Осы қоштасу өлеңі он бесінші ғасырдың екінші жартысында өз қарамағындағы руларды бастап Еділден еріксіз ауып, Қазақ мемлекеті құрамына өткеннен сыр шертеді.

Салп-салпыншақ анау үш өзен

Салуалы менің ордам қонған жер,

Жабағылы жас тайлақ

Жардай атан болған жер...

Шиыршық атып, шымырқанған тебіреністен туған бұл теңеулер батыр жыраудың туған жерге сағынышын, шексіз махаббатын білдіріп, ақындық қиял ұшқырлығы мен өршіл романтикалық шеберлігін дәлелдей түседі.

Қазтуған жырларында оның ақындық ерлігі мен шырқау биігін көрсетер тұс - ол жырды кім шығарғанын нақтылы дәлелдейтін:

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кєуірдің

Арасын өтіп бұзып дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған,-деген жолдар арқылы қазақтың ноғайлы дәуіріндегі төл әдебиетінің жаңа белесінің бір қырын аңғартады. өз шығармаларын ауызша шығарып таратқан Қазтуған сияқты дүлдүл жырау өз есімін жырларында ерекше атап өту арқылы авторлығына дау тудырмайтын амалды сол заманда- ақ білдіргендей.

Бұл - сол кезде жеке жыраулардың, батырлардың сөзі үлгісінде туған ноғайлы дәуіріндегі толғау ретіндегі ерлік, батырлық жырдың алғашқы нұсқасы, яғни оған «қазіргі ноғай, қарақалпақ, қазақ, т.б. халықтардың тарихи кезеңге, уақытқа телінген ауызекі поэзияның үлгісі деп қарау керек».

Соңғы жылдары осы мәселеге байланысты, қазақпен етене бауырлас, түбі де, тілі де бір ноғай, қарақалпақ халықтарының әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеулерінде Қазтуған жырау өз ұлтының өкілі, туған єдебиетінің тарихындағы көрнекті тұлға ретінде бағаланып, дәріптеліп келеді. Бұл орайда Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» толғауының ноғайлар арасына кең тараған нұсқалары «Ноғай жырлары», «Шопан» жинақтарында жарияланып, «Ноғайлар» атты көлемді зерттеуде ноғай әдебиетінің өкілі ретінде жырау шығармашылығы арнайы сөз болды. Сол сияқты, қарақалпақ ғалымы К. Мәмбетов өз зерттеуінде Қазтуған жырауды қарақалпақ әдебиетінің ірі өкілі ретінде қарастырады.

Біздің пікірімізше, Қазтуған - ноғайлы дәуірінен тілі де, ділі де, ұттық салт-дәстүрлері де бір болып келген қазақ, қарақалпақ, ноғай халықтарына ортақ тұлға. Сол себепті де Қазтуғанды бауырлас үш ұлттың төл әдебиетінің бастауында тұрған ортақ ақын- жырау ретінде бағаласақ ақылға сияды.

«Бұдырайған екі шекелі...» деп басталатын толғау-өлең - жыраудың өзіне дейінгі ақындық сөз өнерінен алған үлгі-өнеге негізінде өмірге келген жыр. Көлемі жағынан аз ғана осы жыр үзіндісінің өзі Қазтуғаннан ақындар мен жыраулар шығармашылығына єсер етті, нақыл, тақпақ, мақал-мәтел үлгісіндегі жыраудың терең толғанысты ой үрдістері қазақ поэзиясына үлкен таусалмас қазына болды.

«Бұдырайған екі шекелі...» толғауы жыраулық поэзиядағы басқа толғаулардан оқшауланып тұратын көркемдік өзгешеліктерімен ерекшеленеді. Жырау өзін таныстыру монологы арқылы шағын толғауға қаймықпас қайсар «мұздай үлкен көбелі» батыр, «қойдың көсемі» іспетті елін соңына ерте білер басшы, халықты аузына қаратып, қара қылды қақ жарғызатын ділмар шешеннің жиынтық бейнесін сыйғыза білген. Мұның өзі жыраудың жай ғана қарапайым адам емес, жеке басы бірнеше өнерді меңгерген сегіз қырлы, бір сырлы жан екенін аңғартса керек.

Осы толғаудағы «бұдырайған екі шеклі», «мұздай үлкен көбелі», «айдаса қойдың көсемі» және т.б. сөз тіркестеріндегі ойнақы, асқақ теңеулер жырға шырай келтіріп, соны көркемдік ізденіс, тапқыр да айшықты ой иірімдерін байқатады. «Ұстаса қашағанның ұзын құрығы» деген бір жолдың өзі ғана көшпелі дала өмірін көз алдымызға әкеліп, буырқанған бұла күш иесіне теңеген көркемдік ерекшелікті аңғартады.

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күні ашқан, -деген осы тоғаудағы көркем сөз өнері кестелеген жыр жолдары бейнесі ұлғая түскен метафоралардан құралып, үнемі үдей түскен кең үрдісті де күрделі эпитет жасайды. Сонау орта ғасырларда орныққан бұл көркем сөз үлгілері өзінің сол қалпындағы нақышты қасиетін қазіргі қазақ поэзиясына дарытып, сақтап келгені Қазтуған жасаған өлең өрнектерінің өлместігін білдірсе керек.

Қазтуғанның «Алаң да алаң, алаң жұрт» деп басталатын толғауы да жыраулық поэзияның көркемдік қуаты жағынан шебер жасалған үлгілерінің бірі.

Ақын шығармалары көлемі жағынан шағын болып келгенімен, негізгі тұспалдар ойы, ішкі мазмұнынан ерлік рухы, батырлыққа тән қасиеттер анық сезіліп, жыраулық поэзияның айшықты ерекшеліктерімен бедерленеді. Бұл жырларда бір ғана жырау атымен сақталып келген жыраулық үрдістегі поэзияның нағыз қаһармандық үні, жауға қарсы қаймықпас атой салған батырлық лебі басым.

Шығармаларының мазмұндылығы мен әлеуметтік салмағы жағынан алғанда, «Қазтуған толғаулары... қазақ халқының халық боп құрыла бастау тұсындағы жайлы қоныс, жайлы мекен іздеу мәселелелерінің сол алыс замандағы жаңғырығы, поэзия өмірінде сақталған шағын ескерткіш үлгісі ретінде кейінгі дєуірге жетті. Бұлар өз дєуірі мен шығарушысы жайында кішкентай болса да елес, ұғым бере алса, өз міндетін артығымен орындағаны болып саналады».

Қазтуған - аты әйгілі он бесінші ғасырдың әрі батыр, әрі шешен жырауы. Оны халық Қарға бойлы Қазтуған деп атап кеткен. Туып өскен жері - Каспий алқабы, Бөкей жеріне қарасты. Еділ мен Жайық арасы, қабыршақты даласы, қазіргі Орал облысының Жалпақтал мен Жәнібек аудандарына жататын өлке. Астрахань облысына қарасты Краснояр ауданы, Бозан, Ақтуба өзендерін мекендеген елден шыққан. Ақтуба мен Бозан өзендері Еділдің кішігірім төменгі салалары қазіргі Краснояр ауданы. Краснояр ауданының көп жері бұрын Бөкей ордасына қараған, Бөкей ханның өзі сол ауданның байырғы тұрғындары Қарағаш ноғайлары ортасындағы кіші аралдағы Қияш өзені жағасындағы Баба ата мәйітінде жерленген. Қазтуған заманында бұл жерлер ноғайлар мекені есептелген-ді .

Қазтуғанның дәл қай жылы туып, өлгені туралы тиянақты дерек әзірге белгісіз. Шамамен ол он бесінші ғасыр ішінде өмір сүрген.

Халық Қазтуғанды әрдайым еске алып, қадір тұтады. Сол туралы талай аңыздар да айтады. Ел аңызында ол қалмақтарға қарсы қол бастаған ұрпақты батыр. Оның он батыр ұлы болыпты.

Онымыз тұрып оқ атсақ

Он сан қалмақ бөлінген,-деп айтыпты батырдың өзі. Халық аузында мынадай да өлеңдер кездеседі:

Тоғыз тұтам оқ жонған,

Толғамалы найза өңгерген,

Тоғыз көлді торқалы

Темір болат сауыт киген,

Толғамалы жақ тартқан,

Толассыз тұрып оқ атқан,

Тоғыз оқ торғауытты бөгеген,

Тобылғыдан су татқан.

Жетпіс бесте жасы бар...

Қабыршықты жайлаған.

Ақсуды төмен бойлаған,

Шағанға атын байлаған,

Қарға бойлы Қазтуған...

Ақынның басқа өлеңдерінен де оның өмірі туралы кейбір деректерді ұшырата аламыз.

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақ ала ордам қонған жұрт.

Атамыз біздің бұ Сүйініш,

Күйеу болып түскен жұрт.

Анамыз біздің Бозтуған,

Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт...

Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Сәулетті менің ордам қонған жер...

Менен қалған мынау Еділ жұрт...

Бұл өлең жолдарынан Қазтуғанның үш өзенді жайлаған Еділді мекен еткен батыр болғанын, атасы Сүйініш, анасы Бозтуған екенін аңғару қиын емес.

Қабыршықты қара су -

Ол Қазтуғанның қонысы еді,- дейді.

С. Сейффулин өзінің 1931 жылы жинағында «Ноғайлар бытырағанда Қазтуған батырдың айтқаны» деген атпен «Єрайна, билер, єрайна» деп басталатын жиырма шақты өлеңін жариялады.

Қазтуған жырау жорық жыршысы жєне халық эпосын жасаушалардың бірі саналады. Артына қазақтардың әскери рухын, туған жерін, халық өмірі мен тұрмысын суреттейтін көптеген өлеңдерден тұратын шығармашылық мол мұра қалдырды. Олардың көпшілігі сақталмаған. Дегенмен, бізге жеткен жекелеген туындылары оның єдебиет тарихы төрінен орын алуға лайықты екенін айғақтайды.

Оның поэзиясы жауынгерлердің көшпелі өмірін, көзқарасын суреттейді. Және олардың тұрмысын, айналадағы құлан таза табиғат туралы ойларын бейнелейді. Ақын-жыраулардың қиялының жүйріктігі, өткірлігі, бай және әдемі көкемдік әдістері сол дәуірдегі қазақтардың поэтикалық өнерінің жоғары деңгейде болғанын, сонымен бірге, өзіндік ерекшеліктері бар екенін білдіреді. Ұлттық бояуы жағынан айқын суреттелген, жасампаз романтикамен көркемдеген, нақылдық ой орамдары мен көркемдік тіркестерге бай Қазтуған жырау өлеңдері көп ғасырлық өнер мектебі мен єдеби өмір белгісі ретінде санамыздан орын алды. Қазтуған жыраудың «Мадақ жыры», «Туған жермен қош- тасу» сынды туындыларын ежелгі қазақ поэзиясының таңдаулы үлгілеріне жатқызуға болады. Ақынның жады арқылы жеткен бірқатар толғаулары И. Березиннің «Түрік хрестоматиясында», Ғабдолла Мұштақтың 1910 жылы шыққан «Шайыр, яки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағында, М. Мағауиннің «Алдаспан» кітабында жарияланды.

Ноғай-қазақ жұртының

Қонысын қалған қия алмай,

Қазтуған жауға аттанған.

Қазтуған шешендігіндегі назар аударатын жайттың бірі - жыраудың өзіне тән образ жасау шеберлігі. Бұрын-соңды жыр шумақтарында қолданылып жүрген бейнелерге тың теңеу тауып, іс-әрекетін ұлғайта суреттеу тәсілінің арқасында жауыр болған сөз қолданыстар жарқырап шыға келді. Мысалы:

Белгілі биік көк сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Алыстан қара шалар деп.

Балдағы алтын құрыш болат

Ашылып шапсам дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп.

Азамат ердің баласы

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп.

Арғымақтың баласы,

Арыған сайын тың жортар,

Арқамнан қосым қалар деп.

Ақ дария толқын күшейтер,

Құйрығын күн шалмаған балығым

Ортамнан ойран салар деп.

Жауынгерлік жолды өз өмірінің мақсат-мұраты етіп алған Махамбетті де тәнті еткен осы бір образдар, осы бір сөйлеу тәсілдері емес пе еді?

Қазтуғанның «Мадақ жыры» жырау шығармашылығының ең көрнектісі:

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі,

Қара ұнымы сұлтандайын жүрісті,

Адырнасы шайы жібек оққа кіріс-ті,

Айдаса - қойдың көсемі,

Сөйлесе - қызыл тілдің шешені,

Ұстаса - қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы,

Билер атты би соңы,

Би ұлының кенжесі,

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы,

Бұлұт болған айды ащқан,

Мұнар болған күнді ашқан,

Мұсылман мен кєуірдің

Арасын өтіп дінді ашқан

Сүйінішұлы Қазтуған!

Төмендегі толғау Қазтуғанның ірі жыраулық өнерін танытады.

Қазтуғанның қонысымен қоштасуы

1

Арайна, билер, арайна,

Арайна десем, болғай ма?!

Арайнасыз єр қайда

Ердің ісі оңар ма?!

Арайна болған Қазтуған,

Қайғыланып сонда толғай ма?!

2

Ел қияға қонғай ма,

Еділ, Жайық арасы

Кеңшілік қоныс болғай ма?!

Ебей басты құба үлек

Ернімен шырпы шалғай ма?!

Бұл қоныста отырып,

Біздің мұсылман баласы

Жағасы босап тынғай ма?!

3

Еділді қоныс етпеңіз,

Жағалай қалмақ алады.

Жайықты қоныс етпеңіз,

Сыдыра біткен көкжиек,

Кәпірлер қала салады.

Аштарханды қоныс етпеңіз,

Шәһірін оның алады.

4

Еділді алса - елді алар,

Енді алмаған не қалар?

Жайықты алса - жанды алар,

Жанды алған соң не қалар?

Ойылды алса - ойды алар

Ойлашы, сонда не қалар?

Қара мауыты мұшақат

Бүтін тоғай жерді алар.

Жаз кіреге жақсы деп,

Дулығалы нарды алар,

Қыс кіреге жақсы деп,

Шудасы қалың айырды алар.

Сусынына шай алар,

Шайнауыны май алар.

5

Ойыл да Қиыл, Жем, Сағыз,

Қайран саланың жатқан аңғары-ай,

Ақ шалмалы пірлердің

Мешітке жаққан шамдар-ай!

Менің бүйтіп қозғалақтап жүргенім

Аузы түкті кәпірдің

Күшті болған салдар-ай!

Кәпірден теңдік алуға

Қайта келер деймісің

Мұсылманның баяғы

Шыңғыстан туған хандары-ай?!

Бұл қоныстан кетпесең

Мұны талақ етпесең,

Атаңа нєлет кєпірдің

Пайдасына қалмаса игі еді

Ноғайлы, қазақ жұртымның

Кейінгі туған балдары-ай!

6

Адыра қалған көк Жайық,

Аңырап қалған қонысым!

Қонысымнан ауған соң,

Кетпегей еді ырысым.

Таудағы тарлан бөрі едім,

Тарылған сынды тынысым.

Кейінгі өскен жас бала,

Ақ балтырын түрініп,

Басарына ерініп,

Көкірегі күйініп,

Тек тірлікке сүйініп,

Ықтиярсыз жүгіріп,

Аузы түкті кєпірдің

Етпегей еді жұмысын!

Бұл қоныстан кетпесең,

Мұны талақ етпесең,

Екеу-екеу сөйлесіп,

Біздің кейінгі өскен жас бала

Аузы түкті кєпірдің

Соқпаса екен пайдасын!

7

Буыршынның жалғыз қырқар азуы,

Бөкеннің желіп өтер төрт саны,

Бұғының ауыр қара мүйізі,

Бидайықтың жалғыз соғары,

Қашағанның ұзын құрығы,

Ақ Орданың тіреу сырығы,

Айдаса – қойдың көсемі,

Сөйлесе – тілдің шешені,

Арғымағын жаз жіберіп, күз мінген,

Күз жіберіп, жаз мінген,

Жазаласа – екі жылда бір мінген,

Жолдасын жолай іздеген,

Өзіне тиген дұшпанын

Қарт бурадай тіздеген –

Мен – Қарға бойлы Қазтуған,

Қайғыланып асып барамын

Ноғайлы – қазақ елімнен!

Мұрат ақынның айтуы бойынша баспаға ұсынғанын ескертеді. Аталмыш шығарманы оның түгел жарияламай, кейбір жолдарын қысқартқандығы көрініп тұрады. Алынып қалған өлендердің орнына көп нүктелер қойып кетеді. Сөйтсе де жыраудың негізгі ой арманы айқын сақталған. Асылы Қазтуған туып - өскен жері – Еділ, Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Қиыл өзендері бойын өз еркімен тастап кетпей, мұны амалсыздық шарасынан қалдырып, басқа өлкеге ауысуға мєжбүр болып отырғанын хабарлайды немесе қимас қоныспен қоштасады.

Мұрат ақын жырлап келген «Қазтуған» атты толғауда да ол - қонысын тастап, ұзақ сапарға көшуді жақтап жол бастап, пікір қозғаушы. Асанқайғы армандаған жайлы қонысқа елді жеткізбекке єрекеттенуші.

Мұрат – Қазтуған туралы көп толғап, оның пікірлерін талмай уағыздап өткен ақын. Мұрат толғауларында «Қазтуғанның туған жерімен қоштасуы», - деп аталатын ұзақ жолдар бар. Ол жолдардың көп жері Қазтуғанның басқа сөздерімен сарындас, бірақ қай жері жыршының кейін өңдегенін, өзіндік қоспаларын да танытқандай.

Қазақстан Ғылым акадамиясы қолжазба қорында «Қазтуғанның қоныстан ауғанда айтқаны» атты тағы бір тоғауы бар. Онда да Қазтуған Асанқайғымен пікірлес, Асан баласы Абат екеуі бір бағытта қызмет етеді.

Қара ағаштай қалың ноғайлым,

Еділді тастап біз көштік,

Қалың, қара тоғайын

Әзелден жазған орынға

Айдаған шығар құдайым.

Асанқайғы, Ер Абат

Сендермен кеңес қылайын,

Жақтырмай тұрмын осы күн,

Шерқұтты ханның сарайын

Қош айтысып тастадық,

Еділ менен Жайықты.

Бір алладан басқаға,

Болғаным жоқ ед айыпты...

Үйренген жерден айырдық,

Қатын, бала зайыпты...

Мен, кетемін, кетемін,

Тәуекел хаққа өтемін...

Асанқайғы, Ер Абат,

Не айтасың бүтенің?!

Бұдан кейін Абат жауап қатады: Асан үшеуінің диалогы басталып кетеді. Сонда Қазтуған Асанды өкшелей өскен ел басы соның пікірлесі болып шығады. Ол кезде Асан 120 жасаған қария. Ол ел бастауды екі батырға жүктеп, ақылшы ғана болып отырады. Шерқұтты би өзіне ерген елмен Қазтуғанды қолдамай уағдадан таяды. Осыдан Қазтуған оған өкпелеп, жыр шертеді. Қолжазбадағы Қазтуғанның жыры - ұзақ сөз. Онда уәделескен жолдан тайған Шерқұттыға қарсы лағынат айтылады.

Бұл сөзіме құлақ сал,

Жұрт билеген Шерқұтты,

Шерқұтты емес, ел құтты.

Көшін жүрген арқада

Қазақ деген халқым бар

Еділ менен Жайыққа,

Қонбай-ақ жүріп мал бітті...

Жер ортаға келгенде,

Қайтамын деп айтасың,

Басыңа қиын іс түссе,

Мұсылман аяп бармасын,

Жерортаға келгенде

Мені алдадың Шерқұтты,

Сені де біреу алдасың

Мен жүрейін жөніме.

Бұл сөзіме құлақ сал,

Асанқайғы, Ер Абат,

Бірге жүрген жолдасым!

Қазтуған Шерқұттыға айтқан сөзінде барар жерін, қонар қонысын ескі қоныс Еділ мен Жайыққа қарама-қарсы қойып, оны мақтай түседі:

Менің барар қонысым,

Қысты күні суық қатпаған;

Гүл бақшаның ішінде,

Балалар ойнап жатпаған,

Қой менен бєрі қосылып,

Бағусыз малдай оттаған.

Мергендердің тұсында

Киік пенен құланды,

Аң екен деп атпаған

Балапан, мамыр, қаз бен қу

Су бетінде қатпаған

Жер астында наз бедеу,

Күн көрсетпей өзіне,

Сұлы, сүт беріп баптаған...

өзінің барар бағытын нақты белгілеп, Орта Азияны меңзейді.

Мен ноғайдың баласы,

Мекен тауып мен қонсам,

Жатармын сонда көсіліп,

Менің барар қонысым,

Самарханның сырты еді,

Қарақалпақ, Хорезм,

Деп ашылған жер еді,

Тәжік, сырттың жұрты еді.

Қазтуған туған жерді еріккеннен тастап кетпейді. Ол Еділ, Жайық, Жем, Сағыз бойларын қалдырып бара жатқанын айтып өкінеді, қоштасады.

Кейінгі ақындар, әсіресе Махамбет сияқты батыр ақын оған еліктеген. Қазтуған образдарынан тікелей үлгі алған. Мысалға Қазтуғанның төмендегі толғауын Махамбеттің «Мен едімімен» салыстырайық.

Мен өзім Бабай Омар баласы едім,

Қашаннан екі кенттің арасы едім.

Балқытты мені мынау қорғасындай,

Қашаннан тасты кескен алмас едім.

немесе:

Мен кеткенмін, кеткенмін,

Тайсойған менен дендерден,

Құралайдай шұбырып,

Күліп бір ойнап өткенмін.

Махамбет үшін өзіне дейінгі Қазтуған, Шалгез, Жиембет жыраулар барлық жағынан да үлгі болғанға ұқсайды. Бұлардың сөз саптаулары бірыңғай, әуендес. Себебі бұлардың алдында қойған мақсаттары ұқсас. Ел мақсаты үшін атқа мініп, найзаның ұшымен сөз күшін бірге жұмсаған батыр жыраулардың басқаша сөйлеулері мүмкін де емес.

Сондықтан Қазтуғанның өлең єуені Махамбеттің іздесе таптырмас үлгісі болған. Бұлардың бєрі де бір өлкені мекендеп, сол өлке тағдырларына сай шығармалар берген.

Белгілі биік көк сеңгір

Басынан қарға ұшырмас,

Ер қарауыл қарар деп,

Балдағы алтын құрыш болат

Ашылып шапсам дем тартар,

Сусыным қанға қанар деп...

Азамат ердің баласы,

Жабыққанын білдірмес,

Жамандар мазақ қылар деп.

Бұл жолдардың да Махамбет поэзиясына белгілі дєрежеде ықпалы болғаны көрініп-ақ тұр.

Қазтуған жырлары әуенді, дыбысты, ырғақты, күшті поэзия. Ат арқасында, топ ортасында айтылған жырдың солай болуы да заңды. Дауысты ''A'' дыбысын қатар қолданып, аңғарта сөз тастау тыңдаушыға єсерлі, құлаққа жағымды.

Арғымақтың баласы,

Арығын сайын тың жортар.

Арқамнан қосым қалар деп,

Ақ дария толқын күшейтер.

Құйрығын күн шалмаған балығым,

Ортамнан ойран салар деп.

Тағы бір назар аударатын жай, соңғы екі жолдағы сөздер. Бұрын-соңды қолданылмаған, тек Қазтуғанға ғана тән тіркес «құрығын күн шалмаған балығым, ортамнан ойран салар деп» - қандай әдемі сөз! Осы өлең шумағы үш жолдан тұрады. Ақын бес жолды өлең шумағын да жиі қолданған. Бұған қарағанда Қазтуған - өлең құрлысына да мән берген шебер жырау. Єрбір сөз, єрбір жол өз орнында. Ақын бірыңғай бір дыбыстардан бастап, ұзақ шумақтар құрады. Ақын өлеңдері поэтикалық тілі жағынан да қазіргі оқырманды жалықтырмайды. Қазтуған “ж” әрпінен басталатын ұзақ шумақты өлеңнің балама сөздері жер-қоныс құнарлығын өте айқын танытарлықтай:

Жабағылы жас тайлақ,

Жардай атан болған жер.

Жатып қалған бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер.

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең

Жары менен сайы тең.

Енді ақын қолданған теңеулерге көз салыңыз. Еділді ақын:

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған...,-деп бейнелейді.

немесе:

Шырмауығы шөккен түйе таптырмас,

Балығы көлге жаптырмас.

Адам тұлғасын жасауға да жырау қабілеті жетерлік. Батыр бейнесі, өз басының суреті айтарлықтай айқын және реалистікпен көрсетілген.

Бұдырайған екі шекелі,

Мұздай үлкен көбелі.

Қара тұлымы сұлтандайын желпіді.

Адырнасы шай жібек оққа кірісті.

Айдаса қойдың көсемі,

Сөйлесе қызыл тілдің шешені.

Ұстаса қашағанның ұзын құрығы,

Қалайылаған қасты орданың сырығы.

Ақынға тән сөз қолданыс, көркемдеу тәсілдері де таңданарлық «Белгілі биік көк сеңгір, басынан қарға ұшырмас. Балдағы алтын құрыш болат, қалайылаған басты орданың сырығы...», т.б. образды сөздер жырауға тән өзіндік тіркестер.

Билер өтті би соңы,

Би ұлының кенжесі.

Буыршынның бұта шайнар азуы,

Бидайықтың көл жайқаған жалғызы.

Бұлт болған айды ашқан,

Мұнар болған күнді ашқан...

Сүйінішұлы Қазтуған!

Қысқасы, Қазтуған - заманының жаны пәк, толық қанды көркем сөз үлгісін өз поэзиясы арқылы бізге жеткізген әйгілі жырау. Оның шығармаларын іздестіріп, қалпына келтіру, толығырақ тану абзал. Қазтуған поэзиясы ХV ғасыр әдебиетінің жақсы үлгісі ретінде құнды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Қазтуған жырау туралы мағұлұмат беру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель страховой организации

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 687 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2017 16499
    • DOCX 78.5 кбайт
    • 22 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейсекеева Карлыгаш Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бейсекеева Карлыгаш Канатовна
    Бейсекеева Карлыгаш Канатовна
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 50940
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Тревожные расстройства: диагностика и причины

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 16 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии текстовых коммуникаций в бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе