Инфоурок Другое Конспекты"Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі" коучинг

"Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі" коучинг

Скачать материал

Коучинг жоспары

Коуч: Төлеуқан Д.Т., директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Тақырыбы

Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі

Мақсаты

Ой-талқылар арқылы қатысушылар отбасындағы бала тәрбиесі  туралы  ойлары  мен тәжірибесімен  өздерінің жеке түсініктерін ортаға  бөлісіп, бір-біріне көмек беруге, бірлескен жұмысқа ықпалдарын дамыту

Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету

Күтілетін нәтиже

Бала тәрбиелеудегі отбасының рөлі жайлы ортақ  түсінік  қалыптасады, тәжірибелеріне қолдануға  бағыт- бағдар алады, ізгілікте  сыни ойлау дамиды.

Түйінді сөз

Сын тұрғысынан ойлау, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қажеттігі уақыт күттірмейтіні дәлелді қажет етпейді

Ресурстар

Постерлер, маркер, стикерлер, таратпа парақтар, видеороликтер

Бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек. Екі ұнаған жұмыс түрін және бір тілек, өтініштерін жазу.

 

Сабақтың барысы

Кезеңдері:

Уақ.

Коуч әрекеті

Коучингке қатысушылар әрекеті

Сәлемдесу

1

мин

Қатысушылармен аман-дасу

Қатысушылар мұқият тыңдайды.

Жағымды ахуал

 

 

3 мин.

 

Қатысушыларға шаттық шеңберінің мәнін түсін-діреді.

Қатысушылар шеңберге тұрып, бір – бірін  жақсы тілекер айтады.

Топқа бөлу

3

мин

Мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылт-паштар арқылы топқа бөлу.

Қатысушылар  3 топқа бөлінеді.

1.Мақал –мәтелдер -  «Алғырлар»

2. Жұмбақтар – «Тапқырлар»

3. Жаңылтпаштар - «Зеректер»

Тақырыпқа ену

миға шабуыл

5 мин

«Бір келіншек және отбасы»  бейнеролигін көрсету

бейнероликтегі жағдайды талдайды, өз ойларымен бөліседі.

Тақырыпты өрбіту мақсатындағы бейнеролик

10

мин

Отбасы құндылықтары жайлы бейнеролик

Бейнероликті  қарап, оның бала тәрбиесіне қандай қатысы бар екенін айтып, мысалдар арқылы дәлелдейді.

Тақырыпты өрбіту мақса-тындағы топтық жұмыс

/постер қорғау/

10

мин

Отбасы құндылық-тарының бала тәрбие-сіндегі маңызы жайлы постердің ережесін түсіндіру:

ü Отбасы құнды-лығына нелер жататынын ашып көрсету;

ü Оның маңызына тоқталу;

ü Безендірудегі көркемдік шеберлігі.

Отбасы құндылықтары тақырыбында постер құрады  және оны қорғайды

Бағалау

2

мин

Өте жақсы - қол шапа-лақтаймыз, орташа дегендер аяқ тарсылда-тамыз.

Қатысушы топтар бірін бірі бағалап, түсіндіреді.

Сергіту сәті

3

мин

Бейнеролик арқылы «Қара жорға» биі биленеді.

Бейнероликтегі әуенге еріп, қимылды жаттығулар жасайды.

Жұппен  жұмыс

 

4

мин

Педагогикалық ойын. «Жүректен жүрекке» ойыны:                                1.Ананың кезі бар ма кекті болған, 
Оқыста жүрек түсіп кетті қолдан. 
Ұмтылса, топырақта жатқан жүрек: 
«Құлыным,байқасаңшы»,- депті оған ... 
Адамның бауыр еті, жүрегі бала. Сондықтан да осы жүректі аялы алақандарыңызбен ұстап балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жеткізіп бір-бірлеріңізге беріңіздер. Сіздің балаңыз сізді қатты қуантты (бір ісімен). Сіз не айтасыз? Қалай қолдайсыз. /Бірі ана, бірі бала рөлінде ойнайды/

 Әр ана қағазға жазып,баласына айтады. (Тамаша! Жарайсың құлыным! Сенсіз мен не істер едім? Өте жақсы! Мақтанашым менің! Қандай тамаша! т.б.). 

Қатысушылар өзара ой - бөліседі

Тақырыпты қорытындылау мақсатындағы жұмыс

2

мин

«Бала тәрбиесі» бейнеролигін көрсету

Қатысушылар өзара ой – бөліседі, түйінді сөз айтады.

Кері байланыс

2

мин

Екі жұлдыз, бір тілек. Өздеріңізге ұнаған 2 жұмыстың  түрін, бір тілек немесе өтініш жазып, ілесіздер.

Қатысушылар ағашқа өздерінің ойлары  жазылған  жұлдызшаны іледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Коучингтен көріністер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізілген іс шараға  сараптама

 

 

Тақырыбы:  Бала  тәрбиесіндегі  отбасының  рөлі

 

Мақсаты:  Ой-талқылар арқылы қатысушылар отбасындағы бала тәрбиесі  туралы     

                     ойлары  мен тәжірибесімен  өздерінің жеке түсініктерін ортаға  бөлісіп, бір-  

                    біріне көмек беруге, бірлескен жұмысқа ықпалдарын дамыту

                     Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін   

                     психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

 

         Коучингке 1 – 4 сыныптың ата – аналары қатысты. Коучингті ата - аналармен амандасудан бастадым. Қатысушылар арасында жағымды ахуал тудыру мақсатында шаттық шеңберін құрып, ата –аналар бір – біріне жақсы тілектерін айтып өтті. Содан кейін ата – аналарды мақал – мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар арқылы үш топқа бөлдім. Мақал – мәтелді таңдап алғандар мақалдың мағынасын ашып, түсіндіреді. Олар «Алғырлар» атты топты құрады. ІІ топқа жұмбақ жасырып, жауабын тапқан ата – аналар жиналды. Олардың тобы «Тапқырлар» деп аталды. Ал, үшінші топқа жаңылтпашты мүдірмей айтқан қатысушылар жиналып, «Зеректер» тобын құрды. Үш топқа миға шабуыл жасау арқылы тақырыпты ашу үшін «Бір келіншек және отбасы» бейнеролигі көрсетіліп, талау жасап, өз ойларымен бөлісті. Тақырыпты өрбіту мақсатында отбасы құндылықтары жайлы бейнеролик көрсетілді. Қатысушылар бейнеролик қарап, оның бала тәрбиесіне қатысы айтылып, мысалдар арқылы дәлелденді. Топтар «Отбасы құндылықтары» тақырыбында  постер құрап, оны топ болып қорғады. Топтар бір – бірінің жұмыстарын  «өте жақсы» дегенді   шапалақтау, орташа дегенді аяқ тарсылдату арқылы бағалады. Сергіту сәтінде «Қара жорға» биі биленді. Педагогикалық «Жүректен жүрекке» ойынын  ойнату арқылы жұппен жұмыс  жүргізілді. Бірі – ана, бірі – бала рөлін сомдады. Әр  ана өз баласына деген тілегін қағаз бетіне түсірді. «Бала тәрбиесі» тақырыбындағы бейнероликті тамашалап, өзара ой бөлісу арқылы  іс – шара қорытындыландыілді. . Кері байланыс  кезінде «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы ата – аналар өздеріне ұнаған 2 жұмыстың түрін және 1 тілек, өтініштерін жазып, ағашқа жұлдызшаны ілді.

         Коучингке ата – аналар қызығушықпен белсене  қатысты. Іс –шара барысында ата – аналар өз ойларын ашық жеткізе білді. Коучинг соңында алғыстарын айтып, тағы да осындай іс – шаралар өткізілсе деген тілектерін айтты.  Іс – шара өз мақсатына  толықтай жетті.

 

 

 

 

 

Коучингті өткізген:                                          Төлеуқан Д.Т.

 

 

 

 

 

Жамбыл  бастауыш  мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бала тәрбиесіндегі 
отбасының рөлі

/Коучинг жоспары/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Төлеуқан Д.Т.

2014 – 2015 оқу жылы

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Бала тәрбиесіндегі отбасының рөлі" коучинг"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Таргетолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.10.2016 1180
    • DOCX 2 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Төлеуқан Далагүл Төлеуқанқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Төлеуқан Далагүл Төлеуқанқызы
    Төлеуқан Далагүл Төлеуқанқызы
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4319
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой